kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Психология ж?не спорт психологиясы п?ні. Та?ырыбы: Жатты?у мен жарыс процестеріні? ма?саты мен міндеттері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Психология ж?не спорт психологиясы п?ні. Та?ырыбы: Жатты?у мен жарыс процестеріні? ма?саты мен міндеттері7

Жарыс?а ?атысатын спортшы немесе команда ?з алдына ай?ын ма?сат пен на?ты, дэл ж?не т?сінікті міндеттерді ?оя білуі керек. Жарысты? міндеттеріні? сипаты мен оалр?а спортшыны? ?арым-?атынасы оны? эмоционалды ?обалжуларды? к?ші мен алуан т?рлілігіне алып келеді. Сонды?тан, спортшы алдына ?ой?ан міндеттерді? ма?ызы мен мэнін аны?тауы керек, осы міндетті? орындалуы команда ?шін ?аншалы?ты ма?ыздылы?ын аны?талуы керек.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Психология ж?не спорт психологиясы п?ні. Та?ырыбы: Жатты?у мен жарыс процестеріні? ма?саты мен міндеттері »

Пән аты: Психология және спорт психологиясы

Оқытушы: Сағынтаева Жанна Сағынтайқызы

Дәрістің тақырыбы: Жаттығу мен жарыс процестерінің мақсаты мен міндеттері

Дәрістің түрі: аралас

Оқыту әдісі: түсіндіру, лекция, демонстрация, сұрақ-жауап, тест.

Пәнаралық байланыс: Жалпы психология, анатомия, физология, денешынықтыру.

Дәрістің мақсаты.

1. Білімділік: Жаттығу мен жарыс процестерінің мақсаты мен міндеттері жайлы түсінік беру.

2. Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылығын ояту, үйлесімді адамгершілік-имандылық қасиеттерін қалыптастыру, өзбетінше жұмыс істеуге үйрету.

3. Дамытушылық: Адам жан-дүниесі жайлы білім, біліктерін молайту, ой-өрісін дамыту.

Дәрісте қолданылатын көрнекі құралдар: лекция материалы, оқулық, плакт, кесте.

Дәрістің құрылымы мен мазмұны.

І. Ұйымдастыру кезеңі: Мемлекеттік әнұранды орындау. Студенттерді түгелдеу, сабаққа даярлау.

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру.

Түсіндіру әдісі: Дәріс баян сабағы

Материалды түсіндіру жоспары.

  1. Жарысқа қатысудың мақсаттары мен міндеттерінің қойылуы

  2. Жарыстың шарттары туралы ақпарат

  3. Жаттыққандық жағдайын бағалау және өзіндік бағалау


1. Жарысқа қатысудың мақсаттары мен міндеттерінің қойылуы

Жарысқа қатысатын спортшы немесе команда өз алдына айқын мақсат пен нақты, дэл және түсінікті міндеттерді қоя білуі керек. Жарыстың міндеттерінің сипаты мен оалрға спортшының қарым-қатынасы оның эмоционалды қобалжулардың күші мен алуан түрлілігіне алып келеді. Сондықтан, спортшы алдына қойған міндеттердің маңызы мен мэнін анықтауы керек, осы міндеттің орындалуы команда үшін қаншалықты маңыздылығын анықталуы керек.

Ол (мақсат) спортшының эмоционалды емес, еріктік толғаныстары мен де тығыз байланысты. Экспериментті зерттеулер көрсеткендей, спортшының жарысқа қатысуға қарым-қатынасы екі типті болатын жарыстық шарттармен тікелей байланысты болады:

  1. Белгіленген міндеттің сөзсіз орындалу шарты спортшыны қиындықтарды жеңуге, берілген жағдайға қарамастан жеңіс үшін жүмылдырады. Қиындықтарды жеңуде қойылған міндеттердің әлеуметтік маңызына мэн берген жөн.

  2. Жағдайларға қарай қойылған міндеттерді іске асыру шарты қалыптасқан жағдайға қарай табысқа жетуге талпыну қалпына жұмылдыруға алып келеді. Спортшы алдына жарысқа қатысудың мақсат-міндеттерін қояды, бүл жерде спортшының оларды қалай қабылдайтындығы, оның оларға қарым-қатынасы ескерілуі керек.

Спортшының жарыстың мақсат-міндеттерін қалай қабылдап, бағалайтындығын ғана емес, өз бетінше, осы мақсат-міндеттерді тереңдетіп, нақтылап жасай білу қабілеттілігін де тәрбиелеу керек.

Алдағы болатын жарыстың спортшы алдына қойған міндеттері барлық уақытта шыншыл болу керек. Орындалмайтын міндеттерге спортшы сенімсіз қарайды, осының әсерінен ерік күшін нығайтатын процесінің бір буыны элсірейді, бұл спортшының психологиялық дайындығының барлық жүйесіне эсерін тигізеді. Әрбір міндет, әрбір шешім спортшыны максимальды мүмкіндіктеріне сай болу керек, олардан еш уақытта жоғары болмауы тиіс. Бірақ, бұл жаттықтырушы жарыс алдында жеңіске жетудің шыншыл жолдары болмаса, жеңіске жету шарты керек емес деген сөз. Жеңіске деген құлшыныс - онсыз жарыс өзінің мәнін жояды, ол жарыста өнер көрсетудің негізгі шарты. Осының барлығын ескере келіп, шарттар ешуақытта өзінің шыншыл психологиялық шектігін жоғалтпауы керек. Жарыстың түсінікті, нанымды мақсаты, анық жасалған нақты міндеті спортшының оптималды мүмкіндіктерін жүмылдыру қалпына алып келеді.

2. Жарыстардың шарттары туралы ақпарат

Жарысқа дайындық барысында спортшыга алдағы болатын жарыстың шарттары, қарсыластары, өтілетін орны мен көрермендер туралы ақпараттар қажет. Өз қарсыласын білу жарысқа дайындық үшін нақты шараларды жасауға мүмкіндік береді, мұндай мәліметтердің болмауы спортшыны қатты алаңдатуы мүмкін. Әдетте қарсыласты тани білу, негізінен, оның дене, психикалық және тактикалық қасиеттері туралы мәліметтермен және оның спорттық өмірбаянының мәліметтерімен шектеледі. Әсіресе қарсыластың психикалық қасиеттері мен ерекшеліктері, оның еріктік қасиеттері, эмоциональды қалпының өзіндік сипаттары, жарыс кезіндегі оның психикасының ерекшеліктері туралы түсінігінің болуы өте маңызды.

Егер дене психикалық жэне тактикалық ерекшеліктерге қатысты мэліметтерді оңай табуга болатын болса, ал қарсыластың психологиялық қасиеттері туралы білу өте қиынға согады. Қарсылас өзінің психологиялық қасиеттерін тек жаттығуларда және көбінесе жарыстарда гана ашып көрсетеді. Оны бақылау, талдау индивидтің психологиялық танымының негізі жолдары.

Қарсыластың психологиялық мінездемесі егер ол туралы мэліметтер мына сүрақтарды біріктіретін зерттеу багдарламасы бойынша жүргізілген жағдайда толық болады:

  1. еріктік ерекшеліктер, кейбір еріктік қасиеттердің көрінісі мен дамуы..

  2. Жеке түлганың сезімдік- эмоциональды ерекшеліктері, күш, эмоциональды қалыптардың көрінісінің түрақтылығы, тереңдігі;

  3. Мінез бен темперамент ерекшеліктері, мінез белгілері және темперамент типі. Қарсыластың қандай спорт түрімен шүгылданатынына қарап, кейбір психикалық процестердің қалай көрінетінін білу де өте маңызды.

Осылайша егер эңгіме бокс туралы болса, онда қарсыластың назары мен реакциясының ерекшеліктерін білгеннің маңызы зор.

Дегенмен, спорттық - психологиялық мінездемесінің мэліметтерін өзгермейтін нәрсе деп қарауга болмайды. Нақты жарыстарға психологиялық дайындықтың маңызды бөлігі- бұл алдағы болатын жарыс жағдайларына психологиялық бейімделу. Бүл әсіресе өте сезімтал әсершіл жас спортшылар үшін қажет, өйткені олар ірі жарыстарга қатысатын стажы бар спортшыларга қарағанда, өз назарларын аз бөледі.

Алдағы жарыстардың жағдайларын меңгеру үшін спортшыға жарыстың өту орны, елдің климаттық ерекшеліктері , көрермендер мен олардың осы спорт түріне қарым-қатынасы гуралы кеңінен білуі көмектеседі. Бірқатар елдерде көрермендер реакциясымен санаспауға болмайды. Бірақ спортшы көбінесе алдағы жарыс туралы мәліметтерді толық ала алмайды. Сондықтан оған өз күшіне сенімділігі, байсалдылығы, кез келген жағдайда өзін-өзі ұстай білу сияқты психологиялық дайындығы көмектеседі.

Жарысқа психологиялық дайындық барысында ақпаратты беру формасы үлкен маңызға ие болады. Бір хабарды алдағы болатын спорттық күреске жағымды да жағымсыз етіп көзқарас тудыратындай етіп жеткізуге болады.

3. Жаттыққандық жағдайын бағалу және өзіндік бағалау

Жаттығу жағдайы жоғары болса, спортшы өз қызметінің процесінде дене, психикалық жэне тактикалық дайындығын барынша кеңінен көрсете алады. Сондықтан тактикалық жаттыққандық деңгейін анықтаудың маңызы үлкен. Жеткіліксіз немесе шамадан тыс жаттыққандық спортшыға жарыстарда табысқа жету шансын азайтады. Спорт тактикасында спортшының жаттыққандық қалпын бағалаудың бірқатар объективті әдістері бар. Жаттыққандықты бағалау егер ол өзіндік бағалауға сүйенбесе, мысалы, спортшы барлық объективті мәліметтер бойынша жақсы дайындалған сияқты, бірақ ол өзінің спорттық формасына жетпегендігін субъективті түсінеді.

Спорттық форманың психологиялық формалары алуантүрлі жэне олар психикалық өмірдің әртүрлі облыстарына жатады (П.А.Рудик, Г.М.Тагаева, О.А.Черникова, 1952) Арнайы зерттеулері жоғары жаттыққандық жалпы төмендегі белгілермен ерекшеленеді: а) психикалық процестердің төтенше тез өтуі, қоршаган ортаға бейімделуі және шешімдер қабылдау; б) назардың кеңейтілген көлемімен , ягни бір объектіден екіншіге тез назар аудару қабілеті; в) спортшының өз қимылдарына толық бақылау жүргізуі мен оларды барынша жақсы басқару қабілеттілігі; г) өз күшіне сенімділік; д) жеңіске деген жігерлілік, алга ұмтылушылық, жаттығу мен жарыстарда көрінетін ерік күштер; е) арнаулы қабылдауларының дамуының жоғары деңгейімен өз мінездемесі мен интенсивтілігі жагынан алдағы болатын жарысқа эмоционалды қалыптың болуы; з) кедергілерге қарсы тұрушылық, спорттық қимылдарды анық, тез орындау жолында кездесетін факторларга спортшының оңай қарсы тұру қабілеттілігі.

V. Жаңа материалды бекіту: (қойылған сұрақтар мен тапсырмалар)

  1. Спортшыларга жарысқа қатысудың мақсаттары мен міндеттерінің қойылуы?

  2. Спортшыларга жарыстардың шарттары жэне қарсыласы туралы ақпарат жтнаудың мақсаты?

  3. Спортшылардың жаттыққандық жагдайын багалаудың мақсаты?

  4. Спортшылардың өзіндік бағалаудың мақсаты?

V. Сабаққа қорытынды жасау. Студенттер білімін бағалау

Үй тапсырмасы: Глоссари. Тақырып бойынша жаңа сөзлерді анықтып, мазмұнын ашып көшіріп жазу,тезис құру. 10 тест сұрақтарын құрастыру.


Оқытушының қолы _____________________


Пән бірлестік төрайымы: ___________________________





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Са?ынтаева Жанна Са?ынтай?ызы

Дата: 15.12.2014

Номер свидетельства: 143952


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства