?аза? хал?ыны? ?лтты? т?рбиесі – ?лемде те?десі жо? т?рбие. Жалпы «?лтты?» деген с?зді? астарында елге-жерге, тілімізге, дінімізге деген ??рмет жатыр. Ал осы ?лтты? т?рбиені бала бойына сі?іруде бастауыш сыныпта ат?арылатын ж?мысты? орны ерекше. Я?ни т?рбие алуды с?би ана ??рса?ынан бастаса, оны білім те?ізіні? мектеп атты кемесінде ?лтты? ??ндылы?тарымызбен жетілдіру ?те ма?ызды. Балаба?ша, мектептерге ?лтты? т?рбие енгізу ар?ылы біз ?лтжанды, парасатты ?рпа? ?сіретініміз айдан аны?. Рухы ас?а?, іргесі берік ел боламыз десек, е? бастысы, ?рпа? т?рбиесі мен біліміне сергек ?арауымыз ?ажет.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?лтты? т?рбие – ??ндылы? бастауы.»
Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы
Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі – әлемде теңдесі жоқ тәрбие. Жалпы «ұлттық» деген сөздің астарында елге-жерге, тілімізге, дінімізге деген құрмет жатыр. Ал осы ұлттық тәрбиені бала бойына сіңіруде бастауыш сыныпта атқарылатын жұмыстың орны ерекше. Яғни тәрбие алуды сәби ана құрсағынан бастаса, оны білім теңізінің мектеп атты кемесінде ұлттық құндылықтарымызбен жетілдіру өте маңызды. Балабақша, мектептерге ұлттық тәрбие енгізу арқылы біз ұлтжанды, парасатты ұрпақ өсіретініміз айдан анық. Рухы асқақ, іргесі берік ел боламыз десек, ең бастысы, ұрпақ тәрбиесі мен біліміне сергек қарауымыз қажет. Бұл жөнінде Абай атамыз: «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады: бірінші – ата-анасынан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбысынан», – деген екен. Ұлттық тәрбие атауын алғаш әдеби-педагогикалық оқулықтарға енгiзген М. Жұмабаев болды. Ол педагогиканың ұлттық тәрбиеден бастау алатыны жайлы айтқан. «Педагогика» атты еңбегінде былай дейді: «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет ететін болғандықтан, әрбір тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» [1].
Ұлттық тәрбие барысында ұлттық сананы қалыптастыру ең маңызды шарттардың бірі десек қателеспейміз. Қазіргі жаһандану кезіндегі Батыс өркениетінен біздің алатынымыз да бар, ысырып тастайтын тұстарымыз да бар. Алатын тұстарымыз қатарына батыстың технологиялық жетістіктерін, экономикалық өндірісті ұйымдастыру тәжірибелері мен ғылыми-техникалық мәдениетін қабылдау сияқтыларды атауымызға болады. Батыстың білімі, ғылымы, техникасы, технологиясы, біздер үшін өте қажет десек те, Батыс өркениетіне шамадан тыс еліктеушілік – жақсылықтың нышаны емес. «Батыстың технологиялық жаңалығына ұмтылу, экономикалық өндіріс¬ті ұйымдастырудағы жетістіктерін игеру – қажеттілік, ал одан керісінше бүгінгі күнде рухани тапшылыққа айналып отырған ізгілік, кісілік, адамгершілік, бауырмалдық, әдептілік, тәрбиелік мазмұн іздеу – бос әурешілік. Өкінішке орай, Батыс өркениеті бұл тұрғыда ешқандай жетістікке жеткен жоқ, қайта тоқырауға ұшырады. Мысалы, дәстүрлі қазақ қоғамы мәдени құндылықтарды ешуақытта тауар деп қабылдамайды, негізгі ұстанымы бойынша қоғамның шаңырағын шайқалтпай ұстап тұруға тиіс тетік, өмірлік ұстын ретінде қарастырады. Ал Батыс өркениетінде бұл тұрғыдағы ұстаным мүлдем басқа, олар мәдени құндылықтарды тауар ретінде қабылдайды, мақсат – сату (сатылу) және пайда табу. Уақыт қанша аз жұмсалса, сонша пайдасы көп» [2]. Қазақ қоғамы қазір қарқынды түрде жүріп жатқан жаһандану үрдісінің ықпалынан өзі қаламаса да, оқшау бола алмайды. Жаһанданудың қауіпті тұсынан арылу үшін, әрбір ұлт, әрбір этнос, әрбір мемлекет өзінің болмысына бейімдеп сіңіре алу керек. Әрине, жаһанданудан ешкім де құтыла алмайды. Оған тек бейімделу керек, ал бейімделе алмағандар құриды. Бірақ бейімделу дегенді өзгенікін толық қабылдау деп ұқпау керек. «Бізге дәл қазіргі заманда батыстың желімен домалай жөнелетін қаңбақ ұрпақ керек емес, пайдасын алып, зиянын бойына дарытпай, дауылына міз бақпай қасқайып қарап тұратын тамыры ұлт рухына терең бойлаған мәуелі бәйтерек керек. Сондықтан біздің міндетіміз – рухы биік ұрпақ тәрбиелеу» [3, 5-б.]. Оған қарсы тұру үшін ұлттық тәрбиеге арқа сүйеу керектігін басып айтуға болады. Қазіргі кезеңде әлемнің әр түкпірінде өткір қойыла бастаған ең өзекті жайдың бірі – осы ұлттық тәрбие мәселесі болып отыр. Ұлттық тәрбиенің ең маңызды тұсы – адамды ойлануға үйретуі. Бұлай дегенде әрбір жеке адам ең алдымен өзінің белгілі бір ұлттың мүшесі екенін іштей терең сезініп, санада сілкініс жасауы керек екенін, содан кейін барып жалпыадамзаттық қоғамға лайық орнын белгілеуі қажеттігін сіңіруі болса керек. Бұл жерде негізгі әңгіме арқауы ұлттық тәрбие, ұлттық сана, ұлттық ұстаным, ұлттық мүдде туралы болып отыр. Өйткені біздің төлтума бітімімізді, қайталанбас ұлттық болмысымызды, ұлттық ойлау машығымызды, қала берді ұлттық кейпімізді сақтап қалу бәрінен маңызды. Ол бізге мынау аждаһадай төніп келе жатқан дүлей дүниеде біржола жоғалып кетпеуімізге кепіл болуға тиіс. Қалай десек те ендігі жерде өзіндік “менін” сақтауға ұмтылған жұрт ең алдымен ұлттық тарихи жадын, бірегей ұлттық ойлау машығын, өзіндік дүниетанымын, ана тілі мен ділін, дінін, дәстүрлі мәдениетін аман алып қалу және оны одан әрі дамыту жолында күреске түсетіні анық. Олай болса, осы айтқанымыздың бәрі ұлттық тәрбиеге тікелей байланысты жүзеге асатынын мойындаймыз [2]. Белгілі қазақ ақыны, қоғам қайраткері М. Шахановтың «Компьютер басты жарты адамдар» поэмасынан қазіргі заманның хал-жағдайын көруімізге болады. Ұлттық рухы, ұлттық ар-намысы, ұлттық сана-сезімі жоқ қазақтарды ақынның «компьютер басты жарты адамдарға» теңеуі бекер емес. Жүрегінде ұлттық сезімі жоқ, «мен – қазақпын» деуге, өзінің ана тілінде сөйлеуге, ата салтын құрметтеуге намыстанатын азаматты нағыз адам немесе Абай айтқандай, «толық адам» деуге бола ма? Оның жансыз компьютерден айырмасы қайсы? Компьютер – ғылым мен техниканың өлшеусіз қуатының арқасында ғана миллиондаған ақпаратты «есінде сақтайтын», мыңдаған операцияларды жаңылыспай жүзеге асыратын «құлтемір». Компьютерде ұлттық, нәсілдік ерекшелік, сезім де, рух та болмайды. Ол – тек адамның басқаруымен жұмыс істейтін техника ғана. Бүгінгі замандастарымыз ұлтын, Отанын, елін, жерін, тарихын, тілін, ділін, дінін, ата салтын мансұқ еткен мәңгүрт ұрпаққа айналып кетпесе деген ақынның жанайқайы, өз ұлтының тағдырына деген жанашырлығының айғағы емес пе? [4]. «Тәрбиесіз берген білім қауіпті», – деген екен әл-Фараби. Технологияның дамып, әлемдік жаһандану үдерісі кезінде білім беру жүйесіне ұлттық инновацияны енгізу керектігін көпшілік мойындап отыр. Қоғамға қызмет ететін болашақ жеткіншектерге сапалы білім мен өнегелі ұлттық тәрбие беру – ұстаздар қауымының басты парызы. Ұлттық тәрбиені ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ маман жастарды тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде қарауға болады. Ол үшін ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын, ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын толық кемелді, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеуді мақсат етіп алуымыз жөн. Әрине, тәрбие жалаң болмауға тиіс. Жалаң тәрбие қауқарсыз. Кез келген адамды тәрбиелеудің ұлттық негізі болуы керек. Сонда ғана тәрбие шынайылыққа айналады. Тәрбиенің мақсаты – елдік сананы қалыптастырып, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді негіздеу, ұлтсыздықпен күресу болса керек. Сондықтан тәрбиенің жүзеге асуының технологиясы қалай дегенде де ұлтымызға ұстын, болашағымызға тұғыр болатын ұлттық тәрбиеде жатыр деп нық сеніммен айта аламыз [2]. «Қазақ¬қа, әсіресе бүгінгі жастарға, ұлттық тәрбие беру керек» деген идеяны басшылыққа алған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор С.Пірәлиевтің жобасы ойға қонымды. Ел Президентiнiң сөйлеген сөзінде: «...Барлық дүние мектептен басталады. Сондықтан әлемдік стандартқа сай жалпы орта білім беретін жүйеге көшіп, педагогтардың кәсіби деңгейі мен жаңа оқулықтар мен біліми технологиялардың сапасын арттыруымыз қажет..», – деп, атай келе «Қазақстан – 2030» бағдарламасында: «...Бiздiң жас мемлекетiмiз өсiп-жетiлiп кемелденедi. Бiздiң балаларымыз бен немерелерiмiз онымен бiрге ер жетедi. Олар өз заманының жауапты да жiгерлi, бiлiм өресi биiк, денсаулығы мықты өкiлдерi болмақ. Олар бабаларының игi дәстүрлерiн сақтай отырып, қазiргi заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс iстеуге даяр болады...», – делінген. Оқу мен тәрбие егіз. Оны бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Тәрбиенің өзі күнделікті сабақтың әрбір кезінде-ақ оқушы бойына сіңе бастайды. Қазіргі кезде ұлттық тәрбиенің көздері – фольклор, ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлағатты қағидалар, шешендік сөздер, өнеге өсиеті бар мақал-мәтелдер, туған топырағымызда дүниеге келген ойшыл ғұламаларымыздың еңбектеріндегі тәрбие қағидалары элементтерін бастауыш сыныптарда қазақ тілі, ана тілі, математика, дүниетану, бейнелеу өнері, денешынықтыру сабақтарында кеңінен қолданудың маңызы артып келеді. Мысалы: математика сабағында ақыл-ой қабілетін дамытатын ойындармен, ән-күй сабақтарында түрлі әуендермен, дүниетану сабағында табиғи денелерді қолдануды және хайуанаттар дүниесін елестететін, денешынықтыру сабақтарында ұлттық ойындармен, ал еңбекке баулуда түрлі ою-өрнектермен және т.б. танысады. Қоғамның белгілі қайраткері, ақын М.Шахановтың: «Халықта ең бірінші ұлттық рух болуы керек», – дегенін әр кез есте сақтап, еліміздің жарқын болашағы үшін атсалысуымыз қажет. Ол үшін біз, ұстаздар қауымы, оқушыларға салт-дәстүрлерді жай ғана үйретіп қана қоймай, олардың тәрбиелік түп-тамырын, мәнін, алтын діңгегін түсіндіре білуіміз керек. Ұлттық тәлім-тәрбиенің іргетасын дұрыс қалай білу мұғалімдердің ата-аналармен қосылып жүргізген шараларына байланысты болмақ. Өйткені бірінші ұлттық тәрбиенің ошағы – отбасында, екінші – мектепте болғандықтан, ата-ана мен мектеп, яғни мұғалімдер мен жұртшылық тығыз байланыста болуы шартты нәрсе екені баршамызға аян. Қазақтың айтулы қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай былай дейді: «Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды». Яғни елдің туын көтеріп, тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне батыл бетбұрыс жасаған бүгінгі таңда адамзаттық игіліктерді, халқымыздың ғасырлар бойы армандаған мәдени-рухани мұрағаттары мен ұлттық тәлім-тәрбие саласындағы, білім жүйесіндегі ізденістерін көрсету – басты міндетіміз [5]. Ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби: «Адамға біліммен қатар, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы», – деген екен. Ұрпақ тәрбиесінде ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрлерін оқып үйрену, өнеге тұту, жас ұрпақты ізгілікке баулу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ұлттық тәрбиенің құдыретін қанша айтсақ та, түгесу мүмкін емес. Осындай ұлы тәрбие ізгіліктері бала кезден, бұла кезіңнен бастау алмаса, кейін өте қиынға соғатыны – дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат.
Пайдаланған әдебиеттер: 1. Жұмабаев М.Педагогика. – Алматы: Рауан, 1994. 2. Пірәлиев С. Ұлттық тәрбие және жаһандану // «Егемен Қазақстан». 3. Қапалбеков Б.Ұлттан тілді алса... – Алматы, 2006. – 138 б. 4. Мырзахан А. Ел болудың жолы – ұлттық тәрбие // «Ана тілі», 20 қазан, 2011. 5. Оқушы бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда мектеп пен ата-ананың рөлі // http://40.astana-mektep.kz/
Құндылық - объектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-социологиялық ұғым. Философия тарихында құндылық көрінісінің заңдылықтары туралы жалпы түсінік 19 ғасырдың ортасында пайда болды. Құндылық ұғымына тұңғыш филосиялық анықтаманы Р.Лотце мен Г.Коген берді. Ежелгі филосиялық көзқарастарда құндылықтың әр түрлі көріністеріне жататын және табиғи, қоғамдық құбылыстарды, адамның іс-әрекетін бағалауда пайдаланылатын сұлулық,қайырымдылық, мейірімділік секілді этикалық және эстетикалық ұғымдар қолданылды. Құндылық объектінің адам үшін қаншалықты маңызды екендігін айқындайды. Ол пәндік және субъективтік деген екі бөліктен тұрады. Пәндік және субъективтік құндылық — адамның дүниеге қатынасының екі жағы, біріншісі — оның объектісі, екіншісі — субъектісі. Сондықтан пәндік құндылық баға берудің объектісі, ал субъективтік құндылық олардың өлшемі мен әдісі болып табылады. Пәндік құндылыққа заттардың табиғи қажеттілігі, өнімнің өзіндік құны, әлеуметтік игілік, ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұралар, ғылыми ақиқаттың теориясы маңызы мен тәжірибелік пайдасы, адамдардың іс-әрекетіндегі жамандық пен жақсылықтың іске асуы, табиғи және қоғамдық объектілердің эстетикалық қасиеттері жатады. Санадағы құндылық ұғымына қоғамдағы ойлау мен бағалау, мақсат және оған жетудің жолдары, қоғамда кездесетін түрлі нормалар жатады. құндылықтар өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне, т.б. баға беру қатынасынан тұрады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар, нормалар мен мән-мағыналар қызметін өзіне бағындырады және реттейді. Құндылықтар адам мүддесінің объектісі бола тұра, әлеуметтік, заттық ортадағы күнделікті тіршілікте бағыт беру рөлін атқарады. Адам өзін қоршаған заттық және рухани әлемді құндылықтар арқылы бағалайды. Оның шынайы өмірге құндылықтық қатынасы тек сана негізінде болуы мүмкін. Құндылықтық сана заттың біз үшін қаншалықты бағалы, оның құндылығы неде екенін зерттейді.
Құндылық - мәдениеттің құрамдас бөлігі. Мәдениеттің құрамдас бөлігі болуы себепті құндылық адамдардың өзін ұстауын реттейді, олардың шынайы тәртібін айқындайды. Мәдениет құндылықтары, тиісінше, материалдық және рухани болып бөлінеді. Құндылықтардың мазмұны қоғамның мәдени жетістіктерімен шарттастырылған. Құндылықтар әлемі, сөздің кең мағынасында, мәдениет әлемі деген сөз. Ол адамның рухани қызмет аясы, оның санасының дұрыстығын айғақтаушы, адамның рухани байлығының елшеуіші іспетті. Құндылықтарды мүдделердің қарапайым жалғасы немесе бейнеленуі ретінде қарастыруға болмайды. Олар салыстырмалы өзінділікке ие.
Шынайы және алдамшы құндылықтар[өңдеу]
Адамның өзінің солай деп таңдауына орай, құндылық қашанда белгілі бір қанағаттанарлық нәрсені білдіреді. Ал материалдық және рухани қажеттіктердің өтелуі тұрғысынан құндылықтардың бәрін қанағаттанарлық категорияға жатқызуға болмайды.[1]
Адамдардың немесе әлеуметтік топтардың қажеттіліктері, мүдделері жөне талғамдары әр түрлі болады. Сондықтан барлық құндылықтар салыстырмалы. Құндылық қатынас қанағаттанарлық немесе қанағаттанғысыз болып келуі мүмкін. Біреу үшін мынау, екінші үшін анау құнды. Олардың қайсысынікі дұрыс, қайсысы қателесіп тұрғанын релятивистік тұрғыдан оны ажыратып жатуда мағына болмайды. Шынайы деп — адамға пайда әкелетін, оның санасына жоғары адамдық қасиеттерді сіңіретін, адамдардың бақыты мен игіліктілігін қамтамасыз ететін, адамның тұрғасын ажарландыратын, адаммен қоғамның ілгерілей дамуын қамтамасыз ететін құндылықтарды айтқан жөн. Алдамшы құндылықтарға жеке индивидтер құндылық деп қабылдағанымен, шынында, қоғамның дамуына септігін тигізбейтін, оны кері кетіретін, адамды аздыратындарды айтамыз.[2][3]
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА БАҒЫТТАП ОҚЫТУ
Ж.Ж. Ізбасарова
«Тараз-Ғасыр» колледжі, Тараз қ.
Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет-бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес ұлттық сананы сақтау күресі екенін түсіну.
Ұлттық тәрбие деп жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез-құлқының ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуын айтамыз.[1,273 б.]
Ұлттық мәдени құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда ұлттық мәдени құндылықтар – белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына тән зат, адами қадір-қасиет, яғни халық ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық құндылықтар.
Адамдардың бойында қалыптасқан имандылық қадір-қасиеттер рухани құндылықтарға, ал адамдардың қолымен жасалған тұтыну заттары мен кәсібі материалды құндылықтарға жатады.
Өзімізді өзіміз бағалай білуге бет бұру – ұлттық байлығымызды игеру, ұлттық санамызды дамыту. Ұлттық құндылықтарды іріктеп, оқыту процесіне енгізу арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан болашақта ел билейтін ұрпақтарды сусындатып, отбасында да, мектепте де ұлтжандалылық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғаларды тәрбиелеп шығару.
Өз ұлтын қадірлеп-қастерлеген, ұлт қадірін білген азаматтың бірі Ж.Аймауытов: «Мен халыққа кіндігіммен байланып қалғанмын.Оны үзе алмаймын.Үзу қолымнан келмейді» - дейді. Сырым Датұлы: «Мен ағайынды екеумін:бірі -өзім, екіншісі-халқым» - дейді.
Қазақ халқының осындай дәріптеуге, қастерлеуге, дамытуға тұрарлық ұлттық рухани және материалдық құндылықтары туралы ұлағатты, құнды ойларын халық игілігіне, келешек ұрпақты, ел-жұртқа ие болар азаматтарды тәрбиелеуге неге қолданбасқа?
Қоғамдағы адамдар жасаған рухани, материалдық, мәдени құндылықтардың алмасуы оқыту процесі арқылы жүзеге асырылады.Соның ішінде сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы оқыту – саналы процесс екенін айтқым келеді. Интеллектуалдық деңгейі жоғары тұлғаны қалыптастыру үшін, оны оқытып қана қою жеткіліксіз. Оны тұлға ретінде жан – жақты дамытуға қолайлы, оқытудың шығармашалақ түрін жасау қажет, яғни шығармашылық оқу әрекетін туғызу қажет. Бұл баланы, берілген оқу материалын жаттап алу ғана емес, керісінше өз бетімен білім алу үшін ізденуге үйретеді.
Жеке тұлғаны ұлттық тәрбие арқылы дамыта отырып, нақты әрекет арқылы оқытуда төмендегі құндылықтардың болуы қажет:
- белсенді қарым-қатынас: оқушы мен мұғалімнің әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отыруы;
- индивидтік: мұғалімнің әр жеке оқушының ерекшелігін дамытуы, қоғам алдындағы жауапкершілігінің болуы;
- өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту;
- шыдамдылық: әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау.
«Адам мен адамның бір-бірімен араласу,өзара қарым-қатынасында ғана адамның адамдығы өзі үшін де,өзгелер үшін де ашылады»,-дейді философ М.М.Бахтин.Оның пікірінше, диалог тұлғаны қалыптастырудың құралы ғана емес,оның адамдық болмысын да көрсетеді.Тұлғаның белсенділігі,өзін-өзі дамытып отыруға ұмтылуы өзгелерден бөлек жағдайда емес,өзге адамдармен диалогтық қатынастарға түсу кезінде жүзеге асырылады.Бірлескен қарым-қатынас негізінде оқушы-оқушы, мұғалім-мұғалім, оқушы-мұғалім арасында өзара құрметтеу, мойындау, түсіне білу және сыйластық әрекеттері пайда болып, толеранттық пен мейірімділік көзқарастары қалыптасады.
Сонымен бірге сыни ойлау арқылы тұлға бойында рефлексиялық сапаларды қалыптастыру. Рефлексиялық сапа дегеніміз білім мен тәрбиені өзіндік сана арқылы қабылдап, тұлғаның рухани дамуы, ғылыми ақпараттарды игеруі болып табылады.
Оқушы бойында рефлексиялық сапалардың қалыптасуы білім беруді ізгілендірудің нәтижесі болып табылады.Оқушының өзін тану үшін және өмірлік проблемаларын шешудің бірден-бір тәсілі - рефлексиялық басқаруды жүргізе алуы. Ол үшін төмендегі басты ерекшеліктерді дағдыға айналдыруың маңызы зор:
- өз тәжірибесін пайдалана отырып, жаңа білім арқылы дүниеге өзіндік түсінік пен танымды қалыптастыру;
- өзге адамдардың ұсынатын идеяларына конструктивтік көзқараспен қарай алу;
- өзіне қарама-қарсы идеяларды жоққа шығаруға емес, түсінуге ұмтылу, одан өзі үшін нәтиже шығару;
- өз біліміндегі олқылықтарын көре білу және оны жоюдың жолдарын табу.
Рефлексиялық әрекеттер барысында оқытудың жолдары талданады, өзіндік шешім қабылдауға жағдай туғызылады.Сөйтіп, бала өзін-өзі дамыту, тәрбиелеу, өз әрекеттерін ұйымдастыру мүмкіндігін алады.Өз ерекшелігі мен деңгейін таниды.
Сонымен бірге оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру мұғалім тарапынан әр оқушының өзіндік жақын даму аймағында дербес қабілетін дамытуға түрткі болу,оларды оқыту мен оқу құндылықтары жүретін практикалық әрекеттерге баулу, баланың қолынан келетін істерін қолдау арқылы қиын проблемаларын шешуге көмектесу болып табылады.
Оқушы тұлғасына шоғырланған білім берудің мәні неде?
1.Оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру – адамның қалыптасуы,тұлғаның өз мәдениетінің субьектісі болуына көмектесу, шығармашылық өмірге үйрету.
2.Оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру сырттан келетін тәрбиелеу емес, адам бойынан адамдықты табу,оны қолдау және дамыту негізінде өзін-өзі реттеуге, тәрбиелеуге әкеледі.Сол арқылы өзіндік болмысы, санасы бар тұлғалық бейне қалыптасады.
3.Оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру – адамның дене және рухани денсаулығы, адамгершілігі, бостандығы.Ол – тұлғаны түсіну,өзара түсіністік, ынтымақтастық қарым-қатынастың, салауатты өмір мен парасаттылықтың, өзіндік қатынастың негізін қалау.
4.Оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағыттлады.Сондықтан оның мазмұны баланың өзін тұлға ретінде дамыту үшін, өз өмірінің субьектісі болу үшін жағдай туғызуға негізделеді.
Оқушы тұлғасына шоғырланған білім беруде мұғалімнің құзырлылығы қандай?
«Тәрбиелеу үрдісі оқушыны тәрбиелеуге емес, оқушы өзін өзі тәрбиелеуе әкелетін үрдіс болуға тиіс» - деп көрсетеді Л.С.Выготский.
Оқыту процесіне соңғы кездері жаңа жобалар мен озық технолоиялар енгізіліп жатыр.Оның мәні – тұлғаны өзінің әрекеттеріне талдау жасауға,өзі үшін маңызды мәселелерді анықтай алуға және шешу жолдарын таба білуге бағыттау.Осы орайда Д.Дьюи философиясының идеясын айтар болсақ, яғни өмірлік тәжірибеге негізделген өз білімін оқушының да, оқытушының да пайдалана білуі жүзеге асырылады.Сондықтан жаңа үрдісті тәжірибеге енгізуде мұғалімдердің сыртқы форманы ғана басшылыққа алмай, оның философиясын ұғыну маңызды шарт.Өйткені оқытудағы басты мақсат – алдындағы оқушыларға таза білімнің өзін бере білу емес, бүгінгі алған білімін өмірлік қажеттіліктеріне сай қолдана білуге үйрету.
Осыған сәйкес оқыту мазмұны құндылықтық, танымдық, әрекеттік- шығармашылық және тұлғалық қызметтерді қамтиды:
- құндылықтық қызмет: тұлға үшін мәнді бағдар жүйесін, өзіндік даму траекториясын таңдап алуы;
- танымдық қызмет: тұлғаның рухани дамуының негізі ретінде ұлттық мәдениет, дәстүр, жан-жақты ғылыми білімдерін игеруі;
- әрекеттік-шығармашылық қызмет: тұлғаның оқу, еңбек ету, ғылыми, көркемдік және басқа да әрекет түрлерінде өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруы, шығармашылық қабілетін қалыптастыру және дамытуы;
- тұлғалық қызмет: өзіндік санаға бағытталған рефлексиялық қабілетті дамыту арқылы өзінің өмірлік мұратын дұрыс қалыптастыруды қамтамасыз етуі.
Білім беру үрдісіндегі демократиялық және гуманитарлық қарым-қатынастар оқушының танымдық қабілетінің дамуына, өз әрекеттеріне өзгеріс енгізе алуына, өзін үнемі жетілдіріп отыруына ықпал етеді.Оқытудың осы тұрғыда ұйымдастырылуы әр оқушының жеке тұлғасындаағы өзіндік ерекшеліктері, өзіндік өмір тәжірибесі мен өзіндік құндылықтрын ескеру арқылы өзіндік және өзара бірін-бірі дамытуға жол ашады.
Осылайша қарастыру негізінде білім беру үрдісінде оқушының өзіндік сана, өзіндік таным, өзіндік білім алу, өзара қарым-қатынас, өз өмірінің субьектілігі сияқты педагогикалық рефлексиялық сапалары пайда болады және одан әрі дамиды деген тұжырым жасауға болады.
«Баланы тәрбие қылу – тұрмыс майданында ақылмен, әдіспен күресе білетін адам шығару деген сөз.Қалса өзін, асса барлық адам баласын әділ жолмен өрге сүйрейтін ер шығару деген сөз.Тұрмыста түйінді мәселелерді тез шеше білетін, тұрмыстың тұңғиық теңізін қалың қайратпен кеше білетін, адалдық жолда құрбан бола білетін, қысқасы, адамзат дүниесінің керек бір мүшесі бола алатын төрт жағы түгел кісі қылып шығару.Баланы мұндай адам қыла алу үшін тәрбиеші бар күшін, бар білімін жұмсап, жалықпай, шаршамай үйрете білу керек»[4,24 б.].
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Қ.Бөлеев «Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау».-Алматы, 2004.
2.Д.Дьюи. «Демократия и образования».2000.
3. В.А.Сластенин,В.П.Каширин. «Психолоия и педагогика».-Москва, 2004. 4.М.Жұмабаев. «Педагогика».1991
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Тәуелсіз Қазақстан Ресрубликасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағыдайлар жасау» екендігі атап көрсетілген.
Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін, білімін меңгерген мәдениетті, адами қасиеті мол, шығармашыл тұлға етіп тәрбиелеу – өмір талабы, қоғам қажеттілігі.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы жас ұрпаққа жан- жақты білім мен тәрбие берудің мемлекеттік саясатының негізгі ұстанымдарын айқындап берді: Қазақстанның барлық азаматтарының білім алуға тең құқылы, әрбір азаматтың интеллектуалдық дамуына, психо-физиологиялық ерекшеліктеріне қарай, білімнің барлық деңгейіне кең жол ашылды. Әрбір азаматтың білім алуға құқылығын негізге ала отырып, оқушы бойына ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастырып, құрметтеуге тәрбиелеуде дидактикалық шарттар, яғни оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру үрдісін жан-жақты қамту қажеттілігі туындайды.
Қазақ мәдениеті – ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет. Ол ұлттық тәлім-тәрбиенің негізінде дамып қалыптасады. Ұлттық тәрбие сол ұлттың мәдениетін дамытудың қозғаушы күші болып табылады. Қазіргі кезеңде жоғары оқу орындарының табалдырығынан аттаған студенттерге мемлекеттік тілден білім беруде ел тарихын терең қозғап, берілген мәтіндердің тәрбиелік мәніне көбірек көңіл бөлінсе, қазақ зиялы қауымының еңбектерімен қоса, әлемдік деңгейде ғылыми еңбектерімен өздеріне назар аудартқан, «Нобель сыйлығының» иегері атанған ғалымдардың өмірімен де таныстырып, қоғам дамуына қосқан үлестерін айтып түсіндіру арқылы студенттердің адами-құндылық қасиеттерін қалыптастырып дамыта аламыз.
Сонымен, ұлттық салт-сананың өмірдегі қолданбалы көрністері: діни уағыздар, сенімдер, ырымдар, тиымдар, жөн-жоралғылар, рәсімдер, кісілік рәсімдер арқылы іске асырылады. әрбір жеке тұлғаның ұлттық қасиеттері (имандылығы, кішіпейілдігі, сыпайылығы, мәдениеттілігі, сыйласымдылығы, салауаттылығы, тіршілікке бейімділігі, өнерпаздығы, шешендігі, ақынжандылығы, т.б.) ұлттық тәрбиеге байланысты дамиды.
Әрбір мәдениетті, білімді адам өзінің дүниетанымдық, кәсіптік деңгейін ұлттық мәдениетпен ұштастыра білуі керек. Білімді болғанымен, ұлттық мәдениетті бойына сіңіре білмеген болса, ондай адам ұлт алдында мәңгүрт, мәдениетсіз болып көрінеді де, халықтың наразылығына ұшырайды. Білім беру мен тәрбиелеудің мақсатын айқындау үшін, Жүсіпбек Аймауытовтың айтқан сөзін еске түсірейік: «мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек», – деген екен.
Студенттердің ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастырып дамыту негізінің бірден бір көзі – оқу орындарында жүргізілетін тәрбиелік іс- шаралар. Адамның бойына жақсы адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы, өнер-білімді игеруі өскен ортаға, тәрбиеге ғана емес, үлгі-өнеге берер ұстазға, отбасындағы тәрбиеге де байланысты. Әрбір халықтың өсіп-өркендеуі үшін әлеумет ортада қалыптасқан рухани, мәдени, саяси құндылықтарды сақтап, дамытып отыруы қажет. Олай болмаса, халықтың біртұтас дүниетанымы ыдырай бастайды. Әртүрлі бағыттағы реакциялық көзқарастар қоғамда өз үстемдігін жүргізе бастауы мүмкін.
Ұлттық идеяны қазіргі Қазақстанда бір ғана ұлттың мүддесінен туындатып жүргізу – демократиялық, құқықтық қоғам құрамыз деген мақсатпен қайшылыққа келеді. Сондықтан, Қазақстан үшін қазіргі кезеңде үш саяси құндылықтың – Бірлік, Тұтастық, Тәуелсіздіктің басымдық танытқанын Елбасымыздың халыққа Жолдауынан көруге болады.
Мәселен, ресейлік ғалымдар бұл идея адамдардың, әлеуметтік топтардың арасындағы келісімдердің, биліктің әр түрлі формасының практикалық қызметіне негіз болатындай базалық қасиеті болу қажеттілігін тұжырымдайды.
Саяси құндылықтардың ішіндегі ең маңыздысы – еліміздің тәуелсіздігі. Өйткені басқа құндылықтардың бәрін біріктіруші, жүйелеуші орталық, өзек сияқты құбылыс. Сондықтан Қазақстан азаматтарының бәріне ортақ құндылық рухани, мәдени, саяси, әлеуметтік, экономикалық тәуелсіздікті нығайту басымдылық танытады.
Ұлттық тәрбие өркениеттік құндылық ретінде қарастырылып, өтпелі қоғамда трансформациялық процесстегі өркениеттегі құбылыс сияқты өте күрделі категорияның ауқымын, даму тенденциясын анықтайды; ұлттық тәрбие, оның өркениеттік мәні жөніндегі мәселені ашуда мәдениет пен өркениеттің арақатынасын айқындау мақсатында маңызды зерттеулерге арқау болуы;
Ұлттық тәрбие, оның өркениеттік мәні жөніндегі мәселені ашуда мәдениет пен өркениеттің арақатынасын айқындау мақсатында зерттеулерге арқау болуы; әлемдік дамуда өркениетті құндылықтарды ұстану көкейтесті мәселеге айналып, дүниежүзін екіге бөлген қос жүйе текетіресінің ақырынан кейінгі ТМД да қалыптасқан әлеуметтік мәдени ахуалдың шиеленіскен тұсында ұлттық дамудың ағымы мен динамикасын анықтауда гуманитарлық ғылымдар жүйесінде мәдениеттанудың маңыздылығын еселей түсуі; Ұлттық тәрбиенің өркениеттік құндылық ретіндегі тенденциясын анықтау – мәдениеттанулық мәселе екендігі; Ұлттық тәрбиенің адамгершілік ұстанымдары өркениеттік құндылық ретінде қалыптасуында халықтың рухани мұрасын, оның ішінде өміршең тәлім-тәрбиенің озық үлгілерінің бүгінгі қоғамдық сұранысқа сай қолданылуы; ұлттық тәрбиенің өркениеттік құндылық ретінде қаралуы адамдар арасындағы мынадай құндылықтардың:
әлеуметтік теңдік пен әділдікке негізделген деп қабылданып келген кеңес дәуіріндегі құндылықтардың;
- ұлттық құндылықтардың;
- батыстан енген құндылықтардың ара-салмағының қай дәрежеде екендігін саралауға негіз болуы;
- Ұлттық тәрбие арқылы қазақ халқының мәдениеті – оның ұлттық тарихының өнімді өзегі, құрамдас бөлігі, маңызды саласы екеніне айрықша көңіл аударуы;
- Ұлттық тәрбиенің мәдени феномен ретіндегі негізгі міндеттерінің бірі – үшінші мыңжылдықтың буырқаныстарына жауап беретіндей стратегиялық темірқазығы – Шығыс пен Батыстың дүниетанымдық типтерін оңтайлы синтездеуде ұлттық құндылықтардың орны мен мазмұнына, мәніне баса назар аударып, оның орны мен маңызын ашып көрсетуге негіз болуы;
- Қазақтың ұлттық тәрбиесін сипаттайтын ұғымдардың мәні ғылыми әлемде қалыптасқан теориялық түсініктермен байланыста ашылып, этнотәрбиенің білімдік ерекшеліктерін анықтауы;
- Қилы-қилы тарихи жағыдайда (көшпенділіктің жалпы дағдарысы, отаршылдықтың әсері, тоталитарлық жүйенің ықпалы, қазіргі вестерннің тегеуріні) қалыптасқан ұлттық тәрбие феноменіне ғылыми талдау жасауы;
- ХХ ғасырда бірнеше түбегейлі өзгерістерді бастан кешірген, айтулы дәрежеде трансформацияға ұшыраған ұлттық тәрбиенің төлтумалылығының сақталуы мен оған батыстың тәрбие үрдісінің ықпал ету деңгейін анықтауы;
- Дәстүрлі құндылықтар мен жаңа нарықтық құндылықтардың қақтығысы барысында қалыптасқан қазіргі ұлттық тәрбие процессіндегі қайшылықтардың себеп-салдарын теориялық мәдениеттанулық тұрғыдан пайымдауы;
- Ұлттық тәрбиенің өркениеттік құндылықтарды қалыптастырудағы рөлін ашып көрсетуі.
Адам қолымен жасалған әлем шексіз мүмкіндіктер мен өзара байланыстылық дәуіріне қадам басты. әрбір адам мен әрбір халықтың өзбетінше дербес өмір сүруге, дамуға деген ұмтылысы күшейіп отыр. Адамзаттың мәдениет пен діндердің бейбіт сұхбаты болмаған жағыдайда қандай да бір қауіпсіздік туралы сөз қозғаудың мүмкін еместігіне көзі жетті.
Сондай-ақ, әрбір халықтың өзінің тарихи, рухани және мәдени төлтума қасиеттеріне бойлауы арта түсуде. Бірақ осындай ұмтылыстар басқа халықтардың мүдделеріне нұқсан келтірмеуі тиіс. Сондықтан Қазақстанның өркениет өріне бастар бағыты – адамгершілік-ізгілік қасиеттерге негізделген ұлттық тәрбиеге табан тірейді.
Ұлттық тәрбие мақсаты – ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық болып табылатын құндылықтардың үйлесімді дамып, көркейіп, жалпыадамзаттың бүгіні мен келешегіне қызмет етуі.
ЭТНОМӘДЕНИЕТ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ – ОТАНСҮЙГІШТІК
ҚАСИЕТТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚҰРАЛЫ
Ә.О. Қамақ
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Адамзат тарихының беттерін ақтара отырып, әлем құрлықтарында өмір кешкен халықтар, ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күресіп келгенін білеміз. Еліміздің дербес, толық қанды ел, егеменді мемлекет болуы, халқымыздың ертеден бергі еркіндік үшін, туған жері – Отаны үшін күресінің жемісі. Бүгінгі таңдағы еліміздің әлемдік өркениет шеңберінде өз орны мен статусын алуға ұмтылысы заңды құбылыс. Өйткені, әр елдің, халықтың өзіндік болмысына тән мақсат – мұраты бар. Мұрат – алға жетелейтін, болашақтан қол бұлғап шақыратын, халықтың арманы, мақсаты. Ал мақсат немесе мұрат – ол, болашақта қол жеткізуге жетелейтін қоғамдық-рухани сананың көрсеткіші - идеал.
Осы тұрғыдан, Қазақстан халқының мұраты: еркін халық болу; өзгелермен терезесі тең мемлекет болу; өз ішінде береке-бірлік пен ынтымақ орнаған халық болу. Бұл мұратты жүзеге асырудың негізгі шарты – әрбір Қазақстан азаматының қатардағы қоғам мүшесі деңгейінен мемлекеттің саналы әрі белсенді азаматы әрі өз Отанының, халқының нағыз патриоты дәрежесіне көтерілуі.
Отансүйгіштік - азаматтық санамен қалыптасатын қасиет. «Азаматтық сана» – біліммен қаруланған, аға ұрпақтың қалдырған мәдени-тәлім мұраларынан сусындаған, туған жері мен елінің рухани-материалдық, мәдени құндылықтарын бойына сіңіре білген, ақыл мен парасаттылығы жетілген, жеке мүдде мен болашақ үшін жауапкершілікті өткен мен келешек үрпақ алдындағы парызбен ұштастыра білетін, ұлтжанды саналы азаматы болуды талап ететін құбылыс. Қазақстан Республикасы этномәдени білім беру тұжырымдамасында «Бізге қажетті - жаны да, қаны да қазақы халықтың тілі мен дінін, тарихы мен салт-дәстүрін бойына ана сүтімен бірге сіңірген, егеменді елінің еңсесін көтеруді азаматтық парызым деп ұғатын ұрпақ тәрбиелеу» - деп атап көрсеткендей, еліміздің елдігі мен бірлігін сақтайтын ұрпақ тәрбиелеу, білім берудің барлық салаларының алдындағы негізгі міндеттердің бірі.Сонымен, этномәдениет мазмұны нені қамтиды және ол мазмұнның жастарды ұлтжанды, Отансүйгіштік қасиеттерін тәрбиелеудегі құралы не?
Әр халықтың өзіне тән, тарихи-әлеуметтік даму ерекшеліктері мен өмір-тіршілігіне, тұрмыс-салтына, дәстүрлеріне байланысты дүниетанымдық, рухани-материалдық, мәдени құндылықтары қалыптасады. Қазақ халқы бай тарихтың иесі. Қазақ даласы әлемге «Екінші ұстаз» атанған Әл Фарабиды, Ж.Баласағұн, Ахмет Иассауи, М.Қашқари, Қадырғали Жалаири сияқты ғұламаларды берді. Олардың еңбектері, ортағасырдағы Орта Азиялық ренессанс кезеңінің мәдени өміріне зор үлес қосқан, асылдары болып табылады. Әсіресе, Әл-Фарабидің сан-салалы ғылыми еңбектері тек Таяу немесе Орта шығыс ғұламалары: Ибн-Сина, Бируни, Хорезми, Омар Хайям, Хафиз т.б сияқты ғұламаларының ой-пірлеріне ғана емес, сонымен бірге Европа ғылымына да ықпал етті.
Тарих тұңғиығынан Қазақстанның мәдени қазыналарын тауып, бүгінгі ұрпақтың ол байлықты сақтауына, танып білуіне, рухани-мәдениет саласындағы білімін дамытуға ұсынған еліміздің ғұлама ғалымдарының қажырлы еңбектері – жастардың патриоттық тәрбиесінің асыл арналары.
Есік қаласынан табылған «Алтын адам» ескерткішінен бастап, Орхон-Енисей тас жазулары, кең байтақ жеріміздің әр аймағынан табылып жатқан ежелгі мәдениет жәдігерлері, көне сәулеттік ескерткіштер, халық шеберлерінің қолөнер туындыларының үлгілері – осының бәрі Қазақстан мәдениетінің қазынасын байыта түсті әрі бүгінгі ұрпақтың рухани білім көзіне айналды.
Еліміздің егемендігімен бірге, халықтық тәлім-тәрбие қазыналарын жинақтап, оны этнопедагогиканың негізі мазмұнына енгізсек, сол мазмұнды жүзеге асырудың басты құралы – этномәдениет қазыналары.
Қазақ халқы ұрпағының «Сегіз қырлы-бір сырлы» азамат болып дамуын, ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мәдениет құндылықтарының тәлімдік мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып жүзеге асырып келді. Ол құндылықтардың негізін, халқымыздың - әдеби, музыкалық, кәсіби, тұрмыстық фольклорлары құрайды.
Халқымыздың ауыз әдебиеті шығармашылығы ұрпақ тәрбиелеуге өлшеусіз үлес қосты және әлі де үлес қосып келеді. Қазақ фольклоры тілінің бейнелілігімен, көптеген мақал-мәтелдерінің мәнділігімен, мазмұндық өткірлігімен аса құнды қазына. «Өнер алды - қызыл тіл» деп, «Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйінін» шешкен ата-бабаларымыз, халықтың өмірі мен тұрмыс-тіршілігінің алуан түрлі жақтарын қамтитын өзінше бір жылнама болатын, ұрпақтарға тәлім болатын асыл мұра қалдырған. Сол бай құндылықтардың ішінде, патриотизмді дәріптейтін мұра - батырлық дастандар. «Алпамыс», «Қобыланды», «Қамбар батыр», «Едіге», «Сырым батыр» т.б., «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» кезіндегі елін, жерін сырт даулардан қорғаган Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сияқты мыңдаған қазақ батырларына арналған көптеген дастандар, өз халқының мүддесі, арман-тілегі, туған жері үшін жан аямаған батырларға деген халықтың сүйіспеншілігі, азаматтарының рухани жан дүниесінің беріктігі, ерлігі мен патриоттық қасиетін баяндайтын, сол сияқты «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» және т.б. лиро-эпостық жырлар мазмұны, рухани тазалықты, адамгершілік пен махаббатті паш ететін, халқымыздың этномәдениетінің асыл қазыналары.
Қазақ халқының музыкалық және поэтикалық шығармашылығында жырлаған халықтың Отан-анаға, туған жерге, көз жетпейтін ұлан-байтақ қазақ даласына, оның табиғат байлығына деген сүйіспеншілігі музыкалық және эстетикалық тәрбие құралы болды. Сондықтан да қай кезде болмасын жыршылар, күйшілер, өлеңші-әншілер қазақ халқының музыка мәдениетін сақтау мен байытуда, жастарлың эстетикалық талғамдарын, көзқарастарын тәрбиелеуде айрықша маңызды роль атқарады. Олар өздерінің дидактикалық әндерінде халықты Отансүйгіштікке, ұлтына деген адалдыққа, әділетке шақырып, жақсылықтың жеңіп шығатынына сенуге, жамандықпен күресе білуге, жақсы атаулыға ұмтылуға дәріптеп отырды. Бұл ретте, музыка теориясын зерттеген, ноталық жазуды дүниеге әкелген Әл Фрабиді, күй атасы Қорқыттан бастап Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина т.б. күйші композиторларымызды, әнші-композиторларымызды (Біржан, Мұхит, Абай, Жаяу Мұса , Майра, Кенен және Әміре т.б.); қазақтың музыка өнері саласындағы мәдениетінің эстафетасын жоғары көтеріп, бүкіл әлемге паш еткен: К.Байсейітова мен Қ.Байсейітовтер, Н.Тілендиев, Е.Серкебаев, Р.Бағланова, Б.Төлегенова, Нақыпбековалар, М.Бейсенғалиев, А.Мұсахожаева, Г.Мырзабекова, Р.Ырымбаева, Ә.Дінішев сияқты өнер тарландарын мақтан тұтамыз.
Қазақтың музыкалық құндылықтары, өткен ғасырларда Қазақстанда болған шетел ғалымдары мен саяхатшыларын (П.Паллас, Г.Клапорт, В.Радлов, А.Левшин, А.Янушкевич, А.Алекперов т.б.) таң қалдырғаны белгілі. Олардың, қазақтың рухани мәдениеті туралы, өткен ғасырларда жариаланған еңбектері «Қазақтар А. Алекторов: «Әнші ... домбырасының шегін қаға бастады. ... домбыраның күмбірлеген қайғылы дыбысы маған ерекше бір әсер етті. ... қарапайым әнге - қарапайым музыкаға қанша поэзия сыйып жатыр. Қос шекті домбырада мұндай нәзік, мұндай әсем дыбысты шығады дегенге мен еш уақытта сенбеген болар едім» деп ағынан жарылады. Қазақ халқының музыкалық фольклорының қазыналары еуропалық музыка зерттеушілердің ғылыми-зерттеу, шығармашылық еңбектеріне арқау болды. Бұған дәлел ретінде тек Затаевичтің «Қазақтың 500 әні», «Қазақтың 1000 әні» еңбектерін, Ерзаковичтың, Брусиловскийдің шығармашылығын айтсақ та жеткілікті.
Қазақтың этномәдениеті құндылықтарының бір саласы - халықтың кәсіби және тұрмыстық фольклоры. Халқымыздың тарихи-шаруашылық, тұрмыс-тіршілік болмысына байланысты: аңшылығы, саятшылығы, ағаш, тері, жүн өңдеуге қатысты қолөнері, зергерлік өнері т.б. сан-алуан өнерлері. Әсіресе, халық данышпандығының бар асылын бойына жинаған сәндік-қолданбалы өнері – халқымыздың қоршаған өмір шындығын музыкалық, поэтикалық және басқа эстетикалық дәстүрлер аясындағы эмоциялық сезімдері мен эстетикалық талғамдарын қалыптастырған этномәдениетінің қайнар көзі. Бұл саладағы өткенгі және қазіргі қолөнер бұйымдары, халқымыздың көркем-шығармашылық дәстүрлері мен рухани-материалдық мәдениетінің құндылықтарын сақтауға, игере отырып байыта түсуге жетелейді. Халқымыздың кәсіби және тұрмыстық фольклорын жан-жақты зерттеген: Ә.Марғұлан, К.Ақышев, Х.Арғынбаев, Т.Басенов, Б.Байжігітов, Ө.Жәнібеков, С.Қасиманов, Э.Масанов, т.б. еңбектерінде, ұлттық қолөнер түрлерінің дамуы, философиялық, тарихи, этнографиялық, мәдениеттанымдық аспектілері, рухани-материалдық құндылық ретіндегі әлемдік мәдениет аясындағы алатын орны және тәлімдік маңызы бағаланған.
Міне, сол құндылықтарды туған жерімізде өмір сүре отырып игеруге, кезіндегі кеңестік ұлт саясаты кедергі жасап келді. «Тұтас кеңестік бір ұлттық» саясат пен оның негізгі тірегі кеңес үкіметінің тоқырауы, біртіндеп келмеске кетуі, қазақ жастарының азаматтық санасына ықпал еткен, олардың ұлттық намысын көтерген - 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінен басталды. Міне бұл, қоғам азаматының патриоттық сана-сезімінің оянғаны. Бүгінгі еліміздің егемендігі, оның саяси-әлеуметтік, экономикалық, рухани-мәдениет саласында, әлемдік іргелі елдердің қатарынан орын алуы, сол азаматтық сананың жемісі. Ата Заңымыздың мазмұнындағы мемлекет ретіндегі белгіленген басты идеал «Еркіндік, теңдік, татулық» - халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған, ерлікпен қол жеткізген және қорғаған асылы. Бұл үш түсініктің аясында, мемлекетіміздің басты мұраты, Қазақстан Республикасы этномәдени білім беру тұжырымдамасының мазмұнында: «Бізге қажетті - жаны да, қаны да қазақы халықтың тілі мен дінін, тарихы мен салт-дәстүрін бойына ана сүтімен бірге сіңірген, егеменді елінің еңсесін көтеруді азаматтық парызым деп ұғатын ұрпақ тәрбиелеу» - деп көрсеткендей, еліміздің елдігі мен бірлігін сақтайтын, Отаны, халқы алдындағы парызын жауапкершілікпен өтейтін, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу міндеті тұр.
Қорыта айтсақ, халқымыздың ғасырлар бойы жасаған рухани-материалдық мәдениетінің бай мұралары, қазіргі «Этномәдениет тәрбиесі» негізінде жастардың Отансүйгіштік тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруда пайдаланатын тәлімдік құрал болып саналады.