kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Та?ырыбы: "Адамгершілік «Айналайыннан» басталады"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы:  Адамгершілік «Айналайыннан» басталады.

Ма?саты:

  1. Хал?ымызды? салт-д?ст?рін, т?рбие бастауларын, ?айнар к?зін о?ушыларды? бойына сі?іру.
  2. О?ушыларды? зерттеу жасау, іздену ?абілеттерін дамыту, ?з-?зіне деген сенімділігін арттыру.
  3. С?йіспеншілікке, имандылы??а, ?лкенді ??рметтеуге, кішіге ?ам?ор болу?а т?рбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: "Адамгершілік «Айналайыннан» басталады"»

Тақырыбы: Адамгершілік «Айналайыннан» басталады.

Мақсаты:

  1. Халқымыздың салт-дәстүрін, тәрбие бастауларын, қайнар көзін оқушылардың бойына сіңіру.

  2. Оқушылардың зерттеу жасау, іздену қабілеттерін дамыту, өз-өзіне деген сенімділігін арттыру.

  3. Сүйіспеншілікке, имандылыққа, үлкенді құрметтеуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: слайд-шоу, нақыл сөз бен мақалдар, түрлі-түсті шарлар, үнтаспа, плакат, краскалар мен қылқаламдар, түрлі түсті қарындаштар, жүрекшелер.

1.«Жаңа ғасыр-адамгершілік ғасыры, ал адамгершілік бастауы - мектеп»

Н.Ә.Назарбаев

2.Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді. (Мақал)

3.Жанды жаралайтын да сөз, емдейтін де сөз. (Мақал)

4.«Жақсы сөз – жарым ырыс» (Мақал)

5.Жылуы бар жүректен жылытатын сөз шығар, жылуы жоқ жүректен жылататын сөз шығар.

Сабақтың түрі: тренинг

Әдіс-тәсілі: «Нұрға бөлену» тыныштық сәті, әңгімелеу, баяндау, көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, жеке жұмыс, топпен жұмыс.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

-Оқушылардың назарын тренингке аудару.

-5 типті ескеру (тәртіп, талап, тазалық, татулық, тыныштық)

«Нұрға бөлену» тыныштық сәті ұйымдастырылады.

Кіріспе (мұғалімнің сөзі)

-Бүгінгі тренингіміз «Адамгершілік «Айналайыннан» басталады» деп аталады. Қазақ халқы ежелден сөз қадірін білген, сөзге тоқтаған. Ұрпағына «Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді», «Жанды жаралайтын да сөз, емдейтін де сөз», «Жақсы сөз – жарым ырыс», «Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле» деп үлкен міндет жүктеген. Аңдамай сөйлесең, ауырмай өлесің, қадір-қасиетің кетеді, елге күлкі боласың» деп ескеріп, сөз құдіретін асырып отырған. Ұрпақ жадында сақталып бізге жеткен сөздер бабаларымыздың аманаты еді. Сондықтан да сөзді сақтау, оны қадірлеу, орнымен сөйлеу, сөз қадірін білу қазіргі және кейінгі ұрпақтардың мәңгілік міндеті мен парызы болуға тиіс. Қазақ халқы «Айналайыннан» басталған сөз жаныңды жадыратып, көкірегіңе нұр себеді деп бекер айтпаған. Менің ойымша, бұл сөздің астарында үлкен адамгершілікке бастайтын жол жатыр. «Жылуы бар жүректен жылытатын сөз шығар, жылуы жоқ жүректен жылататын сөз шығар» деген даналық сөзі есімізде жүруі керек. Тіл арқылы байланысу, қарым-қатынас жасау - адамға ғана арналған басты байлық, ұлы сыйлық.

Қазақ жұртының жақын туысына, көршісіне деген ыстық ілтипаты сөз мәнерінен көрінеді. Кездескен адамдар бір-біріне «Ассалаймағалейкум!» деп сәлем береді. Бұл «Сізге нұр жаусын» деген сөз. Сәлем алушы «Уағалейкумассалам!» дейді. Мұның мағынасы «Сізге де нұр жаусын» дегенді білдіреді. Олай болса, біз де қазір бір-бірімізбен амандасамыз.

«Амандасу» жаттығуы.

Жаттығу барысы: қазір біз өте тез қимылдайтын ойын ойнаймыз.
Ең алдымен барлығымыз бөлме ішінде үнсіз қалыпта қозғалысқа түсеміз. Мен шапалақ соғу арқылы белгі берген кезде өте шапшаң қимылмен бір-бірлеріңізбен амандасуларыңыз қажет. Қалай амандасу керек екенін мен айтып тұрамын. Әр кезде әр түрлі адаммен амандасу қажет. Ендеше бастайық, көзбен амандасу, қолмен..., иықпен..., құлақпен..., тіземен..., маңдаймен..., өкшемен..., арқамен.

3-топтан тұратын командалар құру үшін ойынға қатысушыларға көк, жасыл, сары карточкаларды таңдау ұсынылады.

«Кім? Не?» жаттығуы.

Жаттығу барысы: Қатысушылар орындыққа отырады. Жүргізуші: Кімде не болса, сол орнынан тұрады. (Қатысушының бойындағы ерекше қасиеті, сүйікті істері, тамақ және т. б.)

Мысалы: Кім өзін күштімін десе, сол орнынан тұрсын. Кім өзін бақыттымын десе, сол орнынан тұрсын. Кім өзін ақылдымын десе, сол орнынан тұрсын.

Жаттығу осылайша жалғаса береді.

3-топқа бөлу. «Кім көк түсті карточка алса, олар менің сол жағыма (3-топ), кім жасыл түсті карточка алса, олар менің оң жағыма (1-топ), ал кім сары түсті карточка алса, менің жаныма келіп тұрыңыздар (2 топ)».

Әңгімелесу (сұхбат):

-Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?

-«Алтын алма, алғыс ал» деген мақалды қалай түсінесіңдер?

-Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?

-Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?

Балалардың жауаптары тыңдалады. Ризашылық, алғыс сөздеріне анықтама беріледі.

Ризашылық - адамның басқа адамнан көрген жақсылығы,көмегі,көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі. Алғыс - адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.

Шығармашылық іс-әрекет (топпен жұмыс):

Тапсырма:

Ризашылық күнінде «Өмірге риза болып, өздеріңнің ризашылықтарың мен алғыстарыңды білдіріңдер.

Постер қорғау:

«Айналайын» сөзінің мағынасын ашу (зерттеу жұмысын жасау, іздену).


Жаттығу: «Жан жүрек сыры».

Мына үлкен ақ жүрекке назар аударыңыздар. Ол тірі емес, дүрсілдемейді. Біз қазір оған жан береміз. Қатысушыларға түрлі-түсті қағаздардан жасалған кішкентай жүректер таратылып, оған жылы, мейірімді сөздер жазулары сұралды. Жансыз жүректі жандандыру. Плакаттан үлкен жүректі қиып алып, сол жүрекке жылы-жылы сөздер жазылған кішкентай жүректерді орналастыру. Сұрақтар:

-Қалай ойлайсыздар, жүрегіміз жанданды ма?

-Қайтіп?

-Неліктен?

Балалардың жауаптары тыңдалады. Мұғалім тарапынан түйінделеді:

-Ең бастысы сүйе білу керек. Қайырымды болу - ол еліне, табиғатқа, адам баласына деген махаббаттан, сүйіспеншіліктен басталады. Әр уақытта жақсы сөз айтуға, қайырымды іс жасауға бейім болу. Әр уақытта қасыңыздағы баланың пікірін, не қажет ететінін тыңдай біліңіз. Ерік беріңіз. Шыдамды бола біліңіз. Оның ісін бағалаңыз. Жасаған қателігін көре тұра, оған сенетініңізді білдіріңіз. Күлімдеп, қасында бірге болуға көңіл бөліңіз. Тәрбиеші қатал болғанмен, қайырымды, мейірімді болуы қажет. Жан-жақты, яғни сегіз қырлы, бір сырлы болыңыз.

«Кел ойнайық» сергіту сәті:

  • Өтірік айту жаман қасиет дегендерің, қол соғайық.

  • Жақсы адам болғыларың келсе, орнымыздан тұрайық.

  • Жалқаулық жаман қасиет дегендерің, орнымызда отырайық.

  • Бүгінгі тренинг ұнаса, аяқты еденге соғайық.

ІІІ. Қорытынды:

-Балалар, жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңдар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. «Жаңа ғасыр-адамгершілік ғасыры, ал адамгершілік бастауы - мектеп», - деп Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге, мектебімізде ұстаздарға алғыс айтуды үйреніңдер және Табиғат-Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар. Нұр үстіне нұр жаусын! Көп рахмет сендерге!

















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Та?ырыбы: "Адамгершілік «Айналайыннан» басталады"

Автор: Джамалиева Мария Маратовна

Дата: 01.03.2016

Номер свидетельства: 300899


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства