Просмотр содержимого документа
«О?ушыларды? орыс тілі п?ніне деген ?ызы?ушылы?ын арттыруда AКТ-ны? тиімділігі »
Жумабаева Татьяна Мұғалім портфолиосы А есебі
Алматы қаласы ІІ деңгей
10-топ 01.05.2014ж
Іс-әрекеттегі зерттеу жұмысының есебі.
Іс-әрекетті зерттеу тақырыбы: 7 «A» сыныбында «Оқушылардың орыс тілі пәніне деген қызығушылығын арттыруда AКТ-ның тиімділігі».
Мақсаты:AКТ-ны қолдану арқылы , оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру.
Міндеттері:
Aудио-видео материалдарды қолданып, сөйлеу қабілетін арттыру;
Интерактивті тақтаны пайдалана отырып, орыс тілінде сауатты жазуға үйрету;
Презентациялар жасату арқылы ізденушілік және жеке қабілетін дамытуға көмектесу;
АКТ-ны пәнмен байланыстыра қолдануға дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар еркін сөйлеп үйренеді.
Орыс тілінде сауатты жазу қабілеті артады.
Интернет желісін пайдалана отырып, өз бетімен ізденуге бейімделеді.
Шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыланады.
І бөлім. Іс-әрекеттегі зерттеуге арналған тақырыпты таңдауды негіздеу.
Қазақ Елінің болашағы білімді ұрпақтың қолында.Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесі саясатының басты мақсаттарының бірі жан-жақты,жоғарғы білімді,шығармашылық қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу.Ал оның негізі жалпы білім беретін мектептердің оқыту үрдісін жақсартуға жаңа технологияларды енгізу арқылы білім беру сапасын арттыру . Қарқынды дамып жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де,жалпы мектептер үшін де,соның ішінде ұстаздар үшін де ең басты маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және де екіншісі –«Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?».(МАН 4 бет).Осыған байланысты Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында педагог қызметкерлердің біліктілігін жоғарылату басты назарға алынды. Ол үшін әрине жаңа формация педагогы керек. Еліміздегі жаңа формация педагогы жаңа педагогикалық әдіс- тәсілдерді меңгерген, өзін жетілдіруге талпынатын, рухани ойы дамыған, шығармашылықпен жұмыс істей алатын, құзыретті тұлға болуы керек. Ал Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының екінші деңгей бағдарламасының мазмұны осы мәселені шешуге бағытталған.
Отанымыз дамудың ақпараттандыру кезеңінің ортасында тұр деуге болады. Бүгінгі таңда ақпараттық коммуникациялық технология қай салада болса да пайдалы. Жоғарыда айтылған бағдарламада электрондық оқытуды енгізу, алға қойған мақсатқа қол жеткізу оқу сапасын, білімді басқарудың тиімділігін, сыртқы ортамен ақпараттық кірігуін арттыратыны және«E-learning» электрондық оқыту жүйесі енгізілетіні айтылған. Бағдарламаның негізгі мазмұнымен тансықансын әрқашан сабағымды АКТ-н байланыстыруға тырысамын ,сондықтан, іс-әрекеттегі зерттеу жобама «Oқыту мен оқуда AКТ- ны пайдалану» модулін алдым.Зерттеуші Бекта (2003) сыныпта АКТ-ны жоғары деңгейде пайдалануға байланысты бірталай жақсаратындығын байқаған. (МАН 110 бет). Cабақта AКТ-ны пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыруға, АКТ арқылы сөйлеуге талпынатынына,бастысы тілін дамытатынына,яғни көркем шығарманы көру арқылы мазмұнын айтуға итермелейтін негізгі әдістеме бола алатынына көзім жетті.
Сабақта интерактивті тақта арқылы көрсетілетін презентациялар немесе и бейнероликтер,интернетті пайдалану арқылы орындалатын тапсырмалар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, ынтасын оятады, зердесін ашады,есте сақтау қабілетін көтереді.
Оқушылардың күнделікті өмірде АКТ-ны қолдану мүмкіндіктері негізінен тиісті саладағы тиімді оқыту мен оқуға байланысты. Зерттеуімнің негізі ретінде бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде үйренген оқытудың бес аспектісіне ықпал етуге арналған оқу құралы ретінде АКТ-ны қалай пайдалануға болатындығының үлгілерін : «Көрсетілім», «Модельдеу» , «Бағалау мен талдау», «Ұсыну, қайталау ұсыну және қарым-қатынас», «Тестілеу және растау» -ды алдым (МАН 115 бет).
Сынып үшін бұл зерттеу несімен маңызды:
Өзім сабақ беретін сыныптардың мүмкіншіліктерін зерделей отырып және әріптестеріммен ақылдаса отырып, іс-әрекетті зерттеу жүргізу үшін өзім сабақ беретін 7 «А» сыныбын таңдадым. Өйткені аталған сыныпта бастауыш сыныптардан жұмыс істеп келемін. Бұл сыныпта 12 оқушы бар. Үлгерім деңгейі әртүрлі . Сыныпта белсенді және қабілеті төмен оқушылар да кездеседі. Сыныптағы оқушылардың басым көпшілігі сабаққа қызығушылықтары жақсы, мұғалім сұрақтарына жауап беру кезінде ойын орыс тілінде еркін жеткізе алмайтын оқушылар да бар, АКТ-ны пайдалану арқылы ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мен үшін басты міндет деп есептедімү Мишра мен Келер (2006) егер де жаңа технологиялар оқыту мен оқуды жетілдіру үдерісін түрлендіретін болса, онда сабақтарды жоспарлау үдерісінде пәндік білім мен оқыту технологиялары сабақтасып жатуы керек дейді. (МАН, 110-бет).Яғни,, оқушы бойынан берген білімнің пайдасы мен тиімділігіне қол жеткізу. Сонымен бірге оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері оқушылардың сабақ үлгеріміне, мінез-құлықтарына қалай әсер ететінін білгім келді.
Мектеп үшін бұл зерттеу несімен маңызды:
Біздің мектептің әдістемелік тақырыбы: «Тұлғалық бағытталған білім-тұлғаның дамуын қалыптастыру институтына арналған бейімделген мектеп моделін жасаудың нақты кепілі»,яғни әр оқушының дамуына қажетті жағдай жасау,салауатты,рухани-бай және әлеуметтік білікті, шығармашылықпен ойлай алатын, мемлекет пен қоғамның өміріне саналы түрде ат салыса алатын оқушы тұлғасын қалыптастыру.Мектепте игерген АКТ-н оқушылар студент болғанда және одан әрі істейтін қызметінде ешқандай қиындықсыз пайдалана алады. «Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай ,оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады » (МАН 4 бет)
.
2-бөлім: Іс-тәжірибеге енгізілген өзгерістер және пайдаланылған дерек жинау әдістері туралы есеп.
Мектептегі іс-тәжірибе кезеңін мектеп директорының м.а. Э.И.Галиевамен кездесуден бастадым.
Әңгімемді Назарбаев зияткерлік мектебі мен Кэмбридж университеті бірлесіп жобалаған ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының екінші негізгі деңгей бағдарламасымен қысқаша таныстырып, өзімнің зерттеу жоспарым туралы айтым. «Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім» (МАН. 9-б,Strong, Ward & Grant, 2011) деген нұсқаулықта берілген маңызды сөзді алға тарттым. Мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Қожбанова М.Қ., Әулиясова Д.А., Борсанова Д.Б., Байсапақова А.Қ. бұл бағдарлама идеяларын толығымен қолдайтындықтарын айтып, еңбегіме зор табыс тіледі. Сұхбат барысында мектептегі тәжірибе кезінде алдыма қойылған мақсат, міндеттерімді түсіндіріп , 7 А сыныбында зерттеу жұмыстарын бастауға рұқсат алдым. Сосын мектеп мүғалімдерімен шағын отырыс өткізіп Бағдарлама мақмұны мен 7 модуль жайлы қысқаша түсінік бердім.Әріптестерім мені әрқашан қолдайтынын, қай жағынан болмасын көмек қолын созуға дайын екендіктерін айтты. «Жақсы сөз-жарым ырыс» деген халық даналығы. Әріптестеріммен кездесуден кейін көңілім орынына түсіп қанатым кеңге жайылғандай болды.
Зерттеу барысында бір модульді басшылыққа алғаныммен тек онымен шектеліп қалмай басқа модульдердің элементтерін де пайдаландым. Оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырып, қызықтыру үшін ізденген, меңгерген технологиялар мен әдістерді оқушы алдына жайып салсаң да артықтық етпейтіндігіне көзім жетті. Өйткені біз өз болашағымызды тәрбиелейміз. Болашақ иелері ХХІ ғасыр оқушылары қай жағынан болмасын жол таба алатын білімді болуы керек.
Зерттеу жұмысымды жүргізу барысында менің іс-тәжірибемде көптеген өзгерістер орын алды: бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде тренеріміз Нұрғали Отарбайұылы үйреткендей, сабақтың жоспарларын жаңаша түрде,яғни орта мерзімдік жоспары мен қысқа мерзімдік жоспарын құрдым, дәстүрлі сабақтан жаңа форматтағы сабаққа көштім.4 зерттеу сабағын төмендегі тақырыптар бойынша өткіздім: « Словосочетание. Строение словосочетания», «Способы выражения грамматической связи в словосочетании», « Виды словосочетаний » , «Виды словосочетания и разбор словосочетания».
Жоспарларымды бекіттіріп алғаннан кейін,өзім зерттеуге А;В;С нысанындағы үш оқушыны таңдадым,Олар
А деңгейдегі оқушы – Марат Тобыл
Бұл оқушы сыныптастарына қарағанда өте зерек, зерделі, құнды мәліметтерді бере алатын,ұшқыр ойлы, тез ойланғыш, барлық пәндерден үлгерімі үздік. Мектепішілік,аудандық пән олимпиадаларының жүлдегері, «Я и чрезвычайная ситуация» тақырыбында өткен республикалық шығарма жазу сайысының аудандық кезеңінің 2 орын жүлдегері,мектепішілік ,өзім басқаратын «Алау» ақпараттық-танымдық журналының белсенді жас тілшісі. Сөзге шебер,ойын жақсы жеткізе алады.Зерттеуге алған себебім – танымдық қабілетін басқа оқушылармен салыстыра отырып ,одан әрі дамыту.
В деңгейдегі оқушы -Наушабек Данияр
Бұл оқушы ортада ерекшеленіп көрінбейді, білімі жақсы,бірақ өз бетімен ештеңеге ұмтылмайды, өзгелерден ерекшеленетін жеке қабілеті, дара тұлғасы жоқ. Зерттеуге алған себебім – оқушының сенімін қалыптастыру, ойын жетілдіру, сұраққа қол көтеріп жауап бермейді, қоғамдық жұмыстарға белсене араласа қоймайды.Мен өз сабақтарымда Даниярға сабақ барысында көптеген тапсырмалар, презентациялар дайындауға бере отырып, ортаға көп шығаруды, топтағы оның қарым-қатынасын байқауға жоспарладым .
С деңгейдегі оқушы – Зкрия Мади
Мади күнделікті сабаққа дайындығы орташа, білімге деген ұмтылысы көңілге қонымсыз,жаттанды білімі бар, өзін ортада көрсете алмайды. Зерттеуге алған себебім кішкене де болса таланттың көзін ашу, өзін ортада еркін ұстай білуге дағдыландыру. Мадидің топтағы қарым-қатынасын байқауды өзіме мақсат еттім.
Ұлы педагог К.Д.Ушинский «Әр оқушыны жан-жақты жетілдіру үшін оны жан-жақты зерттеу керек» деген тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып, сыныпта алғашқы сабағымда сыныпты төрт шағын топқа бөлуден бастадым. Сыныппен бірлесе отырып,топ ережесін құрдық, бұл жерде оқушылар өз белсенділіктерін көрсетіп, сол топ ережесі бойынша өздерін сабақта қалай ұстайтындықтарын айтып өтті.Жаңа сабақты бастап кетпес бұрын топқа бөліп, оқушылармен бірге өзін-өзі бағалау , яғни «Табыс критерийлерін» жасақтадық.
Баға өлшемі
Жұмысқа қойылатын талаптар:
«5»
Тақырыпты толық аша білген, мән-мәтінмен және қосымша тапсырмаларға сай, жеңіл 0/ 1 қате жіберілген
«4»
Тақырыпты жақсы ашқан, тақырыптан және қосымша тапсырмаларға сай 2 /1 немесе 2/ 2 қате жіберілген
«3»
Тақырыпты орта дәрежеде ашқан,мазмұндай және қосымша тапсырмаларға сай 4 /5 немесе тақырыптан 5/ 4 қате жіберілген жұмыстарға
«2»
Тақырыпты мүлдем аша алмаған, мазмұнын және қосымша тапсырмаларға сай 6 /7 немесе 7/6 кейбір сәттерде одан да көп қате жіберілген, сабақ барысында бірде-бір араласпаған ,яғни ат салыспаған оқушыға
Үй тапсырмасын ашық және жабық сұрақтар арқылы сұрадым. Онда Тобыл (А деңгейлі) белсенділік танытып жауап берді.
Алғашқы сабағымды жаңа бөлімді бастап отырғандықтан тақырыпты оқушылардың өздерінің айқындауы үшін «Миға шабуыл» әдісін пайдаландым.Яғни интерактивті тақтада суреттер көрсету арқылы оқушылардан сөз тіркестерін құрастыруды өтіндім.
Бір қызығы оқушылар бәрі белсенді түрде ат салысып алты суретке алты сөз тіркесін құрап флипчартқа жазды. Мен өздері құрастырған «прозрачная вода», «высокие березы», «длинная река», «густая трава», «голубое небо», «листья вишни» сөз тіркестеріне қалай сұрақ қоятындықтарын сұрадым. Олар өз ұсыныстарын айтып тақырыпты айқындады. Сабақ «игра памяти» ,яғни «Жады ойыны» арқылы жалғасты .Феттің «Ласточки пропали» өлеңін интерактивті тақтадан мәнерлеп оқып, басқа түсте жазылған сөздерді естерінде сақтауын өтіндім.(как сеть,мелькали,валится,поневоле). Оқушылар сөздерді жақсы жадында сақтаған. Бұл сөздер жаңа сөздер болатын. Оқушыларға сөздердің аудармасы түсіндіріліп ,сөз тіркестерін құрауды талап еттім.
