Саба?ты? ма?саты: 1. О?ушыларды зиянды ?деттерге негативті к?з?арас ?алыптастыру.Теориялы? білімдерін пайдалана отырып, берілген тапсырмалар бойынша шешім ?абылдау?а, ?орытынды шы?ару?а баулу. О?ушыларда ?з денсаулы?ын ?алыптастыра отырып, ?з ісін ?ада?алау?а, ?з ісіне жауапкершілікпен ?арау?а т?рбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Темекі денсаулы? д?шпаны»
Сабақтың тақырыбы:Темекі - денсаулық дұшпаны Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды зиянды әдеттерге негативті көзқарас қалыптастыру.Теориялық білімдерін пайдалана отырып, берілген тапсырмалар бойынша шешім қабылдауға, қорытынды шығаруға баулу. Оқушыларда өз денсаулығын қалыптастыра отырып, өз ісін қадағалауға, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Міндеттері: Оқушылардың жұппен, топпен жұмыс жасай отырып, ойлау, өз пікірін еркін жеткізу, ізденгіштік, салыстыру қабілеттерін дамыту. Оқушыларды ережені сақтай отырып, бір - бірін тыңдай білуге, сыйлай білуге, жәрдемдесе білуге, қолпаштай білуге, ортақ шешім қабылдай білуге тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыру; жұптық, топтық жұмыстар негізде диалогтік қарым - қатынасқа түсу арқылы сөйлеу қабілетін дамыту, шешім қабылдауға, басқаларды тыңдай білуге үйрету. Сабақтың түрі: сайыс сабақ Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, топтық жұмыс Көрнекілігі: слайдтар, Венн диаграммасы, сызба, суреттер.
Сабақтың барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушылардың назарын сабаққа аудару. Психологиялық дайындық (шаттық шеңберін құрып, бір - біріне жүрек жылуын сыйлауы.) Армысың, асыл күн! Армысың, асыл жыр! Армысың, көк аспан! Армысың жан досым! Жылуыма жылу қос, Міне, менің қолым! 2.Кіріспе сөз:
Бүгінгі тақырыбымыз « Темекі - денсаулық дұшпаны» деп аталады, демек, темекінің адам ағзасына тигізетін зиянды әсері туралы болмақ.
«Темекі қайдан шықты?» “ Темекі ”деген сөз Тобого деген арал атынан шыққан көрінеді. 1492 жылы 15 қазанда орталық Америка жағалауларына келген испан матростарының айтуынша, “ tobacco ” деген сөзбен жергілікті тұрғындар дәстүрлі темекі шегуге арналған үлкен кептірілген жапырақтарды атаған. 1959 жылы Португалиядағы француз елшісі Жан Нико Франция елінің ханшайымы Екатерина Медичиге үздіксіз бас ауруынан сауығуға көмектеседі деп темекінің жапырағы мен тұқымын сыйға тартады. Осыдан көп ұзамай – ақ, бүкіл Францияда темекі иіскеу сәнге айналды. Жан Никоның құрметіне өсімдік латынша “ Nicotiuna ” деген атты иеленді, ал ХІХ ғасырдың басында одан бөлінетін алколоид “ Никотин ” деп аталды. Темекінің зияны. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша темекі тарту зардабынан жыл сайын 5 миллион адам қайтыс болады екен. 2027 жылы темекі тартудан қайтыс болғандар саны 10 миллионға жетеді еген болжам бар. Соңғы уақытта темекі тартатындар арасында көмейдің қатерлі ісігі 6 - 10 есе, өңештің ісігі 2 - 6 есе, жоғары. Бір түйір темекі тарқан адам 0, 4 - 3, 5мг улы никотин қабылдайды да өз өмірін 15 минутқа қысқартады. Темекіден ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы, 384мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 660мың тонна темекі майы, 550мың тоннадай иісті газ шығады. Салмағы 1мг темекіде 10 - 15мг никотин болады. Темекі шоғының қызуы 300 градусқа жетеді, оны сорғанда ауыз қуысында 60 градусқа дейін температура пайда болады. Бұл ауыз, өңеш, кеңірдек, тыныс жолдары мен асқазанның шырышты қабығының нәзік жасушаларын күйдіреді. Темекі шеккен адам шекпеген адамнан 10 - 15 жыл аз өмір сүреді. Темекінің әсері. Темекі тарту неғұрлым кен тараған зиянды әдеттердің бірі. Ол жасөспірімдердің бойында, көбіне өздерінің “есейгендігін” көрсетіп, ересектерге еліктеуінен туады. Темекінің құрамындағы негізгі әсер етуші зат – никотиннің шамалы қоздырушы әсері. Міне сол темекі тарту әдетін қалыптастыруға себепші болады. Никотиннің мұндай қасиеті халық арасында “темекі” адамды сергітеді, оның интеллектуалдық белсенділігін арттырады” деген қате пікір тудырған. Алайда никотиннің мұндай әсері организмге зиянын тигізіп төптеп келгенде нерв жүйесін әлсіретеді. Ойланып толғанатын сәттерде кейбіреулер үздіксіз темекі тартады, бірақ көңіл күйі көтерілудің орнына, ол никотинмен барынша уланады. (Басы ауырады, таңдайы кебірсиді, ұйқысы келеді.) Темекіні тартуды көптен бері әдетке айналдырған адамдарда никотинді қажетсіну сезімі туады, яғни олар темекі тартуын қойса немесе кемітсе, көңіл қошы болмай өздерін ауыр сезінеді. Қалай болғанда да никотин және темекінің жану барысында шығатын басқа да заттар денсаулыққа зиянды әсер ететіндіктен, темекі шегуден бас тарту қажет. Темекі тартудың бастапқы кезінде – ақ тыныс алу және жүрек тамыр жүйелері қызметінің бұзылып, дене мүшелері мен ткандердің оттегімен қамтамасыз етілуінің нашарлай бастағаны (темекі артерия қанында оттегін тасымалдайтын гемоглобинге кері әсер етеді) байқалады. Темекі тартатындар жұқпалы ауруларға шалдыққыш мысалы, олардың араларында тыныс жолы ауруларымен ауратындар темекі тартпайтындарға қарағанда 4 есе жиі ұшырасады. Табиғи және өндірістік факторлардың қолайсыз әсеріне төзімсіз келеді. Темекі тарту жүрек тамыр жүйесінің тыныс алу және ас қорыту мүшелерінің ауруға шалдығу, қатерлі ісіктің пайда болу қауіпін тудырады.
3. Мұғалім: Бір данышпан темекі туралы сұрағанда « мен темекінің үш жақсы жағын білемін» депті: Біріншіден, темекі шеккен адамның үйіне ұры түспейді. Екіншіден, темекі шеккен адамды ит қаппайды. Үшіншісі, шылымқор жан мәңгі жас болып өтеді. Мұны дәлелдеп берсеңіз дегенде: ... Темекі тартқан адам түнімен күркілдеп жөтеліп шығады. Түнде келген ұрылар болса, үй иесі ояу екен деп ойлап, кері қайтады. Көп жөтелген адамның белі бүгіліп, ерте таяқ ұстауға тура келеді. Таяқ ұстаған адамнан ит те жасқанады. Темекіні көп тартқан адам ерте өледі. Мәңгі жас болып өтеді дегенім осы,- деген екен.
4. Электронды почта. «Темекіден хат!»
1 - топқа: Сәлем досым! Мен сымбатты да әдемімін. Иісім қандай жағымды! Менің әсерімнен рақаттанасың. Менің досым бол, кел, кел! 2 - топқа: Сәлем досым! Бәрінен де мен күштімін. Ең рақаты, ең тиімдісі мен боламын. Мені шегіп, күш - жігерің артады, көңіл - күйің көтеріледі. Мен сені ешуақытта тастамаймын, адал дос боламын. Кел, менімен дос бол.
Жағдаят кезеңі. I – топқа тапсырма. Темекі тартып отырған адамды бықсып жатқан пешпен салыстырайық. Пеш түтіні тартпай, бықсып, түтіні бері шығып жатыр, одан шыққан түтін көзді ашытады, қақалтады, жөтелтеді, адамның жүрегі айниды. Мұндай жерде ұзақ отыру мүмкін емес. Ал, темекі тартатын адамның аузынан, мұрнынан түтін шығып жатыр. Өзің ойлан! Қорытынды шығар. II - топқа тапсырма.
Біз бір тамақтан: - жиіркенсек - құсқымыз келсе - бас айналса Ол тағамға еш уақытта жақындамаймыз. Олай болса неге адамдар темекіге организмдерін зорлап көндіреді? Ойлан! Қорытынды шығар.
7. Медбике.(темекінің жеңіл және ауыр түрдегі аурлары туралы баяндама)
8. Темекінің пайдасы мен зиянды жақтары(топ мүшелері өз пікірлерін айтып өтеді) 9. Венн диаграммасы. Спортшы мен шылымшының айырмашылығы мен ортақ қасиеттерін атап жазып шығу.
10. Қорытынды. Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін!»
Мен жастарға сенемін!
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты
– Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн!
Көздерiнде от ойнар,
Сөздерiнде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемiн!
Жас қырандар – балапан,
Жайып қанат ұмтылған.
Көздегенi көк аспан.
Мен жастарға сенемiн!
Жұмсақ мiнез жiбектер.
Сүттей таза жүректер.
Қасиеттi тiлектер –
Мен жастарға сенемiн!
Тау суындай гүрiлдер,
Айбынды алаш елiм дер,
Алтын Арқа жерiм дер,
Мен жастарға сенемiн!
Қажу бар ма тұлпарға,
Талу бар ма сұңқарға,
Иман күштi оларда,
Мен жастарға сенемiн!...
Алаш айбынды ұраны,
Қасиеттi құраны,
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемiн!
Мен сенемiн жастарға.
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бiр таңда,
Мен жастарға сенемiн!-деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.