Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы «Lesson Study» ?дісі»
Коучинг-сессиясының жоспары
Коуч: I (ілгері) деңгей тыңдаушысы
Баяхметова Гулсум Жасановна
Тақырыбы
«Lesson Study» әдісі
Мақсаты
Ой-талқылар арқылы қатысушылар «Lesson Study» әдісі туралы түсінік беріледі, идеялары мен жұмыс жасауларына өздерінің жеке түсініктерін зерттей қолдана алуын дамыту.
Күтілетін нәтиже
«Lesson Study» әдісі туралы түсінік қалыптасады, тәжірибелеріне қолдануға бағыт-бағдар алады, сыни ойлау дамиды.
Түйінді сөз
Сын тұрғысынан ойлау, жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану қажеттігі уақыт күттірмейтіні дәлелді қажет етпейді.
Мұғалімдер арасында ынтымақтастық, сенімділік нығая түседі.
Пән мұғалімдері өзара шығармашылық топта «Lesson Study» тәсілімен жұмыс жасауды қарастыруға бағыт-бағдар алады.
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері
Уақыт шеңбері
Коучтың іс-әрекеттері және қатысушылардың іс-әрекеті
Сәлемдесу
1 минут
Коуч коучингтің тақырыбын, мақсатын түсіндіреді.
Жағымды ахуал
3 минут
Шаттық шеңберге тұрып, танысу жақсы сөздер айту.
Топқа бөлу
3 минут
Түстер арқылы түстерге қарай топтастыру, топ ережесін құру.
Топпен жұмыс
Миға шабуыл
10 минут
Экраннан «Командалық жұмыс» атты бейне ролик көрсету.
Топ мүшелері жеке-жеке және топта түйінді сөздер айтады.
Постерге түсіреді (қатысушылардың ортақ шешімі).
Топпен жұмыс
2+2+2 минут
4 минут
6 минут
1. «Lesson Study» тәсілі туралы мәтін беріліп, материалды оқып, жеке-жұптық-топпен жұмыс жасату.
2. Топтар жеке постерге өз ойларын түсіреді.
3. Постерлерін қорғайды.
Рефлексия
10 минут
Топ мүшелеріне сұрақтар қойылып, жауап алынады?
Коучинг-сессия басталғанда біз қандай әрекет орындадық.
Осы әрекетті сыныпта қолдануға бола ма? Неге?
Топқа бөлу әдісі сіз қолданып көресіз бе? Неге?
Топ болып жұмыс жасаған ұнады ма? Неге?
Біз қандай тәсілмен таныстық?
Сіз өз мектебіңізде «Lesson Study» тәсілін жургізер ме едіңіз? Неге?
Бірлесіп зерттеу жұмысын жургізер әріптес бар деп ойлайсыз ба?
Алдыңғы сұрақтар қою арқылы біз қатысушыларға нені үйретуге тырыстық деп ойлайсыз?
Кері байланыс
2 минут
«Плюс-Минус-Қызық» кері байланыс.
Коучинг – сессиясының рефлексифті есебі
«Lesson Study» сыныпты зерттеу нысандарының бірі болып табылады, бұл 1870 жылдары Жапонияда тәжірибені жақсарту мен жетілдіру мақсатында пайда болған. Нақты айтқанда, Lesson Study мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсіл болып табылады және де іс-әрекеттегі зерттеу сияқты бірқатар циклдерді қамтиды. Бұл әдістің ең бастысы «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу» үрдісі болып табылады. (МАН-96-бет)
21.01.2015 жылы № 7 мектептің ұстаздарымен орыс тілі пәнінің мұгалімі Баяхметова Асия Жасановна және химия пәні мұғалімі Қышамбаева Гулжамиля Алтаевна «Lesson Study» зерттеу әдісі тақырыбы бойынша коучинг-сессия жүргізіледі. Коучинг-сессияға мектеп ұжымынан 14 мұғалім қатысты.
Сабақтың мақсаты: Ой-талқылар арқылы қатысушыларға «Lesson Study» әдісі туралы түсінік беру, идеялары мен жұмыс жасауларына өздерінің жеке түсініктерін зерттей қолдана алуын дамыту.
Күтілетін нәтиже: «Lesson Study» әдісі туралы түсінік қалыптасады, тәжірибелеріне қолдануға бағы-бағдар алады, сыни ойлау дамиды. Коучинг –сессияны өткізу үшін мына әдістерді қолдандым: топқа бөлу, ақпараттық коммуникативтілік технологиясы мен жұмыс, диологтық оқыту, бағалау әдісі, постер қорғау.
Коучинг-сессияға қатысушы мұғалімдері өздерінің заттары арқылы екі топқа бөлдік. Сонымен екі топ құрылды. Осылай сабағымыз басталып та кетті. Ең алдымен сабаққа қатысушыларға «Lesson Study» әдісі туралы түсінік бердім. «Lesson Study» тәсілі бастапқы кезеңде оны бірлесіп егжей-тегжейлі жоспарлауды көздейді. Содан соң топтың бір мүшесі сабағын өткізеді, ал қалған мүшелері қадағалайды. Зерттеу сабағы аяқталғаннан кейін бүкіл топ мүшелері бірден оқушылардың оқу үрдісіне қатысты барлық нәтижелерін жүйелейді және талдайды, содан кейін Lesson Study –дің анағұрлым тиімді болуын қамтамасыз ету үшін оқу үрдісінде алынған нәтижелерді есепке ала отырып, жұмысты бірлесе қайта жоспарлайтынын туралы түсінік бердім. Баяхметова Асия Жасановна Lesson Study әдісі бойынша жүргізілген зерттеу сабағы туралы бейне жазба көрсетіп, бейнежазба бойынша талқылау жургізді. Осы бейне жазбадан кейін мұғалімдердің пікірі тыңдалды.. Бірі бұл әдісті пайдалансақ оқушыларды қадағалап отырғанын айтты. Бірі бұл әдісті пайдалансақ оқушылар өз – ойларын жеткізе білетінін және мұғалімдерге де тиімді болатыны айта кетті. Нашар оқитын оқушылардың саны азайатынын атап айтты. Бұл әдістің әріптестеріме ұнағаны менің көңілімнен шықты. Сонымен қатар сабақтарында қолданатындарын айтып өз ойларын білдірді.
Әрі қарай осы «Lesson study» әдісі бойынша таратпа материал беріп тірек сызбасын жасап постер құрау берілді. Мұғалімдер бұл тапсырманы қызығушылықпен орындады. Мұғалімдердің топтық жұмысты бірлесіп орындап, ұжым алдында қорғай білді.
Постер қорғаудың алдында «Австралия жауын» сергіту сәтін жүргіздік. Мұғалімдерге осы сергіту сәті қатты ұнады. Сабақтарында қолданатынын айта кетті. Мұғалімдер постер қорғау кезінде тақырыпты аша білді. Осы әдісті сабақтарында қолданатынын бір ауыздан айтты. Осы жүргізген сабағымыз бойынша «бүгінгі сабақтардан нені білдік?» деп сұрақ қойып, мұғалімдердің пікірлері тыңдалып болған соң, бағалау парағын толтыру сұралды. Онда мынадай сұрақтар болды және оған былай жауап берілді:(Қосымша1)
Сізге коучинг сабағының мақсаты түсінікті болды ма?
Қатысқан 11-мұғалім де ия, түсінікті болды деп жауап берді.
Бұл мақсаттар сіздің қажеттіліктеріңізге сәйкес келетінін мойындайсыз ба?
Өте қажет, себебі оқушылардың білім сапасын көтеріп, мұғалімнің тәжірибесін толықтырады деп жауап берді.
Сізге оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер ұсынылды ма? Олар қандай болды?
Топпен жұмыс жасау, АКТ-оқыту, диологтық оқыту, бағалаудың түрлері, постермен жұмыс-деп жауаптарда көрсетілген.
Коучинг сабағы кезінде сезіндіңіз бе? Неге?
Ия, сабақ өте қызық болды, әр қатысушы өз пікірін айта алды. Немесе топпен үнемі қызықты десе басқа бірі, өзімді жақсы еркін сезіндім деп жазған.
Коучинг сабағы кезінде жаңа бірдеңе үйрендіңіз бе? Не үйрендіңіз?
Сабақты жоспарлап отыруды үйрендім, топтастыру, зерттеу – әдістерін үйрендім деп жазған.
Жаңа тәсілдерді қолданғанда сіздің сеніміңіз артты ма? Қалай?
Ия, жаңа тәсілдер керек, болашақта сабағымды міндетті түрде қолданамын деген сенімім артты.
Коучинг сабағы сіздің өзіңіздің оқыту және оқу тәжірибеңізге өзгеріс енгізуге жігерлендірді ме?
Ия, жігерлендірді келешекте сабақтарымда осы әдісті қолданамын, мектеп ұстаздары барлығы қолданса, нәтиже болары сөзсіз деген жауаптар берілген.
Бұл бағалау парақтарындағы жауаптардан кейін сабағымызға қойған мақсатымызға жеткенімізді түсіндік. Коучинг сессияның соңынан мұғалімдерден кері байланыс алдық. Барлық мұғалімдер өз ойларын жақсы жағынан білдірді. Келешекте осы бағдарламамен жұмыс жүргізулеріне ниет білдірді. Содан кейін мұғалімдер өздерінің пікірлерін кері байланыс ретінде стикерлерге жазып қалдырды. Онда бүгінгі коучинг сессияның жақсы өткенін, бізге болашақта табыс, шығармашылық тілейтіндерін жазған.