Сабақтың үшінші бөлімін «Карусель» стратегиясы арқылы жүргіздім.Топтық жұмыс тақырыбын «словосочетание » деп алдым, әр топ өздерінің жасаған постерін сағат тілі бағытымен айырбастап түсіндіреді. «Кто больше?» стратегиясы арқылы топтық диффернциальдық жұмыстар жасалды. Аүздіктер тобы оқуылықтын 33 жаттығуды жасаса, В жақсылар тобы 34 жаттығуды, С орташалар тобы 35 жаттығуды жасады. Сабақтың келесі бөлімі сөздік зерттеу жұмысымен жалғасты (презентация арқылы). Сабақтың оқушыларға өте ұнағанын жүздерінен түсіндім.Өйткені олардың пікірінің бостандығы арқылы табысқа жетуге болатынын білдім. Сабақ барысында оқушыларды «жарайсың!», «керемет!», «тамаша!» деген қолпаштау сөздермен ынталандырып отырдым. Сабақты бекіту үшін «Верно-неверно» ойынын алдым. Барлық оқуышлар белсене ат салысты. Соңында «две звезды,одно желание » стратегиясын өткіздім.Балар «эмоциональды жаңдай » рефлексисын жүргіздім. Оқушылар сабақ мақсатына жетсе жасыл стикерді, толық жетпесе сары стикерді, егер дым ұқпаса –қызыл стикерді тақтаға орын орыныа жапсыру керек болатын.Бір оқушы А.Д. өз стикерін «толық ұқпадым» сөзіне жапсырды. Мен А.Д. бұрын ашылып сөйлемейтін, өте сабаққа араласпайтын бала ,бірақ бүгін жауап берсем қате болады ма дегендей өзіне деген сенімсіздікпен отырғанын түсіндім. Ол баламен мектеп психологымен бірге қосымша жұмыс жүргіздім. Ол оқушы мектеп психологына «мен бұрын апайдың не айтатынын өте тыңдамай ойланып отыратынмын,бүгін ол кісінің сабағы күшті өтті, мен өзіме өзім өте сенбейтін едім.бәрібір үш алам ғой деп, ал бүгіннен бастап мен өз мүмкіншілігімның мол екенін түсіндім, дайындалсам 4 тіптен 5-те ала алатыныма көзім жетті. Сабақты мен өте жақсы түсіндім» депті. Оқушының өз ойын осылай айту оқушының сапалық жағынан ойлау қабілеттерінің өзгеруін, пікір қалыптастыру мен оны жеткізудің өзі батылдықты талап ететіні белгілі . Басқа сөздермен айтқанда , зерттеуге алынған және басқа балалардың психологиялық тұрғыдан өзгергендігінің дәлелі дер едім.
Мен А.Д. « Мен қосымша сабақ өткізейін» деп едім, ол стикерді таңдау кезінде сасып қалғанын ,сабақты толық игергенін айтты.
Алғашқы сабақтан соң түсінгенім оқушылардың белсенділіктеріне қолдау көрсету арқылы баланың пәнге қызығушылығын арттыруға болатынын дәлелдеуім қажет екені. Мен сол арқылы білім сапасының көтерілуін дәлелдей аламын. 7- «А» сыныбында жүргізген сабақтарымда әр түрлі тапсырмаларды орындауын оқушыларға өздеріне бағалата отырып және жас ерекшелігіне сай оқыту модулі аясында жұмыс жүргізуге мүмкіншілік береді. Себебі, «бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады».[ІІ деңгей нұсқаулығы 105 бет.] Осы іс-әрекет арқылы бала білімі шыңдалады, зейіні кеңейеді. Жас ерекшелігіне, ой-өрісіне сай берілген тапсырмалар оқушының жеке қасиеттерін қалыптастырады: тез ойлау, дербестік пен ұмтылыс, өзіне деген сенімділік,яғни белсенділік.Белсенділікті дамыту мақсатында оқуды бағалау және оқыту үшін бағалауды қолдану арқылы үйге берілген тапсырмаларды интерактивті тақтадағы жауаптар арқылы бір-біріне тексерткіздім, бағаларын бағалау парақшасына қойып отырды. Алғашқы сабақ болғасын оқушылардың өздерін өздері бағалауын ұсындым. Сабақты қорытындылау барысында оқушылар өздерін өздері нақты бағалағанын білдім.
Бұрынғы сабақтарымда мен қорытынды бағаны оқушыға өзім қоятынмын, ал топтық жұмыс тек ашық сабақтарда ,қорытынды сабақтарда жарыс түрінде өтетін және топ жұмысы оқушылардын өздерімен бағаланбайтын.
Екінші сабағымды «Способы выражения грамматической связи словосочетании» тақырыбында өткіздім. Бұл сабақ бірнші сабақтың жалғасы болып табылады. Сабақ басында жидектер суреті арқылы топқа бөлінді.
Үй тапсырмасы тексеру кезінде оқушылар жасаған тақырыптық слайдтарын дәлелдеу керек .Топ мүшелері ақылдаса келе орталарынан 1 оқушыны шығарып әрқайсысы өз дәлелдерін келтірді. Тобыл өз тобының пікірін жеткізді. Тобыл осы жерде топ атынан сөйлегенімен негізгі ойды өзі айтып отырды. Жалпы қай тапсырмада болмасын Тобыл көшбасшылық көрсетіп өз пікірін топ мүшелеріне өткізуге тырысады. Бірақ оқушылар үнемі оның айтқанын тыңдай бермейді. Ондай кезде Тобылдың көңіл-күйі түсіп, сабаққа салғырттанып қалады. Ал пікірі өтіп жатса сабаққа белсене әрі құлшына кіріседі.Үнемі өзінің үстемдігін жасауға ұмтылады.
Қалған екі топ мүшелері де алғашқы топтыңмүшелері сияқты құраған сөз тіркесін дәлелдеп шықты .Бұл топта Данияр мен Мади қатар отырды. Осы сабақта екеуініңде белсенділігі артты.
Сабақтың келесі кезеңінде топтар «Фоторобот» стратегиясы арқылы жұмыс істеді. Бұл жерде оқушылар еркін ойлап, қиялдарына ерік беруге үйренді. 2-топтың атынан суреттерін қорғауға Мади шықты. Ол өз тобының ойын жақсылап жеткізе алды. Мәдидің белсенділігі мені қуантып тастады.
Сергіту сәтінен соң үш топқа «Согласование» , «Управление» және «Примыкание» деген үш түрлі пікірді қорғату үшін дебат ұйымдастырдым. Балалар өз пікірлерін бар жан –тәнімен қорғады. Және бәрінің пікір дұрыс болды.
Бұдан соң, «Плюс-минус-интересно» стратегиясы бойынша топтық жұмыс жасалды. Олар берілген мәтін бойынша төмендегі кестені толтырды.
Плюс
Минус
Интересно
Келесі тапсырмада оқушыларға «Сұраулы сөздер» деген тақырыпта жоба жасау ұсынылды. Бұл жолы менің байқағаным сурет салғанды Данияр өте жақсы көреді екен. Ешкімнің нұсқауынсыз маркерді ала салып тапсырманы орындауға кірісті. Даниярдың бойынан мен байқаған жақсы қасиеттерінің бірі жанында отырған балалармен дау-дамайсыз, пікірлесіп отырып жұмыс жасайтыны.
Жұмыс барысында оқушылар (кто?где?когда? как? почему? т.б.) кестені мағынасына сай сұраулы сөздермен толтырады.
Сонымен бірге АКТ ны пайдаланып сөздік жұмыс жасалды. Оқушылар мәтінде кездесетін түсініксіз сөздерін интернеттен іздеп, мағынасын ашты. Бұл әдісте оқушылар ақпараттық-коммуникативтік технологияны пайдалану арқылы ақпарат жинауға дағдыланды және қызғушылықтары артқанын байқадым.Өйткені олар тек аударма жасамай, ол сөздердің синонимдерін де тауып отырды. Ұй тапсырмасының алдында өз білімдерін бағалау парақшасын толтыруын өтіндім.
Сабақ соңында «Аралдар-Острова» тақырыбында рефлексиялық жұмыс жасалды. Ол бес аралда: «Түсініксіздік-непонимание», «уайым-грусть» «Сенімділік,білемін-Уверенность.знаю», «Қуаныш-Радость» аралдары. Әр оқушы қайықшаларды алып өз аралдарына орналастырды. Тек «Қуаныш-Радость» аралы ғана толды.
Мен екінші сабқтан байқағаным Тобыл өз әдетінше өз тобының балаларына тапсырманы бөліп беріп отырды. Өзі болса сурет салуға да сөз дайындауға да идея айтып түсінідіріп бақты.Данияр өз тобында өзі ұнататын жұмысы суретке, оны әшекейлеуге кірісті.Ал Мади болса сурет салу кезінде өз пікірін топтастарына айтып, белсенділік көрсете бастады.
Жалпы Мади кейінгі кездері сабақта ортаға шығып сөйлеумен қатар топ ішінде де пікір білдіріп белсенді отыратын болды.Әрине,Мадидің бойындағы оң өзгерістер менің ойымша топпен жұмыс істеу, ортақ жұмыс жасау, еркін отыру сияқты оқытудың жаңа тәсілдерінің ықпалы деп ойлаймын.
Оқушылар алдын ала қойылған талаптарға сәйкес жұмыстарын жасауға белсенділік танытып ,келесі тапсырманы асыға күтіп отыратынын байқадым. Сабақта қолданған суретті қорғау әдісі оқушылардың еркін ойлауына, ортаға шығып сөйлеуін дағдыландырады. Ауылдың қаракөздеріне орыс тілінде еркін сөйлеу, тіпті ортаға шығып ойын жеткізу тілді толық меңгермеген оқушылар үшін өте қиын.Сонда да сынып оқушылары өз ойларын жаңа әдістің арқасында өз мүмкіншіліктерінше жеткізе алатын жағдайға жетті.
Тілді үйрену үшін ,ауызша сөйлеу, ортаға шығып сөйлеудің маңызы көп. Сондықтан да оқушылардың қысылмай –қымтырылмай ортаға шыққанының өзі үлкен жетістік.Оның үстіне топ ережесіне байланысты ортаға шығып сөйлеуге топ мүшелерінің бәрі кезектесіп шығуы тиіс болатын. Ортаға орыс тілінде тек тілі жетік балалар ғана емес, әлі де болса орыс тілінде сөйлеуде қиыншылығы бар оқушылар да шығуға тырысты.Және ережеге қате айтып қойса ешкім күлмейтінін, мазақтамайтынын да кіргізгеніміз дұрыс болды.
Жалпы сабағым алға қойған мақсаттарына жетті. Оқушылар берілген тапсырмаларды өте жақсы орындады. Оқушылардың белсенділігі артты. Ал қиыншылығына тоқталсам сабақтың жаңа әдіс-тәсілдерін қолданған кезде оқушылар тапсырмаларды ұзақ орындайтын кезі болады.. Оның үстіне сабақ өз ана тілдерінде болмағандықтан өз ойларын айтуда ұзақ ойланады, тілдік қиындыққа тап болады. Балалар ауызша тілді еркін меңгергенмен әдеби тіл жағынан қиналады. Болашақта осы аталған қиыншылықтарды жою жолында жұмыс жоспарын құрмақпын.
Сабақтар тізбегіндегі үшінші сабақ «Виды словосочетаний» тақырыбында өтті. Бұл сабақтың басты ерекшелігі АКТ-ны қолдануға басымдылық бердім. Сабақ барысында оқушыларға Power Point танысылымдары көрсетілді.Сонымен бірге сыныптағы үлгерімі жоғары, орыс тілін жақсы меңгерген оқушылар Тобыл пен Даниярға алдын-ала тапсырма беріліп, жаңа тақырып бойынша презентация дайындатқанмын. Бұл тапсырма арқылы олардың өз бетінше ізденіп, ақпаратты жинақтап,оны басқа оқушыларға таныстыра алатынын білдім. Оқушылардың өз беттерінше жұмыс істей алатын қабілеттері артты. Мен осы тапсырма арқылы Тобыл пен Даниярдың жауапкершіліктері жоғары, өз істеріне тиянақты, әрі жаңа ақпараттық технологияларды өздерінің қажеттілігіне пайдалана алатынын көзім жетті деуге болады.
Блум таксономиясының үшінші кезеңі «Қолдану-применение» бөлімінде мен оқушыларға «Грачи улетают» мәтінін оқуды тапсырдым. Сосын 60 жаттығуменде танысуын өтініп, екеуінің қайысысы көркем әдеби мәтінге жататынын анықтауды тапсырдым. Оқушылар флипчарттарға сурет салып сұрақтарға жауап берді. Осы жерде «Көшбасшылық және басқару» тақырыбында презентациямен таныстырдым.
Сабақ барысында бағалау парақшасын толтырып отыруын ,ұмытып кетпеуін өтіндім .
Сабақтың келесі бөлімінде тақырыпты талдау үшін кумулятвті әңгімелесу жүргіздім. Сосын деңгейлік А,В,С деңгейлік тапсырмалары бар үлестірмелі қағаздарды пайдаландым.Олар тапсырмаларды дәптерлеріне орындады және соңында бірінің дәптерін бірі тексеріп бағалау парағын толтырды.
«Танец пингвинов» бейнеролигімен сергіту сәтін өткіздім. Бой сергіткен оқушылар оқулықпен жұмыс істеуге ынталана кірісті. Оқушылар жаттығуларды орындап ,флипчарттарда басқа топтардыңда тапсырмасын орындай бастады. Әр топтың сайланған спикері жұмысты түсіндіруге тырысты.
Сабақ соңында рефлексиялық жұмыс жүргіздім.
Зерттеуге алған төртінші сабағымның тақырыбы: «виды словосочетании и разбор словосочетания» болды. Үй жұмысын тексеру мақсатында «Толстые и тонкие вопросы » стратегиясын қолдандым. Әр сұрақ қойылған сайын оқушылар 100 пайыз қол көтеріп жауап беруге ұмтылады. Ол әрине көңіл қуантады.менің еңбегімнің текке кетпейтінін түсіндім.
Сабақтың екінші бөлімінде ЗХУ стратегиясын, яғни «Білемін, білгім келеді білдім» кестесі арқылы өткен бөлімді меңгергенін анықтадым. Топтық жұмысқа тақырыптық презентация құрастыруын өтіндім.
Презентацияны жасау үшін С деңгейіндегі оқушы ізденіп, оқулықтан тақырыпты оқып, түсініп, ойын қорытындылап барып презентация жасады. Бұл оның пәнге деген қызығушылығының артуы, ерекше бір көрініс жасап қоюы, АКТ-ды қолдану мысалы ретінде қарастыруға болады. Ол әсем емен ағашының көрінісіін бейнелеп үш түрлі сөз тіркесін құрастырған, яғни «Большой дуб» -согласование, «листья дуба»- управление, «ухаживать аккуратно» -примыкание құрастырып, мәтін құрастырған. Ол өте тамаша жетістік деймін.
Бұрын морфологиялық талдау жасап үйренген оқушылар үшін сөз тіркесінің талдауын жасау өте қиын болмады. Осы жерде мен кумулятивтік әңгіме жүргіздім. Оқушылар бір-бірінің қатесін жөндеді. Сыныптағы диалогта оқушылар бір-бірімен жаңа, ең тиімді тәсілді іздестіре отырып жұмыс істеді. Жалпы сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болатыны тұсінікті . Сұрақтар қояды, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде түрлі стратегияларды қолданады, олар ауызша, жазбаша да сыни тұрғыдан баға бере алады. Мұндай адамдар келешекке дайын болады. Ғылыми зерттеу нәтижелерінің өзі сабақта диалогтің маңыздылығын атап көрсетеді. Соның негізінде зерттеуші-ғалымдар Мерсер мен Литлтон (2005) өз еңбектерінде «Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады» деп көрсетеді. (МАН, 99 бет).
Сергіту сәтін өткізгеннен кейін «Коллекция стикеров» стратегиясы арқылы оқулықтың бөлім соңындағы « Проверь себя » бақылау жұмыстарын орындады.Онда әр топтың спикерлері шығып сұрақтарға жауап берді. Яғни, С тобының оқушылары топ болып қорғаса, А ,В тобының оқушылары стикерлерге сұрақтар, немесе тілектер жазады (две звезды, одно желание).
Сабақ соңында рефлексиялық кесте толтырылды.
Төрт зерттеу сабағында байқағаным оқушылар бірін-бірі әділ бағалап от ырды.
ІІІ бөлім: Қорытынды және талдау.
Кемеңгерлікті танудың үш жолы бар: Бірінші жолы – ойға салып пайымдау. Бұл ең ізгі жол... Үшіншісі – тәжірибе жолы. Бұл ең қиыны» деп Конфуцийдің өзі айтқандай іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу үдерісі шектеулі болды деп айтпаймын. Күнделікті тәжірибеде бұл әдіс-тәсілдерді қолданып жүрмегендіктен туындаған қиындықтар деп есептедім.
Тізбектелген сабақтар топтамасындағы бірінші «Словосочетание. Строение словосочетания» тақырыбындағы бірінші сабағымда жоғарыда айтып кеткен жетістіктеріммен қатар біраз кемшіліктер де орын алды. Ол әрине - уақыттың жетіспеуі . Жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеру үшін топтық жұмыс пайдаланғанмын.
Тақырып бойынша топ басшылар мәтінді өздері меңгеріп, өзге топ оқушыларына түсіндірді. Топ басшылары басқа топ мүшелерінің сұрақтарына жауап беріп, өз тобына келгенше 15 минут уақыт кетіп қалды. Уақыт шектеулі , ал оқушылардың қызу талқылау жүргізіп жатқанын көріп, сабақтарын бөлмедім. Одан кейінгі сабақтарда бұл кемшілікті жою үшін, уақытты тиімді пайдаланып, тапсырманы орындауда оқушыларға бағыт-бағдар беріп отыратын болдым.
Сонымен бірге , «баланың аты бала...» , топтық жұмыстарда оқушылардың постер қорғауға таласып қалуы, бейнежазбаға түсіру барысында оқушылардың қобалжуы, ұялып, өз ойларын толық жеткізе алмауы секілді мәселелер орын алған еді. .
Бұл мәселелерді шешуде, яғни, постер қорғауға, сабақ айтуға таласқан оқушыларға өздері құрған топтық ережесін естеріне салу арқылы бейімдедім. Бейнекамера алдында қобалжыған балалармен бірнеше рет психолготар сұхбаттар жүргізді .Зерттеу барысында кездескен кедергілерге қарамастан таңдаған тақырыбым бойынша жоспарлаған өзгерістерді енгізе алдым деп толық айта аламын.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2011 жылғы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» жолдауында былай деп жазған еді: « ...Менің интерактивті білім беруді дамыту жөніндегі алға қойған міндетім, өкінішке орай, тар мағынада түсініліп , солай жүзеге асырылуда. Интерактивті тақталарды пайдаланумен интерактивті білім беруге қол жеткізе алмаймыз» сөзі есімде жатталып қалды десем де болады. Өйткені менде өте оқушыларды ғаламтормен жұмыс істеуге өте тартпайтынмын.Сенімсіздік пе, білмеймін. Назарбаев зияткерлік мектептері мен кембридж университетінің дайындаған бағдарламасы бойынша жасалған \сындарлы оқыту жүйесі негізінде сабақ өткізерде арнайы ресурстар дайындадым. Сабақтың басынан бастап топқа бөлгеннің өзінде қызықты бөлу түрлерін ұйымдастырдым. Сабақтың үнемі қажеттілігі, сергіту сәтін ойластырдым, түрлі түсті қағаздар, стикерлер, маркерлер, ноутбук, осы тарау бойынша дереккөздерді , деңгейлік тапсырма , рефлексия, ой-толғанысқа аралдар мен қайықтарды пайдаландым.
Оқытудың сындарлы теориясы оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен,АКТ-н, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделетінін білеміз.Сындарлы теорияның тиімділігін жақтаушылардың басым бөлігі оны дайын білімді беруге негізделген оқыту тәсілдерімен салыстыра қарап, дайын білім беруге негізделген оқыту тәсілдерінің білімді жаңа білімді жаңа біліммен өзара байланыстыруға да мүмкіндік тудыра бермейтінін тілге тиек етеді.(МАН, 9-бет)
Дәл осы пікірдің дұрыстығына зерттеу кезеңінде көз жеткіздім деп айта аламын . Сындарлы оқыту жүйесінде мұғалім бағыт беруші болғандықтан, алдағы баспалдақты оңай басып шығатындай деңгейде қабылдау ерекшелігіне сай болғаны шарт. Осы мақсатта тапсырманы үш деңгейде құрастырдым.
Оқулық көлемінде орта деңгейде, шығармашылыққа баулу мақсатында. Бұл жөнінде (МАН, 9-бет) былай дейді:Жекелеген оқушылардың сабақ тақырыбын қабылдау ерекшелігін түсінуге ұмтылуы мұғалім қызметінің маңызды басымдықтарының бірі. Топтық жұмыста барлық оқушылардың қабілетін бағалау қиындық тудырады, дара ерекшеліктерін айқын көрсету үшін деңгейлік тапсырмалар құрастырдым. Өйткені АКТ-ны енгізген кезде теориялық және тәжірибелік білімдердің біртұтастығы оларды ойланып қолдануды қамтамасыз етеді ,ал бұл оқыту және оқу үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтын болады.(МАН 111 бет).
Деңгейлік курс бағдарламасының «Oқыту мен оқудағы жаңа әдіс тәсілдер» модулінің топтық жұмыс тәсіліне қажетті ресурстар оқушылардың қызығушылығын арттыруға көп көмегін тигізді. Атап айтсам: постер, кластер жасауда, осы ресурстарды пайдаланып, топта жұмыс істеу арқылы оқушылардың тек қызығушылығы артқан жоқ, бірлесе жұмыс істеу қабілеттері де дами түсті. Жақсы ұйымдастырылған топтық жұмыс оқушылар арасында әлеуметтік өзара қарым-қатынасты, тиімді араласу және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Бұл, өз кезегінде оқушыларды өздерінің оқуларына белсенді қатысуға итермелейді (Үлестірмелі материалдар 1-апта, 1-күн).
Оқушылармен сұхбат барсында интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін пайдалану, топтарға бөлу, заманауи тәсілдерді қолдана оқыту өздеріне ұнағандарын білдірді. Бұрынғы сабақтарымда сергіту сәтін бастауыш сынып оқушыларымен ғана өткізетінмін. Әсіресе сергіту сәті, оқушыларға ары қарай жұмыс жасауға жаңа күш беретінін айтты.
Менің байқағаным, сабақтарды Блум таксономиясына негіздей жоспарлау бір сабақта біртіндеп алға жылжи отыра ең жоғарғы ойлау деңгейіне дейін жетуге көмектесетіні. Дегенмен осы төрт сабақтың өзінде ақ оқушылардан бір құлшыныс сезілді.Оқушылар бірлесе жұмыс істей отырып белгілі бір мақсатқа жетуге үйреттім, сөздік қорларын молайта отырып, алған ақпараттың түйінді ойын тауып, сызба, сурет, слайд-шоу немесе презентация түрінде тұжырымдауға үйреттім, ең бастысы орыс тілінде сөйлеуге бұрынғыдай ұялмайтын болды. Ең бастысы, бір‑бірлеріне көмек көрсете отырып, ынтымақтастықта жұмыс жасауға,бірін бірі құрметтеуге үйренді.
Өзімнің жоспарлаған сабақтарымды өткеннен кейін оқушыларымның білім деңгейін бақылау мақсатында тақырптық тест алдым. Тест нәтижесі алдыңғы тестке қарағанда жоғары болды. Зерттеуге алған 3 оқушым төмендегідей нәтиже көрсетті. 25 сұрақ болды.
Аты-жөні
1 сабақ
2 сабақ
3 сабақ
4 сабақ
Тобыл
19
21
25
25
Данияр
16
19
21
22
Мади
12
17
19
21
Деңгейлік бағдарламаға дейін мен оқытудың түрлі әдістерін пайдаланып сабақтар өткізгенімде көбіне өзім сөйлеп , алған жауабыма қанағаттанып , тіпті бір баланың жауабы дұрыс болмаса, келесі баладан сұрайтынмын, түрткі болу, баланың ойлануына мүмкіндік беру жоқ болатын еді. Іс-әрекетті зерттеу кезінде өткізген сабақтарымнан байқағаным оқушыға мүмкіндік берсек, бағыт-бағдар берсек, мұғалім сабақты түсіндірмесе де олар топта пікірлерін ортаға салу , ойлау, оқу арқылы сол тақырыпты талдап, берілген тапсырманы орындай алатындығына көзім жетті. Бұған дейінгі сабақтарымда оқушы тек тыңдаушы ретінде болатын, енді ойланушы, өз ойын дәлелдеуші болатын болды, ал мен оқу мен әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушымын.
Бұл жаңа істердің басы ғана деп білемін. Болашақта бұл зерттеуімді өзім сабақ беретін барлық сыныптарда жүргізсем деймін,қазірдің өзінде кейбір сыныптарда топтық жұмыс жүргізіп жүрмін.
Зерттеу жұмыстарын аяқтай отырып, мынадай қорытындыларға келдім:
Біріншіден, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артты. Оны сабақ үстінде балалардың топ жұмысына белсене қатысады, пікір алмасуға тырысады, өз пікірлерін ашық айтуға үйренді.
Бір-бірімен пікір алмасу деңгейі жоғарылады. Бұрын білімі бар бала өзі ғана айтып, сыныптастарынан қызғанатын. Енді ол бала өз тобында басқа балаларға үйретіп, басқалардың пікір қалыптасуына көмектеседі, сайттардың мекен-жайын кқрсетеді, яғни сыныптасына құрметпен қарай бастады.
Сөздік қоры молайды. Бұрын сөйлемейтін бала топ мүшелерінің көмегімен және өз еркімен анықтамаларды айтады, тақтаға шығып жаттығу жазғысы келеді. Еркін сөйлеу дағдыларын қалыптасты.
Сабаққа дайындалу кезінде қосымша құралдарды қолдануға үйреніп келеді, телефон арқылы ,ғаламтор арқылы білмей отырған сұрақтарын сұрайды. (ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланады).
Болашақта курсты аяқтаған соң АКТ-ны тиімді пайдалану арқылы сыныпта
оқушыларға топпен жұмысқа, бірін-бірі бағалауға, өз пікірін айтуға үйрету, жұппен жұмыс, бірлесіп шешім қабылдауға, рөлдiк жұмыстарда өз міндеттерін атқара білуге, болашақта мақсат қоя білуге үйретуді және әріптестеріммен бірігіп мұғалімдер қоғамдастығын құруға ат салысамын.
Өйткені менде Назарбаев зияткерлік мектебі,Кембрижд университеті және «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы акционерлік қоғамы болып тұрақтанып қалған мұғалім санасын өзгертуге бағытталған істер Елбасы Жолдауындағы адами капиталды сапалы арттыру мәселелерін жүзеге асырудағы басты қадам деп ойлаймын.( Мектептегі іс-әрекетті зерттеу 31 бет)
Пайдаланылған әдебиет:
Мұғалімге арналған нұсқаулық.Екінші (негізгі) деңгей.Үшінші басылым