Просмотр содержимого документа
«Сезім патшалығына саяхат ( Баланың мектепке психологиялық дайындығы)»
ҚМҚК № 31 «Балапан» бөбекжай балабақшасы
Тақырыбы: Сезім патшалығына саяхат
(Баланың мектепке дайындығы)
Өткізген: Оразәлі Г.М.
Педагог-психолог
Сәтбаев қаласы, 2017жы
Тақырыбы: Сезім патшалығына саяхат
Мақсаты: Балалардың танымдық процестерін қалыптастыру және эмоция мен сезім аймағын дамыту.
Қажетті құрал-жабдықтар: Саяхат картасы, А4 ақ қағаздар, түрлі-түсті қағаздар,адамның эмоциялық күйі бейнеленген қиылған суреттер, бейне таспалар. Сабақтың барысы:
І. Шаттық шеңбері.
– Балалар, бәріміз тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
Көңілді әркез көтеру.
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Сендерге шаттық шеңбері өте ұнағанын мен байқап қалдым, біздің әр саяхатымыз осылай басталады. Күлкімізбен, жақсылықпен бөлісуді үйренейік!
Ал сендер бір-біріңді көргенде куанасыңдарма?
Балалар бүгін бізде ерекше күн. Бізге қонақтар келіп отыр. Олар да сендерді көргеніне куанышты, бізде қонақтарға қуанышымызды білдірейік. Кәне, қонақтармен амандасайык.
Психолог: Балалар менің сендерге өте қуанышты жаңалығым бар. Айтайынба? Бүгін маған пошта тасушы хат әкеліп берді. Ол біздің балабақшадағы сендердің топтарыңа арналған. Бұл хат Сезім патшалығының патшасы мен патшайымынан екен. Конвертте әдемі ашық хат, қане не жазылғанын оқиықшы балалар.
«Қымбатты балалар, сендерді жыл сайынғы Күлкі ханшайымның туған күніне өткізілетін кешке қонаққа шақырамыз.
Ізгі ниетпен:Қиял патша мен Қуаныш патшайым» Психолог: балалар патша мен патшайымның шақыруын қабыл аламыз ба?
Ойын: «Жол сөмкені жинау»
Балалар біз сапарға аттану үшін өзімізбен бірге ең керектілерді алуымыз керек. Айтыңдаршы, бізге не керек болады деп ойлайсыңдар? Балалар біз Сезім патшалығына бара жатырмызғой сондықтанда өзімізге керек заттарды алайық. Балалар тағыда не қажет болады бізге сапар барысында?
Батылдық
Ақылдылық,
Жақсы көңіл күй,
Шыншылдық.
Психолог: Ал балалар, біз сапарға дайынбыз ба?
Біз күлетін, таң қалатын, ашуланатын, көңіл-күй еліне аттанбақпыз. Бұл ғажайып елдің кейіпкерлерімен әр сабақ сайын кездесетін боламыз. Бізді алда жаңа досымыздың талай қызықты ойындары мен тапсырмалары күтіп тұр. Дайынбызба? Ендеше жолға шығамыз. Біз енді сендермен бірге қалай қарай жүретінімізді карта арқылы біліп отырамыз. Балалар бұл карта өте сиқырлы, көптеген тапсырмалар мен кедергілер кездесуі мүмкін сондықтан біз барлығына дайын болуымыз керек.
Психолог: (Картада үйшікке қарай белгі тұрады). Психолог: балалар бірінші тапсырма логикалық сұрақтар. Қарандар балалар бұл жерде арнайы тапсырмалар бар.
2 адам 2 сағатта ойнаса, 1 адам неше сағат ойнайды.
Төрт бұрыштан 1 бұрышын алып (қиып) тастасақ неше бұрыш қалады.
Апасы Сезімге дүкеннен төртбұрышты екі доп әкелді. Сезім біреуін Аянатқа берді, біреуін Мерейге берді. Сезімде неше доп қалды?(төртбұрыш доп болмайды).
Балабақша ауласында өсіп тұрған қайың ағашында 2 алма бар екен. Бір алманы торғай жеді, біреуін қарға жеді. Қайыңда неше алма қалды? ((қайыңда алма өспейді)
Аспанда неше жұлдыз бар? ((аспанда көп жұлдыз бар))
Бір қоянның құлағы нешеу? ((бір қоянда екі құлақ болады)
Екі аюда неше бас бар? (екі бас бар)
(Картада ағшқа қарай жол көрсетіледі)Екінші тапсырма түрлі эмоцияны көрсететін суреттерді жинау екен.
Ойын: «Көңілді эмоцияларды тап»
Ойын барысы: эмоцияларды білдіретін көптеген смайлдар жатады, балалар жағымды және жағымсыз эмоциялардың ішінен көңілді эмоцияларды табады. Қараңдар, балалар картада бізге жол көрсететін тағы бір бағыт пайда болды. (Картада өзенге қарай белгі тұрады).
Үшінші тапсырма:
Психолог: Балалар картаға қарайық , бізге тағы қандай тапсырмалар бар екен. Хатта былай жазылыпты «Балалар менің туған күніме қандай сыйлық алып келесіңдер? Ойлап қарасам менде бәрі бар екен. Сыйлықты балалар өз қолдарыңмен жасаңдар, қолдан жасаған сыйлықтан бағалы сыйлық жоқ.
Психолог: Балалар бағалы сыйлық дегеніміз менің ойымша ол шын көңілден сендердің жасап берген сыйлықтарың деп ойлаймын. Канекей бәріміз қандай сыйлық сыйлайтынымызды ойланып көрейік. Мен Ханшайымға қандай сыйлық сыйлауды білемін. Балалар ханшаймға түрлі-түсті қағаздан «оригами» гүл жасайық. Бірақ біз бұл сыйлықты жай ғана жасамаймыз, шын көңілмен жасаймыз. Қараңдаршы балалар бізде қандай керемет сыйлықтар пайда болды. Менің ойымша ханшайым бұл сыйлықтарды алғанда қатты қуанатын болады. Балалар сендер жол жүріп шаршамадыңдар ма? Бәріміз кішкене дем алайық. Бәріміз жарты шеңберге тұрайық.
Сергіту сәті: «Бейне таспа арқылы».
Психолог: Ал балалар демалып болсақ, ары қарай жол жүруіміз керек. Ендігі біздің жолымыз қалай болады екен?
Төртінші тапсырма:
«Темпераменттер» Көрініс
Балалар сендер темпераменттің мінез-құлықтың түрлерін білесіңдер ме?
Темперамент дегеніміз психикалық процестердің өтуінің динамикалық ерекшеліктерін және адам мінез-құлқын,олардың күшін,жылдамдығын,пайда болуын,тоқталуы мен өзгерісін сипаттайтын қасиеттер жиынтығы.
Басты рөлдерде:
Айғаным
• Холерик - Диас
• Флегматик - Мейрлан
• Сангвиник - Гүлжаһан
• Меланхолик- Інжу
Бесінші тапсырма:
«Сөйлемді жалғастыр» жаттығуы.
Балаға қарама-қарсы отырып, допты лақтырып, сөйлемнің басын айтамын. Допты тосып алған бала сөйлемді аяқтап, допты маған кері лақтыру қажет.
Лимон ащы, ал қант......
Шөп жасыл, ал аспан.....
Ағашты аралайды, ал шегені......
Құстар ұяда тұрады, ал адамдар.....
Кеме жүзеді, ал машина ......
Шиені жейді, ал шәйді.....
Түнде қараңғы, ал күндіз....
Балалар біз тапсырманың бәрін орындадық міне сарайға да келдік. Бәрі қайда кеткен біз тапсырма орындаймыз деп кешігіп қалған жоқпыз ба? (Осы кезде музыка орындалады)
Балалардың алдына ханшайым мен оның достары келеді.
(Хормен) Туған күніңмен Ханшайым! Біз саған бос келген жоқпыз саған біздің әкелген сыйлығымыз бар. Балалар ханшайымға өздерінің сыйлықтарын бере бастайды. Бәрі қосылып аздап бейлейді.
Психолог: Міне, балалар, біздің сапарымыз өзінің соңына жетті. Ханшайым: Менің сендерге арнап жазған жарлығым бар, орындауға дайынсыңдар ма?
Жарлық: «Барлық уақытты ешқандай еркеліксіз, ешбір артық қылықсыз қайырымды болыңдар. Алдағы уақытта мектеп табалдырығын тек қана сәттілікпен аттаңдар. Осы әлемдегі ең ақылды бала болуға ант етіңдер.».
Психолог:
Релаксация.
Балалар бірінші ханшайыммен қоштасады, Бәрімізге қайта өзіміздің балабақшамызға оралу керек, бізге тек қоштасу қалды. Балалар кілемнің үстіне отырады. Психолог балаларға қарап: «Қазір жай әуен басталады, сендер көздеріңізді жұмып жатқанда «Сиқырлы түс» ойынын бастаймыз. Сіздер шынымен ұйықтап қалмаңыздар! Бірақ қозғалмай, мен рұқсат бергенше көздеріңізді ашпайсыздар. Мұқият тыңдап, менің айтқанымды іштей қайталаңыздар. Сыбырласпаңдар. Еркін дем алыңыздар. «Сиқырлы» түс көргеннен кейін ғана көздеріңізді ашыңыз! Тұрыңыздар! – дегенше тұрмайсыздар. Ал қазір «Сиқырлы түс» күшіне енеді».
«Сиқырлы түс»…
Кірпігіміз төмен түседі…
Көзіміз жұмылады…
Біз тыныш дем аламыз… (2 рет)
Сиқырлы түс көреміз…
Жеңіл…қалыпты…терең дем аламыз…
Қолымызда дем алады…
Аяқтарда дем алады… Сиқырлы әлемнен жәйлап өзіміздің балабақшаға қайтамыз. Кейін шеңберге тұрып бір-бірінің қолдарын ұстап қоштасып, бүгінгі сапар үшін бір-біріне рақмет айтады.