kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?ра?ты тіркестер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Формирование представление о фразологизме как единице языка, особенностях его строения и употребление речи. 

Знать понятие фразеологического оборота, отличие его от слова. Уметь давать толкование лексического значение, находить фразеологизмы в толковом словаре, подбирать фразеологические синонимы и антонимы, находить фразеологизмы в тексте, составлять с ними предложение, определять синтаксическую роль фразеологизмов. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?ра?ты тіркестер»

Күні: 19.11.2014.

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 5

Тақырыбы: Тұрақты тіркестер

Мақсаты: Тұрақты тіркестер дегеніміз не? Табу сөздерден, эвфемизм мен дисфемизмдерден ерекшелігі неде? Қандай айырмашылықтары бар?

Аспектісі: топтық жұмыс

Модулі: АКТ, диалог, дарынды және талантты оқушылармен жұмыс, СТО, оқытуды басқару және көшбасшылық, бағалау;

Әдісі: сұрақ-жауап, ой шақыру, түсіндіру, салыстыру, деңгейлік тапсырмалар

Пәнаралық байланыс: тарих, орыс, ағылшын тілдері, әдебиет

Көрнекілік түрлері: белсенділік тақтасы, постер, Актив студио, стикер, маркер, түрлі-түсті бояулар, оқулық, слайд, проектор

Күтілетін нәтиже:

А. Тұрақты тіркестер туралы түсінік алады. В. Тұрақты тіркестердің қандай қызмет атқаратынын ұғынады; С. Талдау жасайды, табу сөздерден, эвфемизм мен дисфемизмдерден ерекшелігін, айырмашылығын ажыратады; қызығушылықтары артады.

Өз жұмыстарына баға беруге, бірін-бірі бағалауға үйренеді.

Уақыты

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

Дефференциация

Бағалау

3 минут

Топтастыру. Топқа түрлі түсті кәмпиттер арқылы бөледі.

Топқа бөліну кезеңінде түрлі түсті кәмпиттер арқылы бөлінеді.

Топ ережесін құру, топ мүшелерін сайлау



3 минут

«Ой қозғау стратегиясы»

Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қояды.

Өткен материиал бойынша сұрақтарға жауап береді.

Жеке жұмыс

Формативті бағалау


3 минут

Үлестірмелі парақшаларда берілген сөйлемдер бойынша жұмыстандырады.

Белсенділік тақтада немесе үлестірмелі парақшаларда көрсетілген сөйлемдерден нені байқағанын айтады.

Жеке жұмыс.

СТО

Өзін-өзі бағалау


7 минут

Тұрақты тіркестер (фразеологизмдер) – екі немесе бірнеше сөздің тіркесуі арқылы бір ғана мағынаны білдіретін сөз тіркестері. Фразеологизмге тән мағына тұрақты тіркесті құрастырушы сөздердің жеке мағыналарына үнемі сәйкес келе бермейді, сыңарлары тұтасып барып, бір ғана мағынаны білдіреді. Мысалы: тас бауыр деген тұрақты тіркестің мағынасы - мейірімсіз болса, су жүрек деген тіркестің мағынасы –қорқақ.

Тұрақты тіркестердің синонимдік баламалары болады, яғни оларды мағынасы жағынан жақын сөздермен түсіндіруге келеді. Мысалы: қыздың жиған жүгіндей деген тұрақты тіркестің баламасы (синонимі)- әсем, көрікті, көркем, ал ит терісін басына қаптады деген ұрысты, балағаттады, сөкті дегендердің орнын басады. Кейбір тұрақты тіркестердің бір –бірімен өзара синоним болып келетіндері де бар: азар да безер болды, ат тонын ала қашты; көз ілмеді, көрер таңды көзімен атырды, түн ұйқысын төрт бөлді және т.б.

Тұрақты тіркестер мән мағынасы жағынан бір –біріне қарама–қарсы (антоним) болып та келеді. Мысалы: ит терісін басына қаптады –басынан сипады, ат ізін салмады –ат ізін құрғатпады, бетінен оты шықты –беті бүлк етпеді, т.б.




Жаңа тақырыпты тыңдайды, түсінеді, сабаққа белсене қатысып отырады.




Синонимдер дегеніміз не?


Мысалдар келтіреді.






Антонимдер дегеніміз не?


Мысалдар айтады.




Тұрақты тіркестерге мысалдар келтіреді.

Топтық жұмыс

АКТ





Жеке жұмыс







Жеке жұмыс








Жеке жұмыс

Формативті бағалау







Формативті бағалау (мадақтау)











Формативті бағалау (өзін-өзі бағалау)



10 минут












Оқулықпен жұмыс

Оқушының қиялын, сөздік қорын және ой-өрісін дамытады Бөлінген топқа сәйкес тапсырманы оқытқызады, қадағалайды.




Мәтінді оқытқызып, мазмұнын аштырады. Тұрақты тіркестерді тапқызып, мағынасын айтқызады. Синонимдерін жаздырады.

111-жаттығу. (ауызша) Тұрақты тіркестердің мағыналарын балама сөздермен ашыңдар. Қайсылары антонимдік қатар, қайсылары синонимдік қатар құрап тұрғанын табыңдар.

Әр топ мүшелері өз тобын қорғайды.

113-жаттығу. (жазбаша)

Мәтінді оқып, ат қойыңдар.

I топ – мәтінді оқып, мазмұнын айту.

II топ – тұрақты тіркестерді теріп жазу, мағынасын ашу.

III топ – тұрақты тіркестерді олардың синонимдерімен ауыстырып жазу.








Топпен жұмыс








Формативті бағалау (топпен бағалау)


3 минут

Сергіту сәті «Дэвид айтты»


Сергіту сәтіне барлық топ мүшелері қатысады.

Топ мүшелері


8 минут

Деңгейлік тапсырмалар


Үш топқа үш түрлі тапсырма беріледі.

I топ –еркін сөз тіркесі мен тұрақты сөз тіркесін ажырату.

II топ –сәйкестендіру.

III топ – берілген тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашу.

Топ мүшелері

Формативті бағалау

3 минут

«Грамматикалық эстафета»


Топқа берілген суреттер арқылы тұрақты сөз тіркестерін тауып жазу керек.

I топ – қол, қабақ

II топ – құлақ, көз

III топ – ауыз, бет

Топ мүшелері

Формативті бағалау

2 минут

«Бір сөзбен айтқанда» ойыны

Берілген тұрақты сөздерді бір сөзбен айту керек. Бармағын тістеу, ақ саусақ, ит терісін басына қаптау, тас жүрек, бетінен оты шығу, қол ұшын беру.

Топ мүшелері

Формативті бағалау (мадақтау)

2 минут

Бағалау. Үйге тапсырма. 112,115-жаттығу. Жұлдызшалар, әр түрлі фигуралар арқылы бағалау.

Рефлексия

1 минут

Стикерлер толтырады.



Мұрат Гүлім Мұратқызы Теректі аудандық лингвистикалық гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Подстепный ауылы, Теректі ауданы, Батыс Қазақстан облысы



Сабақ жоспарын берген мұғалім туралы мәлімет



  1. Аты-жөні (толығымен, жеке куәлік бойынша)

Мұрат Гүлім Мұратқызы

  1. Жұмыс орнының толық атауы

Теректі аудандық лингвистикалық гимназиясы

  1. Облысы: Батыс Қазақстан облысы

  2. Ауданы: Теректі ауданы

  3. Ауылы: Подстепный ауылы

  4. Лауазымы, санаты, пәні

Қазақтілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

  1. Аудан кодымен бірге байланыс телефоны

8 711 32 36 158, 8702 795 25 72, 8777 516 30 89

  1. E-mail

[email protected] u





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Русский язык

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Т?ра?ты тіркестер

Автор: М?рат Г?лім М?рат?ызы

Дата: 02.12.2015

Номер свидетельства: 261257


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства