kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ТРЕНИНГ "Тела, всестороннего осознания психотерапия"

Нажмите, чтобы узнать подробности

555555555555555555555555555555555555555555555555555555555555

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ТРЕНИНГ "Тела, всестороннего осознания психотерапия"»

ТРЕНИНГ

Дененің жан-жақты сезіну психотерапиясы

1.Амандасу-сәлемдесу

Мақсаты: Балаларды біріктіріп, өзара сенім жағдайын құру.

Ойын барысы: Балалар мұғаліммен бірге шеңбер құрып отырады. Әр кім әр түрлі бір-бірінің сәлемін қайталамай амандасу.

2.Тілек шоғы.Мақсаты:Балаларды жағымсыз сезімдерден арылту, жақсылық

жасауға үйрету.

Ойын барысы: Дөңгелене отырады, әрқайсысының қолында гүл. Мұғалім өзі бастап сәлемдеседі, балалар қолдарындағы гүлді бір-біріне тілек айту арқылы ұсынады. Гүл шоқтары бірте-бірте көбейіп, педагогтың өзіне бір құмаң гүл – “Тілек шоғы болып оралады”, - өзгелерге денсаулық тілеп, жақсылық жасасаң, ол өзіңе қайтып оралады деп педагог қорытынды жасайды.

Әр ойын жүргізген сайыс соңынан балалардың қандай сезімге болғанын сұрау керек.Сен біреуге тілек тілегенде немесе саған біреу тілек тілегенде қандай сезімде бодың.

3. “Презинтация”

Мақсаты: Оқушылардың бірін-бірі жеке түсінуге, білуге үйрету.

Ойын барысы: Екі-екіден бөліп әр қайсысы бірінен-бірі сол оқушы туралы сұрап ол жайлы “Презинтация” жасау яғни таныстыру жеке түсіндіру.

  1. Қырықаяқ.Мақсаты: Кеңестікті бағдарлауға, бір және бірнеше шеңбер бойына түзу сызық бойымен тұра білуге үйрету.

Ойын барысы: Жеңіл ритмикалық әуен ойнайды. Балалар бір-бірінің соңынан тізбектеле тұрады. Педагог: “Мен сендерге бүгін қырықаяқ туралы әңгіме айтып беремін. Қырықаяқтың көптеген тату аяқтары болыпты. Егер аяқтарының бірі шалынысып, шатасып кетсе, өзгелері оған күлмей, керісінше көмектесіпті. Өйткені, олар өзгеге көмектессе олар да өз кезегінде көмектесетінін біледі екен. Қырықаяқ қыдыруға шығыпты: Педагог қырықаяқтың басы, түзу сызықтың соңындағы адам – оның құйрығы, ал қалған балалар тату - тәтті “Аяқтары”. Педагог ең алдына тұрып, “қырықаяқты” қыдыруға бастайды. Ол иректеліп жүріп залды айналып шығады. Орындықтардың арасынан өтіп, аяқ ұшымен, өкшемен жүріп секіреді т.б. Ойын соңында жайғасып отырады педагог оқушылардан қандай сезімде болғанын сұрайды”.

  • қырықаяқ болып жүру қиын ба?

  • кедергіден өту қиынға соқты ма?

  • қандай сезімде болдыңыздар?

5. Баланың дүниеге келуі.Мақсаты:Бала ана құрсағында жатқанда, шыққанда қандай сезімде болатынын, тар құрсақтан шыққан соң қандай сезімде болатынын сезіндіру.

Ойын барысы: Бала анасының құрсанында екі бүктетіліп дөңгеленіп жатады да жатырда жатқанды сезініп дайын болғанда ғана жылжып кедергілер арқылы тар құрсақтан шығу. Ойынның барысында шартты түсіндіру керек. Бала тар құрсақтан өткенде түртпейді, күлмейді, сөйлемейді, артық қимыл жасамайды т.б. себебі өтетін баланың психикасына әсер етуі мүмкін сондықтан да үнсіздікті сақтау арқылы жүргізу керек. Ойынның басында оқушылар бір-біріне қарама-қарсы тізерлеп отырады. Ойын соңында не сезінгендерін сұрау.

  • ана құрсағында жатқанда қандай күйде болдың.

  • тар құрсақтан өткенде және шыққанда қандай сезімде болдың.

6. Ана мен бала. Мақсаты:Оқушыларға ана мен баланың бір-біріне деген жылулығын сезіндіру.

Ойын барысы: Оқушыларды екі топқа бөліп екі шеңбер жасатады. Бірінші шеңбердегі балалар тізесін құшақтап көзін жұмып отырады. Екінші шеңбер олардың сыртынан тұрып тұрады. Ойын басталғанда шеңбер сыртымен жүреді де педагогтың белгісімен тоқтаған жеріндегі оқушының ту сыртынан отырып алақанының бар жылуы мен арқасын сипайды баланың одан барып екі қолын сипайды, үшінші екі тізесін құшақтап өзіне тартып әлдилейді. Яғни әрі-бері теңселтеді де қайта орнына қойып алдында істеген жаттығуын қайталайды да орнынан тұрып шеңберді айналып 2-3 балаға қайталап істейді. Аяқтағаннан кейін әр жерге отырғызады да шеңбер ішіндегі балаларға көздерін ашқызып орындарынан тұрғызады да екі шеңбердің орынын ауыстырып жасатады (бірінші шеңбердегілер ананың орында, екінші шеңбердегілер баланың ролін ойнайды). Ойын соңында сезімдерін сұрау.

  • бала болғанда не сезіндің

  • ана болғанда не сезіндің т.б.

7. Кәрілікті сезіну. Мақсаты: Оқушыларда деген үлкенге құрмет, аяушылық сезімін тудыру және өздері есейгенде кәрілердің орнында қандай күй кешетінін сезіндіру. Керекті зат: Екі метр жіп.

Ойын барысы: Оқушыларды еңкейтіп жіппен орап жүргіздіру. Баспалдақтан түсіп-шығу, ұзақ жол жүргізу т.б. Соңынан олардан өздерін қалай сезінгенін сұрау.

  • өздерің кәрінің орнында болғанда қалай сезінеді екенсің.

  • кәрі болған қалай екен.

8. “Дененің құрыс-тырысын жазу”.Мақсаты: Қанның қозғалысын дамыту.

Ойын барысы: Барлығы тізерлеп қарама-қарсы отырады. Бір оқушы екі ортадан тар жерден ішімен еңбектеп өтеді. Өткен кезде аямай шымшып, ұрғылау керек. Барлық оқушы кезек-кезек жүріп өтеді. Ойын соңынан қандай сезімде денелерімен не сезгенін сұрау.

Тренинг соңынан барлығы дөңгелек отырып бүгінгі тренингтен қандай әсер алғандарын сұрау. Іштеріндегі барлық эмоцияларын сыртқа шығаруды сұрау. Егерде біреуге өкпелеп, ренжіген болса өздерімен алып кетпей осы жерде қалдыруды сұрау. Рахмет айтып тренинг аяқталғанын айту.

9. Қоштасу. “Шуақты күн” Мақсаты: Ойын арқылы балалардың ойында әртүрлі ержелерді сақтауға үйрету.

Ойын барысы: Шеңбер құрып, қол ұстасып, көршілеріне мейірлене қарап, бір-біріне жақсы лебіз, жылы тілектерін білдіреді. Балалар өздеріне таныс ережелерді сақтап, гүлді бір-біріне ұсынып, олар педагогқа гүл шоғы боп оралады. Оны “Шуақты күн” деп атайды.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
ТРЕНИНГ "Тела, всестороннего осознания психотерапия"

Автор: Маратқызы Жанат

Дата: 01.03.2018

Номер свидетельства: 460281


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства