Ұйымдастыру кезеңі: а) топ мүшелерінің өздерін таныстыруы (аттарын атап, соған сай өзінің бойындағы қасиетін сипаттайтын сөздер айту);ә) бір-біріне жылы лебіз білдіру; Мысалы:сәттілік тілеймін, бақыт, денсаулық,т.с.с. тілектер айтып,бірден ойынға кірісу.
«Сәлемдесу» ойыны:Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасыңдар. Сонымен, көзбен.. қолмен... иықпен... құлақпен...тіземен... иекпен... өкшемен... арқамен.
Оқушыларды топтарға бөлу (2топ).
Тақырып бойынша жұмыс.
Психолог: «Адамдар не себепті ренжіседі?» деген мәселе жайлы ойланып,жауаптарыңызды ақ қағазға жазыңыздар. Барлық жауап нұсқаларын әр топ тақтаға іледі.Ал енді талқылап көрейік.
Адамдар бір-бірін түсінбейді.
Өз эмоцияларын басқарып ұстай алмайды.
Өзге адамның ақылын тыңдамайды.
Өзге адамдардың құқығын ескермейді.
Үнемі өзінің басымдылығын көрсетуге тырысады.
Өзгелерді тыңдай алмайды.
Бір-бірін әдейлеп ренжітуге тырысады.
«Бір бірімізге жаман сөз айтамыз» ойыны.
Психолог: 2 жұпқа бөлініңдер. 1-жұп жаман сөздер айтса, 2-жұп келісіп, комплименттер (қолпаштау,мадақтау) айтады. Мысалы (1жұп) сен жамансың десе, (2жұп) иә, мен жаманмын келісемін, сен жақсысың, рахмет, т.с.с.
Талдау: Жаман сөз айтқанда қандай сезімде болдыңдар?
Мадақтау, қолпаштау естігенде ше?
«Көкөністер арқылы ұрысамыз» ойыны.
Психолог: Бұл ойында балалар бір-біріне жаман сөздердің орнына көкөністердің атаулары арқылы ұрысады. Мысалы: Сен қирсың, сен пиязсың, т.с.с.
Талдау: Көкөністер арқылы ұрысқанда өздеріңді қалай сезіндіңдер?
Жаман сөз айтып ұрысқан жақсы ма, әлде көкөністер арқылы ұрысқан жақсы ма? Ерекшелігі неде?
«Тілсіз итеру» ойыны.
Психолог: Ойыншылар бөлме ішінде еркін қозғалып жүреді де, бір-бірін түртіп итереді, жай ұрып, соғып, шымшып көреді, бірақ сөйлемейді. Кейін балалар ойыннан алған әсерлерімен бөліседі.
Талдау: Түрткен,ұрған сендерге ұнады ма? Не істегілерің келді?
«Жағдаяттан шығу» ойыны.
Психолог: Алдымен екі ойыншы ортаға шығады, біреуі аурудан жаңа жазылып, бірнеше күн сабақтан қалып, бүгін бірінші рет сабаққа келіп тұр. Ал екіншісі сенің орныңда отыр. Сен сол сәтте-ақ, бұйыра сөйлеп айқай шығаруың керкек: «Тез, дәл жаныңның барында орнымды босат!» -деп. Сонан соң екі ойыншының іс-әрекеті мен реакциялары талқыланады.
Жағдайды кикілжіңге жеткізбеуге бола ма? Қандай ережелерді пайдалануға болады? Бұл койлымды бірнеше рет әр түрлі нұсқаумен ойнатуға болады. Сұхбатты төмендегідей бастауға болады:
Қорқытудан;
Ақыл айтудан ( әуелі бұл орын бос па, жоқ бос емес па деп сұрап, кейін отыру керек);
Айқайдан ( егер сенің басыңда миың болса, өзге адамның орнына рұқсатсыз отыруға блмайтынын білер едің);
Сұхбаттан ( сен жаңадан келген оқушылардың барлығы сияқты ақымақ екенсің);
Көңіл аудармаудан (сен менің назар аударуыма тұрмайсың);
Нұсқаулардың барлығы талқыланады және осы кикілжіңді жағдаяттан кім абыроймен шыға білгендігі ескеріліп айтылады.
Психолог: Кез келген кикілжіңді шешу мақсаты қандай? (Екеуін де қанағаттандыратын шешім табу ). Егер ондай шешім табылмаса, төбелес басталады. Екеудің біреуі үндемей қоя салу керек. Егер екеуі де қоя салса, онда бұл- компромисс. Ең дұрыс шешім- келісім.
Психолог талқыға келесі сұрақтарды ұсынады: Үнемі өзінің көңіл-күйді бақылап жүруге бола ма? Сіздер кикілжіңді жағдайлардан абыроймен шыға аласыздар ма?