Просмотр содержимого документа
«Сынып о?ушыларына арнал?ан психологиялы? ойындар»
Сынып оқушыларына арналған психологиялық ойындар
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өздеріне деген сенімдерін нығайтып, өзі туралы ойын дамытып, өзін сенімді сезіну үшін тұлғаны психологиялық күйге келтіру. Балалардың ойлау қабілетін, дүниетанымын, қызығушылығын арттыру. Оқушыларды ұйымшылдыққа, адамгершілікке баулу. Сабақтың ережесі: белсенді қатысу, тыныштық сақтау, бірін-бірі тыңдау, ойын ашық айту, бірін-бірі сынамау, ынтымақтылық.
Барлық қатысушылар дөңгеленіп тұрады. Әрбір қатысушы бір-екі сөзбен өзін таныстырып, бүгінгі көңіл-күйімен бөліседі. Мысалы: «Менің атым Шамшия. Мен – психологпын. Бүгін көңіл-күйім өте тамаша!»
Сыныпты үш топқа бөлу үшін, үш түстегі кәмпиттер таратып беріп, бір түстегілер бір топқа ал қалған екі түстегілер екінші және үшінші топқа бөлінеді. Бұл топқа еш талассыз тез бөлінуге көмектеседі.
2-тур Оқушы тұлғасы «Мимикалық жағдай» жаттығуы.
Мақсаты: өзіндік баға және топтық талдау дағдысын дамыту.
Қатысушылар үш топқа бөлінеді де топ басшылары ортаға шығып карточкаларды таңдайды. «Сенімділік», «Бұзықтық», «Қызығушылық» тақырыбында беріледі. Әр топ өздеріне берілген тақырыпқа мимика арқылы, панто-мимикалық жағдай құрастырып шығулары керек, ал қалған екі топ қандай жағдай екенін анықтауы керек.
3-тур. Сергіту сәті: «Қасиеттер жиыны» ойыны
Қажетті құралдар: доп
Барысы: Жүргізуші әр топқа әріптер береді. «А», «Ә», «С». Мысалы: «Ә» әріпін айтады, ойыншы бойындағы «ә» әрпінен басталатын қасиетті айтады.
4-тур. Ой толғау.
Барысы:Әр бір топ сандар жазылған қағазды алады. Сандар жазылған қиықшалардың артында жасырын сөздер бар, сол сөздерді құрастырып белгілі сөйлемді шапшаң толық құрап шығу,орындау керек.
Қажетті құралдар: Сандар қиықшылары - 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9
Кілті:
І топ.«Досы көпті жау алмас, ақылы көпті дау алмас.»
ІІ топ.«Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.»
ІІІ топ.«Ашу дұшпан ақыл дос, ақылыңа ақыл қос.»
5-тур «Жасырын хат» топтық ойыны.
Қажетті құралдар: ватман, түрлі түсті фломастерлер, қарындаштар, өшіргіш, сызғыш
Барысы: Қатысушылар 3 топқа бірігіп отырады.
Жүргізуші: Ерте-ерте-ертеде… әлі адамдар әріп танымаған уақытта да, олар бір- біріне хат жазған екен.Қалайша?Олар сурет салуды біліпті.Бүгін біз соны үйренеміз.Өз қарсыластарыңызға сурет арқылы қысқаша ғана ойларыңызды жеткізесіздер. Әр бір топқа белгілі бір сөйлемдер беріледі. Берілген тапсырманы ватманға сурет арқылы салады.
«Бүгін маған сағат кешкі 6-да телефон соқшы» - 1-ші топқа арналған хат;
«Бүгін кейін кітапханаға барайық» - 2-ші топқа арналған хат;
«Жексенбі күні сағат 15.00-де менің туған күніме кел» - 3-ші топқа арналған хат.
Оқушылар өздеріне берілген тапсырманы ватманға сурет арқылы салып, өзара алмасады. Келесі топтың қатысушылары, суретте берілген сөздерді анықтаулары қажет.
6-тур. «Белсенді әріптер».
Әр топқа әр түрлі әріптер көрсетіледі және 1 минуттан уақыт беріледі. Сол берілген уақыт ішінде тек тиесілі бір топ ғана көрсетілген әріптен сөз ойлап айтып, жарысады. Бұл ойында балалардың ойлау қабілетін арттыруға бағытталады. Талдау: Балалар, ойын ұнады ма? Жауап беру қиынға соқты ма?
Қорытынды бөлім.
Рефлексия:Күн келбеті бірінші тұрған оқушыға беріледі.Ол бүгінгі психологиялық сабақ туралы өз ойын,алған әсерін сөзбен ғана білдіріп,келесі
оқушыға береді. Күн барлығының қолынанөткеннен кейін,психолог күнді өз қолына алып, барлық қатысушыларға алғысын айтады.