kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Парыз -азаматты? ар?ауы. Психологиялы? тренингтер.

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Міндетті т?рде к?н сайын аз да болса міндет борышын ат?арып отыру – тамаша іс». Л.Н.Толстой Ма?саты : - « Парыз », «Азаматты? » ??ым ??ндылы?ы туралы т?сініктерін ке?ейту ; ?зіні? азаматты? міндеті мен парызын адал ат?ару?а т?рбиелеу . Міндеттері : - азамат?а т?н мінез , оны? нар к?термес алып ісі ?мірлік парызы туралы білім беру ; - о?ушыны? эмоциясына ы?пал ету сезімін оятып дамыту , ой тол?амын жетілдіру ; - азаматты? , оны? парызы туралы ??ымдарын на?тылай келе , азаматты? биік саналылы??а т?рбиелеу . Саба?ты? к?рнекілігі: Интерактивті та?та, слайдтар, пара?шалар. Саба?ты? ?дісі: СТО, с?ра?-жауап, жатты?у. ?йымдастыру: сыныппен с?лемдесу, психологиялы? жа?ымды ахуал ту?ызу. Сыныпта?ы о?ушыларды? дайынды?ын тексеру. Шатты? ше?бері . О?ушылар «Шатты? ше?беріне» ша?ырылады, ?з бойларында?ы адамгершілік ?асиеттерімен б?ліседі. Слайдта?ы ?зі та?да?ан ?асиет бойынша топ?а б?лінеді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Парыз -азаматты? ар?ауы. Психологиялы? тренингтер. »

Өін –өзі тану.

Сыныбы : 11

Күні :

Сабақтың тақырыбы : Парыз – азаматтық арқауы


«Міндетті түрде күн сайын

аз да болса міндет борышын

атқарып отыру – тамаша іс».

Л.Н.Толстой

Мақсаты :

- « Парыз », «Азаматтық » ұғым құндылығы туралы түсініктерін кеңейту ; өзінің азаматтық міндеті мен парызын адал атқаруға тәрбиелеу .

Міндеттері :

- азаматқа тән мінез , оның нар көтермес алып ісі өмірлік парызы туралы білім беру ;

- оқушының эмоциясына ықпал ету сезімін оятып дамыту , ой толғамын жетілдіру ;

- азаматтық , оның парызы туралы ұғымдарын нақтылай келе , азаматтық биік саналылыққа тәрбиелеу .

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, парақшалар.

Сабақтың әдісі: СТО, сұрақ-жауап, жаттығу.

Ұйымдастыру: сыныппен сәлемдесу, психологиялық жағымды ахуал туғызу. Сыныптағы оқушылардың дайындығын тексеру.

Шаттық шеңбері .

Оқушылар «Шаттық шеңберіне» шақырылады, өз бойларындағы адамгершілік қасиеттерімен бөліседі. Слайдтағы өзі таңдаған қасиет бойынша топқа бөлінеді.

Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылар сағат тілі бойынша өз үй тапсырмаларын оқып, 2 жұлдыз, 1 тілек бойынша бағалайды.

Жаңа тақырыппен таныстыру.

Қызығушылықты ояту.

Балалар Парыз деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

I -тапсырма. Мәтінмен жұмыс.

1-топ. М.Қозыбаевтың мәтінінен «Азамат» ұғымына топтастыру жасау.

2-топ. Синквейн. 5 жолды өлең. «Азамат» ұғымы бойынша.

II-тапсырма. Миға шабуыл.

1.Мәтіннің авторының негізігі ойы қай сөйлемде деп ойлайсыңдар?

Әр топ пікірлесе отырып ортақ шешімдерін жариялады.

III-тапсырма. Кубизм.

Ұсынылған сұрақтар:

1.«Нағыз азамат» деген атқа ие болу үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек.

2. Азаматтық парызға нелер жатады.

3. Әрдайым тек есеппен жүретін адамды азамат деп деп айта аламыз ба.Неліктен.

4. «Парыз» «Қарыз» ұғымдарының ұқсастығы мен айырмашылығы

5. Азаматтық парыз қандай сезімдермен, қасиеттермен шектесіп жатады.

6. «Парыз » сөзінің синонимі.

Сергіту сәті.

Дәйексөз. Дәптермен жұмыс.

1-топ. Ел үмітін ер ақтар.

Ер атағын ел сақтар..

2-топ . Отан үшін отқа түс күймейсің. Дәйексөздің мағынасын түсіну


«Бейнематериалдар көру» оқушылар назарына «Алма мен бала » мәтінін көруді ұсыну.

1-топ. Балаға қандай тілек-ұсыныс айтар едің? Перзенттік парыз туралы не айтасың? Осыған ұқсас өмірден мысалдар келтіру.

2-топ.Ағашқа қандай ұсыныстар айтар едің?

Мысал арқылы түсіндіру. Ата-ана парызы туралы не айтасың?

Жағдаяттарды талдау.

1-топ.

2-топ.

Рефлексия. Еркін микрофон.

Бүгінгі сабақтан не ой түйдіңдер.

Сабақ саған қандай ісер қалдырды? Тб

Оқушылар өз пікірлерін пікір ағашына азып іледі.

Тыныштық сәті.

Бүгінгі сабағымызды жайлап ой елегінен өткізейік. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл күйіміз көтерілді. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гул түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түседі. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр бүкіл денеңе тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басының түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Сіз шешімшіл, парасатты, адал, азаматтық құндылы биік азаматсыз.

Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей ренжіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, Олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: Барлық адамдарға, жан - жануарларға өсімдіктерге барлық тірі жанға таралсын.... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымен... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын”.

Үй тапсырмасы:

56 бет. Б.Момышұлының пайымдамаларын басшылыққа ала отырып, жазбаша түйіндеме жазу.

Сабақ аяқталды. Қатысқандарыңа рахмет!







































1.Мұрат көптен бері қалада тұрады. Анасы «Шаңырақтың отын өшірмеймін» деп, жалғыз баласы Мұраттың айтқанына көнбей ауылда қалған. Мұрат жұмыста да отбасында да біршама жетістіктерге жетті. Дос жарандарының да, әріптестерінің де оның болашағынан үміті зор. Кенет ол қатты сырқаттанып жатқан анасы ауруханадан шығатындығы және оған үйде ұзақ күтім жасау қажеттігі туралы емдеуші дәрігерден хат алды. Мұраттан басқа қол ұшын беретін ешкім жоқ. Шешімді тез арада қабылдау керек.


Мұраттың таңдауы қандай болады деп ойлайсыңдар?

















  1. Сағынай мен Айсәуле мектептен бастап бір біріне ғашық болатын. Екеуіне бүкіл ел қызығып қараушы еді. Институт бітіргеннен кейін үйленбекші болып серттесіп қойған. Екеуінің де ата- анасы қарсы болмады. Міне, көптен күткен күн де алыс емес. «Сағынай Айсәуленің кезекті хатын оқи бастады». «Сағынай жаным! Хатты қалай бастарымды Білмей отырмын.. Өткенде сәл қызулап дәрігерге бардым Есіңде ме ,5-сыныпта ұзақ ауруханада жатқаным. Сол сырқатым ушыққан екен. Дәрігер: «Ауруыңыз асқынып кеткен, дер кезінде дұрыс емделмегенсіз. Енді ешқашанда нәресте сүйе алмайсыз» деп шешім шығарды. Бармаған емханам жоқ, зерттеу институтына да бардым. Бәрінің айтатыны сол. Міне, жағдай осы. Түһһ... Үстімнен ауыр жүк түскендей болды ғой. Ендігі сөз өзіңде. Жауабыңды асыға күтемін.


Сағынайдың жауабы қалай болады деп ойлайсыңдар?






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Парыз -азаматты? ар?ауы. Психологиялы? тренингтер.

Автор: Тандыбаева Гульмира Толкуновна

Дата: 29.11.2014

Номер свидетельства: 137188


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства