Білімділік міндеттері: -оқушылардың өтілген материалды қабылдау ,есте сақтауын қамтамасыз ету; -нақты қорытындылауға ,жүйелеуге әкелетін әдістермен тәсілдерді меңгеруіне жағдай туғызу; - оқушыларды өтілген материалды қайта жаңғыртып, еске түсіру әдістерімен қамтамасыз ету; -түсініктер,заңдар,ережелерді философиялық тұрғыдан түсінуге ,талдауға көмек ету; -оқушылардың оқу материалын өз әдіс -тәсілдерімен бетінше қабылдауын қамтамасыз ету. Мұғалімнің ауызша түсіндіруі: Атомдардың электрондық қауызына орай анықталатын элементтердің барлық қасиеттері периодттық жүйенің периоды мен тобы бойынша заңды өзгереді, себебі ұқсас элементтердің электрондық құрылымы ұқсас, бірақ бірдей емес, сондықтан топта және топшада бір элементтен екіншісіне ауысқан кезде қасиеттердің жай қайталануы емес олардың заңды өзгеруі байқалады. Электрондық конфигурацияға байланысты атомдардың келесі қасиеттері : атом радиусы, иондану энергиясы, электрон тартқыштық, электротерістілік, тотығу дәрежесі периодты өзгереді. Атом радиусы. Атомның шамасын дәл анықтау мүмкін емес. Есептеулерде шартәрізді атомдар радиустарының жуықталған мәндері қолданылады. Оларды рентгенқұрылымдық әдіспен бір элементтің екі көрші атомдарының орталықтарын (центрлерін) бөлетін қашықтықтың шамасын пайдаланып анықтайды. Атом радиусы элементтің қасиетіне әсер етеді. Радиус неғұрлым үлкен болса, сыртқы деңгейдің электрондары соғұрлым әлсіз тартылады. Керісінше атом радиусы кемігенде электрондар ядроға күшті тартылады. Период бойынша атом радиусы солдан оңға қарай кемиді. Мұны ядро заряды артқанда электрондардың тартылу күшінің өсуімен түсіндіреді. Топшада жоғырыдан төмен қарай атом радиусы артады, өйткені қосымша электрондық қабаттың қосылуы нәтижесінде атомның көлемі ұлғаяды. (2.20-сурет). Сонымен ядро заряды артқанда атом радиусының өзгеруі анық периодтық сипатта болады. (2.21-сурет ) Электртерістілік. Элементтердің бейметалдық немесе металдық қасиеттері электртерістілік деп аталатын шамамен сипатталады, ол атомның иондану энергиясы мен электронтартқыштық мәндеріне сүйеніп есептеледі. Электртерістілік ұғымын 1932 ж. америкалық ғалым Л.Полинг енгізген. Электртерістілік – бұл қосылыстағы атомның өзіне электрондарды тарту қабілеті. Электртерістіктің алғашқы шкаласын құрған да Л. Полинг. Атомның электртерістігі неғұрлым күшті болса , ол химиялық байланыс түзу кезінде ортақ электрондық жұптың бұлтын соғұрлым өзіне күшті тартады. Электртерістігі ең күшті элемент фтор, оның электртерістігі 4-ке тең деп алынған.Сілтілік металдар атомдарының электртерістігінің мәні төмен. Инертті газдардың электртерістігі жоқ. Себебі олардың атомдарының сыртқы деңгейінің аяқталған және тұрақты. Химиялық элементтердің электртерістігін литийдің электртерістік мәнімен (1,0) салыстырып, қарапайым және қолдануға қолайлы салыстырмалы электртерістік шамаларын алады . Кестедегі элементтердің электртерістік мәндерін салыстырып , бұл шаманың периодты өзгеретінін оңай байқайға болады: периодта элементтердің электртерістігі реттік нөмірі артқан сайын өседі, ал топта - кемиді. Салыстырмалы электртерістік неғұрлым үлкен болса, элемент соғұрлым бейметалдық қасиетті күштірек көрсетеді. Бейметалдардың салыстырмалы электртерістігі үлкен, ал металдардың электртерістігі аз. Химиялық реакцияларда электрондар әдетте электртерістігі аз атомнан салыстырмалы электртерістігі үлкен атомға қарай ығысады. Химиялық әрекеттесулерге металдар тотықсыздандырғыштар ретінде кіріседі. Фтордан басқа бейметалдар тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та қасиет көрсетеді. Периодта жай заттардың тотықсыздандырғыштық қасиеттері азаяды,ал тотықтырғыштығы өседі. Заттың тотықтырғыш-тотықсыздандырғыш қасиеттерінің өзгеру сипаты реакциядағы серіктесінің табиғатына және реакцияның жүру жағдайына тәуелді. Негізгі топшаларда элементтің реттік нөмірі артқан сайын бейметалдардың тотықтырғыштық қасиеттері әлсірейді ал металдардың тотықсыздандырғыштық қасиеті күшейеді. Қорыта келе, химиялық элемент атомдарының қасиеттері периодтты өзгереді деп қорытынды жасауға болады. Д.И.Менделеев ПЗ ашарда «валенттілік» ұғымын атомның негізгі қасиеттерінің бірі ретінде қолданды. Валенттілік атомның басқа атомды қосып алу қасиетін сипаттайды. « Валенттілік» ұғымының физикалық мәні атом құрылысы және химиялық байланыс туралы ілімнің дамуымен түсіннікті бола бастады.Элемент атомдары электронды береді немесе қосып алып,ортақ электрон жұптарын түзеді,ал атомдар арасындағы химиялық байланысқа түзуге қатысатын электрондар валентті деп аталады.Валентті электрондарға сыртқы аяқталмаған деңгейдегі электрондар және сырттан санағанда астыңғы деңгей электрондары да жатады(мысалы d-элементтер). Марганецтің 25 электроны бар : 1 s-2, 2 s-2, 2p-6, 3 s -2, 3p-6, 3 d-5, 4 s-2, сондықтан оның жоғары валенттігі жетіге тең.Жоғары валенттілік мәні ядро зарядының шамасына периодты түрде тәуелді.Химиялық байланыс теориясын есепке алу арқылы валенттіліктің анықтамасы да өзгерді.Валенттілік атомдар арасындағы түзілген химиялық байланыс санымен анықталады. Атомдар арасында түзілетін химиялық байланыс саны, олардың химиялық байланыс түзуге жұмсалатын жұптаспаған электрондар санына тең. Сұрақ:Валенттілік нолге немесе теріс бола ала ма? (Жоқ) *Қосылыстардағы атомның күйін білу үшін «тотығу дәрежесі» деген ұғым енгізілген. Тотығу дәрежесі- атомның берген немесе қосып алған электрон санымен анықталады. Сұрақ: Тотығу дәрежесі қандай мәндерге ие? А) Электронын басқа атомға беретін атомдар оң тотығу дәрежесіне ие болады,олардың электртерістігі қосылыстағы жұбымен салыстырғанда кем болады. Электронды басқа атомнан қосып алатын атомдар теріс тотығу дәрежесіне ие болады,олардың электртерістігі қосылыстағы жұбымен салыстырғанда артық болады. Жай зат молекуласындағы атомдардың тотығу дәрежесі нөльге тең болады. (мысалы: N2, 0O20,H20,CI20,F20,I02,Br02 Zn0, Fe0). Элемент атомының тотығу дәрежесі –шартты ұғым,оны заттарды жіктегенде,қасиеттерін сипаттағанда қолданып,элементтің қандай қасиет көрсететінін анықтайды.Мысалы күкірттің күкірт қышқылындағы тотығу дәрежесі+6,яғни ол басқа электрон бере алмайды,тотықтырғыш қасиет көрсетеді,ал күкірсутекте күкірт ең төменгі тотығу дәрежесін көрсетіп тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді.Тотығу дәрежесі көп жағдайда валеттілікке сәйкес келмейді. |