kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тема:Темперамент

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Темперамент (лат. temperamentum – надлежащее соотношение частей) — устойчивое объединение индивидуальных особенностей личности, связанных с динамическими, а не содержательными аспектами деятельности. К свойствам темперамента относят индивидуальный темп и ритм психических процессов, степень устойчивости чувств, степень волевого усилия. Тип темперамента тесно связан с врожденными анатомо–физиологическими особенностями высшей нервной деятельности. Вместе с тем возможны определенные прижизненные изменения показателей темперамента, связанные с условиями воспитания, с перенесенными в раннем возрасте болезнями, особенностями питания, гигиеническими и общими условиями жизни.
   В исследованиях В.С. Мерлина на основе формально–динамических свойств психической деятельности и свойств нервной системы были выделены следующие основные параметры темперамента:
   — эмоциональная возбудимость;
   — возбудимость внимания;
   — сила эмоций;
   — тревожность;
   — реактивность непроизвольных движений (импульсивность);
   — активность волевой, целенаправленной деятельности;
   — пластичность — ригидность;
   — резистентность;
   — субъективация.
   Психодинамическими осо

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«тема:Темперамент»

Тақырып: Темперамент тұлғаның базалық ерекшелігі ретінде.

Жоспар

1. Темперамент туралы түсінік

2. Темперамент туралы теориялар

3. Темпераменнтердің психологиялық сипаттамасы

 

1. Темперамент жөнінде түсінік.

Темперамент – 15 ғасырдан бері ғылыми ойды қызықтырған мәселелердің бірі. Оған деген қызығушылықтың төркіні – адамдар бойында болатын дара өзгешеліктер.Әр адамның,баланың жан дүниесі өз алдына бір болмыс.Оның қайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден - әлеуметтік ерекше байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында.Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы,тұрақтылығы, ауыспалы – қозғалғыштығы – бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі. Дегенмен, осы күнге дейін темперамент мәселесінің шешілмеген, талас – тартысты қырлары баршылық. Бірақ проблемаға байланысты көзқарастардың көпшілігіне қарамай, ғалымдардың бәрінің мойындайтыны:темперамент – жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи ірге тасы. Темперамент көбіне адамға тума берілген әрекет – қылығының ұдайы қозғалыстағы сипатын белгілейді. Сондықтан, темпераменттік қасиеттер басқа психикалық құбылыстарға қарағанда тұрақтанған, өзгеріске келе бермейді. Назар аударарлықтай ерекшелік, темпераменттің әрқилы қасиеттері бір – бірімен кездейсоқ қосылмай, заңдылықтар негізінде түрлі темпераменттің белгілі құрылымын түзеді. Сонымен, темперамент – адамның психикалық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы.бұл психикалық ерекшеліктер адамның барша іс - әрекетінде оның мазмұны, мақсаты және себеп – салдарына тәуелсіз бір қалыпты көрінеді. Есейген шақта да, өзгеріске түспей, өзара байланыста темперамент кейпін өрнектейді. Темперамент түрінің жақсы не жаманы болмайды. Олардың әрқайсысы өзінің ұнамды тараптарына ие, сондықтан басты назар темпераментті реттеп, түзетүге қаратылмай, нақты іс - әрекетте оның тиімді жақтарын саналы әрі өз орнымен пайдаланудың жолдарын табуға бағытталғаны жөн. Адам ежелден – ақ әрқилы тұлғалардың психикалық бітістерін айыра танумен, олардың барлығын жалпыланған аз санды саналық бейнелер бірігін психология тарихында алғашқыдан темперамент типтері деп аталады. Темпераменттің бұл бірігімдік жүйесі өмірлік іс- әрекет Тұрғысынан өте тиімді, себебі оны пайдалана отырып, нақты тұрмыстық жағдайларда белгілі темперамент типіне жататын адамның болашақ әрекет – қылығын күні ілгері пайымдауға болады.

2. Темперамент туралы теориялар.

Темперамент жөніндегі ғылымның ірге тасын қалаған ежелгі грек дәрігері – Гиппократ.Оның  тұжырымы бойынша, адамдар төрт «дене шырындарының» - қан, шырыш, өт, запыран - өзара қатынасымен ажыратылады. Осы психологиялық тағылымды арқау ете отырып, ежелгі дүние дәрігері Клавдий Гален алғашқы рет темперамент түрлеріне ғылымдық сипат берді. Гален темперамент түрін жоғарыда аталған шырындырдың бірінің басымдылығымен байланыстырды.

Ол біздің заманымызға дейін жеткен темперамент атауларын белгіледі: сангвиник (sangius – қан), флегматик(phlegma – шырыш), холерик( chole - өт), меланхолик(melaschole – запыран). Гален ендірген бұл ғажайып жаңалық кейінгі  жүзжылдықтар желісінде көптеген ғалымдар ізденісіне күшті ықпалын тигізді.

Ежелгі дәуірлерден бастап зерттеушілер адамдардың дене құрылымы және физиологиялық қызметінің ерекшеліктерімен сай келетін көп түрлі әрекет – қылықтарды тастап, ретке келтіруге ат салысты. Осыған орай темпераменттің көп түрлі типологиясы қалыптасты. Бұлардың ішінде назар саларлықтай тип – адамның дене құрылымына байланысты дараланып, тума темперамент қасиеттеріне негізделген – конституциялық типология (Э. Кречмер). Бұл теорияның мәні: әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшелікке ие.  Осыдан, дене мүшелерінің сырттай өлшемдеріне байланысты төрт конституционалды психикалық тип белгіленген:

1.Лептосоматик- бойшаң, нәзік денелі, тар иықты, қол-аяғы ұзын, сидыйған.

2. Пикник- мығым, сезімшең, кіші не орта бойлы, қарны қампиған, домалақ бас.

3. Атлетик- бұлшық еттері күшті дамыған, денесі мығым, берік, ұзынша не орта бойлы, кең иықты, жамбас сүйектері тартылған.

4. Диспластик-дене бітімі қисынсыз. Бұл адамдар әрқилы мүшелік зақымдарға ұшырағандар.

Жоғарыда баяндалған конституциялық типология теориясының негізін қалаған- Э. Кречмер. Бұл теория Батыс Европада кең қолдауын тапты. Ал осы теорияны арықарай жалғастырған У. Шелден болды. Сонымен, әр адамның темпераменті әртүрлі, соған байланысты адамдар да әртүрлі.

3. Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы.

Сангвиник.

Бұл тип өкілі- еті тірі, қабілетті, қозғалғыш оқушы. Ондай оқушы ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді,сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа оқушылармен тез тіл табысады. Қысылып- қымтырылмайды, кісіге қайырымды. Сангвиниктерді  оқу үрдісінде бақылаған жақсы, яғни оқу үстінде олар қасиеттерін айқын көрсетеді. Егер оқу материалы қызықты және жас ерекшелініне сай болса, онда кіші оқушы жаңа берілген материалды тез қабылдайды, жеңіл есте сақтайды. Ал егер материал  қызықсыз және оны оқу үшін көп уақыт қажет болса, онда оқушы оны есте ұзақ уақытқа сақтай алмайды. Сангвиниктерді дұрыс тәрбиелегенде, оны жоғары дәрежеде жетілген бірлік және қайырымдылық сезімі оқуға деген белсенділігі ерекшелендіріп тұрады. Жағымсыз жағдайларда, жүйелілік пен бірізділік жоқ кезде, сангвиник жеңілтектік, бейбастық, шашыраңқылық байқалады. Осындайда олар кейде оқуға жауапкершіліксіз қарайды.

3-ші сыныпта оқитын сангвиник типінің өкілін алатын болсақ, олар еті тірі, белсенді болып келеді. Сабақ үстінде тынышсыз, жиі алаңдайды, сабақта достарымен көп сөйлеседі. Сыныпта өтіп жатқан барлық жағдайларға мән беріп отырады. Достарының арасында ылғм да сыйлы және оларға көптеген қызық әңгімелер айтады. Осы оқушы жаңа ортаға тез бейімделеді. Егер берілген жұмыс немесе тапсырма жеңіл болса, оқушы оны тез орындайды, ал жұмыс қиын, қытымыр, ұзақ болса, жұмысқа суып кетеді. Егер математика сабағында  есеп беріле сала сол оқушы жауабын айтса, және бұл жауабы қате болса, ол арықарай шығарып, дұрыс шешуін іздемейді, келесі жұмысқа көшеді.

Флегматик.

Бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Психикалық процесстер флегматикте баяу жүреді. Бұл баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді, ең кедергі келтіретін жері:тез есте сақтау, тез ойланып жауап беру.  Кейде флегматиктер  жамандықты есте сақтап қалады және ұзақ мерзімге. Адамдармен қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал орынсыз сөйлемейді. Көңіл- күйі тұрақты. Олардың байыптылығы мен байсалдылығы өмірге деген көзқарасынан да көрінеді. Флегматикті ызаландыру немесе эмоционалды әрекет жасау оңай емес, ол ұрыс- керістен аулақ жүреді, оны әртүрлі қиыншылықтар тепе-теңдігінен шығармайды. Флегматикті дұрыс тәрбиелегенде іскерлікті,талапшылдықты орнатуға болады. Бірақ жағымсыз жағдайларда оларда әлсіздік, жалқаулық пайда болады.

Мысалы 2-ші сынып оқушысы – флегматик, ол барлық істі баяу, байыппен, асықпай істейді. Одан сабақ сұраған кезде, ол баяу орнынан тұрып, азғана үндемей тұрады да,  сабақты үйден қараған болса, бірқалыпты дауыспен сабақ айта бастайды; ал егер үйде оқымаған болса, мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап қайтармай үнсіз тұрады. Кейде ондай оқушылар мұғалімді ызаландырады, ал достары оның баяулығына күледі. Бірақ, флегматик оқушы – жақсы дос,ашық және өте ұстамды, оны ренжітіп алу немесе күлдіру өте қиын.

Холерик.

Бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдылығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Оларда психикалық процестер шапшаң өтеді. Күйгелектік сондай акдамдарға тән. Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп, күші таусылғанда оны тастап кете береді. Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз, агрессивті,шамданғыш болып келеді. Сондықтан, холерик болған жерде ұрыстар жиі болады, Холерик темпераментінің жағымды жағы – энергия, белсенділік, құштарлық, инициативтік. Жағымсыз жағы – ұстамсыздығы,қаталдық, қатаңдық, шамдану, ыза.

Мысалы, кіші холерик оқушыда талпыныс пен құштарлық  ерекше көзге түседі. Тіпті партада мұғалімді тыңдап отырған холерикті анық мимика мен  энергетикалық белгілер арқылы ажыратуға болады. Тақтада жауап бергенде,  кіші оқушы бір аяқтан екіншісіне ауыстырып тұрады, өте жылдам жауап береді. Ондайлар тез істеуге, үлкен өзгерістерге құлшынып тұрады. Міне, мұғалім кезекшіні бор әкелуге жіберді делік, ол жиналып барғанша, холерик оқушы орнынан тұрып борға өзі жүгіріп кетеді. Бұл оқушы әр нәрсеге құштар, істі бастағанда, оны өте тез және беріліп істейді де, түрлі кедергілерден жеңіл өтеді. Ол өте ұстамсыз, өте қарапайым қиыншылықтар үшін күйіп-пысады, мұғалімдер мен ата-аналарына айқайлап сөйлейді. Бірақ ол агрессиялық күйден қайта қалпына келгенде, олай істеуге болмайтынын түсінеді, сонда да ол өзіне ештеңе істей алмайды.  Оның ұстамсыздығы оған көп кедергі жасайды және ол үнемі достарымен ойын үстінде ұрсысып, мұғаліммен сабақ үстінде ұрсысады.

Меланхолик.

Бұл темперамент өкілінде психикалық процесстер өте баяу жүреді. Қатты тітіркендіргіштерге жауап бере алмайды, ұзақ және қатты күш түсірсе, олар жұмыс істей алмайды. Олар өте тез шаршайды. Бірақ қалыпты қоршаған ортада, мысалы,үйде ондай балалар өздерін жақсы ұстап, іс-әрекеттерді жақсы орындайды. Эмоциялары баяу туады, бірақ тереңдігімен және күштілігімен ерекшеленеді. Олар өте сезімтал, реніштерін іште сақтап, оларды көп ойлай береді, бірақ сондай қиыншылықтар бар екенін ешкімге көрсетпейді. Меланхоликтер тұйық,таныс емес адамдармен сөйлеспейді, жаңа ортада қатты қысылады. Жағымсыз жағдайларда ауруға айналған осалдық, қысылу, көңілсіздік, пессимизм пайда болады. Меланхолик кіші оқушы коллектив арасында болуды ұнатпайды. Ал егер оны дұрыс тәрбиелесе, қызығушылығы, эмоция сезімі, қабылдауы арта түседі.

Мысалға мен 4-ші сынып оқушысын алайын. Ол тұйық, ұялшақ және ол ешкімге көрінгісі келмейді. Біреуден қорқып жүрген сияқты. Проблемаларды терең сезініп, көп  уайымдайды. Сабақ айтып тұрған кезде қызарып кетеді, сабақты біліп тұрса да сасқалақтап жауап бере алмай қалады. Істегісі келмейтін жұмыспен айналысса, тез шаршап кетеді. Достарына көмектесуді ұнатады.

Қорытынды

Сонымен, адамның қай мазмұнда болмасын өз іс - әрекетін жүзеге келтіруі тікелей темпераментке байланысты. Темперамент психикалық процестердің желісінде көріне отырып, еске түсіру, қабылдағанды бекіту жылдамдығына ықпалын тигізеді, ой жүйріктігі мен зейін тұрақтылығын және оның ауыспалығын айқындап береді.

Темперементтерді тәрбиелеуде баланың ерік – жігерін, мінез бітістерін, сезім эмоцияларын тәрбиелеумен ұштастыруға жүргізілген дұрыс. Адамның өзін - өзі ұстай алу қабілетінің дамуы темперамент тәрбиесіне жақсы жәрдем береді.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Бап – баба С.Б.. Жантану негіздері: Алматы, Заң әдебиеті, 2003.- 306 б.

2. Жарықбаев Қ. Жалпы психология.- Алматы, 2004.- 377 б.

3. Жарықбаев Қ. Жантануға кіріспе, Алматы, 2004

4. Немов Р.С. Психология. – М., 2001





















































Темперамент тұлғаның базалық ерекшелігі ретінде.

Темперамент деп психикалық процестер ағысының жылдам, не баяулығы, қимыл – қозғалыстар мен көңіл күйдің түрлі деңгейіне адамның жүйке саласының тыстан берілетін ерекшеліктерінің жиынтығын айтады. Темперамент адамның жеке қасиеттерінің ішінде айрықша белгілермен ерекше көзге түсіп отырады. Темперамент ұғымын жан қуаттарының ағысы (тез немесе өте баяу) қозу, тежеу процестерінің дәрежесі (тез не баяу), көңіл күйінің деңгейі (тұрақты, тұрақсыз) сияқты ерекшеліктерін құрастырады. Осы шарттарды негіз етіп, айтылған ерекшеліктерді еске алып, тнмпераменттерді 4 түрге бөлуге болады. Олар: 1. Сангивиникалық. 2. Холерикалық. 3. Флегматикалық. 4. Меланхоликалық темперамент.

Жоғарыдағы айтылған негізгі шарттарға сүйене отырып, бұл темпераменттердің әрқайсысына мына сияқты сипаттама беруге болады: 1. Сангвиникалық темпераментіндегі адамның жан қуатының ағымы ширақ,  дене қимылдары мен бет қимылдары өзгермелі, эмоциялық қозулары әлсіз, көңіл күйі тез ауысып отырады. Жүріс- тұрысы да жылдам, ашулануы да, қуануы да тез, көңіл күйі өзгермелі болады. Мұндай кісі онша кек сақтамайды, қазір біреумен ерегісіп қалса, біраздан кейін ашуы тарап кетеді; 2. Холерикалық темпераменттің өкілінде психикалық әрекеттің ағысы тез және күшті болып келеді. Көтеріңкі, көңілді көзі оттай жайнап, сөйлегенде жұртқа кезек бермейді, былапыт сөзге үйір. Бір сөзбен айтқанда, ұстамсыз, құйындай адам. 3. Флегматикалық темпераментіндегі адам психикасы жай, жайбарақат болады. Дене қимылы, бет қимылы шабан, көрнексіз. Тежеулері бір қалыпты, қимыл – қозғалысы баяу, көңілі тұрақты болып, жайбарақат тіршілікпен жүріп жатады. Бұл адамдар көбінесе өздерінің жүріс – тұрысында сабырлы, мінезді болып келеді. 4. Меланхоликалық темпераментіндегі адамдардың психикасы жай, дене, бет қимылдары баяу, солғын болып келеді. Меланхоликалық кісі жүріс – тұрыстары өте жай, аса сылбыр, қимыл – қозғалыстары көрнексіз, ажарсыз болады, ойын – күлкіні көп жақтырмайды, көпшіліктен аулақ жүреді, жұртпен араласуды қаламайды, өзінен — өзі тұңғиыққа батқандай, үнемі уайым – қайғыға түскендей қалып байқатады.

Темпераменттердің осы 4 түрінің біреуі жақсы, біреуі жаман деп айтуға болмайды. Өйткені, олардың әрқайсысының да ұнамды, ұнамсыз жақтары да бар. Егер сангвиниктің ширақ болуы, көңілінде кек сақтамауы жағымды болса, көңіл күйінің бір қалыпты болмауы өзгеріп, құбылып тұруы, бір бастаған жұмысын аяқтап, ақырына жеткізбеуі жағымсыз жағы болып табылады.

Холериктің өте жігерлі болуы жағымды болса, көңілінің өте қатаң ұйытқымалылығы, ұстамсыз – тұрақсыздығы қолайсыз жағы болып табылады. Флегматиктің сабырлы, салмақты, көңілі тұрақты болуы жағымды болса, қимыл – қозғалыстарының баяулығы, шабан болып келуі жағымсыз жағы болады. Ал меланхоликалық адамның көңілінің тұрақты болуы, қолына алған бір жұмысты аяғына дейін апаруы жағымды жағы болса, өте сылбыр болуы, көбінесе көпшіліктен бөлек жүріп, өзімен — өзі болып, өзінен-өзі жүнжіп кетуі жағымсыз жағы болып табылады. Міне, осы себептен бұл темпераменттердің мынауысы жақсы, мынауысы жаман деп айтуға болмайды. Темпераменттердің осы түрлері шартты түрде сипатталған деуге болады. Өмірде темпераменттердің таза түрін кездестіру қиын, өйткені бұлардың жекелеген элементтерін әр темпераменттен де кездестіруге болады. Жүйке саласының өзгешеліктерін лабораториялық жағдайда зерттеу арқылы ғана бұларды даралап анықтауға мүмкіндік туады.

Физиолог И.П.Павловтың айтуынша, осы айтылған төрт темпераменттің қосындысынан тағы да темпераменттің бірнеше түрін шығаруға болады. Ол жеке темпераменттердің түрлерін 24-ке жеткізуге болады дейді. И.П.Павловтың жоғары жүйке қызметінің типтері туралы ілімі (1924) темперамент мәселесін ғылыми жолмен түсіндіруге жағдай жасады. Ғалым организмнің (иттің) жүйке саласындағы негізгі үш қасиетінің қызметімен байланыстырады:

1. Негізгі жүйке процестері (қозу, тежелу) күшті, әлсіз болуы. Мысалы, иттің жүйке саласының күшті екенін айыруда, шартты рефлекс ретінде өте күшті тітіргендіргіштердің әсерін байқаған. Кейбір реттерде өте күшті дыбыстардың әсерінен шартты рефлекстер пайда болған, енді біреулерінде мұндайда жағымсыз сезімдер пайда болып, шартты рефлекс жасалмаған. И.П.Павлов күшті қоздырғыштармен шартты рефлекс тудырған иттің жүйке саласы күшті деп, ал рефлекс туғызбайтындарды жүйкесі әлсіз деп есептеген.

2. Қозу және тежеу жүйке процестерінің бір – бірімен тепе – теңдігі. И.П.Павлов иттердің жүйке саласындағы қозу мен тежелу бір – бірімен тепе – тең бе, не тежелу, қозуынан басыңқы ма, не керісінше бұлардың қайсысы күшті, осы мәселеге қатты назар аударған. Тәжірибеде иттердің тежелу процестерінің тепе – теңдігі түрліше болған. Кейбіреулерінің қозуы мен тежелуі тең болса, енді біреулерінің қозу процестері басымырақ болған.

3. Қозу және тежелу жүйке процестерінің жылдамдылығы. Мұны анықтау үшін И.П.Павлов иттердің шартты рефлекстері пайда болуында бір шартты қоздырғыштан, екінші шартты қоздырғышқа тез ауыса алуын зерттеген. Егер иттер бір шартты қоздырғыштардан, екіншісіне тез көшіп, соларға да шартты рефлекс пайда болдырса, оны И.П.Павлов жылдам ауысады деп, шартты қоздырғыштарға тез ыңғайлана алмағандарын «шабан ауысады» деп белгілеген.

Міне, осы жоғарыда айтылған үш негізгі жүйке саласының белгісіне сүйене отырып И.П.Павлов хайуанаттардың жүйке саласын негізгі төрт түрге бөлген. Олардың үшеуі күшті типтер де біреуі әлсіз тип. Үш күшті типтің екеуінің қозу мен тежелу процестері тең, ал біреуінің қозу, тежелу процестерімен тең емес, яғни қозуы тежелуінен басымырақ.

1. Қозу мен тежелу процестері тең, күшті және жылдам қимылдағыш тип, басқаша айтқанда, оны Павлов ширақ тип деп атайды. Жүйке саласының осы типі жоғарғы айтылған темпераменттің сангвиника дейтін түріне сәйкес келеді.

2. Қозу, тежелу процестері тең, бірақ, олары баяу алмасады. Мұны И.П.Павлов, баяу тип деп атайды. Жүйке саласының бұл типі флегматикке сәйкес келеді.

3. Қозу мен тежелу процестері тең емес, қозуы басым, күшті, ұстамсыз тип. Бұған темпераменттің холерика дейтін түрі сәйкес келеді.

4.  Қозу, тежелу процестері қай жағынан да өте әлсіз тип. Бұл тип меланхолик темпераментінің физиологиялық негізі болып табылады.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.    Бап – баба С.Б.. Жантану негіздері: Алматы, Заң әдебиеті, 2003.- 306 б.

2.    Жарықбаев Қ. Жалпы психология.- Алматы, 2004.- 377 б.

3.    Жарықбаев Қ. Жантануға кіріспе, Алматы, 2004

4.    Немов Р.С. Психология. – М., 2001



.

Психолог: Байбатшаева Г.С.

























Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі»РМҚК





БЕКІТЕМІН

Директордың әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

___________Б.Ж.Бахтиярова

«____»__________2016жыл





Психологтар актив сағатының тақырыбы: «Темперамент тұлғаның базалық ерекшелігі ретінде»











Дайындаған:Г.С. Байбатшаева













Семей

2015-2016 оқу жылы

Жалпы білім беретін пәндер циклдық комиссиясы отырысында қарастырылды

Төрайымы __________К.Б.Қуанышева

Хаттама №

« »ақпан 2016ж




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
тема:Темперамент

Автор: Байбатшаева Гульнур Советовна

Дата: 19.04.2016

Номер свидетельства: 320226


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства