?БТ- ге дайынды?та а?паратты? технологияларды ?олдану жолдары
?БТ- ге дайынды?та а?паратты? технологияларды ?олдану жолдары
?о?амны? ?азіргі даму кезе?і жедел а?параттандырылу процесімен сипатталады. А?паратты? компьютерлік технологияларды? білім беру ж?йесіне енуі - жа?а тарихи - ?леуметтік жа?дайды? талабы. Компьютерлік технологияларды? дамуы мектеп т?легіні? функционалды? сауаттылы?ына та?ы бір к?рсеткіш, компьютерлік сауаттылы? к?рсеткішін енгізіп отыр. Я?ни б?гінгі та?да мектеп т?легіні? білім сапасын, компьютерлік сауаттылы?ын жо?арлату ?шін тек ?ана информатика саба?ында ?ана емес, барлы? п?н саба?тарында, соны? ішінде ?аза? тілі саба?ында а?паратты? технологияларды тиімді ?олдану ?р ?стазды? міндетіне айналып келеді. Біра? б?л технологияларды біз ?алай ?олдануымыз керек?
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?БТ- ге дайынды?та а?паратты? технологияларды ?олдану жолдары »
Қостанай облысы
Ұзынкөл ауданы
Торебрат орта мектебі
ҰБТ- ге дайындықта ақпараттық технологияларды қолдану жолдары
Орындаған: Шалабаева Е.Ж
Қоғамның қазіргі даму кезеңі жедел ақпараттандырылу процесімен сипатталады. Ақпараттық компьютерлік технологиялардың білім беру жүйесіне енуі - жаңа тарихи - әлеуметтік жағдайдың талабы. Компьютерлік технологиялардың дамуы мектеп түлегінің функционалдық сауаттылығына тағы бір көрсеткіш, компьютерлік сауаттылық көрсеткішін енгізіп отыр. Яғни бүгінгі таңда мектеп түлегінің білім сапасын, компьютерлік сауаттылығын жоғарлату үшін тек қана информатика сабағында ғана емес, барлық пән сабақтарында, соның ішінде қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды тиімді қолдану әр ұстаздың міндетіне айналып келеді. Бірақ бұл технологияларды біз қалай қолдануымыз керек?
Егер біз бұл технологияларды бұрыңғы білім беру жүйесіне бұлжытпай кірістірсек, компьютер сабақта тек қана техникалық құрал ретінде қолданылып қала береді. Компьютерді - білім беретін бағдарламалық педагогикалық құрал ретінде қарастыру қажет. Яғни компьютерді тек қана техникалық жағынан қамтамасыз ететін құрал ретінде ғана қолданып қоймай, оқушымен сұхбаттасатын таза білім “сақтаушысы” ретінде қарастырған жөн. Бұл ойды А.С. Якубов та қолдайды.
Сонда ғана мультимедиа жүйесі:
қазіргі қоғамды ақпараттандыру жағдайдағы жеке тұлғаны дамытуға арналған міндеттерге сәйкес білім мазмұнын, оқыту әдістері мен ұйымдастыру түрлерін іріктеу әдіснамасын жетілдіруге;
тілді белсенді оқытудың әртүрлі үдемелі әдіс-тәсілдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етуге;
оқушының интеллектуалдық потенциалын дамытуға, өз бетімен білім алу біліктіліктерін қалыптастыруға, ақпараттық оқу, зерттеу әрекетін ұйымдастыруға;
оқушының оқуға деген қызығушылығын қазіргі кездің кешенді ұсынатын және көру, есту негізінде қабылданатын ақпаратты құбылтып өзгертетін құралдарды қолдану арқылы арттыруға мүмкіндік береді.
Оқу үрдісін ақпараттандыру арқылы нәтижеге жетемін деген мұғалім алдымен келесі міндеттерге мән беру керек:
Компьютерлік оқу құралдарын зерделеу және қолдану;
Тиімді тәсілдерді анықтау;
Ақпараттық технологияларды зерделеу;
Тәсілдер мен материалдарды құрастыру және қолдану;
Қолданылған тәсілдердің нәтижесін бағалау.
Қазіргі кезде сабақта әдістемелік мақсатқа қарай келесі бағдарламаларды қолдануға болады:
Тренажер – бағдарламалар;
Бақылаушы - бағдарламалар;
Тәлімгерлік бағдарламалар;
Көрнекіліктер бағдарламалары;
Ақпараттық-анықтамалық бағдарламалар
Тренажер – бағдарламалар оқушының білімін, білік-дағдысын бекітуге, пысықтауға арналған.
Бақылаушы - бағдарламалар бақылауға қажетті тұрақтылықты, көпнұсқалылықты, бағаның мұғалімнің субъективтік көзқарасынан және тағы да басқа факторлардан тәуелсіздігін қамтамасыз етіп, білім беру үрдісінің сапасын жоғарлатып, оқытушының еңбек өнімділігін, нәтижелілігін жоғарлатады.
Тәлімгерлік бағдарламалар - оқушылардың жауабын өндейтін бағдарламалар.
Көрнекілік - бағдарламалары арқылы компьютерді көрнекілік құралы ретінде қолдана отырып оқушыларды жаңа тақырыпқа керекті материалдармен таныстыруға болады.
Ақпараттық-анықтамалық бағдарламалар керекті ақпаратты алуға арналған. Оқушы компьютер арқылы кез келген ақпарат қорынан керек ақпаратын жинай алады.
Педагогикалық компьютерлік бағдарламалық құралдарды (ПКБҚ) құрастырып қолданамын деген мұғалім келесі талаптарды ескеру керек:
ПКБҚ базистік курстың бағдарламасын қамту керек;
ПКБҚ жүйелі түрде де, эпизодтық түрде де қолданылу керек;
ПКБҚ оқыту, бақылау, ізденіс функцияларын орындау керек;
ПКБҚ мазмұнының көлемі ресми оқулықтардың көлемінен асып түсу керек;
5. ПКБҚ дидактикалық мазмұнын компьютерсіз оқытуда да қолдану үшін, бағдарлама басып шығаратын өніммен қамтамасыз етілуі керек.
Компьютерлік оқу құралдарының бірі электрондық оқулықтар мен кешендер. Республикалық білім беру жүйесін ақпараттандыру ғылыми-әдістемелік орталығы (РБАО) 6-шы сыныптан бастап 11 сыныпқа дейін электрондық оқулықтар шығарған. Оқулықтарда 5-6 тақырыптан қарастырылған. Оқулықтар бойынша оқушы өз бетімен сөздердің жазылуын, айтылуын пысықтап, сөздік жұмысын, диктант, мазмұндама жұмыстарын орындай алады.
Бұл оқулықтар қазақ тілі мұғалімдері мен оқушыларға көп көмек көрсетеді. Бірақ бір кемшілігі: берілген кейбір жұмыс түрлері сол 6 тақырыптың мазмұнын толық қамтиды. Мысалы бірінші сабақ бойынша «вариант», «мозаика», тест орындаса тапсырмалары толық алты тақырып бойынша берілген.
Ал тақырыптардың әрқайсысы жеке бір модульге кіреді. Бұл жұмыс түрлері әр тақырып бойынша жүргізілетін бекіту, бақылау жұмыстарының нәтижелілігін жоққа шығарады.
MERITS фирмасынан шыққан электрондық оқулықтар да қазақ тілі сабақтарында кеңінен қолданыла бастады. Бұл оқулықтарда мультимедиялық жүйесінің мүмкіндіктері кеңірек қолданылған. Стандарт талабы бойынша диктант,мазмұндамаларды сауатты жаза алу біліктіліктерін дамытуға, сөйлеу мәдениетін игеруге аса көңіл бөлінген.
Жоғарыда айтылған талаптарды ескере отырып пән мұғалімдері бағдарламаға сәйкес өздері де электрондық оқулықтар мен кешендерді шығара алады.
Мысалы, аймақтық компонент бойынша, мен өз басым Delphi-7.0 бағдарламасы негізінде қазақ тілінен 10 сыныпқа арналған қосымша
электрондық оқулық дайындадым. Негізгі оқулықпен аймақтық компонент бойынша құрастырылған электрондық оқулықтың арасында сабақтастық сақталған. Жалпы 10 сыныпқа арналған мемлекеттік бағдарлама және бекітілген негізгі оқулығы бойынша модуль тақырыптарын қамтиды.
Оқулыққа келесі модуль тақырыптары бойынша сабақтар енгізілді:
Қазақстан Республикасы;
қазақ тілі, қазақ тіліндегі стильдер;
өлкеміздің табиғаты, экономикасы, экологисы;
өлкеміздің тарихы;
географиялық жағдайы;
спорттың, мәдениеттің дамуы;
баспасөз жәнеи іс қағаздары.
Электрондық оқулық Жанпеисованың модульдік технологиясының принциптеріне сәйкес құрастырылған:
Оқу материалының тұтастығын сақтау принципіне;
Мазмұнды күрделендіру арқылы оқыту принципіне.
Алдымен толық мәлімет алады, содан кейін тапсырмаларды орындау барысында қосымша деректермен танысып отырады;
Модуль тақырыбына «кері қайтып отыру» принципіне.
Яғни негізгі оқулықтағы берілген тақырып материалдарына да, электрондық оқулықтағы оқу материалына да берілген тапсырмаларды орындау мақсатымен кері қайтып отырады.
Электрондық оқулықта лексикалық тақырыптармен бірге негізгі оқулық пен бағдарламаға сәйкес грамматикалық тақырыптар да қарастырылған.
Модульдік технологияның талаптарына сәйкес әр модуль бойынша меңгерген лексикалық және грамматикалық тақырыптарға 3 деңгейлік тапсырмалар берілген. Осы тапсырмаларды орындау барысында оқушы бірнеше рет мәтінге, сызбаға, сөздікке қайта оралып отырады.
Электрондық оқулық қазақ тілін оқытуда тек тиімді және жайлы, теориялық материал мен тапсырмалардан құрастырылған оқу құралы ғана болып қалмай, бақылау және бағалау функциясын да атқарады.
Ақпараттық технологияларды білім саласына қарқынды енгізу кезінде, қазақ тілінен ЖАТ құралдарының жеткіліксіздігі әсіресе сезіледі. Осы жағдайда ұсынылып отырған өлкетануға арналған электрондық оқулық уақыт талабына сай деуге б.
Электрондық оқулық әдістемелік – электрондық оқулықтар мен кешендер сайысына қатысып, жүлделі орынға ие болды.
Сондай-ақ қазақ тілі ұстаздарының құрастырған 5 сыныпқа арналған электрондық оқулық облыстық сайыста бірінші орынға ие болып, Павлодар облысында кеңінен қолданылады.
Бақылаушы бағдарламаларды қолдана отырып жеке тақырып, жеке модуль бойынша да электрондық тестер құрастыруға болады. Мысалы, 9 сынып оқушыларының қазақ тілінен білімін тексеруге арналған модуль тақырыптары бойынша тоқсан сұрақтан тұратын үш деңгейлік тест тапсырмаларының үлгісі бар. Бағдарлама үш деңгейдің сұрақтарын үлестіре отырып компьютерге отырған әр оқушыға арнап 30 сұрақтан тұратын тест нұсқасын дайындайды. Аяғында тестілеудің қорытындысын шығарады. Мұндай электрондық тестер 9 сыныптың 13 модулі бойынша дайындалған. Жеке тақырып бойынша да оқушының сабақта алған білімін тексеруге арнап 9-10 сұрақтан тұратын бағдарлама дайындауға болады. Мұндай тестілеу бағдарламалары 9 сыныптың оқулығының 23 тақырыбы бойынша құрастырылған.
Үш деңгейлік тестер оқушылардың алған білімдерін қабілеттеріне қарай тексеруге мүмкіндік береді.
ПКБҚ қолдану барысында нәтижеге жетемін деген ұстаз міндетті түрде электрондық, дидактикалық материалдарды жүйеге келтіріп, күнтізбелік- тақырыптық жоспарда белгілеу керек. Мысалы: 9 сыныптың күнтізбелік- тақырыптық жоспарында басқа сиямен қандай электрондық оқулық бойынша қандай тақырып өтілетіні және бақылау, пысықтау электронды түрде ұйымдастырылса да белгілеу қажет (№1 кестені қараңыз)
Бақылаушы бағдарламаларға салынған тестер СД дисктерінде жинақталып картотека жасалыну керек
Тренажер – бағдарламалар негізінде дайындалған тапсырма – карточкалар да
Слайд-бағдарламаларды:
көрнекілік, үлгі, тапсырма беру үшін;
модуль тақырыбы бойынша оқушылар шығармашылық жұмыстарын қорғауда мақсатында қолданылады.
Сонымен ақпараттық технологиялар:
тілді белсенді оқытудың түрлері мен әдіс- тәсілдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
оқушылардың интеллектуалдық потенциалын дамытуға, өз бетімен білім алу біліктіліктерін қалыптастыруға, ақпараттық оқу, зерттеу әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік береді;
оқушының оқуға деген қызығушылығын кешенді ұсынатын және көру, есту негізінде қабылданатын ақпаратты құбылтып өзгертетін құралда арқылы арттырады.