kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Са?ынады М??а?ды сыздап ж?рек (поэзия кеші)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Кешті? ма?саты: М. Ма?атаевты? поэзиясыны? халы??а ке? таралуыны? м?ні ж?не оны? ?мірше?дігіні? сыры неде екенін таныту, т?сіндіру, сезіндіру, шы?армашылы?ыны? музыкасымен ?ндесу ерекшелігін, а?ынны? с?зіне жазыл?ан ?ндері к?пшілік назарына ?сыну.

Дамытушылы?ы: о?ушыны? жан - жа?ты ойлануын, ізденуін дамыту, ?ле?ге деген ынтасын арттыру
Т?рбиелігі: адамгершілікке, Отанды с?юге, таби?атты аялау?а, оларды ?мытпай есте са?тау?а ?йрету.
К?рнекілігі: М. Ма?атаевты? портреті, кітап к?рмесі.

?ткізу барысы: кеш
1 - ж?ргізуші:
?ош келіпсіздер, ??рметті ?она?тар, ?стаздар, о?ушылар, ?ле? с?йер, ?нер с?йер ?ауым!

2 - ж?ргізуші:
?уат алып Абайды? тіл к?шінен,
Жыр жазамын Абайды? ?лгісімен;
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып т??ілем бір кісіден.- деп біз б?гін заманымызды? жар? еткен ж?лдызы, лирик а?ын М. Ма?атаевты? шы?армашылы?ына, ?мір жолдарына арнал?ан «Са?ынады М??анды сыздап ж?рек» атты поэзия - кешін ?ткізгелі отырмыз.

1 - ж?ргізуші:
Ия, М??а?али ?ажайып, а?иы?, сыршыл, гуманист а?ын. Ол - бізге к?рінбейтін си?ыр бояулардан, бізге естілмейтін ??пия дыбыстардан тоят алатын ж?мба? а?ын. А?ын ?ле?дерін о?ы?ан сайын а?и?ат бейнелі рух, сезім мен сананы? бірлігі к??ілге ?ялайды.

2 - ж?ргізуші:
?аза??а т?н ?ара ?ле?ге табынды,
Ата - баба д?ст?рінен ап ?лгі,
?шан - те?із ?лылы?ты паш еткен,
М??а?али - поэзия алыбы,- дей келе, М??а?алиды? поэзиямен ?алай сырлас?анын тындап к?рейік.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Са?ынады М??а?ды сыздап ж?рек (поэзия кеші) »

Сағынады Мұқаңды сыздап жүрек (поэзия кеші)


Кештің мақсаты: М. Мақатаевтың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, түсіндіру, сезіндіру, шығармашылығының музыкасымен үндесу ерекшелігін, ақынның сөзіне жазылған әндері көпшілік назарына ұсыну.

Дамытушылығы: оқушының жан - жақты ойлануын, ізденуін дамыту, өлеңге деген ынтасын арттыру
Тәрбиелігі: адамгершілікке, Отанды сүюге, табиғатты аялауға, оларды ұмытпай есте сақтауға үйрету.
Көрнекілігі: М. Мақатаевтың портреті, кітап көрмесі.

Өткізу барысы: кеш
1 - жүргізуші:
Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар, өлең сүйер, өнер сүйер қауым!

2 - жүргізуші:
Қуат алып Абайдың тіл күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен;
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден.- деп біз бүгін заманымыздың жарқ еткен жұлдызы, лирик ақын М. Мақатаевтың шығармашылығына, өмір жолдарына арналған «Сағынады Мұқанды сыздап жүрек» атты поэзия - кешін өткізгелі отырмыз.

1 - жүргізуші:
Ия, Мұқағали ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ол - бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.

2 - жүргізуші:
Қазаққа тән қара өлеңге табынды,
Ата - баба дәстүрінен ап үлгі,
Ұшан - теңіз ұлылықты паш еткен,
Мұқағали - поэзия алыбы,- дей келе, Мұқағалидың поэзиямен қалай сырласқанын тындап көрейік.
1 - оқушы: Нұралы
Бүгін менің туған күнім.
Ой, бәле-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай.

Мына дүние неге жатыр үндемей?!
Алаулатып тойдың шоғын үрлемей.
Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып,
«Мынау - шапан,
Мынау - атың, мін»,- демей.

Мына жұртқа жақпады ма әлденем?!
Бекер өмір сүргенмін бе, әлде мен?
Халқым,
Сенің қасиетіңді білем деп,
Босқа өмірім өтті ме екен әуремен?!

Айтамын деп қуанышың, мұңынды,
Басқа арнаға бұрдым ба әлде жырымды?!
Мен, бәрібір, өзіңменен бір болам,
Өзегіне тепсең-дағы ұлыңды.

...Тойланбаса тойланбасын,
He етейін.
Той көрмей-ақ, сый көрмей-ақ өтейін.
Қаламымды берші маған, бәйбіше,
Болашаққа арыз жазып кетейін...

Ән: Туған өлке


«Поэзия»
Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе?
Неге іздедім,
Алабұртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таңдардан сені іздедім.
Сені іздедім кездескен адамдардан,
Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.
Шырықтардан, оттардан, жалаулардан,
Сені іздедім жоғалған замандардан.
Сені сезімге у шараптан да, сені іздедім.
Іздеймін тағат бар ма?
Сені маған егіз ғып жаратқан ба?!

1 - жүргізуші:

Мұқағали қойнауына талай сыр бүккен сайын далаға, оның сылдырап аққан суына, самал желіне, мақпал түніне бала кезден - ақ ғашық болып өссе керек. Алған әсерін өлеңіне өре де білген.

2 - оқушы:
Нені аңсаймын?
Туған өлке, туған жұрт сені аңсаймын.
Ұл де, мейлің адасқан құл де мейлің,
Сені аңсаймын, білмеймін нені аңсаймын.
Қуат берген дәмің мен тұзың маған,
Қаймағыңды аңсаймын бұзылмаған
Гүлін сүйем, шалғынның бүрін сүйем,
Үнін сүйем масаның ызыңдаған.
Сені аңсаймын, қайнаған ақ бас таулар,
Ақ бас таулар, самайын ақ басқандар.
Сені аңсаймын қазіргі ақ бас шалдар
Бұрынғы өреден құрт ап кашқандар,
Су кешіп жалаң аяқ от басқандар.
Ән: Туған өлке
2 - жүргізуші:
Ана - өмір сыйлаушы, бала - бағбаншысы.
Арулар - асыл жандар. Оларға деген махаббат, сүйіспеншілік сезімі - жырдың алтын арқауы. Ана туралы, әйел туралы, жырламаған ақын кемде - кем. Соның ішінде М. Мақатаевтың әйел туралы жазған өлеңдері ерекше. Әйелдің әдемілігін де, сүйкімділігін де керемет жырлап өткен ақын.
Көрініс: Аққулар ұйықтағанда
1 - жүргізуші:
Әйелдер - ай!
Әйелдер - ай!
Қандайсың?!
Әдемі боп кетіпсің ғой әрқайсың.
Біреу жеріп тұрса - дағы қалмайсың,
Біреу сүйіп тұрса - дағы бармайсың.
Әйелдер - ай!
Әйелдер - ай, қандайсың?!
Әйелдер - ай!
Әйелдер - ай, қулар - ай,
Жанарлардың жауын алып тұрған - ай!
Біле тұра бүйректерің бүлк етіп,
Кетесіңдер тыңдай тұра, тыңдамай.
Әйелдер - ай! Әйелдер - ай, қулар - ай,
Әйелдерді еркектерден көп дейді.
Ойбай, Ойбай!...
Бола берсін көп мейлі!
Әйел деген әдемі ғой, әдемі
Әдемілік бізге көптік етпейді.

3 оқушы Балболсын:

Шыда, шыда, 
Шыдай түс, шыда тағы! 
Шыдамдыны мына өмір ұнатады. 
Өміттің құлан иек құла таңы 
Әйтеуір бір атады, бір атады. 
Өкінбе, өкпелеме 
Бүгініңе 
өмір, өмір! 
Болмайды түңілуге. 
Мәңгі сені жазбаған сүрінуге, 
Қайта тұрып қақың бар жүгіруге. 
Түсінемін жаныңның ауырғанын, 
Шыдадың ғой, шыдай түс, дамылдағын. 
Иогтардың тәсілін қабылдағын, 
Басқасына бас ұрып табынбағын. 
Шыда, шыда 
Шыдай түс, тағы шыда, 
Тау құлатқан тасқынның ағысына. 
Кір жуытпай кіршіксіз намысыңа, 
Қарысуға болады, алысуға... 

Би: Күрең күз 6 сынып оқушылары

2 - жүргізуші:
Туған халқын, тілін, Отанын бақыты деп санаған ақын өз бақытын халыққа қызмет етуден тапқан. Ақынға халық деген ұғымның өзі де өмір деген сөз. Халқы бар болса адам қор болмайтындығын айтады.

3 оқушы


Ең бірінші бақытым – Халқым менің, 
Соған берем ойымның алтын кенін. 
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын, 
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің. 

Ал екінші бақытым – Тілім менің, 
Тас жүректі тіліммен тілімдедім. 
Кей – кейде дүниеден түңілсем де, 
Қасиетті тілімнен түңілмедім. 

Бақытым бар үшінші – Отан деген, 
Құдай деген кім десе, Отан дер ем! 
... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба? 
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен. 

Түтін түтет, 
Өс, өрбі, көгере бер, 
Немерелер көбейсін, шөберелер. 
Жадыңда ұста : 
Жақсылық күтпегейсің! 
От емес, оқ сұрасаң менен егер! 

Үш бірдей бақытым бар алақанда, 
(Мені мұндай бақытты жаратар ма?!) 
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан, 
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!


1 - жүргізуші:
«Сүйікті балаларым менің,- дейді ақын өз күнделігінде.
- Ақылсыз болмаңдар! Өмір толы қауіп, абай болыңдар! Өмірдің әрбір құбылысына байыппен, ақылмен қараңдар! Жөні жоқ мейірбан, жұмсақ болмаңдар. Өмір барда жауыздық та бар. Мейірбандықпен, жұмсақтықпен жауыздықты жеңуге болады... Әр дайым сақ болыңдар, әрдайым өздеріңді қорғай біліңдер! Балаларым менің! Егер сендер түсінсеңдер ғой мені»...

Ән: Мен деп ойла

2 - жүргізуші:
М. Мақатаев - адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жастық пен келісімнің жыршысы. Оның өлеңдері шын шабыттың, қиын күйзеліс пен шын қуаныштан, шын сағыныштан туған. Ақын ұлы сезімге бас иіп, өз өлеңдерінде махаббат тақырыбын кең суреттеген.

3 - оқушы:
О. Махаббат!
Сен әлі тірі ме едің?
Көзімнен ғайып болған күнім менің,
Гүлім едің...
Елтіген түнім едің.
О, Махаббат, сен әлі тірі ме едің?
Мен сені ұмытқанмын.
Жылатқаның есте жоқ, суытқаның.
Суып қаным,
Құлағам құрып хәлім
Жығылған отауымның уықтарын.
Содан бері мен сені ұмытқанмын.
О, Махаббат!
Сен әлі тірі ме едің!?
Тірі ме едің...
Мен де енді тірілемін!
Ақ періште, алдыңа жүгінемін.
... Қолдай гөр, ғашықтардың пірі мені!

Ән: Тоқтасынов Алыбек 8 сынып оқушысы «Сенің көзің».

1 - Жүргізуші:
Жігітінен қазақтың дос таба алмай,
Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын,- деп Мұқағали Ф. Оңғарсыноваға жанын жеген қайғыны жырмен жеткізген.

4 - оқушы:
Дос болам десең,
Досыңды сыйла, қымбаттым!
Досыңа сонда,
Досыммен ғана қымбатпын.
Дос болам десең,
Мендегі доспен достасқын,
Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын.
Достықта жүрмін,
Достыққа жүрмін құмартып!
Өлгелі жүрмін,
Өзіме – өзім мін артып...
Жауыздың барып, жанына уәзір болғаннан,
Достардың барып, ауласында өлген мың артық.
5 оқушы
Поэзия»
Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе?
Неге іздедім,
Алабұртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таңдардан сені іздедім.
Сені іздедім кездескен адамдардан,
Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.
Шырықтардан, оттардан, жалаулардан,
Сені іздедім жоғалған замандардан.
Сені сезімге у шараптан да, сені іздедім.
Іздеймін тағат бар ма?
Сені маған егіз ғып жаратқан ба?!
Ән: Саржайлау 6 сынып оқушысы Құрбанов Асылбек
Қорытынды:
2 - Жүргізуші:
«Ақынның ақындығы атақта емес, ақынның ақындығы арда ғана,- деп арым - өлеңім деген мұратпен ғұмыр кешкен ақиық ақын Мұқағали халқына «бірге туған жан дүниесі» өлеңдерін қалдырды. Ол табиғатпен, тағдырмен, бәрімен адал сырласты. Оның өлеңдері бүгін де шаршағанға әл, шөлдегенге нәр, сүйгенге сырлас, мұңайғанға мұңдас боп адалдық, татулық белгісін тербеп тұр.
1 - Жүргізуші:
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім
Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім,- деп ақынның өзі айтқандай, Мұқағали мұралары ешқашан да өлмек емес.

2 - Жүргізуші:
Құрметті қонақтар! Осымен жыр Музасы - Мұқағали Мақатаевтың мерейтойына арналған «»Сағынады Мұқаңды сыздап жүрек» атты бағдарламамыз мәресіне жетті.
Сөз соңында, әрқашан ақынды еске алып, жырларын оқи жүрейік дей отырып, кешті «Есіңе мені алғайсың» әнімен аяқтайық




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Русский язык

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Са?ынады М??а?ды сыздап ж?рек (поэзия кеші)

Автор: Жаманкулова Айжан Нурлановна

Дата: 11.04.2015

Номер свидетельства: 200088


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства