kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Дарынды балаларды? сыни ойлау да?дыларын ?алыптастыру ар?ылы ??зіреттілігін жетілдіру» та?ырыбы бойынша коучинг жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Коуч болу – ас?ан жауапкершілікті ?ажет етеді.

 Коучинг –с?збе-с?з дайындау, жатты?тыру; ?ріптестерді? ??пия, белсенді ж?не жасампаз ?зара ?рекеттестік ?дерісі. Оны? барысында ?олданыста?ы о?ыту т?жірибелерін бірлесіп ойластыру, идеялармен алмасу, коуч тарапынан рефлексивтік диалог?а тарту негізінде ?ріптестер ?з ж?мысыны? жекелеген салаларын жетілдіру, оларды тере?ірек дамытып, ана??рлым жо?ары сапалы? де?гейге к?теру ж?не іске асыру ж?нінде шешім ?абылдау ма?сатында к?сіби білімін, игерген да?дылары мен т?жірибесін жетілдіреді

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Дарынды балаларды? сыни ойлау да?дыларын ?алыптастыру ар?ылы ??зіреттілігін жетілдіру» та?ырыбы бойынша коучинг жоспары »

Коуч болу – асқан жауапкершілікті қажет етеді...

 Коучинг –сөзбе-сөз дайындау, жаттықтыру; әріптестердің құпия, белсенді және жасампаз өзара әрекеттестік үдерісі. Оның барысында қолданыстағы оқыту тәжірибелерін бірлесіп ойластыру, идеялармен алмасу, коуч тарапынан рефлексивтік диалогқа тарту негізінде әріптестер өз жұмысының жекелеген салаларын жетілдіру, оларды тереңірек дамытып, анағұрлым жоғары сапалық деңгейге көтеру және іске асыру жөнінде шешім қабылдау мақсатында кәсіби білімін, игерген дағдылары мен тәжірибесін жетілдіреді(МАН 129 бет).

  «Дарынды балалардың сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру арқылы құзіреттілігін жетілдіру»

тақырыбы бойынша  коучинг  жоспары

 

19.02.2015

 



Сабақ тақырыбы:

 Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету жолдары

Жалпы мақсат:

Практикалық тапсырмалар беру арқылы сыни тұрғыдан ойлау дағдысын қалыптастыру, сабақта тиімді пайдалануына ықпал жасау.

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық  41-49.

Үлестірмелі материалдар.

 Оқу нәтижесі

Қатысушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдысы қалыптасады, сабақта тиімді пайдалануды үйренеді.

Түйінді идеялар:

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету жолдары арқылы табысты оқытуға қол жеткізу

Сабақта қолданылатын материалдар:

 А- 4 парақтары,стикер, смайликтер, интерактивті тақта,флипчарт, маркер, қалам.

Оқыту әдістері:

1.Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер

2. Оқыту мен оқытудағы АКТ

3. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету

 

1. Диалог

2. Жеке жұмыс

3. Топтық жұмыс

 

Дерек көздері:

Әдеби материалдар, газет-журналдар.

Тапсырмалар:

Сұрақ- жауап, салыстыру, топтастыру және қолдану, рөлдік ойын.

Оқуға арналған тапсырма:

Топтарда жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық

  Мұғалімге арналған нұсқаулық.





 

 Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:

 

І.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу

(3 мин)   

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

 

1 мин

 

 

 

2 мин   

 

Қатысушыларды орындарынан тұруын өтініп, еркін тұруға шақыру.

Бейнежазба ырғағында көрсетілген қимылдарға назар салу.

Қимылдарды бірге белсенді түрде қайталау.

Барлығы орындарынан  көтеріліп, ешкім-ешкімге бөгет жасамайтындай еркін тұрады. Бейнежазба қосылған сәтте көрсетілген қимылдарға назар салып, белсенді түрде бірге қайталайды.

 

 

Топқа бөлу

(3 мин)

«Бүгінгі сабағымыз да жемісті болсын!»

 

 

Шағын топқа бөлу.

 Үстелдің үстінен жемістердің аты жазылған парақшаларды алып, сәйкес жеміс тұрған топтарға барып отыруларын өтінемін.

Түрлі жемістер жазылған парақшаларды алып, сол жеміс тұрған топтарда топтасады.

Ақпарлама

(5мин)

Сыни тұрғыдан ойлау, Блум таксономиясы туралы

 Power point арқылы қысқаша мәлімет беру.

Сыни тұрғыдан ойлау және Блум таксономиясы туралы  мәліметпен танысады.

І тапсырма

7 мин

 

 

 

6-сынып оқулығынан Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повестінен тараулар бойынша үзінділерін таратпа әзірлемелер арқылы танысуға шақыру, топта талқылау арқылы тараудың негізгі

3 идеясын анықтауға тапсырма беру.

Үзінділермен танысады, топта талқылайды, тараудың басты 3 идеясын анықтайды.

 

 

Қол шапалақтау арқылы бағаланады

 

ІІ тапсырма(22 мин)

(10 мин)

 

 

 

 

Рөлдік ойынға  әр топқа 3 минут уақыт

Мәтін бойынша рөлдік ойын

1 –топ. Бейнежазбада

2-топ. Оқулық сатып алудағы Қожаның іс-әрекеті

3-топ.Кішкентай бақаның бірін Майқанованың сумкасына сүңгіттім де жібердім...

4-топ. Сәйбек қарттың әңгімесінің Қожаға әсер етуі...

 Берілген тақырыптар бойынша рөлдік ойын сомдау арқылы тақырыпты ашады.

 

 

Сағат бойымен топтар ауызша «Екі жұлдыз, бір тілек» айту арқылы  бір-бірін бағалайды.

ІІІ тапсырма

Топтық жұмыс

(10 минут)

 

 

 

 

 

 

Қорғауға әр топқа

2 минут

Тақырыптық талдау.

1 –топ. Сабаққа дайындалмай келген Қожаның көңіл күйі мен дайындығы мықты болмаса да, өзін көрсеткісі келген мақтанқұмар Жантастың ісін салыстырыңыздар...

2-топ.  Қожаның ісіне мұғалімдер наразылығын жазушы бірде күлкілі, бірде үкімдей қатаң, бірде ызалы, уытты сөздермен беруінің себебін  анықтаңыздар.

3-топ. Әңгіме желісіндегі Қожаның өзін-өзі сынауы

( рефлексиясы).

4-топ. Қожаның болашаққа алған міндеттемелері

(даму жоспары).

Берілген тапсырмалар бойынша тақырыптық талдау жүргізеді, постер қорғайды

 

 

 

 

 

 

Смайликтер арқылы бағалау

ІV тапсырма

(10 минут)

 

 

Қорғауға әр топқа 2 минут

Топтастыру «Қожа бейнесі»

Ойларын жүйелейді, топтастырады, барлық қатысушылар бойынша ортақ «Қожа бейнесі» қалыптасады

V. Рефлексия

(5 мин)  

 

А4 парақтарына 1 сурет және 5 сөз жаздыру арқылы кері байланыс орнату.

 

 Аяқталмаған ой бойынша ойларын қорытып, А4 парақтарына 1 сурет, 5 сөз  жазып, идеяларын қорғайды.





 

  «Дарынды балалардың сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру арқылы құзіреттілігін жетілдіру» тақырыбында өткізілген

коучинг сессия бойынша

рефлексивтік есеп

Мақсаты: Практикалық тапсырмалар беру арқылы сыни тұрғыдан ойлау дағдысын қалыптастыру, сабақта тиімді пайдалануына ықпал жасау.

Күтілетін нәтиже: Қатысушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдысы қалыптасады, сабақта тиімді пайдалануды үйренеді.

Коучинг сабаққа келген әріптестерімді жылы қарсы алып, өздері ұсынған тақырып бойынша Кембридж  бағдарламасы бойынша алған білімдерімді  өздерімен бөлісіп, білген –түйгендерімді үйрететінімді  және алдағы уақытта сабақтарына қолданып, іске асыру қажеттігін айтып өттім. Сабақты жағымды психологиялық хал-ахуал қалыптастырудан бастап, сергіту сәтін ұйымдастырып, жемістердің аты жазылған парақшаларды ұсынып, сол жеміске сай үстелдің үстіндегі жемістерге қарай топтасуларын сұрадым.


Топтастыра келіп, «Осы жемістер тәрізді бүгінгі сабағымызда жемісті болсын!» деген тілекпен жұмысымызды бастап кеттік. Ең бірінші «Сыни тұрғыдан ойлау», Блум таксономиясы туралы  Power point арқылы қысқаша мәлімет беріп, ақпарлама жүргізе келіп, қатысушы әріптестерімді балалық шаққа саяхатқа шақырып (фартук ұсынып) 6-сынып оқушылары болатынын хабарладым. Келесі ретте 6-сынып оқулығынан Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повестінен тараулар бойынша үзінділерінен таратпа әзірлемелер бойынша танысуға шақырып, топта талқылау арқылы тараудың негізгі  3 идеясын анықтауға тапсырма берілді.


Бұл тапсырмада «Алмұрт» және «Алма» топтарының идеялары жоғары бағаланып аталынып өтілсе, барлық топ қол шапалақтау арқылы формативті бағаланды. Коучинг сессия жұмысы қатысушылар үшін қызығушылық тудырған сәті мәтін бойынша рөлдік ойын бөлініп берілгенде байқалды.

1 –топ. Оқулық сатып алудағы Қожаның іс-әрекеті.

2-топ. Адам жанын ол керемет түсінеді. Анфиса Михайловнаның орыс тілі сабағы.

3-топ. Кішкентай бақаның бірін Майқанованың сумкасына сүңгіттім де жібердім...

4-топ. Сәйбек қарттың әңгімесінің Қожаға әсер етуі...

Барлық топтың топ  мүшелері белсене қатысты, рөлдік ойынның тақырыпты меңгертудегі ерекшеліктерін айтып, өзара мәз болысып, рөлдік ойынды сабақта пайдалану қажеттігімен ой бөлісіп жатты және бұл тапсырма сағат бағытымен топтардың бір-біріне ауызша «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы баға берулері бойынша бағаланды..

Ары қарай тақырыптық талдауға тапсырма берілді: 
1 –топ. Сабаққа дайындалмай келген Қожаның көңіл күйі мен дайындығы мықты болмаса да, өзін көрсеткісі келген мақтанқұмар Жантастың ісін салыстырыңыздар...
2-топ. Қожаның ісіне мұғалімдер наразылығын жазушы бірде күлкілі, бірде үкімдей қатаң, бірде ызалы, уытты сөздермен беруінің себебін  анықтаңыздар. 
3-топ. Әңгіме желісіндегі Қожаның өзін-өзі сынауы(рефлексиясы).
4-топ. Қожаның болашаққа алған міндеттемелері (даму жоспары)..

Осы сәтте топтың ішінде әріптестер бір-біріне өзіндік ықпал жасап, әркім өз ойларын жоғары қойып жатқан сәттерінде топ ішінде бір-бірін құрметтеуге шақырдым. Дегенмен, сәлден кейін жұмыс бағыты бірден өзгере басталғаны байқалды, әр топтан  А, С, Б, Қ аты әріптестер топ жұмыстарын қорғап, топтар бір-бірін смайликтер арқылы бағаласты. Келесі тапсырма ретінде   «Қожа бейнесі» бойынша топтастыруға тапсырма берілді,          әр топ  «Қожа»бейнесін түрліше топтастырып, нәтижесінде бүгінгі сабақ бойынша ортақ «Қожа» бейнесі топтастырылды. Сабақ бойынша кері байланыс жүргізіліп, әріптестер стикер қағазға «Бір сурет, бес сөз» түрінде жағымды пікірлерін, ұсыныстарын білдірді.

Оқыту мақсатына қатысты болашақта  нені басқаша істер едім?                

Болашақта:

-         коучинг сабағымдағы тапсырмалар деңгейін жетілдіремін;

-         ұйымдастыруда уақытты нақты пайдаланамын;

-         коуч ретінде кәсіби деңгейімді көтеруде жан-жақты ізденемін.

Осы көрсетілгендерді ескере отырып, коучтық қызметімізді жетілдірсем  жақсы коуч болатыныма сенемім қалыптаса бастады!

 



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Русский язык

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Жанза?ова Рахия К?дірберген?ызы

Дата: 27.02.2015

Номер свидетельства: 179782


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства