Тақырыбы | Уақыт-мезгіл пернесі |
Мақсаты | Дұрыс әрекет құндылығынан туындайтын «Уақыт» ұғымының құндылық ретіндегі мәнін түсіндіремін. |
Оқыту нәтижесі | «уақыт» ұғымын құндылық ретінде түсініп, уақытты бағалай білуге үйренеді. |
Түйінді идеясы | «Егер дұрыс пайдаланар болса, уақыт қашан да жеткілікті» И.Гете |
Бағдарлама модульдерін қолдану. | Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер:қалай оқу керектігн үйрету мен диалог арқылы оқыту. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану. Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. Оқытуды басқару және көшбасшылық. |
Әдіс –тәсілдер | «Көзбен көру айғақтары» әд. Топтық жоба жасау. Б.Блум таксономиясы әд. Кластер әд. Топтастыру әд.- Инклюзивті оқушыны оқыту Жоғалған сөздер әд. РАФТ әд.(хат немесе эссе жазу). Венн диаграммасы әд. Формативті бағалау.(бағалау парағы).Кері байланыс. |
| Сабақтың мазмұны: |
Уақыты | Ресурсы | Мұғалімнің іс –әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
3 минут | Үнтаспа, ноутбук Тақта, 5Т;5 құндылық (А3 парақ) | 1.Ұйымдастыру. Сәлемдесу,5Т.Оқу құралдарына назар аудару. «Нұрға бөлену» тыныштық сәті жаттығуы арқылы класта ынтымақтастық атмосферасын орнатамын. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет. | Ыңғайланып отырып «Нұрға бөлену» тыныштық сәті жаттығуын орындайды. |
7 минут | Суреттер (қима қағаздар) | Оқушыларға сабақтың тақырыбын түсіндіру мақсатында топтастыру ұйымдастырылады. «Бағдаршам көздерінің түстері арқылы: қызыл, жасыл сары. «Көзбен көру айғақтары» әдісі. | Бағдаршам көздері арқылы үш топқа топтасады. «Көзбен көру айғақтары» әдісі бойынша Қима суреттерден коллаж жасайды.Топқа ат қояды, топтың атын қорғайды. 1-ші топ –қызыл түс «Жастық шақ»; 2-ші топ-жасыл түс «Кемел шақ»; 3-ші топ- сары түс «Зейнеткер шақ» |
1 минут | Қол | Бағалау ( топтық ) | «Үш шапалақ» қолдау көрсетеді. |
3 минут | Оқулық, үнтаспа | Б.Блум таксономиясы әд. 1.Білім: Үй тапсырмасын тексеру. Сөзі:С.Сейтман «Өміріңе немқұрайды қарама» өлеңін жаттап келу тапсырдым. Бағалау: мұғалім қолдауы «Жарайсың» | «Өміріңе немқұрайды қарама» өлеңін жатқа айтады. 1-топ |
5 минут | Оқулық,А4 парақ | 2.«Кластер» әд. «Уақыттың жаулары» талдатамын, түсінуге жағдай жасаймын 3.Өтебалина А («Уақыттың жаулары»)-топтастыру Бағалау: «Жарайсың» қолдау көрсетемін. Бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек» | «Уақыттың жаулары» кластер әдісін пайдаланып, түсіндіреді. 2-топ «Уақыттың жаулары» Түсіксіз мақсаттар Тыңдай білмеу «Жоқ» деп айта алмау Асығыс шешімдер Бәрін бірден орындауға ұмтылу Ұмытшақтық Толық ақпараттың болмауы Өзіндік тәртіптің жоқтығы Жоспарлай білмеу Тосын шешімдер Бастаған істі аяғына дейін жеткізбеу |
3 мин | Оқулық, Интерактивті тақта, қима қағаздар. | 3.Қолдану. «Жоғалған сөздер» әд. Жоғалған сөздерді орнына қойып, мақал, нақыл сөздер оқуды тапсырамын. | Барлық оқушылар. Жоғалған сөздерді орнына қойып, мақал, нақыл сөздер жазады: 1.*****-адам өмірінің өлшемі (уақыт) 2.****** ***-адам өмірінің қайратты да, мүмкіндігі мол тамаша шағы (жастық шақ) 3.****** ****** бір күні-сенің бүкіл өміріңе азық (жастық шақтың) 4.***** бізбен санаспайды, тез өтіп кетеді (уақыт) 5.Өмір –мұхит, *****- толқын. (уақыт) 6.******** бос кеткені, өмірдің текке өткені.(уақыттың) 7.*****- адам баласына берілген өткінші бағалы зат. (уақыт) 8.******** кернеуіне бөгет жоқ (уақыттың) 9.Көктемнің бір күні- ***** **** (жылға азық) 10.******* мәнді өткізу- өз болашағына жауапкершілікпен қарау. (уақытты) |
5 минут | Дәптер,оқулық, | 4.Талдау. РАФТ әд. «Егер дұрыс пайдаланар болса, уақыт қашан да жеткілікті» И.Гете. Сабақтың дәйексөзін басшылыққа ала отырып, «Атама хат» тақырыбында -өз ата-әжелеріне, аға-апаларына өз уақыттарын қалай тиімді падаланып жатқаны туралы хат, эссе жаздырамын. | Барлық оқушылар. Жеңістің 70 жылдығына байланысты «Атама хат»тақырыбында хат немесе эссе жазады. |
3 минут | Ватман, маркер | 5.Қолдану.Венн диаграммасы әд. Адамның жас ерекшеліктеріне баланысты ұқсастықтарын табуды ұсынамын. | Барлық оқушылар. Венн диаграммасы Жастық шақ | ұқсастық | Кәрілік шақ | 1.жас 2.мінез-құлық 3.сөздері 4.кескін-келбеті 5.қоғамға тигізетін пайдасы | Адам өмірінің кезеңдері. Уақыт-адам өмірінің өлшемі. | 1.жас 2.мінез-құлық 3.сөздері 4.кескін-келбеті 5.қоғамға тигізетін пайдасы | |
4 минут | АКТ. Интерактивті тақта, проектор, ноутбук, үнтаспа | 1.«Уақытты қадірлей біл» бейне көрінісі тамашалау ұсынамын 2.Сергіту сәті: «Уақыттың бағасы» | «Уақытты қадірлей біл» бейне көрінісі тамашалайды. Әңгімелесу сұрақтары арқылы ой түйеді. Уақытты бағалай білесіз бе? Өз уақытыңызды көбіне неге арнап жүрсіз? Өз уақытыңызды тиімді, пайдалы өткізіп жүрмін деп ойлайсыз ба? |
3 минут | А4 парағы, қалам | Бағалау. Бағалау парағымен жұмыс жүргіземін. | Бағалау парағы: р/с 1 | 1-топ мүше лері | өлең | Жоғал ған сөздер | Венн диаграм ма | Бағалау | | Өзін дік | Топ бас шы | Мұғалім бағасы | | 2 | ІІ-топ | РАФТ | Жоғал ған сөздер | Венн диаграм ма | | | | | 3 | ІІІ | клас- тер | Жоғал ған сөздер | Венн диаграм ма | | | | | |
3 минут | Үнтаспа, интерактивті тақта, аудио диски | Топпен ән айту. Сөзі: Г.Дәукенованікі Әні: Ш.Сариевтікі: «Қайран уақыт» | Оқушылар топпен ән айту. «Қайран уақыт» әнін топпен үнтаспаға қосылып айтады. Қайран уақыт, өзіңді жолдас етем, Өзіңмен бірге жүріп сапар шектім. Тірлікте қиналғанда арқа сүйеп, Өмірдің көпірінен қатар өттім. қ/сы: Қадіріңді білдік пе, қайран уақыт, Қоймайды екен бұл өмір сайраңдатып. Жаздың да жапырағын жайған бақыт, Қадіріңді білдік пе, қайран уақыт. Қайран уақыт,өзіңмен қатар жүрдім, Шұғыласын көп көрдім батар күннің. Құпиялы өмірге қадам басқан, Әр күнімді бақытты сапар білдім. |
1 минут | А4 қағазы | Үйге тапсырма: жазып келу. «Дұрыс әрекет-уақыт пернесі» тақырыбында шығарма | «Дұрыс әрекет-уақыт пернесі» тақырыбында шығарма жазады» |
2 минут | А3 парағы, тақта, қима суреттер, Стикерлер Сағат макеті жаднама | Кері байланыс арқылы сабақты қорытындылаймын. | «Бүгін мен мына баспалдақтың қай жеріндемін» Иә, мен жасадым Мен мынаны жасай аламын Мен мұны жасап білемін Мен мұны жасап көрейін Мен мұны қалай жасаймын Мен мұны жасағым келмейді Мен мұны жасау білмеймін Мен мұны жасай алмаймын |
2 минут | үнтаспа | Соңғы тыныштық сәтi. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде) - Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші. - Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық. - Енді көздеріңді аша ғойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін! | Соңғы тыныштық сәтiн орындайды. |