kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Зейін ж?не оны? б?зылуы

Нажмите, чтобы узнать подробности

          1. Зейін – адамны? ?андай да бір психикалы? іс - ?рекетті орындау шарты. Зейін процестерінсіз адамны? психикалы? ?мірі хаотикалы? сезімдер, ?обалжулар, ойлау, т?йсіктерді? а?ылуы. Зейін осы а?ымдарды белгілі бір ба?ыт бойынша жіберетін психикалы? ??рылым болып табылады. Зейін ?з бетімен ?мір с?рмейді. Ол барлы? таным процестеріні? динамикалы? жа?ы, сонымен ?атар ойлау, ?абылдау, ?иял, есті? ішінде к?рінеді. Зейін – б?л ?андай да бір объектіде, ??былыста немесе іс - ?рекет т?рінде а?ыл – ойды? ба?ытталуы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«зейін ж?не оны? б?зылуы »

Зейін және оның бұзылуы.

1. Зейіннің бұзылуы.

2. Зейіннің түрлері.

3. Зейіннің физиологиялық механизмдері.

4.Зейін қасиеттері.

5.Клиникада зейіннің өзгеруі.


Әдебиеттер:

1. Лакосина Н.Д. «Клиническая психология» М.,2003г.

2. Зейгарник Б.В. «Патопсихология» М., 1999г.

3. Гримак Л.П. «Системные описания в психологии» Л., 1984г.

4. Бурлачук Л.Ф. «Исследование личости в клинической психологии»,М., 1979г.


1. Зейін – адамның қандай да бір психикалық іс - әрекетті орындау шарты. Зейін процестерінсіз адамның психикалық өмірі хаотикалық сезімдер, қобалжулар, ойлау, түйсіктердің ағылуы. Зейін осы ағымдарды белгілі бір бағыт бойынша жіберетін психикалық құрылым болып табылады. Зейін өз бетімен өмір сүрмейді. Ол барлық таным процестерінің динамикалық жағы, сонымен қатар ойлау, қабылдау, қиял, естің ішінде көрінеді. Зейін – бұл қандай да бір объектіде, құбылыста немесе іс - әрекет түрінде ақыл – ойдың бағытталуы.

Зейін барлық психикалық процестермен байланысты, олардың ішінде, көбінесе, ес, ойлау, эмоция, ерік, қызығушылық және қанағаттанушылық, қарым – қатынаспен тығыз байланыста. Сонымен қатар зейін жеке тұлғаның бағыттылығы және қызығушылықтарымен тығыз байланысты. Бұның мінездемесі жеке тұлғаның объектке және құбылысқа деген бағыттылығын көрсетеді.

Зейіннің бағыттылығы сайлауда, өндірістік және өндірістік емес таңдауда, объектілерді ерекшелеуде, субъекттің өзіне сай қанағаттануында оның іс - әрекеттегі мақсат және міндеттерінде көрінеді.Белгілі бір объектіні қадағалау кезінде басқа кедергілерге мән бермеу қажет, яғни басқа объектілерге назар аудармау қажет.

Сонымен қатар зейін психикалық іс - әрекеттерге қолайлы жағдай туғызады ж әне әр – түрлі психикалық процестердің көмегімен іс - әрекетті көрсетуге жағдай жасайды. Зейіннің күйімен адам іс - әрекеттері байланысты, бұған оның қоршаған ортаға бейімделуі жатады.

2. Зейіннің 2 негізгі түрі бар. Олар: ырықты және ырықсыз зейін.

Ырықсыз зейін – тұлғаның объектіге күш – қуатынсыз, еріксіз бағытталуы. Ол кенеттен туындайды, объектпен немесе адамның актуальді психикалық күйімен анықталады. Ырықсыз зейіннің туындауы физикалық, психофизиологиялық және психикалық факторлармен сипатталады. Оның негізгі туындау себептеріне тітіркендіргіштердің түстері, интенсивтілігі және жаңалығы болып табылады. Зейінді стильді тітіркендіргіштер қызықтырады. Олар: қатты әуен, жаман иіс, қатты жарық және интенсивті түстер және т.б. Сонымен қатар ырықсыз зейінді интеллектуалды, эстетикалық және моральдық сезімдер қызықтырады. Адамда пайда болатын қызығушылық, таң қалушылық, табынушылық ол зейіннің көп уақытын алады. Осығын қарамастан, ырықсыз зейін тітіркенушіліктерді туғызады,олар жеке тұлғаның қанағаттанушылығымен тығыз байланыста.

Ырықты зейін – ерікті бағытталған зейін. Ырықты зейіннің синонимі ретінде «белсенді» және «ерікті» деген терминдер қолданылады, бұл жеке тұлға позициясының белгілі бір обьектіге зейіннің тұрақталуын көрсетеді. Адам өзіне қызықты немесе ұнайтынына көңіл аудармайды, керісінше өзінің нақты ісіне назар аударады. Ырықты зейіннің пайда болуы еңбекке үлкен үлес қосады. Кез келген обьектіге бағытталған ырықты зейіннің пайда болуына әсер ететін әрекеттің мақсаты, жалпы әрекет, адам жауапты болатын барлық әрекеттер жатады.

Зейінді қалыпты жағдайда ұстап тұрудың басты факторы, адамның психикалық күйі. Шаршаған адамға зейін қою өте қиын. Көптеген экспериметтердің қорытындысы бойынша жұмыс күнінің соңына қарай адамның көптеген қателіктер жасайтыны анықталды. Ырықты зейін ырықсыз зейін негізінде дамиды.


3. Зейіннің физиологиялық механизмін түсінуде А.А. Ухтомский басты орынды доминант принціпін алады. Автордың ойынша адамның миында қозудың доминантты басқарушы ошағы – констелляция болады. Шартты түрде ми орталықтарының жұмысын реттей отырып, әрекетке белгілі бір бағыт береді. Доминанта қозу кезінде жүйке жүйесінің белгілі бір бөлігін қоздырса, сол уақытта басқа бөліктердің активтілігін тежейді. Доминантаны түсіну арқылы біз ұзақ мерзімді интенсивті немесе белсенді зейінмен нервтік механизмін түсінуге мүмкіндік аламыз. Зейіннің физиологиялық механизімі туралы түсініктерді мына түрде жіктеуге болады:

- зейін мидың белсенді әрекетін бейнелейді, ретекулярлық

формацияның жұмысымен тығыз байланысты;

  • ретекулярлық формацияның тітіркенуі ми қабығында жылдам электорлық толқыныстардың тууына, жүйке процесінің қозғалғыштығының артуына, сезім табалдырығының төмендеуіне әсер етеді;

  • ретекулярлық формацияның тітіркенуі зейінмен баланысты әрекет компоненттерінің стимуляциясына жауапты болады;

  • ырықты зейін бағыт рефлексімен тығыз баланысты.

Белсенді зейін сыртқы құбылыстармен тығыз байланысты:

  • обьектіні жақсы қабылдау үшін арнайы әрекеттер жасау (үңіліп қарау, құлағын жақындатып тыңдау, т.с.с.);

  • басқа әрекеттер тежеледі. Белсенді зейінге қозғалмаушылық тән;

  • дем алу процесі өзгереді, тыныс алу – қысқа тыныс шығару ұзағырақ жүреді. Қысқа уақытты бірақ өте белсенді зейін негізінде тыныс алудың толық тоқтамауы көрінеді, адам «демін ішіне алып» тындайды.


4. Зейінді сипаттайтын бертенше қасиеттер бар.

Зейіннің шоғырлануы. Бұл обьектімен байланысты интенсивтілік, зейінді бір обьектіге шоғырлану негізінде басқа заттарды байқамау. Обьектілер шеңбері азайған сайын зейінің шоғырлануы жоғары болады. Зейіннің шоғырлануы таным обьектілері мен құбылыстарын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Заттың формасың құрлымы, және тағы да басқасы жайында толық мәлімет береді.

Зейіннің тұрақтылығы. Шоғырлаудың сақталу уақытымен сипатталады. Зейіннің тұрақтылығы дегеніміз – ұзақ уақыт бойы зейінді бір обьектіге бағыттау. Зейін тұрақты болу үшін обьект үнемі өзгеріп, жаңарып отыру қажет.

Зейіннің ауыспалылығы – бұл бір обьектіден екінші обьектіге еш концентрациясыз саналы зейін ауыстыру. Зейіннің ауыспалылығы субьектінің бір іс - әрекетіне екіншісіне алдын ала жоспарлап ауыстыруы. Ауыспалылық зейіннің иілгіштігін білдіреді.

Зейіннің орналасуы – бұл бір уақытта түрлі іс - әрекет жасай отырып, әр түрлі обьектілерге зейін қою. Зейін шашыраңқылығының жоғары деңгейде болуы – жемісті еңбектің басты шарты болып келеді.

Зейіннің көлемі – бір уақытта адам назарында болатын обьектілердің жиынтығы. Зейіннің көлемі анық қабылданатын обьектілердің санымен анықталады. Орташа шамамен алғанда ересек адамдарда зейіннің көлемі 5 – 7 элементке тең болады.


  1. Зейіннің бұзылуының ішінде кең тарағаны және маңыздысы: концнетрацияның бұзылуы, инерттілік, жүдеу, алаңдау.

Зейіннің жүдеуі – патологиялық шаршау, жоғарғы психикалық күш жұмсау салдарынан зейіннің негізгі параметрлерін, оның барлық қасиеттердінің бұзылуы. Мұндай ауытқу көбінесе бас миының органикалық жарақаттары бар ауруларда кездеседі. Зейіннің жүдеуі – астенияның негізгі симптомы.

Зейін коцентрациясының бұзылуы. Белгілі бір обьектіге немесе құбылысқа зейінді тұрақтандыру қабылетінің бұзылуы. Мұндай өзгеріс генездің түрлі депрессивті жағдайларында көрінеді. Бұл кезде ауру құбылыстарды психикалық түрде байланыстыра алмайды.

Адаңдау. Зейін таңдамалылығының төмендеуі, ұзақ уақыт ішінде бір обьектіге зейін қоя алмауы, сыртқы тітіркендіргіштерге үнемі алаңдауы. Жоғарғы алаңдаушылық көбінесе маникальді жағдайларды кездеседі. Яғни мания кезінде ауру затқа ұзақ зейін қоя алады.

Зейіннің инерттілігі. Зейін алмастырудың жетіспеушілігі нәтижесінде, жалпы психикалық инерттіліктің салдарынан назар аударудың қиындығы, тұрып қалуы жиі кездеседі. Мұндай ауытқу эпилепсиямен ауыратын адамдарда жиі кездеседі.

Н.Д.Лакосина, И.И.Сергеев, О.Ф.Панкова зейін бұзылуының мына бір түрін көрсетеді. Яғни өте жоғары алаңдаушылық. Бұл кезде адам кез келген ұсақ түйекке санадан тыс түсінбестен зейінін бөле береді.

Зейін көлемінің тарылуы оның бұзылуының тағы бір түрі, яғни бір уақытта бірнеше обьектіге зейін қоя алу қабілеті төмендейді. Бұл бұзылыстар астения жағдайында жиі кездеседі.









































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
зейін ж?не оны? б?зылуы

Автор: Аубакирова Айнур Каиргазыновна

Дата: 20.03.2015

Номер свидетельства: 189308


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства