kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ж?йке-психикалы? ?ысым мен ?атаюдан арылу жолдары

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Сенен ма?ан ?найтыны.» жатты?уы:

Ма?саты:  Топ?а деген жа?ымды сезімді дамыту.

Уа?ыты: 5 минут

            Балалар ше?бер бойынша т?рып, бір-біріне доп ла?тыра бір ?атысушы?а кезекпен жа?ымды, жылы с?здер айтады. Айтылатын с?зде оны? жеке басыны? ?асиеттері, сырт пішіні, мінез-??лы? манерасы: «Даурен, ма?ан сені? мейірімділігі? ?найды». Баланы? жауабы: «Рахмет, мен де ?зімді мейірімдімін деп ойлаймын» (?зіне айтыл?ан с?здерді ?айталайды), со?ынан «ал мен оны? ?стіне ?осарым: мен сондай кішіпейілмін» деп ?осымша айтуына болады.

«К?йзелісті ?алай же?уге болады?» мини-лекция

Ма?саты: К?йзеліс жайлы ша?ын а?парат беру.

Уа?ыты:  5 минут

?дебиеттерде стресс туындауыны? себептерін к?птеп жазады. Б?л кін?ні сезіну, ??ндылы?тарды жо?алту,  о?уды немесе біреуді жек к?ру ж?не т.б.

Мысалы,  к?бісі стресс  факторы болып табылатын мектепті ?натпайды. Не істеу керек? Одан ??тылуды? тиімді т?сілі ?мір стилі?ізді ж?не ?зі?ізді ?згерті?із.

Сіздерге ертеде айтыл?ан шы?ыс даналы?ынан  мысал келтірсем:  «Егер жек к?ретін н?рсе?мен айналысса?, жек к?руден а?заны жоятын токсиндер б?ліне бастайды, н?тижесінде ?ажып, шаршап ж?не жалы?асыз немесе ауырасыз. Сіз не істесе?ізде с?йсініп жаса?ыз. Болмаса с?йсініп жасайтын іспен ?ана айналысы?ыз». Я?ни саба??а, о?у?а деген махаббат дене мен рухани к?ш беріп, ?ажу мен жалы?удан ??т?арады. ?р?ашан ?здері?ізді? психологиялы? саулы?ы?ыз?а назар аудары?ыз.  К?йзелісті? физиологиялы? белгілері: ?йы?тай алмау, жиі бас ауру, ж?рек д?рсілдеу, ар?аны?, ас?азанны?, ж?ректі? шаншып ауруы, ас?азанны? ?орытпауы т.с.с., ал психологиялы? белгілері:  жиі ?мытша?ты?, есте са?тау ?иынды?тары, себепсіз ?ор?ыныштар, ашуланша?ты?, шектен тыс уайымшылды? т.с.с. Б?л ?зіне деген сенімділігін жо?алтып, т?рлі ауруларды,психикалы? шаршауларды туындатады ж?не д?ріге ба?ынышты етеді. Біра? осы к?йзелістен арылуды? к?птеген жолдары бар. Мен сіздерге бірнешеуін осы саба?та ?сынамын.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ж?йке-психикалы? ?ысым мен ?атаюдан арылу жолдары »

Жүйке-психикалық қысыммен қатаюдан арылу.

«Сенен маған ұнайтыны...» жаттығуы:

Мақсаты: Топқа деген жағымды сезімді дамыту.

Уақыты: 5 минут

Балалар шеңбер бойынша тұрып, бір-біріне доп лақтыра бір қатысушыға кезекпен жағымды, жылы сөздер айтады. Айтылатын сөзде оның жеке басының қасиеттері, сырт пішіні, мінез-құлық манерасы: «Даурен, маған сенің мейірімділігің ұнайды». Баланың жауабы: «Рахмет, мен де өзімді мейірімдімін деп ойлаймын» (өзіне айтылған сөздерді қайталайды), соңынан «ал мен оның үстіне қосарым: мен сондай кішіпейілмін» деп қосымша айтуына болады.

«Күйзелісті қалай жеңуге болады?» мини-лекция

Мақсаты: Күйзеліс жайлы шағын ақпарат беру.

Уақыты: 5 минут

Әдебиеттерде стресс туындауының себептерін көптеп жазады. Бұл кінәні сезіну, құндылықтарды жоғалту, оқуды немесе біреуді жек көру және т.б.

Мысалы, көбісі стресс факторы болып табылатын мектепті ұнатпайды. Не істеу керек? Одан құтылудың тиімді тәсілі өмір стиліңізді және өзіңізді өзгертіңіз.

Сіздерге ертеде айтылған шығыс даналығынан мысал келтірсем: «Егер жек көретін нәрсеңмен айналыссаң, жек көруден ағзаны жоятын токсиндер бөліне бастайды, нәтижесінде қажып, шаршап және жалығасыз немесе ауырасыз. Сіз не істесеңізде сүйсініп жасаңыз. Болмаса сүйсініп жасайтын іспен ғана айналысыңыз». Яғни сабаққа, оқуға деген махаббат дене мен рухани күш беріп, қажу мен жалығудан құтқарады. Әрқашан өздеріңіздің психологиялық саулығыңызға назар аударыңыз. Күйзелістің физиологиялық белгілері: ұйықтай алмау, жиі бас ауру, жүрек дүрсілдеу, арқаның, асқазанның, жүректің шаншып ауруы, асқазанның қорытпауы т.с.с., ал психологиялық белгілері: жиі ұмытшақтық, есте сақтау қиындықтары, себепсіз қорқыныштар, ашуланшақтық, шектен тыс уайымшылдық т.с.с. Бұл өзіне деген сенімділігін жоғалтып, түрлі ауруларды,психикалық шаршауларды туындатады және дәріге бағынышты етеді. Бірақ осы күйзелістен арылудың көптеген жолдары бар. Мен сіздерге бірнешеуін осы сабақта ұсынамын.

Ал енді бүгінгі сабағымызды әрқайсысымызды мазалап жүрген жағымсыз ойлардан, күйзелістен арылуға арнаймыз. Біздің алғашқы жаттығуымыз «Көрме жаттығуы»


«Көрме» жаттығуы

Мақсаты:

- тәлім алушыларды агрессивті сезімдерін қауіпсіз күйде айтуға үйрету;

- рефлексивті механизмді белсенділеу.

Уақыты: 10 минут.

Ыңғайлы отырып, денеңізді дел-сал күйде ұстаңыз, 3-4 рет терең дем дем алыңыз да көзіңізді жұмыңыз. Сіз кіші-гірім көрмеде жүрмін деп көз алдыңызға елестетіңіз. Сізге жаманшылық ойлаған, сізді бір кездері ренжіткен, сіздің ашуыңызды келтіретін адамдарыңыздың суреттері сол көрмеде тізіліп тұр.

Осы көрмеде жүре тұрыңыз, сол портреттерді жан-жағынан қараңыз. Солардың кез келген біреуін таңдап алыңыз да, қасына жақындаңыз. Осы адамға байланысты жанжалды кезді есіңізге түсіріңіз. Осы жағдайда өзіңіздің қандай жағдайда болғаныңызды елестетіңіз.

Ашуыңызды келтірген сол адамға өз сезіміңізді тежемей, бәрін айтып-айтып салған сәттерді елестетіңіз. Ол туралы ойыңызға не келді, бәрін де бүкпей барынша жеткізіңіз.

Сіздің сезімдеріңіз ниеттеген істің бәрін жасауыңызды көз алдына келтіріңіз. Іс әрекетіңізді тежемеңіз, осы адамға не істегіңіз келеді, бәрін жасаңыз.

Егер жаттығуды жасап бітірсеңіз, басыңызды изеңіз. 3-4 рет терең дем алыңызда көзіңізді ашыңыз.

Өз тәжірибеңізді топпен бөлісіңіз. Осы жаттығуды жасарда не қиын, не жеңіл болды? Сізге не ұнады: Сіздің төңірегіңізден кімдер осы көрмеде болды? Сіз кімнің алдында тоқтадыңыз? Қандай жайды көз алдыңызға елестеттіңіз? Сол туралы айтыңыз? Жаттығу кезінде сіздің жағдайыңыз қалай өзгерді? Сезіміңіз бас кезінде қалай болып еді? Қазір қандай күйдесіз?»


Талдау:

Ренжіткен адамыңызға қандай сөздер айттыңыз?

Ашу-ызаны немесе ренішті тек сөздермен ғана айта алатын мүмкіндіктеріміз бар ма?

Сезімді білдіре білудің тағы да басқа амалдары бар?


Жаттығу: «Күйзеліс, қош бол!»

Уақыты: 5 минут

Мақсаты: Қатаюдан арылу.

Нұсқау: Бәріміз сол қолымызды арқамызға қойып, оң қолымызға газет парағын алып, қолымызды жоғары көтереміз. Бүкіл күшімізді салып алақанға сыйып кеткенше газетті умаждаймыз. Енді бәріңіз қолдарыңызды ауыстырыңыздар. Оң қолды артқа жіберіп, сол қолмен умаждалған газетті қайта ашыңыздар өмірдің жаңа беттерін, бақытты, қуанышты күндердің бетін ашқандарыңызды сезініңіздер.

Талдау: Өзіңізді қалай сезінесіз?

Қатаю сезіміңізден арыла алдыңыз ба?

Жаттығуға дейінгі және кейінгі сезімдеріңіз.


Бейнеролик «Ешқашан берілме»

Мақсаты: Өмір адам баласына бір ақ рет берілетін қымбат сый екенін ұғындыру. Оқушылардың өмір жайлы өз ойларын айтуға мүмкіндік туғызу

Тыныштық сәті: «Раушан гүлдері»

Мақсаты: қысым мен қатаюдан арылу және сенімділігін арттырып, оптимизмге бағыттау.

Уақыты: 10 минут.

Ал енді қазір сіздермен тыныштық сәтін жүргіземіз. Бір-бірлеріңізге кедергі жасамай осы сәтті өздеріңізге арнаңыздар. Бұл медитация жағымсыз ойлардан арылып, сіздердің жан-дүниелеріңізді тыныштандырып, қуанышқа бөлейді, сонымен бірге өзіңізге деген сенімділіктеріңізді арттырады. Ыңғайланып, жайлы отырыңыздар. Денелеріңіздің жеңіл әрі қалықтап жүргендей сезініңіздер. Көздеріңізді жұмып, жеңіл, терең тыныс алыңыздар. Төртке дейін санап тынысыңызды ұстай отырып ауыз арқылы жаймен, жеңіл шығарыңыздар. Тыныс шығарарда барлық шаршаулармен, мазасыздықтар денеңізден кетіп жатқанын сезініңіз. Бірнеше минут осы қалпыңызда қалыңыз. Өзіңізді жайлы, жеңіл, еркін сезініңіз. Денелеріңізді, бұлшықеттеріңізді ең жоғары дәрежеде босаңсығанын сезіне отырып, көз алдыңызға жоғарыдан жауып жатқан роза гүлдерінің күлтелерін елестетіңіз. Олар жай ғана сізге және сіздің айналаңызға жаууда. Сіз оның нәзіктігін, жағымды иісін сезінудесіз. Енді осы гүлдерді өзіңіздің айналаңызға жіберіңіз, раушан гүлдері түсуін жалғастырсын, енді раушан гүлдерінің күлтелері тек сіздің айналаңызда ғана емес сіздің үйіңізде, көшеңізде, тіпті тұрып жатқан ауылыңызда басқа да адамдарға жауып жатқанын елестетіңіз. Гүлдердің нәзік хош иісінен жан-дүниеңіздегі жайлылықты, махаббатты, қуанышты сезінудесіз. Бірнеше минут осы сезімде қала тұрыңыз. Кеңістікте тағы да тағы да көбірек себіліп жатқан раушан гүлдерін елестете отырып осы медитацияда қала тұрыңыз. Енд мен сегізден нолге дейін санаймын Сіздер барынша ойларыңыздағы ақпараттарды шығара отырып, менің сөзімді қайталаңыздар.

  1. Мен жайлылықты сезінудемін 3

  2. Мен ерекше, бірегей адаммын 3

  3. Мен өзімді қалай сүйсем, басқалар да мені солай сүйеді 3

  4. Менің жақсы қасиеттерім қөп 3

  5. Мен риясыз, ашық адаммын 3

  6. Мен өмірімдегі барлық сәтсіздіктер мен қиындықтарды жіберемін, бірақ қуанышты сәттерді есте сақтап қаламын және менімен бірге болады 3

  7. Мен бақытты болуға лайықтымын. 3

  8. Мені жарқын болашақ және сәттіліктер күтіп тұр 3

  9. Иә, менің тамаша бүгінім мен ертеңім. Ішіңізден күлімдеңіз Өз өткеніңіз, бүгініңіз бен ертеңіңізге күлімдеңіз. Бұл күлкі өте майда, жүқа, жаңа ашылған раушан гүлі сияқты, ол сіздің ішіңізде ашылып бүкіл денеңізге хош иіс таратады.

Енді терең тыныс алып, жаймеен ауыз арқылы қайта шығарамыз. Бірнеше рет қайталап көзімізді жеңіл ашамыз.

Жаттығу: «Құрметтім, саған тілеймін»

Мақсаты: Тренинг туралы топ қатысушыларынан қайтымды байланыс алу.

Уақыты: 10 минут.

Нұсқау: Жұпқа бөлініп, қағазға келешекке сәттілік тілектерін, сабақтан алған әсерлерін жазып, қағазды шардың ішіне салып, шарды үрлейді. Шарды бір-бірлерімен ауыстырып, жарып оқиды.

Балалар, біздің ең бірінші ұстазымыз - өмір! Өмірді баспалдақпен салыстыруға болады. Келесі сатыға көтерілу үшін қазіргі тұрған сатыны ұмытпауымыз керек. Адам өзінің өмірге не үшін келіп, не үшін өмір сүру керек екенін ұмытып, ақылы шатасқанда оның тағдыры қайғы мен мұңға тола бастайды.  Сондықтан кез келген дерттен аман қалу үшін өмірдің мәнін анықтап алу ең маңызды шаруа.   Сіздер бұл  дүниеге ата-анаңды, бауырларыңды, қасыңдағы жолдасыңды, сабақ  беретін ұстаздарыңды күн сайын қуантып, оларға шаттық силау үшін келдіңдер. Сенің міндетің, адамдық борышың - адам ұрпағына қуаныш пен шаттық силау. Кез келген адамның баласына жаның ашып, оның нәсіліне, ұлтына, түріне, дініне, тіліне қарамастан оларға адал қызмет етіп, еткен қызметіңе мақтау, ақы күтпестен бақытты сезімде жүру өмірдің негізгі мәні болып табылмақ!   Әр кез орнымыздан жылжи алмағанда: «Мен әлі не нәрсені түземедім?» - деп өзінен сұрау керек. Дұрыс қадам басу үшін не нәрсеге талпынатынымызды білуіміз қажет. Сондықтан да әрдайым өздеріңізге сенімді, шынайы, жігерлі, қарапайым болыңыздар.

Сабақты талдау:

  1. Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңыздар?

  2. Өзіңізге қандай жаңалықтар аштыңыздар?

  3. Нені болашақта қолданар едіңіз?



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Ж?йке-психикалы? ?ысым мен ?атаюдан арылу жолдары

Автор: Серикбаева Алима Оралбаевна

Дата: 02.04.2015

Номер свидетельства: 195893


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства