kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Психологиялық қызметтің құрылымы, мазмұны, мақсат-міндеттері

Нажмите, чтобы узнать подробности

              Психологиялық қызметтің құрылымы, мазмұны, мақсат-міндеттері

Психология — адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адаммінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты — психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу.

Психологиялық қызметтің қазіргі кездегі жағдайы мен маңыздылығы 
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Психологиялық қызметтің құрылымы, мазмұны, мақсат-міндеттері»

Сабақ жоспары 1


Топ

МДО-192/Б

МДО-161





Күні

3.09.19

15.01.20






Пән аты: Білім беру ұйымы анықтайтын пәндер (іс жүзіндегі психолог) Оқытушы: Абдунабиева Зарина Махсуджановна Дәрістің тақырыбы: Психологиялық қызметтің құрылымы, мазмұны, мақсат-міндеттері Дәрістің түрі: Тәжірибелік

Оқыту әдісі: Оқушылардың сабаққа болған қызығушылығын арттыру .

Пәнаралық байланыс: Психология, педагогика, анатомия, медицина.

Дәрістің мақсаты.

1. Білімділік: Студенттерге психологияның құрылымы,әдісі жәнеміндеттері туралы түсінік беру.

2. Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылығын ояту адамгершілік қасиеттерін дамыту, өзбетінше жұмыс істеуге тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: Адам жан-дүниесі жайлі білім, біліктерін молайту, ой-өрісін, сөйлеу тілін дамыту.

Дәрісте қолданылатын көрнекі құралдар: лекция материалы, оқулық, плакт, кесте түсті суреттер.

Дәрістің құрылымы мен мазмұны.

І. Ұйымдастыру кезеңі: Студенттерді түгелдеу, сабаққа даярлау.

ІІ. Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін тексеру:

Тексеру әдісі: сауалнама, сұрақ жауаптар

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру.

Түсіндіру әдісі: Дарис баяны

Психологиялық қызметтің құрылымы, мазмұны, мақсат-міндеттері

Психология — адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адаммінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты — психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу.

Психологиялық қызметтің қазіргі кездегі жағдайы мен маңыздылығы 
Психологиялық қызмет деген ұғым – осы заманғы жантану ғылымының алға қойған зәру мәселелердің бірі.

АҚШ, Ұлыбритания, Бельгия, Голландия, Югославия, Франция сияқты кейбір елдердің білім жүйесінде практикалық психология басты орынды иеленсе, Қазақстанда енді ғана аяқ басып келеді және әлі де болса психологиялық зерттеулердің нақты жүргізілуін қажетсінеді. Елімізде соңғы жылдары білім саласында психологиялық орталықтардың аяғынан қаз тұрып қызмет көрсете бастауы аз да болса көңілге демеу болғандай. Елімізде психологиялық қызметті ұйымдастыру білім беру жүйесінде де жақсы жолға қойылып келеді. оған дәлел – жекелеген балалар мекемелерінде психолог штатының ашылуы, аудандық, қалалық, облыстық білім басқармаларында психологиялық кеңестің ұйымдастырылуы, жоғары оқу орындарының психология кафедраларында психологиялық ағарту жұмыстарының жандандырылуы. Дегенмен көңіл алаңдатар мәселелер де жетерлік. Олар: мектепте психологиялық қызмет көрсету жөнінде құқықтық құжаттардың заңдастырылмауы мен бекітілмеуі, яғни әлі де жоба күйінде қалуы, психологтың негізгі қызметіне жете мән берілмеу, жұмыс кабинетінің болмауы, қазақ тілінде әдістемелік құралдардың жетіспеуі т.б. Қазіргі білім жүйесін қайта құру мен оны ұйымдастырудың басты жоспарында тұлғаның өзіндік ерекшелігін танып білу мен дамыту және өз мүмкіндігін пайдалы істерде қолдана білу, нақтырақ айтсақ «әлемдік бәсекелестіктің күрделі және ауыр процесінде табыстарға жету үшін халқымызға тән күшті рухын, денсаулығы мен білімін әлемге көрсетуге қабілетті тұлғаны қалыптастыру» мәселесі бірінші орынға қойылған. Мектептегі мұғалім мен оқушы арасындағы келіспеушіліктен туатын «мектептік мазасыздану», кейбір отбасында жиі болып тұратын ұрыс-керіс, жанжалдар баланың психикалық саулығына жағымсыз жағынан әсерін тигізеді. Мектеп оқушыларының көпшілігін мектептен тыс өмір қызықтырады, олардың кейбірі өз орнын жағымсыз компаниялардан табады. Қазіргі кезеңде мектептерде көптеген негативті көріністердің байқалуы оқушылардың сабақ үлгерімі мен тәртіп деңгейінің төмендеуі, мектептегі әлеуметтік-психологиялық климаттың дұрыс болмауы, жеткіншектер мен жастардың қоғамда жат мінездерді жиі көрсетуі, құқық бұзуға бейім тұру жас мемлекетіміздің аяғынан нық басуына ықпалын тигізбей өтуі мүмкін емес.

Психология ғылымының тәжірибелік саласы жас болғандықтан, осы бағытта жұмыс жасайтын қызметкерлердің ден әлі де жеткілікті түрде тәжірибе жинақтап үлгермеген жас мамандар мен бұрынғы пән мұғалімдері. Мамандық мәртебесі кәсіптік шеберлікке байланысты қалыптасады. Алайда кәсіптік іскерлікті шыңдайтын түрлі ақпарат көздерін мемлекеттік тілде тасымаладау ісінің қиындығына орай жас мамандардың бойындағы ынта-ықыласы басылып қалады. Оқу-тәрбие мекемелеріндегі педагог-психологтар мектепте психологиялық қызметтің жұмысын қалай ұйымдастыру, жұмыс жоспарын құру т.б. қажетті құжаттарды жүргізіп, оларды қолдану барысында қиындықтарды жиі кездестіруде.

Тұлғаның қалыптасуы мен дамуында оқу мен тәрбие процесінің психологиялық білімдері жеткіліксіз болғандықтан бүгінгі таңда бұл мақсатты іске асыру мектептер үшін қиынға түсуде.

Психологпен бірге білімнің барлық құрылымына көмек көрсетудің ізгілік формасы келеді. Психологиялық білімді мектеп тәжірибесіне қолдану мен психологиялық көмек көрсету жоғары кәсіби дайындықты, білімділікті талап етеді. Бүгінгі таңдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың және білім жүйесінде ақпараттар ағымының қарқынды дамуы мен бәсекелестіктің артуына психолог мамандарының белсенділігі мен біліктілігі, білімі арасындағы сәйкестіктің болу заман талабы деп түсіну керек.

Психологиялық қызметтің өмір тәжірибесінде қаншалықты маңызды екендігін жете түсіндіріп, оны іс жүзінде қолданудың нақты шаралары мен әдіс-тәсілдерін іздестіретін психологиялық сипаттары күрделі мәселе болып саналады. Психологиялық қызметтің іске асырылу сипаттары түрліше мазмұнда және әр қилы формада болуы мүмкін. Бұл мәселенің гносеологиялық негізі жеке адамның, дара тұлғаның жан-дүниесін белгілі бағытта дамыту мақсат-мүдделерін көздейді.

Бұрыннан қалыптасқан адамгершілік қарым-қатынас, әдептілік, имандылық бағытындағы кейбір дәстүрлер бұзыла бастады. Соның салдарынан жасөспірімдер арасындағы дөрекілік пен тәртіпсіздік, балалардың физиологиялық-психологиялық және рухани жұтандығы көбейіп келеді.

Қоғамның әлеуметтік күйінің басты көрсеткіші, оның болашағы-балалардың психикасы мен мінез-құлқында ауытқушылықтар мен олқылықтар көптеп көрініс беруде.

Болашағымызды рухани жұтаңдықтан, азғындықтан құтқару үшін, оны болдырмаудың алдын алу үшін өз деңгейінде ұйымдастырылған психологиялық қызметтің көмегі өте қажет. Ғылыми дәйектемелер мен білім беру жүйесінде психологиялық қызметті тәжірибе жүзінде ұйымдастыру мәселелері әр елде өзінше қарастырылатыны мәлім. Психологиялық қызметтің дамуы қоғамның белгілі ғылыми психологиялық тұжырымдамалар негізінде және халық білім берудің міндеттері мен қажеттіліктеріне, тұлғаның қалыптасуы мен тәрбие мақсаттары негізінде анықталады.

Сондықтан басқа елдердің практикалық психология саласы бойынша істеген жетістіктері негізінде өз елінің психологиялық теориялары мен мәдени дәстүрлеріне сүйенсек, білім беру жүйесінде психологиялық қызметтің ғылыми және ұйымдастырушылық принциптерін құрып, жетілдіру керек.



4.Жаңа материалды бекіту: 1. Психологиялық қызметтің қазіргі кездегі жағдайы мен маңыздылығы 

2. Психологиялық қызметтің құрылымы.

Қорытындылау(білімді бағалау) Сабаққа белсенді қатысқан студенттерді бағалау. Үй тапсырмасы: Қосымша материалдар.

Оқытушының қолы:_________________________

Пән бірлестігінің төрайымы:___________________




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Психологиялық қызметтің құрылымы, мазмұны, мақсат-міндеттері

Автор: Абдунабиева Зарина Махсуджановна

Дата: 27.04.2020

Номер свидетельства: 548105


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1460 руб.
2090 руб.
1480 руб.
2110 руб.
1850 руб.
2640 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства