kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Методическое объедение казахского языка и литературы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Папка МО казахского языка и литературы. Все планы и засидание на учебный год. Для учителе казахского языка и литературы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Методическое объедение казахского языка и литературы»










Әдістемелік бірлестік жұмысын

ұйымдастыруға арналған

нормативтік құжаттар

























ӘБ отырысында қаралды

____ хаттамасы: «__»______2016ж.



Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ереже

1.1 Мектептегі әдістемелік бірлестік қазақ тілі бойынша оқу-тәрбие, әдістемелік және сабақтан тыс жұмыстарын жүзеге асырады.

1.2 ӘБ өз қызметінде бала құқықтары туралы Конвенцияға сәйкес Қазақстан Республикасының Ата Заңын,ҚР Президентінің жарлықтарын, ҚР Үкіметінің шешімдерін, ББ бұйрықтары мен өкімдерін басшылыққа алады.

2.Әдістемелік бірлестіктің мақсаты мен міндеттері

2.1ӘБ мақсаты - қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы мұғалімдердің құзырлықтары мен кәсіптік шеберліктерін жетілдіру бағытында жұмыстар ұйымдастыру.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша әдістемелік қызмет көрсетудің, оқу пәндері бойынша сыныптан тыс шаралар мен тәжірибе жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі құрылғысы болып табылады.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі

3 мұғалімнен (қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдері) құрылған.

Әдістемелік бірлестік 2016-2017 оқу жылында мектеп директорының

уақыттағы № 93 бұйрығымен ашылып, әдістемелік бірлестік жетекшісі уақыттағы № 94 бұйрығымен бекітілді.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі мектеп директорының оқу - тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына тікелей бағынады.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі өз қызметінде Бала құқығы туралы Конвенцияны сақтайды, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құжаттарын, облыстық білім басқармасы мен аудандық білім бөлімінің бұйрықтарын, шешімдерін жетекшілікке алады.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі бірлестік мүшелері мен оқушылардың әр түрлі байқаулар мен ұжымдық жұмыстарға белсенді қатысуын қамтамасыз етеді, басқа мектептердің әдістемелік бірлестіктерімен байланыс орнатады.

Әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспары ағымдағы жұмыс жоспарымен сай келуі керек. ӘБ жұмыс жоспары ӘБ отырысында қаралады, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының келісімен келісіледі, мектеп директордың бекітуімен педкеңесте бекітіледі.

Әдістемелік бірлестік отырысы міндетті түрде тоқсанына бір рет өткізіледі. Әрбір отырыста мәселелер қаралып, шешім шығарылады. Оған хаттама жүргізіліп, ӘБ жетекшісі қол қояды. Әрбір ӘБ отырысы алдыңғы отырыста қабылданған шешімдердің орындалуы туралы есеп беруден басталады.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі бірлестік мүшелерінің біліктілік санатын көтеруге, сабақта жаңа ақпараттық технологияларды қолдануға көмектеседі.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің өзінің әдістемелік тақырыбы болады.

2.2 ӘБ міндеттері:

Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдерін ғылыми-әдістемелік идеялар мен озық педагогикалық тәжірибелерімен таныстыру.

Мұғалімдерді тәжірибелік - эксперименттік қызметін тарту.

Әр педагогтың жеке дамуына жағдайлар туғызу.

Мұғалімдердің ғылыми - әдістемелік өсуін және шығармашылық инициативасының дамуын қадағалау.

Мұғалімдер жұмысының мазмұнын жаңарту жолдарын,әдістері мен формаларын анықтау.

Оқу - тәрбие үрдісін ұйымдастыруында жаңа келістер менжаңа технологиялар жасауға мүмкіндіктер туғызу.

3.Әдістемелік бірлестік жұмысының мазмұны

3.1 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің ӘБ жұмысының мазмұны Қазақстан Республикасының заң жүйесіндегі актілерінің, төңірегінде,Қазақстан Республикасының ұлттық мектеп моделдерінің даму идеяларын,мектептің әдістемелік тақырыбы,пәндердің психо - педагогикалық ғылым төңірегінде аңықталады.

3.2 ӘБ отырыстары тоқсанда бір рет өткізіледі.


4.Әдістемелік бірлестік мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

4.1 Әдістемелік бірлестік мүшелері құқылы:

өз жұмысы мен әріптестер жұмысының нәтижесін талдау

ӘБ мүшелерінің аттестациядан өту жұмысына қатысу

ӘБ мүшелерінің потенциалдық мүмкіндіктерін аңытау және зерттеу

қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы ғылыми - зерттеу қызметін ұйымдастыру

еңбегі сіңген мұғалімдерді мадақтауға ұсыну

жаңа технологиялардың формалары мен жұмыс әдістемелерін жариялауға

4.2 Әдістемелік бірлестік мүшелері міндетті:

- педагогикалық қызметін жоспарлау және ұйымдастыру

- оқу мен тәрбиелеу мазмұнының әдістері мен формаларының жаңаруына ықпал жасау

- ӘБ жұмысына, қалалық , облыстық, республикалық іс- шаралары мен әдістемелік конференциялар дайындауына белсенді қатысу

- педагогикалық қызметті бағалау және талдау

- оқушылардың білімділік құзырлықтарының қалыптасуына жағдайлар туғызу

-өз педагогикалық шеберліктерін жетілдіру.
























































Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша

әдістемелік бірлестік жетекшісінің қызметтік міндеттері



1. Әдістемелік бірлестік жетекшісі әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырады.

2. Бірлестік отырыстарына, ғылыми- әдістемелік семинарларға, озық тәжірибелі мектептер жұмысына қатысады.

3. Бірлестік мүшелері арасында өзара тәжірибе алмасады және оны таратады.

4. Жас мамандардың әдістемелік жұмысқа араласуына көмектеседі.

5. Мектеп әкімшілігінің мектеп мұғалімдерінің аттестациядан өтуіне қатысады.

6. Қортынды аттестациялау мен ОЖСБ-ға дайындық жұмысын тексереді.

7. Пән бойынша көшпелі және мемлекеттік емтихандардың өтілуін қадағалайды.























































Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша

әдістемелік бірлестік мүшелерінің қызметтік міндеттері

1. Білім сапасын жақсартауға негіз болатын тест тапсырмаларын, диагностика түрлерін, сабақ жоспарларының және жаңа инновациялық технологияларды жинақтайды.

2. Өз пәні бойынша озық іс-тәжірибе картотекасын жүргізеді, оқу- тәрбие үрдісін ұйымдастыруға байланысты әдістемелік нұсқаулар дайындайды.

3. Жаңа технологияларды енгізеді, мектепішілік ,аудандық, облыстық эксперименталды алаң жұмыстарына қатынасады, өз білімін жетілдіреді.

4. Мектепішілік пәндік олимпиадаларға материалдар дайындайды.

5. Әдістемелік бірлестік жұмыстарына араласып, өз жұмыс тәжірибесін ортаға салады.









































Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері

әдістемелік бірлестігінің мүшелері

Мұғалімдердің аты-жөндері

Аты-жөні

білімі

өтілі

1

Байкадамова Айаулым Сериковна

Орта кәсіптік

2

2

Шегенова Бахыткул Амантаевна

жоғарғы

11









































2015-2016 оқу жылында әдістемелік бірлестіктің атқарған жұмысының есебі































Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің әдістемелік тақырыбы:

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында ақпараттық комунактивтік технологияларды қолдану арқылы оқушылардың қазақ тілін білуге қызығушылықтарын арттырау.

Қазақ тілі мен әдебиеті  пәні бірлестігінің мақсаты:

1.Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында ақпараттық комунактивтік технологияны қолдану арқылы оқушылардың қазақ тілін білуге қызығушылықтарын арттыра отырып , оқушыларға қазақ тілінің грамматикасын толық меңгертіп, сөздік қорларын байыта отырып, олардың ауызекі және жазба тілдерінің дамуына жағдай жасаай отырып, шығармашылық жұмыс жасай білуге, ізденімпаздыққа баулу.

Әдістемелік бірлестіктің міндеттері:

  • Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңын» басшылыққа ала отырып, мемлекеттік стандарттың орындалуын қадағалау.

  • Инновациялық әдістер мен оқытудың ақпараттық технологиияларын пайдалана отырып, білім сапасын көтеру.

  • Оқушылардың шығармашылық даму мүмкіндіктерін арттыра отырып, дарынды және нашар үлгеретін оқушылармен жүргізілетін жұмыстарды дұрыс жолға қою.

  • Ұстаздардың кәсіби қабілетін оның принциптері арқылы анықтай отырып, әрбір мұғалімнің рейтінгісін белгілеу және педагогтік шеберлігін ұштастырып жетілдіру.

Күтілетін нәтиже:

1. Жаңа педагогикалық технологияларды меңгерген білімді педагог.

2. Ақпараттық - коммуникациялық құралдардың көмегімен жүргізілген сан

алуан жұмыстардың нәтижесі.

3. Мемлекеттік тілде ауызша сауатты сөйлей білетін, жазбаша сауатты

жаза білетін тұлға .

Мектеп тақырыбы:

12-жылдық мектепке көшу жағдайында құзырлық тәсілі арқылы оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу.



Мектептің әдістемелік тақырыбы



Құзырлықты білім сапасын жетілдіру арқылы оқушыға білім алуда, тәрбиеде, және оның дамуына тіл таба білу.

















Әдістемелік бірлестіктің негізгі жұмыс түрлері: 

  • -оқу-тәрбие әдістемесінің проблемалары бойынша педагогикалық тәжірибелер жүргізіп, оның нәтижесін оқу үрдісіне енгізу.

  • - оқу-әдістемелік мәселелер бойынша дөңгелек үстелдер, семинарлар, шығармашылық есептер т.б .

  • - оқу-тәрбие әдістемесінің  мәселелері бойынша әдістемелік кеңес отырысы .

  • - пән бойынша ашық сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар өткізу .

  • - пәндік және   әдістемелік апталықтар өткізу

  • - өзара сабаққа қатысу 

  • -сабақ беру сапасын бақылау 

Әдістемелік бірлестік қызметінің негізгі бағыттары: 

      • Тіл біліміні теориялық негіздерін жас ерекшелікке қарай толық меңгерту.

      • Дарынды оқушылармен жұмысты жүйелендіру арқылы нәтижиеге жету.

      • пән бойынша білім беру нәтижелерінін анализдеу 

      • мектеп әкімшілігі алдында әдістемелік бірлестікте белсенділік танытқан мұғалімдерді ынталандыру туралы сұрақ көтеру 

      • мұғалімдерге білім жетілдіру жолдарын ұсыну 

      • әдістемелік бірлестіктен «Жыл мүғалімі», «Үздік сынып жетекші», «Үздік қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» сайыстарына мүғалімдер ұсыну 

      • аттестациялау мазмұны мен ұйымдастырылуына өз ұсыныстарын енгізу

Жаңа оқу жылының міндеттері.

  • Жаңа иновациялық технологияларды меңгерттіп,сабақта қолдану.

  • ҚР Білім туралы заңын жүзеге асыру.

  • ҚР білім беру стандартына сәйкес білім беру.

  • Сабақты жоспарлауда оқушылардың теориялық білім, білік дағдыларын қалыптастыру әдіс- тәсілдерін пайдалану.

  • Дарынды оқушылармен жұмыс жасауда әр бағыт бойынша (олимпида, мектептік, аудандық сайыстар т.б.)жұмыс жасау.



















Педагог кадрлардың

кәсіби біліктілігін

арттыруға бағытталған

жұмыс












































ӘБ отырысында қаралды Бекітемін:

___хаттамасы: «__»______2016ж «Баталы орта мектебі» КММ

Мектеп деректоры_______К.Коновалова

«___» _________2016г.

Әдістемелік бірлестік отырыстарының тақырыптары

Тақырыбы

мерзімі

Жауапты

1.отырыс

1.2016-2017 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатпен таныстыру. (тоқсан бойынша бақылау жұмыстарының нормаларын белгілеу)

2. 2016-2017 оқу жылына бірлестіктің жылдық жоспары мен күнтізбелік жоспарын талқылау.

3.Тіл мерекесіне байланысты мектепшілік іс-шараға қатысу.

тамыз


ӘБ жетекшісі.






пән мұғалімдері

2.отырыс

1.Қазақ тілі мен әдебиет апталығын ұйымдастыру (ашық сабақтар, іс-шаралар)

2.ОЖІБ, қорытынды аттестацияға оқушылардың дайындығын қадағалау.

3.Дарынды, үлгірімі нашар оқушылармен жұмысы.

қыркүйек

Шегенова Б.А.


Пән мұғалімдері

3. отырыс

1. «Оқушының сауатылығын, пәнге деген қызығушылығын тексере отырып, тіл байлығын дамыту» (баяндама)

2. 1-Тоқсанның қорытындысы


қараша


Байкадамова А.С.


пән мұғалімдері

4. отырыс

1.«Қазақ тілі сабақтарына ақпараттық комуникациялық ақпараттарын қолдану» (баяндама)

2. Қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің бақылау, жұмыс дәптерлердің жүргізілу сапасын тексеру .

3. 2-тоқсан қортындысы.

Қаңтар

Шегенова Б.А





пән мұғалімдері

5.отырыс

1. 9-11 сынып емтиханға дайындығын бастау. (билеттер әзірлеу)

2. «Оқушыларды мемлекттік тілде сөйлеу арқылы сөздік қорларын дамыту» (баяндама)

3. 3-тоқсанның қорытындысы.

Наурыз



Шегенова Б.А.


пән мұғалімдері

6.отырыс

1.Бастауыш сыныптарында көрнекі құралдарды қолдану арқылы ауызша тілді дамыту (баяндама)

2.Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің жылдық сараптамасы.

3. 4-тоқсанның қорытындысы

3.2016-2017 оқу жылының ӘБ жылдық жұмысының қорытындысы.


Мамыр

Байкадамова А.С



пән мұғалімдері



ӘБ жетекшісі













Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курсынан өту жоспары



Мұғалімдердің аты – жөні

Санаты

Оқыту тілі

Еңбек өтілі

Соңы біліктілік курсынан өткен орны

Курс мерзімі

1

Шегенова Б.А.

бірінші


Орысша

11 жыл

Қостанай қаласы «Өрлеу» Біліктілікті Арттыру Ұлттық орталығы»

АҚ Филиалы Қостанай бойынша Педагогикалық Қызметкерлердің Біліктілігін Арттыру Институты» (деңгейлік)

2016ж 28.03-28.05


2

Байкадамова А.С.

Санаты жоқ

Орысша

1 жыл

-


3

Байсултанов Б.Б.

Санаты жоқ

Орысша

-

-

-









Аттестациядан өтетін мұғалімдердің алдын – алу жоспары

Аты – жөні

2014-2015

2015-2016

2016-2017

1.

Шегенова Б.А.


+


2.

Байкадамова А.С.



+


























ӘБ отырысында қаралды Бекітемін:

___ хаттамасы: «__»______2016ж «Баталы орта мектебі» КММ

Мектеп деректоры_______К.Коновалова

«____» __________2016г.


Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің

2016-2017 оқу жылына арналған жұмыс жоспары

р/с

Жұмыстың мазмұны

Уақыты

Жауапты

Пән бірлестігінің ұйымдастырылуы

тамыз

Бірлестік жетекшісі

2016-2017 оқу жылының жұмыс жоспарын бекіту

Қазақ тілі мен әдебиеті апталығын ұйымдастыру

қазан

Пән мұғалімдері

Ашық сабақтар кестесін құру

қыркүйек

Пән мұғалімдері

Дарынды оқушыларды анықтау, жұмыс жоспарын жасау

қыркүйек

Бірлестік жетекшісі

Қорытынды атестациясы мен ОЖСБ-ға дайындығын тексеру

қазан

Бірлестік жетекшісі

Нашар үлгерушілермен жұмысы бойынша жоспар құру

қыркүйек

Пән мұғалімдері

Мектепішілік пән олимпиадасына әзірлену және өткізу

Қараша

Бірлестік жетекшісі

Бағдарламалық материалдарының орындалуы

Қараша

Пән мұғалімдері

Ортанғы буын сыныптардың сабақтарына қатысу

айсайын

Бірлестік жетекшісі

Аудандық олимпиадаға оқушыларды дайындау

желтоқсан

Пән мұғалімдері

Аудандық олипиадаға қатысу

АББ шешімі бойынша

Бірлестік жетекшісі

9 сынып оқушыларының оқу жетістіктерін сырттай бағалауға (ОЖСБ) әзірлігін байқау

Ақпан

Бірлестік жетекшісі

Мұғалімдердің жаңа комуникациялық ақпараттық технологияларды қолдану арқылы өткізген сабақтарындағы білім сапасының қорытындысын тыңдау

наурыз

Пән мұғалімдері

Бастауыш сыныптардың сабақтарына қатысу

сәуір

Пән мұғалімдері

Емтихан материалдарын дайындау

сәуір

Пән мұғалімдері

9-11 сыныптарының мемлекеттік қазақ тілінен емтиханға дайындықты жүйелі ұйымдастыру

мамыр

Бірлестік жетекшісі

Қазақ тілі ӘБ отырыстарын өткізу

Айсайын

Бірлестік жетекшісі

Жылдық қорытынды, бірлестіктің есебі

мамыр

Бірлестік жетекшісі







«Баталы орта мектебі»КММ

КГУ «Баталинская средняя школа»







Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі



Методическое объдинение учителей казахского языка и литературы




2016-2017 оқу жылы

2016-2017 уч.год




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Русский язык

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Методическое объедение казахского языка и литературы

Автор: Шегенова Базыткул Амантаевна

Дата: 09.11.2016

Номер свидетельства: 356986


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства