Тұрақты тіркестердің синоним, антонимдермен байланыстылығы
Тұрақты тіркестердің синоним, антонимдермен байланыстылығы
1.Оқушыларды сыни ойлауға үйрету, талдау жасау, пікір айту, дәлелдеу, бағалау арқылы тұрақты сөз тіркестерін нәтижелі оқытуға қол жеткізу. 2. Сыни ойлау технологияларына сәйкес түрлі шығармашылық тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың логикалық ойлауын, яғни тұрақты тіркесті тани білуге үйрету.
3. Оларды ізденімпаздыққа, шығармашылыққа, өз бетімен ойлауға,шешім шығаруға тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Сыни тұрғысынан ойлау технологиясын қолдана отырып, оқушыларға қазақ тіліндегі лексика саласы бойынша тұрақты тіркестердің синоним, антонимдермен байланыстылығын түсіндіру.
Сабақтың міндеттері:
Оқушыларды сыни ойлауға үйрету, талдау жасау, пікір айту, дәлелдеу, бағалау арқылы тұрақты сөз тіркестерін нәтижелі оқытуға қол жеткізу. 2. Сыни ойлау технологияларына сәйкес түрлі шығармашылық тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың логикалық ойлауын , яғни тұрақты тіркесті тани білуге үйрету.
3. Оларды ізденімпаздыққа, шығармашылыққа, өз бетімен ойлауға,шешім шығаруға тәрбиелеу .
Күтілетін нәтиже:
Оқушы «Тұрақты сөз тіркестері» ұғымын сыни тұрғысынан талдай біледі;
Тақырып бойынша өз сұрақтарын қойып,оған жауап таба алады;
Оқушы алған білімдеріне болжам жасай алады;
Өз ойын, өз пікірін жаза алады.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- оқушылармен амандасу, түгендеу;
зейіндерін сабаққа аудару;
топқа бөліну.
Психологиялық дайындық
“Жүректен–жүрекке” (тренинг)
Оқушыларға жүрекшелер таратылып, сабақ барысында білім шыңына жету үшін жақсы тілектерді бір–біріне тілейді.
Бүгінгі сабағымыз ерекше, бізге қонақтар келіпті.
“Келгенше қонақ ұялады, келген соң үй иесі ұялады” демекші, біз ұятқа қалмауға тырысайық.
Сендердің білімді де, зерек оқушы екендеріңе куә болсын.
Қайырлы күн, достым.
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз,
Кілең “бестік” болсын!
ІІ. Қызығушылықты ояту.
Өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру, жаңа сабаққа бетбұрыс жасау.
Семантикалық карта
Сөйлемдер
Омоним
Үлкенді - кішілі болып жарысқа қатыстық.
Сино
ним
Дәукеннің баласы ұры, өсекші.
Анто
ним
Ауыл сыртында атакем жәкемді зыттыра қуып бара жатыр.
Табу
Алдар Көсе байларды алдау мақсатында өз жанынан қосып айтады.
Эвфе
мизм
Ертең сен сахнада ән айт.
Дисфе
мизм
Оразбай өзінің қыңыр, қисық мінезі бойынша оайын тапты.
Тұрақты тіркес
Аудан мен ауыл арасы таяқ тастам жер
ІІІ. Мағынаны тану (жаңа сабақ)
Тілімізде еркін сөз тіркестері, тұрақты сөз тіркестері деген ұғым бар.
Еркін сөз тіркестері мен тұрақты сөз тіркестері болып екіге бөлінеді.
Еркін сөз тіркестері
Тұрақты тіркестер
Таза дәптер, әдемі киім, әдепті оқушы, баланың ісі, үздік оқушы, жақсы адам,кең бөлме, ашық есік, т.б.
Құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге немесе басқа сөзбен орнын ауыстыруға бола беретін тіркестерді еркін тіркестер дейміз.
2. Құрамындағы сөздер жеке-жеке мағынаны білдіреді.
3. Құрамындағы сөздер жеке-жеке сұраққа жауап беріп, екі сөйлем мүшесі болады.
1.Құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге немесе басқа сөзбен орнын ауыстыруға болмайтын тіркестерді тұрақты тіркестер дейміз
2. Құрамындағы сөздер жеке-жеке мағына бермей, барлығы тұтас бір мағынаны білдіреді.
3. Бір сұраққа жауап беріп, бір сөйлем мүшесі болады.
Мысалдар
Тұрақты тіркес
Әдепті бала
Бармағын тістеу
Еркін тіркес
Қол ұшын беру
Үйге қайту
Бір аттам жер
Зәресі зәр түбіне кетті
Орындалған арман
Сабақ айту
Таяқ тастам жер
Домбыра тарту
Қой аузына шөп алмас
Ойын ойнау
Сөзінің аяғын жұту
Берілген тапсырмадағы тұрақты сөз тіркестерінің құрамындағы сөздер жасырынып қалған.Соны табу, мағынасын айқындау
І топтың тапсырмасы
1. ....нің түгі бар2. .....ын шүйіру3. ....нен қақпауІІ топтың тапсырмасы1. ...іне көк ала шыбын үймелету2. .....тай ұшты3. .....ыңды балта кеспейдіІІІ топтың тапсырмасы1. ....і тоймау2. ..... ұйықтаса3. Жұмған ...ын ашпау
Дұрыс жауабы:
1. Жүрегінің түгі бар2. Мұрнын шүйіру3. Бетінен қақпау1. Көзіне көк ала шыбын үймелету2. Мұрттай ұшты3. Мұртыңды балта кеспейді1. Көзі тоймау2. Үш ұйықтаса3. Жұмған аузын ашпау
І топ Сәйкестендіру тесті
Қарама-қарсы мағынадағы сыңарын табу
(Антонимдік тұрақты тіркес)
1. Бетінен оты шығу Ат ізін салмау
2.Ат ізін құрғатпау Беті шімірікпеу
3. Ит өлген жер Көңілі тасу
4.Құлақ аспау Таяқ тастам жер
6. Көңілі басылу Құлақ қою
7. Езу тартпайды Езуі жиылмайды.
ІІ топ Синонимдік сөздерді тұрақты тіркестер мен айту.
1.Әдемі, сұлу, көрікті -
2.Алыс, шалғай -
3. Қорқу, үрейлену -
4.Жуас, момын -
5.Батыл, ер жүрек -
6. Ұйықтау, қалғу -
ІІІ топ Суреттер сөйлейді.
Оқулықпен жұмыс
122-жаттығу Төменде берілген сөздердің тұрақты тіркес түріндегі синонимдері мен антонимдерін жазыңдар.
Алыс, сөзшең, жуас, кір, жас.
IV. Сабақты қорытындылау.Ашық және жабық тест.
1.Жабық тест 1. Тұрақты тіркес қандай жүйемен айтылады? а)қалыптасқан жүйемен ә ) бөлек-бөлек б) бір сарнынмен 2. Күн құрғатпай келу А) антоним ә) синоним б) тұрақты тіркес 3. Ит терісін басына қаптау а ) мейрімсіз ә) қорқақ б) балағаттады 4. Тұрақты сөз тіркестері неше сөзден құралады? а) бір сөзден құралады ә) бір сөйлемнен жасалады б) екі немесе бірнеше сөздердің тіркесуінен
2. Ашық тест Топқа тұрақты тікестер туралы мынандай сұрақтар қойылады. Топқа мағынасы қисық сұрақтар қойылады. Оқушылар оған тұрақты тіркеспен жауап береді.
1. Адамның төбесі аспанға жете ме?
----------------------------------------------------------------- 2. Сөйлегенде сөз ауыздан түсіп қала ма?
----------------------------------------------------------------- 3. Екі аяқ бір етікке сия ма?
--------------------------------------------------------------------------- 4. Адамның қай жерінде нан піседі?
1.Аспанға төбесі жетті. (көкке) 2. Аузынан сөзі түсіп қалайын деп. 3. Екі аяғын бір етікке тығу 4.Кеудесіне нан пісу. 5. Аузына қақпақ қою 6.Қалауын тапса, қар жанар.
Ү. Үйге тапсырма беру
Тұрақты тіркестерді пайдаланып, берілген тақырыптар бойынша мәтін құрау.«Отбасы». сүттей ұйыған, көрер таңды көзімен атыру, аузынан түскендей.
«Достық».Жұлдызы жарасқан, арасынан қыл өтпес,қолы ашық, бетке айту, ағынан жарылды.
«Менің әжем».Жүрегі жұмсақ, бес саусақтай білу, алпыс екі тамыры босады.