kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Өзін-өзі тану» пәнімен информатика пәнінің интеграцияланған сабағының жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Данный урок разработан в соответствии с требования ми государственного стандарта образования. Включает в себя интеграцию образовательных областей

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Өзін-өзі тану» пәнімен информатика пәнінің интеграцияланған сабағының жоспары»




Мергазина Нургуль Муратовна


«Базылбек Ахметов атындағы орта мектеп» КММ

Ұлан ауданы

Ново – Одесское ауылы

Шығыс Қазақстан Облысы






































«Өзін-өзі тану» пәнімен информатика пәнінің интеграцияланған

сабағының жоспары


Мектеп «Базылбек Ахметов атындағы орта мектеп» КММ

Тақырып: Paint графикалық редакторын қорытындылау сабағы

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Мейірімділік, адамгершілік, жанашырлық , достық

Мұғалім: Мергазина Нургуль Муратовна

Сынып –7 сынып Оқушылар саны – 11


Сабақтың мақсаты: Қаріп, абзацтар, шегістер мен аралықтарды құруды үйрету Білімділік: Paint графикалық редакторының құрылымы мен функцияларының негізгі түсініктерін, сызықтар, тіктөртбұрыштар салу істерінің негізгі принциптерін қайталау және бұрын алынған теориялық білімдерді практикада игеру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: Сүйіспеншілікпен бірлесе жұмыс істеуге ,табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сабақты өткізу тәсілі: «Жұмбақ әлем» ойынын ұйымдастыру

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес, саяхат сабақ

Сабақтың типі: Сабақты қайталау

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, практикум, көрсете баяндау, жеке жұмыс.

Пәнаралық байланыс: Өзін - өзі тану, информатика, география, биология


Ресурстар: (белсенді тақта, кітап, дәптер, слайд,

Ойын презентациясы, дербес компьютерлер Р.А.Мұқажанова, Г.А.Омарова, Р.Мұратханова «Мұғалімге арналған нұсқаулық» - Алматы: «Бөбек» ҰҒПББСО, 2015 ж. 144 бет




Оқушылардың сүйіспеншілік аралына саяхатқа баратыны туралы хабарлама жазылған слайд беті

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. информатика пәні мұғалімінің сөзі.

-Сәлеметсіңдер ме, құрметті оқушылар!

-Сынып оқушыларын түгендеу.

-Мен сендерге (күн суреті слайдта көрсетілген) мынандай көңіл-күймен келдім.

-Ал, сендер қандай көңіл-күймен келдіңдер?

Оқушыларға алдын ала күн, бұлт, бұлт арасындағы күн суреттері таратылған. Оқушылар өз көңіл-күйлерін суреттерді көрсету арқылы білдіреді.

Сыртқы интеграция (Өзін-өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдерін қолдану)

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі:

Кіріктірілген сабақ болғандықтан «Өзін-өзі тану» сабағының «5Т» ережесін қайталап өту.(тәртіп, тазалық, талап, тыныштық, татулық).

Тыныштық сәтi. Жайлы баяу музыка қойылады. Вволшебная композиция.

Теңізге саяхат..

(Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтінемін. Арқаларын тік ұстауын қадағалаймын. Жайлы, баяу музыка ойналып тұрады. Жанды дауысыммен оқимын).

– Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кетуге келді. Ол өте әдепті шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз. (Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады). Ал қазір жоғарыға, өз әлеміңізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин төмен қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқысынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажайып саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз. Рахмет!


Күн, бұлт, бұлт арасындағы күн, алма, бүлдірген суреттері


Компьтермен жеке – жеке жұмыс жасайтындықтан топқа бөлу тәсілі жүргізілмейді






















Жайлы музыка «Волшебная композиция»

ІІ. Қайталау (10-15 минут)

2.1.«Сүйіспеншілік аралының» құпия картасымен таныстыру. (1 мин) Өзін – өзі тану мұғалімі))

2.2. Біз толқындарға тап болдық, оқушылар! Сондықтан бұл толқындарға төтеп беру үшін, үй тапсырмасын тексерейік, өткен материалды қайталау үшін компьютерде тест шешеміз. Компьютерде жұмыс істемес бұрын қауіпсіздік ережесін қайталап өтейік. (5 мин) пән мұғалімі))

2.3. Зерттеуші топ «География» тауларына жеттік. География сабағын жақсы білеміз бе? Ендеше теңізде жүргендіктен география және биология сабағы керек екен. Теңіз туралы, балықтар туралы не білесіңдер? Әлде қандай да бір аңыз әңгімелер білесіңдер ме? (5 мин) пән мұғалімі))

Мұғалімнің сыйы ретінде өткізген «Біз толқындарға тап болдық» ойыны

ІІІ. Практикалық бөлім (15-20 минут)

3.1. Келесі кезең «Теңіз пейзажы» деп аталады. Енді практикалық жұмыс орындаймыз. Жаңа ғана теңіз туралы, балықтар туралы айтып кеттік, енді су астындағы әлеммен видео көру арқылы танысайық. Бұл видео сендердің осы кезеңнен сүрінбей өтулеріне көмектеседі деп ойлаймын.

3.3. Paint графикалық редакторын іске қосамыз. «Теңіз пейзажы» деген тақырыпта сурет салу.




Сүйіспеншілік аралы бейнеленген карта




Алдын ала дайындалған тест жұмысы














Бейнекөрсетілім

«Теңізге саяхат»



Оқушыларды үстелде тұрған кітаптармен таныстырып, балықтар тұралы айта кетіп, дидактикалық материалдар тарату керек.



ІV. Сабақты қорытындылау (1-2 минут)

  • Сабақты қорытындылау.

«Сүйіспеншілік» аралымыздан өтіп «География» тауларына барып, «Теңіз пейзажы» арқылы «Информатика» аралына жеттік. Бұл аралға құпия картаның көмегімен, кезеңдерден өту арқылы жеттік. Бұл аралды зерттеу әлі аяқталған жоқ, келесі сабақтарда бұл аралды зерттеу жалғаса береді.

  • Теңіздегі саяхатымыз ұнады ма?

  • Сендер осы тақырып бойынша өз білімдеріңді бекіттіңдер.

V. Үй жұмысы. (1-2 минут)

Үйге Paint арқылы тыныштық сәтіндегі сезімін бейнелеу

Топпен ән айту «Балдәурен» әні ( Өзін – өзі тану мұғалімі)

Балдәурен көктем, асығып жеткен,

Шағала күндер.

Базарлы маусым, шырқалған даусым,

Тамсанып әсем.

Балауса балғын, көк майса шалғын,

Барады күндер.

Тербеліп билеп, жайқалып билеп,

Ән салып әсем.


Қайырмасы:

Балдәурен, бақытты ән дәурен,

Келеді қанатын самғаумен.

Көңілдің ұшырып, аққуын,

Балауса, бал бұлақ, бал дәурен.


Жаныма жылы, жүрекке ыстық,

Көңілге сұлу.

Тоя ма көзің, балдәурен кезің,

Бақыт-ау, бақыт?

Даламдай дархан, тауымдай биік,

Өмірге сұлу.


Қол шапалақтау арқылы бір – бірлеріне алғыстарын білдіру





















Балдәурен әнімен әуен










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
«Өзін-өзі тану» пәнімен информатика пәнінің интеграцияланған сабағының жоспары

Автор: Мергазина Нургуль Муратовна

Дата: 24.01.2017

Номер свидетельства: 383263


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства