kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Та?ырыбы: Игілікті істер (ересектер тобы)

Нажмите, чтобы узнать подробности

  1. Шатты? ше?бері (жай ?уен ойналып т?рады)
  • Енді, ?зімізді? шатты? ше?берімізге т?райы?. Мені? ?олымда «си?ырлы тая?ша» бар соны бір- бірімізге бере отырып,жа?сы с?здермен игілікті тілектер айтайы?. Осы тая?шаны? к?мегімен біз мейрімді си?ыршы?а айналамыз. Балалар мен ?зімні? тілегімді бірінші айтайыншы: - Барлы?тары?а да Ба?ыт, Шатты? тілеймін!
  • Ал, енді мен Азамат?а  «си?ырлы тая?шаны» берейін, Азамат сен достары?а не тілегі? келеді? (Балалар тая?шаны бір- біріне бере отырып, ?здеріні? тілектерін айтады.  Мысалы: Мен б?рі?е Денсаулы? тілеймін! ?уаныш, Мейірім, Шуа?ты к?н, К??ілді ойын, Жа?сы дос ж?не т.б.)
  • Жарайсы?дар, балалар! Рахмет! Б?ріміз жа?сы с?здер мен ілебіздер естідік, оларды? б?рі орындалады, себебі сендер доссы?дар ж?не шын ж?ректері?мен айтты?дар.
  1. Бейне таспа к?ру. Балаларды? оймен б?лісу, т?сініктерін білу.
  • Балалар, мен жа?а сендерге б?гін «ерекше к?н» деп айтты. Ендеше ?азір сендермен «Игілікті істер» деген та?ырыпта, мейрімділік, ?айырымды ж?не игі  істер жайлы  ??гімелесеміз. Ол ?шін барлы?ымыз келіп, теледидарды? алына к?рпешелерге отырамыз.

«?лемде мейрімді адамдар бар» деген бейне таспа?а м??ят караймыз. (балалар ?арап отыр?анда, ?зім ??гімелеп не к?ріп т?р?андарын ?рбір баладан с?раймын)

  • Сонымен балалар, жер бетінде ?айырмдылы? пен мейірімділік болса ?лкендер де, балаларда ?уанады екен. «Мейірімділік» дегеніміз не?, ?андай адамды «Мейрімді» деуге болады?. Адамдар ?андай игі істер істей алады екен?, Сендер ?андай ?айырымды істер істегілері? келеді?, ?андай ?айырымды істер істеп ?лгерді?дер?(Балаларды? жауаптары ты?далады)
  1. Ойын  «Игілікті істер»
  • ?те жа?сы,  тамаша балалар! Енді  екі ?атар?а б?лініп бір- бірлері?е ?арама- ?арысы т?ры?дар. «Игілікті істер» ойынын ойнайы?. Оынны? шарты, егер «И?» десе?дер ?олдары?ды жо?ары к?теріп шапала?тайсы?дар, «Жо?» дегенде ая?тары?мен еденді тарсылдатасы?дар.

Мен баріне ?р?ашан,

К?мектесуге дайынмын- И?!

?лкендерді сыйлаймыз ба?- И?!

А?аштарды сындырамыз ба?- ЖО?!

Баурымызды киіндіреміз ба?- И?!

Ойыншы?тарды шашамыз ба?- ЖО?!

Г?лдерге су ??ямыз ба?- И?!

Кітаптарды жыртамыз ба?- ЖО?!

Мысы??а с?т береміз ба?- И?!

??стар?а тас ла?тырамыз ба?- ЖО?!

Досымыз?а к?мектесеміз ба?- И?!

?р?ашан ?айырымды боламыз ба?- И?!, И?!, И?!

  • Сонымен балалар біз сендермен нені? жа?сы, нені? жаман екенін т?сінгендейміз. Адам ?мірге бас?а адамдар?а жа?сылы? жасау ?шін келеді. Егер адамны? бойында ?атігездік, жанашырлы? болмаса ол ?те жаман. ?атігездік мейрімділікке ?арама ?айшы. Мейірімді адам?а ?ана жан- жа?ында?ы адамдар ??рметпен ж?не ?лкен с?йіспеншілікпен ?арайды. Мейірімді адамда ?р уа?ытта жа?сы адал дос болады. Мейірімділік- ?ол ?шын беру, адамдар?а досты?пен ?арау.
  1. Ты?дайы?- ойланайы? (жай ?уен ойналып т?рады)

 Енді балалар орынды??а жай?асып отыры?дар, ?азір сендерге «Себебі мен адаммын» деген ??гімені айтып берейін, м??ият ты?дап отыры?дар, со?ында с?ра?тар?а жауап бересі?дер!

«Себебі мен адаммын»

Кешке ?арай ?кесі мен жеті жасар баласы жолда келе жатады. Жолды? ортасында ?лкен тас жатады. ?кесі тасты бай?амай ая?ын со?ып, ауыртып алады. Баласыны? ?олынан ?стап, тасты айналып ?рі ?арай ж?ре береді. Екінші к?ні де ?кесі мен баласы сол жолмен кайта ж?реді. ?кесі жол ?стіндегі тас туралы ?мытып кетеді. Ол та?ы бай?амай тас?а жы?ылып ?алады. ?шінші к?ні де сол жолмен ?кесі мен баласы ж?реді. Тас?а дейін алыс еді. ?кесі баласына:

  • Балам бай?а, тасты айналып ?ту керек дейді.

?кесі екі рет ая?ын со?ып ал?ан жерге жетеді. Ая?тарын жай басып келсе, тас жо?. Жолды? ішетінде ?лкен а?са?ал ата отырады.

  • Ата, мына жерде жат?ан тасты к?рмеді?із бе деп с?райды, бала!
  • Мен оны жолды? ?стінен алып тастады- дейді
  • Сізде ая?ы?ызды со?ып, ауыртып алды?ыз ба?- дейді бала.
  • Мен ая?ымды со?ып та, ауыртып та ал?ан жо?пын.
  • Онда Сіз неге тасты алып тастады?ыз?
  • Себебі мен адаммын- депті ?арт а?са?ал.
  • Балалар, енді айты?даршы атаны? жаса?ан ісін не деуге болады?
  • Адамдар не ?шін жа?сылы? жасайды?
  • Осы жа?сылы?ты ?кесі жасау?а болатын ба еді? (Балаларды? жауабын ты?дау)
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: Игілікті істер (ересектер тобы) »

Педагог - психолог Акыжанова Маржангул Сериккановна

108 «Арман» балабақшасы ҚМҚК


Тақырыбы: Игілікті істер (ересектер тобы)

Міндеті: Балаларға рухани- адамгершілік қасиеттің маңызы жайлы түсініктерін қалыптастыру.

Мақсаты:

- игілікті істер жасауға деген талпыныстарын, мейірімділікті сөзбен және іспен көрсете білу әрекеттерін дамыту;

- істі рухани- адамгершілік жағынан ойлау қабілеттерін қалыптастыру;

- қоршаған ортаға деген мейірімділік сезімге тәрбиелеу;

- Құм терапиясын қолдана отырып, Мен ұғымын қалыптастыру, өзін бағалау және сенуге үйрету.

Әдіс- тәсілдер: сұхбат, түсіндіру, хабарлау, әңгімелесу, ойын

Құрал- жабдықтар: сиқырлы таяқша, ТҚЖ, жануарлардың суреттері, жарма дәндер, фоторамка, кішкентай күннің суреті

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі (Балалар музыкамен кіреді)

  • Қайырлы күн, қымбатты балалар мен қонақтар! Бүгін бізде ерекше күн, балалар алдымен мына отырған қонақтарға амандасайық.

  1. Шаттық шеңбері (жай әуен ойналып тұрады)

  • Енді, өзіміздің шаттық шеңберімізге тұрайық. Менің қолымда «сиқырлы таяқша» бар соны бір- бірімізге бере отырып,жақсы сөздермен игілікті тілектер айтайық. Осы таяқшаның көмегімен біз мейрімді сиқыршыға айналамыз. Балалар мен өзімнің тілегімді бірінші айтайыншы: - Барлықтарыңа да Бақыт, Шаттық тілеймін!

  • Ал, енді мен Азаматқа «сиқырлы таяқшаны» берейін, Азамат сен достарыңа не тілегің келеді? (Балалар таяқшаны бір- біріне бере отырып, өздерінің тілектерін айтады. Мысалы: Мен бәріңе Денсаулық тілеймін! Қуаныш, Мейірім, Шуақты күн, Көңілді ойын, Жақсы дос және т.б.)

  • Жарайсыңдар, балалар! Рахмет! Бәріміз жақсы сөздер мен ілебіздер естідік, олардың бәрі орындалады, себебі сендер доссыңдар және шын жүректеріңмен айттыңдар.

  1. Бейне таспа көру. Балалардың оймен бөлісу, түсініктерін білу.

  • Балалар, мен жаңа сендерге бүгін «ерекше күн» деп айтты. Ендеше қазір сендермен «Игілікті істер» деген тақырыпта, мейрімділік, қайырымды және игі істер жайлы әңгімелесеміз. Ол үшін барлығымыз келіп, теледидардың алына көрпешелерге отырамыз.

«Әлемде мейрімді адамдар бар» деген бейне таспаға мұқят караймыз. (балалар қарап отырғанда, өзім әңгімелеп не көріп тұрғандарын әрбір баладан сұраймын)

  • Сонымен балалар, жер бетінде қайырмдылық пен мейірімділік болса үлкендер де, балаларда қуанады екен. «Мейірімділік» дегеніміз не?, Қандай адамды «Мейрімді» деуге болады?. Адамдар қандай игі істер істей алады екен?, Сендер қандай қайырымды істер істегілерің келеді?, Қандай қайырымды істер істеп үлгердіңдер?(Балалардың жауаптары тыңдалады)

  1. Ойын «Игілікті істер»

  • Өте жақсы, тамаша балалар! Енді екі қатарға бөлініп бір- бірлеріңе қарама- қарысы тұрыңдар. «Игілікті істер» ойынын ойнайық. Оынның шарты, егер «Иә» десеңдер қолдарыңды жоғары көтеріп шапалақтайсыңдар, «Жоқ» дегенде аяқтарыңмен еденді тарсылдатасыңдар.

Мен баріне әрқашан,

Көмектесуге дайынмын- ИӘ!

Үлкендерді сыйлаймыз ба?- ИӘ!

Ағаштарды сындырамыз ба?- ЖОҚ!

Баурымызды киіндіреміз ба?- ИӘ!

Ойыншықтарды шашамыз ба?- ЖОҚ!

Гүлдерге су құямыз ба?- ИӘ!

Кітаптарды жыртамыз ба?- ЖОҚ!

Мысыққа сүт береміз ба?- ИӘ!

Құстарға тас лақтырамыз ба?- ЖОҚ!

Досымызға көмектесеміз ба?- ИӘ!

Әрқашан қайырымды боламыз ба?- ИӘ!, ИӘ!, ИӘ!

  • Сонымен балалар біз сендермен ненің жақсы, ненің жаман екенін түсінгендейміз. Адам өмірге басқа адамдарға жақсылық жасау үшін келеді. Егер адамның бойында қатігездік, жанашырлық болмаса ол өте жаман. Қатігездік мейрімділікке қарама қайшы. Мейірімді адамға ғана жан- жағындағы адамдар құрметпен және үлкен сүйіспеншілікпен қарайды. Мейірімді адамда әр уақытта жақсы адал дос болады. Мейірімділік- қол ұшын беру, адамдарға достықпен қарау.

  1. Тыңдайық- ойланайық (жай әуен ойналып тұрады)

Енді балалар орындыққа жайғасып отырыңдар, қазір сендерге «Себебі мен адаммын» деген әңгімені айтып берейін, мұқият тыңдап отырыңдар, соңында сұрақтарға жауап бересіңдер!

«Себебі мен адаммын»

Кешке қарай әкесі мен жеті жасар баласы жолда келе жатады. Жолдың ортасында үлкен тас жатады. Әкесі тасты байқамай аяғын соғып, ауыртып алады. Баласының қолынан ұстап, тасты айналып әрі қарай жүре береді. Екінші күні де әкесі мен баласы сол жолмен кайта жүреді. Әкесі жол үстіндегі тас туралы ұмытып кетеді. Ол тағы байқамай тасқа жығылып қалады. Үшінші күні де сол жолмен әкесі мен баласы жүреді. Тасқа дейін алыс еді. Әкесі баласына:

  • Балам байқа, тасты айналып өту керек дейді.

Әкесі екі рет аяғын соғып алған жерге жетеді. Аяқтарын жай басып келсе, тас жоқ. Жолдың ішетінде үлкен ақсақал ата отырады.

  • Ата, мына жерде жатқан тасты көрмедіңіз бе деп сұрайды, бала!

  • Мен оны жолдың үстінен алып тастады- дейді

  • Сізде аяғыңызды соғып, ауыртып алдыңыз ба?- дейді бала.

  • Мен аяғымды соғып та, ауыртып та алған жоқпын.

  • Онда Сіз неге тасты алып тастадыңыз?

  • Себебі мен адаммын- депті қарт ақсақал.

  • Балалар, енді айтыңдаршы атаның жасаған ісін не деуге болады?

  • Адамдар не үшін жақсылық жасайды?

  • Осы жақсылықты әкесі жасауға болатын ба еді? (Балалардың жауабын тыңдау)

  1. Сергіту сәті «Мейрімді- қатыгез»

  • Өте жақсы балалар, қазір клемнің үстіне шашырап тұрыңдар. Мен сендерге ертегі кейіпкерлерінің суреттерін көрсетемін. Егер мейрімді болса, жүгіріп, билеп, алақанымызбен шапалақтаймыз. Ал, егерде қатыгез, жағымсыз істер жасайтын кейіпкер болса, отырып беттеріңді қолдарыңмен жабасындар.

  • Енді назар аударамыз, балалар! (Балаларға суреттерді көрсетемін, кем дегенде 8 сурет. Мейірімді кейіпкерде көңілді әуен ойналады, қатыгез кейіпкерде қорқынышты әуен ойнайды)

  • Жақсы балалар өте зейінді болдыңдар!

  1. Шығармашылық тапсырма (жай әуен ойналып тұрады)

  • Балалар мейрімділік күн сияқты, ол адамның жанын жылытады. Қазір әуен ойналады, сендер устелдің қасына жақын келіп қазіргіден де достарың көп, жер беті әдемі болу үшін қандай жақсы, мейрімді, сүйкімді істер жасай аласыңдар? Ол үшін устелдің үстінде жатқан жарма, дәндерден өз ойларыңдағы бейнені салып көрсетіп көріңдер. Әлеміміз жарқын, әрі әсем болу үшін жақсы бейне салуға тырысыңдар! Барлықтарыңа да сәттілік тілеймін!

(Жұмыс барысында әр баланың жанына барып, бағыт беремін. Соңында барлық балалармен әр баланың жұмысын қарап, мадақтаймын).

  • Балалар, Дана жер бетіне қуанышты күнді сыйлайды екен, ал Мәди әдемі көбелек және т.б.

  1. Қорытынды

  • Сонымен, балалар бүгін не жайлы әңгімелестік?(Балалардың 2-3 жауабын тыңдау)

  • Балалар әлем өте әдемі! Ол әрқашанда осындай болу үшін игілікті істер жасауға асығыңдар. Адам соңынан жақсы іс қалдырса, ол тамаша! Адамның жасаған жақсылығы оған әр уақытта қайтып келеді. Осының бәрін естеріңде сақтаңдар балалар!

  • Ал, енді мен сендерге өмірлерің күндей жарқырап әсем болсын деп мына кішкентай күндерді сыйлыққа тартамын.

  1. «Жүректен- жүрекке» шеңбері (жай әуен ойналып тұрады)

  • Балалар, енді келіп әдемі шеңбер жасайық. Қолдарымыздан ұстап, бір- бірімізге күлімдеп қарап, шын жүректен мына сөздерді қайталап айтайық:

  • Бар әлемге жақсылық жаса,

Басқалар қуансын деп жақсылық жаса!

  • Балалар, сендерге көп рахмет! Сау болыңдар! Қонақтармен де қоштасайық!

  • Сау болыңыздар!!! Сіздерге сәттілік тілейміз!!)))










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Та?ырыбы: Игілікті істер (ересектер тобы)

Автор: Акыжанова Маржангул Сериккановна

Дата: 15.01.2015

Номер свидетельства: 155879


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства