?а?азды? артына сол т?ске байланысты жазыл?ан интерпритацияны о?иды. Мысалы: Алмас ?ызыл т?сті та?даса, онда Алмасты? к??іл-к?йі ?те ?уанышты к?йде екенін білуге болады.
« ?нмен бой сергіту».
Ж?ргізуші танымал 3-4 ?н аты жазыл?ан ?а?аз таратады. (?р ?нге сондай ?а?аз саны те? келеді) ?атысушылар ?зіне тиген ?н ?уенін ж?ріп ы?ылдап салады. Ойынны? міндеті ?зі сия?ты ?н ?уенін салып т?р?ан адамды іздеп тауып, ?осылуы т?птеп келгенде осындай ?ш не т?рт топ ??ралады. Мысалы: Азамат бригаданы? ?уенін салып т?рса Хадиша ?з ?уенін естіп Азаматпен бір топты ?
2.«Мимикалы? ситуация».
?атысушылар ?ш топ?а б?лінгеннен кейін оларды? топ басшылары орта?а шы?ып карточканы та?дайды. Онда «Махаббат», «Б?зы?ты?», «?ызы?ушылы?», та?ырыптар берілген.?р топ ?з та?ырыптарына байланысты мимика, панто-мимикалы? ситуация ??райды. ?ал?ан екі команда оларды? басты та?ырыбын табады.
2.«Автопортрет».
Ф. Бернсті? «Афтопортрет» ?дістемесі ар?ылы т?л?аны? ?асиетін аны?тау.?атысушылар?а д?птер, ?алам беріледі. Олар ?здеріні? автопортреттерін салады. Н?тижесін психологтар талдайды.?ажетті заттар: д?птер, т?рлі-т?сті ?аламдар, медитациялы? музыка.2.«А? тілек »
Шарды? ішіне т?рлі та?ырып?а байланысты тілектер жазылады. ?атысушы о?ушылар ?зіне ?на?ан шарды та?дап алып, оны жарады. Шар ішіндегі тілекті о?иды.
Тренинг со?ында ?р ?атысушы ?з ойын біледі.
« Жа?ымды к??іл-к?й» ?алыптастырайы?
Ма?саты: О?ушыларды? ішкі жанд? ниесін ашу?а ж?не ?зін еркін сезіне алу?а ?йретету. «С?лемдесу» ойыны: ?азір біз сендермен ойын ойнаймыз, ?имылды тез жасаулары? керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен ?алай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлері?мен тез-тез амандасасы?дар. ?р адаммен ?рт?рлі амандасасы?дар. Сонымен, к?збен… ?олмен… иы?пен… ??ла?пен… тіземен… иекпен… ?кшемен… ар?амен.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««?зін-?зін тану» тренингі »
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы
Бегімбет ауылы
Б.Сүлейменов атындаы орта мектеп
Мектеп психологі: Акишева Гүлнұр Төлебайқызы
Жалпы еңбек өтілі 3 жыл 7 ай санаты жоқ
Тел.нөмері 8771128536 87712671741
Сабақтың тақырыбы: «Өзін-өзін тану» тренингі
Мақсаты: «Тұлғалық қасиетті білу».
1.«Менің есімім» атты жаттығу.
Жаттығу танысу үшін жасалынады- әркім кезекпен өз атын атап, есімінің бас әріпінен басталатын сөз айтады. Мысалы: Сандуғаш сникерс, Әсел әлем т.б.
«Сіздің көңіл-күйіңіз қандай?»
Қажетті заттар: түрлі –түсті қағаздан жасалған фигуралар, маркер.
1а) Интерпритация
Қызыл қуанышты көңіл-күй
Ал қызыл-ұнамды көңіл-күй
Сары-жағымды көңіл-күй
Көк- суық көңіл-күй
Қоңыр-қиналған көңіл-күй
Күлгін-алаңдаушы көңіл-күй
Қара-күш қуаттың төмендеуі
Ақ –анықталмаған көңіл-күй.
2а) Әр оқушы өзіне ұнаған түрлі түсті фигураның біреуін таңдайды.
Қағаздың артына сол түске байланысты жазылған интерпритацияны оқиды. Мысалы: Алмас қызыл түсті таңдаса, онда Алмастың көңіл-күйі өте қуанышты күйде екенін білуге болады.
« Әнмен бой сергіту».
Жүргізуші танымал 3-4 ән аты жазылған қағаз таратады. (Әр әнге сондай қағаз саны тең келеді) Қатысушылар өзіне тиген ән әуенін жүріп ыңылдап салады. Ойынның міндеті өзі сияқты ән әуенін салып тұрған адамды іздеп тауып, қосылуы түптеп келгенде осындай үш не төрт топ құралады. Мысалы: Азамат бригаданың әуенін салып тұрса Хадиша өз әуенін естіп Азаматпен бір топты қ
2.«Мимикалық ситуация».
Қатысушылар үш топқа бөлінгеннен кейін олардың топ басшылары ортаға шығып карточканы таңдайды. Онда «Махаббат», «Бұзықтық», «Қызығушылық», тақырыптар берілген.Әр топ өз тақырыптарына байланысты мимика, панто-мимикалық ситуация құрайды. Қалған екі команда олардың басты тақырыбын табады.
2.«Автопортрет».
Ф. Бернстің «Афтопортрет» әдістемесі арқылы тұлғаның қасиетін анықтау.Қатысушыларға дәптер, қалам беріледі. Олар өздерінің автопортреттерін салады. Нәтижесін психологтар талдайды.Қажетті заттар: дәптер, түрлі-түсті қаламдар, медитациялық музыка.2.«Ақ тілек »
Шардың ішіне түрлі тақырыпқа байланысты тілектер жазылады. Қатысушы оқушылар өзіне ұнаған шарды таңдап алып, оны жарады. Шар ішіндегі тілекті оқиды.
Тренинг соңында әр қатысушы өз ойын біледі.
« Жағымды көңіл-күй» қалыптастырайық
Мақсаты: Оқушылардың ішкі жандү ниесін ашуға және өзін еркін сезіне алуға үйретету. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.
«Карусель» жаттығуы. Мақсаты: Қарым-қатынасты дамытуға арналады Топ мүшелері 2-ге бөлінеді . 1-ші топ ішкі, 2-ші топ сыртқы топ болып бөлініп, екі шеңбер жасайды.Жетекшінің берген белгісі бойынша ішкі топ сағат тілі бойынша қозғалады, жетекшінің сигналы бойынша олар тоқтайды да, екеуден ішкі топ пен сыртқы топ бір-біріне қарсы тұрған адамдар бірігеді. Әрбір топқа кезекпе-кезек жетекші белгілі бір роль беру керек, олар тез арада сол рольді 2-3 минутта көрсетуі керек. Мысалы: сатушы- сатып алушы ; мұғалім – оқушы, дәрігер – қаралушы ; полиция –шофер; әке – бала; анасы –қызы. Бұл жаттығу әрбір адамның өзінің мінезін, көңіл күйін, қабілетін , өзгерте білу осы арқылы өзгелермен еркін араласу қабілетінің дамуына көмектеседі.
« Көңіл күйімізді» жаттықтыру
Мақсаты:Шынайы бейнелеп көрсете білу арқылы көңіл күйімізді жатықтыра алуға арналады.Жүргізуші:Бүгін мен сендерге актер болуға үйретемін. Менсендерге нені көрсет десем, соны бет-әлпеттеріңмен бейнелейсіңдер. 1. Қабақтарыңды түйіп,ашулы адамның кейпін көрсетесіңдер 2. Қатты қорқу қажет.Қасқырдан қорыққан қоян сияқты немесе ұядан түсіп қалған балапан сияқты,мысықтан қорыққан тышқан сияқты және иттен қорыққан баланы бет -әлпеттеріңмен көрсету қажет. 3. Жылап тұрған адамды көрсету. 4. Жәй күліп тұрған адамды және қатты күліп тұрған адамды көрсету 5. Өлең айтып тұрған адамдың сезімін көрсете білу
«Мимикалық ситуация». Қатысушылар үш топқа бөлінгеннен кейін олардың топ басшылары ортаға шығып карточканы таңдайды. Онда «Махаббат», «Бұзықтық», «Қызығушылық», тақырыптар берілген.Әр топ өз тақырыптарына байланысты мимика, панто-мимикалық ситуация құрайды. Қалған екі команда олардың басты тақырыбын табады«
«Тыныштықты жақсы көретін патша»Патша шуды жек көреді, сондықтан ханзаданың көңіл-күйін бұзбау үшін барлығымыз шуламай тыныш қозғаламыз. Патша аяқтың ұшымен жүреді, оның жүрісі жеңіл, баяу. Бұл ролді бір бала атқарады. Жүргізуші келесі сөзді айтады: «Барлық балалар, патшадан басқа бөлменің әр жеріне тұра қалады. Патша саусағын ауызына тигізіп, «Ш-ш-ш, ханзада келе жатыр!» деп, бөлмені аралай бастайды. Барлығы «қатып» қалу керек, ал патша әрқайсысын айналып шығады. Кез келген баланың қасына келіп, саусағын баланың мұрнына тигізеді. Сол бала аяқтың ұшымен патшаның артынан жүре бастайды. Келесі балаға жақындаған патша саусағын баланың мұрнына тигізеді, ол бірінші баланың соңына тұрып, аяқтың ұшымен патшаның артынан жүре бастайды. Сол тәртіппен ойын жалғаса береді. Барлық балалар патшаның артына жиналғаннан кейін, патша кез келген артындағы балаға қарап, «Ш-ш-ш» дейді, сонда сол бала өз орнына тыныш, аяқ ұшымен оралады. Барлығы орнына тұрғаннан кейін ойын аяқталады
“ Мен жеңімпазбын” Орындықтарды ортаға қойып, музыка әуені ойнағанда балалар шеңбермен айналып жүгіреді. Орындықтар саны балалар санынан 1 санға кем болуы керек. Еңсоңында қалған бала орындықтың үстіне шығып, мен жеңімпазбын деп айтуы керек.
«Жүректен жүрекке» Мына, менің қолымдағы жүрекшелер сендердің жұдырықтай ғана жүректерің. Сол жүрекшеге жүректеріңнен шыққан жылы тілектеріңді өздеріңе арнап жаза қойыңдар. Барша адамзаттың жүрегі-осындай таза, пәк, нәзік болсын деген тілекпен мына жүрекке жапсырайық. Бүгінгі тренинг - сабақтан өздеріңе қандай жаңа нәрсе алдыңдар
«Менің бейнем» тренингі
Құс бейнесі:Сідің мінез-құлқыңыз айналадағы адамдарға тәуелді.Өйткені сізге өз ортаңыз қатты әсер етеді.Сіз эмоцианалды жансыз,Себебі сіз барлығын көңіліңізге тікелей қабылдайсыз.Өз көңіл-күйіңізді тиімді пайдалануға ұмтылыңыз, және сізде эгоизмдік қаситі бар.Сиыр бейнесі:Сіз әрқашан өз стиліңізді табуға ниеттенесіз.Соған орай, ортадағылар сізді қолдап,әрқашан түсініп отырады.Осыған орай сіздің қатнасыңыздың жоғары екендігін байқауға болады.Сіздің мінезіңіз жағымды, барлық адамдар сізді жақсы,жылы қабылдайды.Сондықтан сізде жағымды жаңалықтар көп болады.Қоян бейнесі:Сізге өз көзқарасыңыз бен принциптеріңізден бас тарту кейде қиынға соғады.Бірақ сіз өз-өзіңізге тым сенімді емессіз.Демек, сізге ортада өзіңіздің батылдығыңыз қажет.Оыған қарап,сіз ерік күшіңізді жұмсамайтыныңызды аңғаруға болады.Ендеше,ерік күшіңізді пайдалана біліңіз.Ол сізге өзіңізді танытуға мүмкіндік береді.Жолбарыс бейнесі: Сіз өте белсенді адамсыз,сонымен бірге сіз ортада және басқа жерлерде сыйлысыз.Сізбен қатынаста болған адамдар сізді әрдайым жоғары бағалайды.Сізге қолдау көрсетсе бақытқа жетуге болады деген ойға келесіз,және бақытты өмір сүруге талпынасыз.Сондықтан сізде сәттіліктер көп болады.
Тақырыбы: «Жүректен жүрекке»
Мақсаты: Өзін-өзі тану, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу, көңіл-күйді және эмоцияны реттеу; бір-біріне деген сыйластыққа, жүрек жылуын ұсынуға баулу.
1«Танысу» жаттығу
Жаттығу барысы: Жұргізуші: Ең алдымен таныспас бұрын жартылай екіге бөлініп шеңбер жасалған орындыққа отырайық. Қолымдағы допты оқушыға беріп есімдерін ататқыза отырып өз бойындағы үш қасиетін кезекпен айтады.
Өміршендік ережесі
Әр адамның ережесі-өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау. Сол сияқты иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен іштей табысқа жетуге талаптанып,
Өміршеңдік ережелерін айтайық.
1. Жігер деген-Мен
2. Күш деген-Мен
3. Махаббат деген-Мен
4. Кешірім деген-Мен
5. Құдірет деген-Мен
6. Жасөспірім деген-Мен
7.Жастық шақ деген-Мен
8. Денсаулық деген-Мен
9. Адалдық деген-Мен
10. Жарқындылық деген-Мен
11. Бар ғажайып деген-Мен
Хормен:Бәрі маған байланысты,
Бәрі менің қолымда.
«Мейірімділік алаңы» жаттығуы
Мақсаты: Өз бойындағы жаман, жақсы қасиеттерін жазу. Іштегі жағымсыз жайттарды сыртқа шығарту. Әр адам сиқырлы жасыл айнасыз-ақ өзіңің жақсы-жаман қасиеттерін біледі.Қатысушылар түрлі түсті қағаздан жасалған гүлге жақсы (плюстарын +) жақтарын жазады да тақтада ілінген табиғаттың суреті жасалған плакатқа әр бала жапсырады. Ал жаман қасиеттерін (минус- ) шоғайнаға арам шөпке жазады да ортада тұрған қоқыс жәшігіне умаждап лақтырып тастайды.
«Би терапиясы»
Жүргізуші: Қазір көңіл-күйімізді көтеру мақсатында би терапиясы орындалады.Әуен ойналады, би билеу.
Өз тағдырыңның иесісің бе?
Мына суретке анықтап қара. Алдыңызда жартылай бөлме сізге дизайнердің рөліне еніп, көркемдеуі өз қолыңызда тура келеді.
Суретші-әсемдегіш,бояғыш,сылағыш және т.б.Сіздің мнезіңіз-бұл бөлмеге керекті көрік беру.
Негізгі міндетіңіз-қабырғаның түсқағаздарына мән беру!
Бірінші есік және терезеге көңіл бөліңіз.Бұл суретте олар бұзылған
түрде берілген.
Ең бірінші көрсететін кезең: егер сіз Терезе мен есікті теңестіретін болсаңыз,сіздің өміріңізде не болса соның бәрін басшылыққа алуға ұмтылатыныңызды айтады.Өзіңіз бақытты сезіну үшін барлық болып жатқан жағдайлардан хабардар болған ұнайды.Сіз балығын өзіңіз тексергенді жөн көресіз,басқа адамдарға,керек десеңіз өзіңізге өте жақын адамдарға да сенбейсіз.
Тесттің кілті
Егер сіз ЕСІК ПЕН ТЕРЕЗЕНІ ӨЗГЕРТПЕСЕҢІЗ,онда өмірді талқыламай және тағдырыңызға арызданбай,сол қалпында қабылдайсыз.Сіз шыдамды және төзімдісіз.
Егер сіз қабырғаға ТАҒЫ БІР ТЕРЕЗЕ салсаңыз,онда қарым-қатнасқа көбірек қажеттілікті сезінесіз,көпшіліксіз тұр алмайсыз.Егер ол ТЕРЕЗЕ ҚАБЫРҒАНЫҢ ЖАРТЫСЫНАН КӨБІРКЕК ОРЫН АЛСА,онда көпшіліктің ойы сіз үшін бірінші дәрежеде маңызды.Сіз өз тағдырыңыздың иесі емессіз,сіз-топтың бөлігісіз,үлкен мемлекетте өзіңізді кішкентай бұранда есебінде сезінесіз.
Егер сіз еденге КІЛЕМ ТӨСЕСЕҢІЗ,ПАРКЕТ НЕМЕСЕ ЛИНОЛЕУМ салсаңыз,онда сіздің анық тәуелсіз болуға ұмтылғаныңыз.Сіз бәрінен де ақылын және түбін бағалайсыз,сіз жерде нық тұрасыз, ешқандай да қолдауға шындықты аспандағы тырнаға айырбастамайсыз.
Егер сіз бөлмеде ҚОСЫМША ЗАТТАРДЫ (ЖИҒАЗДАР,ЫДЫС-АЯҚТАР т.б.) салсаңыз,онда сіз тағдырыңызды өзіңіз құрасыз.Сіз бақытты жағдайға қол жеткізу керектігін,жерде жатқан тастың астына су жүрмейтінін түснесіз.Сіздің өмірлік принципіңіз-сәтілік жан-жаққа шашу,барынша мүмкіндікті арттыру.
«Менің арманымның аралы» Тренинг
Мақсаты:Оқушы өмірдегі өзінің бірнеше мақсаттарын белгілейді. Соның ішіндегі кейбіреулерін алдыңғы қатарға қояды
Мазмұны:
Тақтаға 6 арал ілінеді.
Даңқ
Махаббат
Денсаулық
Достық
Байлық
Жанұя
Осы аралдардың қайсысында өмір сүргін келеді? Неліктен? Түсіндір. Балалар арал таңдау барысында бірнеше топтарға бөлінеді. Бір плакатқа әрбір топ өз пікірлерін жазады.
Спикер: Неге осы арал таңдалды? Осы пікірді қорғап шығады.
Қорытынды: Өмірде әлі талай өзгеріс болар, қз таңдауларынды, көзқарастарынды өзгертерсіңдер. Ең бастысы, еш нәрседен қаймықпай, өз таңдауларыңды қазір жасай білгендерін.