kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?зін-?зі тану саба? жоспарлары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы Ынтыма? т?бі – береке  
??ндылы? Д?рыс ?рекет ?асиеттер татулы?, ауызбірлік, досты? 
Ма?саты: О?ушылар?а ?йымшылды?, береке-бірлік, татулы? туралы т?сініктерін ке?ейту. 
Міндеттері: 
1.О?ушылар?а ынтыма? ??ымы туралы т?сінік беру; 
2.О?ушыларды? ?з-ара жа?ымды ?арым-?атынастарын, с?йіспеншіліктерін дамыту?а ы?пал ету, 
3.О?ушыларды татулы??а, ауызбірлікке, доста??а т?рбиелеу. 
Ресурстары : 
(материалдар, дерек?здер) 
«Игілік-басы ынтыма?, ынтыма?ты елде к?ншуа?» 
Халы? ма?алы 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?зін-?зі тану саба? жоспарлары»

Тақырыбы Ынтымақ түбі – береке  
Құндылық Дұрыс әрекет Қасиеттер татулық, ауызбірлік, достық 
Мақсаты: Оқушыларға ұйымшылдық, береке-бірлік, татулық туралы түсініктерін кеңейту. 
Міндеттері: 
1.Оқушыларға ынтымақ ұғымы туралы түсінік беру; 
2.Оқушылардың өз-ара жағымды қарым-қатынастарын, сүйіспеншіліктерін дамытуға ықпал ету, 
3.Оқушыларды татулыққа, ауызбірлікке, достаққа тәрбиелеу. 
Ресурстары : 
(материалдар, дерекөздер) 
«Игілік-басы ынтымақ, ынтымақты елде күншуақ» 
Халық мақалы 
Сабақтың барысы 
1.Үйымдастыру кезеңі. Сабақтағы жағымды күйге келу. 
Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар да, терең тыныс алыңдар. 
Жер бетінде жанға жайлы бір жер бар деседі, оны көру әркімнің маңдайына жазылмаса керек. Ол жерде адамдар шат-шадыман, бір-бірін ренжітпей аялап, мейіріммен қарайды екен. Адамдар сәл нәрсенің өзіне қуанып, кішкентай дүниеден жақсылық іздейді екен. 
Барша табиғатқа қамқорлықпен қарағандары соншалықты, айналада жайқалып қалың майса шөп өсіп, өзендер мөп-мөлдір, тап-таза болып ағып, көгілдір көлдерде балықтар шоршып жүзеді. Адамдардың мұң мен жауласу дегенді білмейді, күнкөріс қамымен де бір-бірін ренжітпейді, бір-біріне бауырмал болып, өзара көмектеседі екен. Сол себепті ол жерде бәрі бақытты, бәрі тату, дос. Халықтар өзара соғыспайды, келісімге келіп, үйлесімде өмір сүреді. Ол аймақтың тыныштығы мен жайлылығы сондай-бозторғайлар қой үстіне ұя салып, қой үстіне жұмыртқалайды. Бірақ оған қызыға қарауға болғанымен, ол елдің тұрғындары бөтен ешкімді елдеріне кіргізбейді екен деседі. Бірақ өз тұрған жеріңді осындай жайлы мекенге қалай айналдырар едіңдер? Ойланып көріңдерші. 
Енді көз алдыларыңа елестетіңдер. Жанға жайлы музыка қоюға болады. 
Ескертулер 
• Топқа бөліну «Менің қалаған түсім» 
Қобдишадан қалаған түстеріңді таңдап,әр түске сәйкес топқа бөлініңдер. 

2. Үй тапсырмасын тексеру. 

Оқушыларға «ынтымақ» құндылығының жеке адам 
мен қоғам өміріндегі маңызын ұғындыру мақсатында оқулықта берілген мәтінді оқып келіп,талқылау. 
• Үй иелерінің Ынтымақты қонақ қылуының себебі неде? 
• Ынтымақ болған жерге Қызырдың, Бақ пен Дәулеттің келуінің себебін қалай түсіндірер едіңдер? 
• Сендер кімді қонаққа шақырар едіңдер? 
• «Ынтымақтан биік, ынтымақтан күшті ештеңе жоқ» дегенді қалай 
түсінесіңдер? 
3. Жағымды ой-пікір (дәйексөз). 
Оқулықта «Игілік- басы ынтымақ, ынтымақты елде күншуақ», деген халық мақалы берілген. 
Бұл дәйексөзді көзқарас, себеп, мысал, қорытындылау бірізділігін сақтай отырып талқылау. 

• Сергіту сәті 


4. Оқиға айту (әңгіме). 
Қарастырып отырған «ынтымақ» ұғымына байланысты оқулықтағы «Ойланайық, пікірлесейік» айдарында берілген төмендегі сұрақтарға жауап берейік. 
• Ынтымақты дегенді қалай түсінесіңдер? 
• Ынтымақ түбі-береке деп айтуда қандай мән бар? 
• Ынтымақтастық, татулық, ұйымшылдық ұғымдарының ұқсастығы неде? 
Ынтымақ, бірлік, татулық туралы мақал-мәтел айтып, гүл шоғын толтыру. 


Мәтінмен жұмыс: Адамдар арасындағы татулық, ауызбірлік, ұйымшылдық сияқты қасиеттердің ынтымаққа, бірлікке жеткізетінін ұғындыру мақсатында оқулықта берілген мәтінді оқып беру. 
• Баба өсиетінен не ұқтыңдар? 
• Баба өсиетінен қандай қорытынды жасауға болады? 
Синквейн (Топпен жұмыс) 
Мына сұлба бойынша синквейн («бес тармақ»деген мағынаны білдіреді) жазыңдар. 
1) 1 зат есім (тақырыбы) Ынтымақ 
2) 2 сын есім___________________________ 
3) 3 етістік_____________________________ 
4) 4 сөзден тұратын сөйлем_______________ 
5) Түйін (1 сөз) _________________________ 

Тапсырма:Адамдардың бірлікке келуі, бірлесіп тірлік жасауы, татулығы үшін қандай қасиеттер қажет? (татулық, достық, ауызбірлік, бірлік)Осы сөздер мен олардың анықтамаларын салыстырып, әрбір терминнің өзіне сәйкес келетін анықтамасын беріңдер. 
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс 
Оқушылардың ойларын мен сезімдерін білгеннен кейін оқулықта берілген М. Мақатаевтің «Құт мекені» өлеңін оқып, сұрақтарға жауап беру. 

• Біздің еліміз қалай құт мекенге айналып отыр деп ойлайсыңдар? 

• Отанымызға сүйіспеншіліктеріңді қалай білдірер едіңдер? 

Түйіндеме : Бірлігі берік, ынтымақтастығы жарасқан елдің болашағы баянды. 

Тапсырма.  Елімізге деген тілектерімізді жазайық. 

6. Топпен ән айту. 
Алтын Махамбетованың «Менің елім» өлеңін айту. 

7. Үй тапсырмасы. «Ынтымақ түбі – береке» тақырыбына эссе жазу 
8. Сабақты қорытындылау сәті: Адамдар арасындағы ұйымшылдық, береке-бірлік ынтымақ туғызады. Ынтымақ бар жерде адамдар өзара бірлікке келіп, бірлесіп әрекет етеді. Татулық орнайды. Ұжымдағы, ел ішіндегі ынтымақтастық татулыққа, достыққа жеткізіп, болашағымызды баянды етеді.  Позитивті күйге келу.(баяу әуен қойылады) 
Көзімізді жұмып,еркін отырайық. Енді бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық, сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып,көкейімізге түйіп алайық. Жайлап көзімізді ашайық. 

Енді,бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді, көңіл күйлеріңді смайлик арқылы көрсетіңдер. 


Тақырып: Ынтымақ түбі – береке!

Құндылық: Тыныштық

Қасиеттер: татулық, ынтымақтастық, ұйымшылдық.

Сабақ мақсаты: «Тыныштық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту;әр бір оқушынын ұйымшылдыққа, ынтымаққа, татулыққа, достыққа тәрбиелеу және құнды адами қасиеттерін дамыту.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

  2. Тыныштық сәтi.Баяу музыка орындалады. Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмыңдар. Қазір біз орманға саяхат жасаймыз. Сол орманның таза ауасың терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс, алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаны тұла бойларыңмен толық сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашыңдар.

1.Соңынан оқушылар алған әсерлерімен бөліседі.

  1. Үй тапсырмасын тексеру

  • Рухани адамгершілік құндылығын қалай түсінесіндер?

  • «Он екі миллион» шығармасының идеясы не де?

- Шығармадағы жанашырлық қасиетін қайдан байқауға болады.

- Арно жан рақатын қалай тапты?

Сабақ барысын талқылау:

  1. Дәйек сөз Игілік – басы ынтымақ,

Ынтымақты елде күн шуақ.

  • Мақалдың мағынасын қалай түсінесіздер?

  • Халық мақалымен келісесіздер ме?

  • Ынтымақ сөзінің мағынасың қалай түсінесіндер?

  1. Әңгiмелеу (сұхбат) Мәтінмен жұмыс

Әнет баба әңгімелері

Алдына сәлем бере және елді ынтымақтастыру жөнінде келген Төлеге Әнет баба садақтын алты оғын біртіндеп сындырып, екі бүктеп он екі шыбық етіп ортасынан буып:

  • Міне, енді сындырып көріші,- дейді.

Төле бірден бір бума шыбықты қайдан сындырсын. Шыбықтарды Әнет бабаға қайтарып:

  • Айып етпеңіз, бұл жұмбағынызды түсінбедім, Әнет баба, - депті. Сонда Әнет баба былай деп өсиет айтыпты.

  • Төлежан, ешқашан да өзімшіл болма, көптің айтқанын тында. Көптің айтқаның тыңдасаң, көп те сенің айтқаныңды орындайды. Көп болсаңдар, өзара ынтымақта болсаңдар сендердің белдеріңді де ешкім сындыра алмайды. Ал әрқайсың жеке – дара болып, ынтымақтарың жараспайтын болса, мына жеке шыбықтарды сыдырған секілді әркім – ақ бірліктеріңді бұзып, берекелеріңді кетіреді.

-   Баба өсиетінен не ұқтындар?

- Баба өсиетінен қандай қортынды жасауға болады?

(Оқушылар жауабын тыңдау, қорытынды шығаруға сұрақтар қою арқылы көмектесу)

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 1 тапсырма Мақалды жалғастыр:

1.Алтау ала болса, ........................ Төртеу түгел болса,..............................

2. Ынтымақ түбі – ...........,Тірілік,тірілік түбі – бірлік.

3. .................... істі бітірер.

4. Ақылдассаң шешерсің........................................

2 тапсырма Терминнің анықтамасын сәйкестендір. Ұғым Анықтамалары

  1. Татулық

  2. Достық

  3. Ауызбірлік

  4. Бірлік

  5. Ынтымақтастық

  1. Топпен ән айту

«Бейбітшілік сақталады» әнін орындау

  1. Үй тапсырмасы. Еліміздегі ынтымақ, бірлік туралы құрбы – құрдастарыңның арасында сауалнама жүргізіңдер. Сауалнама нәтижесі бойынша қорытынды жазыңдар.


Сабақ жоспары

Тақырыбы: Армысың, кең дүние!

Құндылық: Тыныштық

Қасиеттер: татулық, ынтымақтастық, ұйымшылдық.

Сабақ мақсаты: «Тыныштық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту;әр бір оқушынын ұйымшылдыққа, ынтымаққа, татулыққа, достыққа тәрбиелеу және құнды адами қасиеттерін дамыту.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Тыныштық сәті: . (Жайлы, баяу музыка қойямын).

ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН. 

Әңгімелесу
- «Дүние», «Әлем», «Қоршаған орта» деген ұғымды қалай түсінесің?
- Қоршаған әлемнің адам өміріндегі мәні неде?
- Адамның қоршаған ортаға қарым қатынасы қалай болу керек?
- Өзіңнің дүниеге деген көзқарасың қандай?
- Дүниенің кеңдігін қалай түсінесің?

Мәтінмен жұмыс
Мәтінмен жұмыс ретінде «Бұлбұл, жарқанат және қарақұрт» ертегісін ұсынады. Оқушылар мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап бере отырып, мәтіннің басты идеясын түсінуге тырысады.
-Бұлбұлдың үнін өшіруге жарқанатты неліктен қарақұртты шақырды?
-Бұлбұл кең дүниеге өз сезімін қалай білдіреді?
-Қарақұртқа кең дүниенің кереметтігі қалай әсер етеді?

Оқу ақпараты
Көп қырлы, сан алуан құбылыстар жиынтығы болатын кең дүние – әсем, шексіз әрі мәңгі. Ақ көңіл, таза ниетпен келбеті толық ұғыну адамның өз өмірінің мәнін түсініп, орнын табуға көмектеседі.

Дәптермен жұмыс
2-тапсырма
Өлеңді оқыңдар. Өздеріңнің дүниеге көзқарастарыңды әңгімелеп беріңдер.

Соңғы тыныштықсәті.

Ынғайланып отырыңыздар, кздеріңізді жұмыңыздар, Бүгінгі сабақта не үйренгенімізді ішімізден қайталаймыз, Мен жақсы адаммын, Жақсы адамдар ешкімге, еш нәрсеге қиянат жасамайды. Енді көімізді ашамыз.

Сабақ аяқталды.

Сау болыңдар!




Сабақ жоспары


Сабақтың тақырыбы: Армысың кең дүние!


Сабақтың мақсаты: оқушыларға «дүние», «әлем», «қоршаған орта» туралы түсінікберу, дүниеге деген жағымды көзқарастарын дамыту.

Сабақтың міндеті: оқушыларға «дүние», «әлем» ұғымы туралы түсінік беру, оқушылардың әлемді жағымды қабылдай білу сезімдерін дамытуға, өмірдің мәнін түсініп, өз орнын таба білуіне ықпал ету.


Сабақтың барысы:


1.Ұйымдастыру кезеңі

Тыныштық сәті: . (Жайлы, баяу музыка қойямын).

ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН.

Дәйексөз

Сабақ дәйексөзді таныстырудан бачталады.

Оқулықта Иоганн Гетенің «Адам әлемді қаншалықты таныса, слншалықты өзін де тани түседі» - деген нақыл сөзі берілген.

Оқушылардан дәйексөздің мағынасын қалай түсінетіндерін сұрай отырып, оларға өз ойын ашық жеткізуге мүмкіндік беремін.


Мәтінмен жұмыс

Оқуға ұсынылған «Қабуснамадан» үзіндіні оқушылардың өз бетімен оқуға ұсынамын. Мәтінді оқи отырып, оқушылардың әлемді қабылдауы, дүниені түсінуі арта түседі. Мәтін оушылардың өмірдің мәні, өмірден адамның алатын орны жөніндегі түсініктерін айқындауға көмектеседі.

Оқушыларға мәтінде айтылған « дүние заңдылықтарына немқұрайды бейтарап қарауға болмайды», «ойлаған мақсатың орындалмаса, оған жұлдыздар немесе замана айыпты деп ойлама», «дүние түзілгенде ұлы даналықпен түзіліп, оған көркемдік пен сұлулықты үйлестірді», «ақ көңілі пәк таза жандар адаспайды»,- деген түйінді ойларға оқушылардың назарын аударып, оны өз ойларымен түсіндіріп айтып берулеріне мүмкіндік беремін.


Тынышық сәті

Сабақта тыныштық сәті ұйымдастырылды.

- Балалар денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашыңдар.


Дәптермен жұмыс

«Әлем» анаграммасын шешіңдер.

ә








л







е






м














  1. Болмыстағы әсемдік, сұлулық.

  2. Ойлаудың жолдары мен оның формалары туралы ғылым.

  3. Ержүректілікпен, ұстамдылықпен, табандылықпен ұштасып жататын жеке бастың ерекшелігі.

  4. Бүкіл адамзатқа тән сезімнің жоғары түрі.



Тапсырма

Оқушылар өздерінің әлемге қарым-қатынастары мен дүниеге көзқарастарын тапсырманы орындау барысында жүзеге асырады.

Барша әлемге, күллі адамзат баласына, алыстағы достарыңа, басқа адамдарға арнап жылы сөз, жақсы тілек жазыңдар.



































Тақырып: Мөлдір бұлақ- жасыл кұрақ

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: Мейірімділік, қамқорлық, жанашырлық.

Мұғалім: Айтымова А.С. Класс_ 6 сынып.         Оқушылыр саны:2

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қоршаған ортаға, табиғатқа деген ,  қамқорлықты, мейірімділікті, қиянат жасамау арқылы түсіндіру.

Міндеттері.

Білімділігі: - Оқушылардың қоршаған ортаға, табиғатқа қамқорлық жасауда түсінік беру.

Дамытушылығы: - оқушылардың табиғатқа, қоршаған ортаға, жақындарына деген мейірімділік, жанашырлық, қамқорлық қасиеттерін дамыту.

 Тәрбиелілігі: - табиғатқа мейірімділікпен қарауға, қамқорлық жасауға , жанашырлыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Тыныштық сәті: . (Жайлы, баяу музыка қойямын).

ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН. 

Ресурстар:( оқулық, дәптер)

2.Үй тапсырмасын тексеру: Қанекей балалар үйге қандай тапсырма берілді?

«Бетпақдала»

1.Бетпақдала деп аталу себебі неде?

Хан жарлығы мен ел-жұрттың әрекеті табиғатты қандай жағдайға душар етті?

2.Құнарлы жердің бетпақ далаға айналуынa адамдардың қандай әрекеті әсер етті?

3.Табиғат заңдылықтарын бұзу қандай жағдайға әкеп  соқтыруы мүмкін?

4.Ол үшін біз не істеуіміз керек?

5. Ханның жасаған әрекеті дұрыс па?

(дұрыс емес ол табиғатқа қиянат жасады)

6.Табиғат заңдылықтарын бұзу қандай жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін?

7. Қандай адамдар қиянат жасамайды?

 

Сабақ барысын  талқылау:

3.Дәйексөз:  Таза болса, табиғат,

                       Аман болар адамзат!           

                                                      (Ф. Оңғарсынова)

 Дәйексөздің мағынасын калай  түсінесіңдер?

Табиғат пен адам арасындағы үйлесімділік дегенді қалай түсінесіңдер?

Қоршаған орта неғұрлым таза болса, адамның денсаулығы мықты , көңілі көтеріңкі болады.

Сол себепті табиғатқа мейірімділікпен қарап, жанашырлық білдіру, қиянат жасамау әр адамның қолында.

Адам мейірімділікті, сүйіспеншілікті, қайырымдылықты  табиғаттан үйренеді. Адам баласы табиғат перзенті екенін әрдайым есте ұстау керек. Жер бетіндегі өлі және тірі табиғат бір\бірімен тығыз байланысты. Табиғаттың адам баласына  сый тартуы шексіз. сол себепті биз табиғатқа мейірімділікпен қарап, қамқорлық көрсетіп, қиянат жасамауымыз керек

Адам өзіне қатысты қандай қиянат жасамауы керек?

Сол сияқты биз табиғатқа да қиянат жасамауымыз керек.

 

 

4.Мәтінмен жұмыс (мұғалімнің сыйы)

Аңыз әңгіме: Үзілген гүл

 

-Гүлмінез неліктен бәйшешекті үзіп әкеп үйінің маңына отырғызды?

-Анасы оған қандай кеңес берді?

- Табиғатқа өз қарым қатынасыңды қалай білдіресіңдер?

-Табиғаттың  адамға жасаған қамқорлығы дегенді қалай түсінесіңдер?

-Өзің табиғатқа кандай қамқорлық жасадың?

 

5.Шығармашылық жұмыс. Тапсырма

Екі топқа бөлу

«Жанашырлық» және «Табиғат»

« Жанашырлық»

-Жанашырлық дегенді калай түсінесің?

Жауабы: қиын жағдайға тап болған адамдарға, табиғатқа  қамқорлық көрсету, жәрдем беру,

-«Жанашырлықты» калай жасауға болады? (Сахналау)

«Табиғат»

-Адамзаттың табиғат алдындағы міндеті  қандай?

Жауабы: адамдар табиғат қуат көздерін орнымен пайдалану, оның әсемдігін сақтау, қамқорлық пен мейірімділік таныту.

-Табиғат пен адам тұтастығын көрсететін ауыстырмалы мағынаны тап:

қабағынан қар жауған (қаталдық)

Ай мен күндей...(сұлулық)

Бірде көл, бірде шөл....( құбылмалық)

(анықтама беру)

 

Оқушыларды түсті кағаздар бойынша топка бөлу

6.Үйге тапсырма

«Табиғатты аялайық»  атты мәтінді үйде оқып келеміз.                                   (Ғ. Құлахметов)

76 бет 21 сабақ

 

7.Топпен ән айту.

Жақсы адамдар         (Жұматай Оспанұлының )

.

 

8.Соңғы тыныштықсәті.

Ынғайланып отырыңыздар, кздеріңізді жұмыңыздар, Бүгінгі сабақта не үйренгенімізді ішімізден қайталаймыз, Мен жақсы адаммын, Жақсы адамдар ешкімге, еш нәрсеге қиянат жасамайды. Енді көімізді ашамыз.

Сабақ аяқталды.

Сау болыңдар!







Сабақтың тақырыбы: Мөлдір бұлақ – жасыл құрақ
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік туралы , табиғаттың тұтастығы туралы ұғымдарын кеңейту.Оқушылардың табиғатты сақтау, аялау сезімдерін дамытуға ықпал ету, табиғатқа сүйіспеншілікке, мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: Кітап, интербелсенді тақта, кеспе қағаздар, желім , карандштар, видероликтер
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру
Топқа бөлу Өзен, Көл Бұлақ
ІІ Тыныштық сәті. Сазды әуен көмегімен мұғалім мәтін оқиды.
Оқушылар тыңдап болғаннан кейін өздерінің көңілді ойларыменбөліседі.
ІІІ Үй тапсырмасымен жұмыс
Бетпақдала мәтінін әңгімелеу , сұрақтарға жауап беру
1 Хан жарлығымен ел жұрттың әрекеті табиғатты қандай жағдайға душар етті ?
2 Құнарлы жердің бетпақдалаға айналуының себебі неде?
3 Табиғат пен адам арасындағы үлесімділік дегенді қалай түсінесің?
4 Адамзаттың табиғат алдындағы парызы қандай ?
ІV Кітаппен жұмыс
Оқулықта берілген Табиғатты аялайық мәтінін оқиды. Әр оқыған оқушы мәтінге тақырып 
Қояды 1 Табиғат қонысым
2 Табиғат ана
3 Табиғат ұстаз
Интербелсенді тақтада мына сөздер жазылады
Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап , үлесімділік сақталғанда адамзат баласы үшін табиғат –кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс
V Оқушылар табиғатқа байланысты постер қорғау жұмысы жүргізіледі 
Әр топ өзіне берілгне тапсырманы орындайды.
IV Топтастыру стратегиясы
V Тақырыпқа байланысты мақал- мәтелді аяқтау Интербелсенді тақтада суреттер көрсетіледі
1 Сәуір болмай, тәуір ...
2 Таумен тасты су ...
Ел арасын қу ...
3 Таулы жер бұлақсыз ...

Сулы жер құрақсыз ...
4 Қыстағы қар жерге ...
Жердегі ылғал елге ...
5 Көлдің көркі ..
Таудың көркі ...
6 Сүмбіледе су ...
Таңсәріде таң ...
7 Жаңбырмен жер ...
Батамен ер ... 
VI Табиғаттың көріністері видео ролик 
VII Дәйексөз 
Таза болса , табиғат

Аман болар адамзат7 ( Фариза Оңғарсынова)
VIII Жүректен- жүрекке . Бір-біріне жақсы тілек тілейді.
IX Үйге тапсырма : Менің қаламның табиғаты . Эссе жазып келу





















































Тақырып: «Шындық шыңы – ақиқат»

Құндылық: ақиқат

Қасиеттер: шыншылдық, өз-өзіне адал болу,жақсыдан жаманды ажырата білу

Сабақ мақсаты: Оқушылардың шындық туралы білген ұғымдарын кеңейтіп, ақиқат құндылығының мәнін ашу;

Міндеттері:

-адами қарым – қатынастағы шыншылдық қасиеті туралы түсінік беру;

- жақсыдан жаманды ара-жігін дұрыс ажырата білу біліктіліктерін дамыту

- оқушыларды өз-өзіне адал болуына және шынайылыққа тәрбиелеу;

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз.

Тыныштық сәті Нұрға бөлену

Үй тапсырмасын тексеру

«Сөздің атасы мен анасы»деген мәтінді оқып келу №26 сабақ 95 -бет

1.Саудагер Қазыбектен нені білгісі келді?

2.Жақсы мен жаманды дер кезінде Қазыбек қалай байқады?

3.Қазыбек бидің бойынан ақиқат құндылығын көре алдық па?


Сабақ барысын талдау

Дәйексөз

Шындық-ащы болсада денсаулығымызға оң әсерін тигізетін дәрі іспеттес Оноре де Бальзак

1 Шындықтың шыңын қалай сезінеміз?

2.Қандай қасиеттер адамды ақиқатқа жетелейді?

3.Өз өміріңізден қандай мысал келтірер едіңіз?


Әңгiмелеу (мұғалімнің сыйы)

Шындыққа жетер жол қайда

Ол кезде 6 сыныпоқитын едім. 22-наурыз мейрамыболатынсолкүні. Анам маған 10 000 теңгеберді, қыдырыпқайтқыздарыңменсаябаққа шығып деді.Негізі 5 000 теңгебермекшіболған, бірақұсақақшасыболмай ,10 000 бересалды, жартысынқайтыпәкеліпбер деген еді. Түсіріпалдым ба, ұрлатыпалдым ба солақшаныжоғалтыпалдым әйтеуір. Үйгекеліпанама

-Құрбым ақша сұрады , соған бердім деп өтірік айттым. Бірақ сұмдық қызарып кеттім, сол күннен бастап ішкенім ірің, жегенім желім болды. Арада бір апта өтедіанам:

-Әлгі құрбыңнан ақшаңды алып келсеңші,- деп жіберді мені. Мен үйден шығып кеттім де, сәлден соң

-құрбым үйінде жоқ екен ,-деп келдім. Сен өтірік айтып жүрсің қызым , мұның не дейді. Сол жерде жылап жібердім. Ол басынан ақша жоғалтып үйге келгенімді білгенін, құрбыма да қарыз бермегенімді білетінін айтып берді. Өтірік -өрмекшінің торына ұқсайды деді әжем. Бір өтірікті жабу үшін екіншісін айтасың, сөйтіп өріп кете бересің де өзің адасып қаласың ішінде. Сол оқиға еш есімнен кетпейді,өтірік шынымен де өрмекшінің торы секілді.Шындықты сол сәтте айтпағаным үшін іштей өкіндім.

  1. Оқушы шындыққы жетер жолды неліктен таба алмады? 2. Әжесінің айтқан сөзінен нені ұғуға болады? 3. Өз-өзіңе адал болам десеңіз шындықты дер кезде айту қажет пе?


Шығармашылық жұмыс

Оқушыларды 4 топқа бөліп, тапсырма беру,

1-топ Шындық туралы өлеңді өз ойларымен жалғастыру

2-топ Сыныптағы шыншыл баланының суретін салу

3-топ «Шындық-шыңы ақиқат» тақырыбын сахналау

4-топ Адалдылық сөзіне сөз жұмбақ құрастыру


Топпен ән айту.«Құндылықтар әлемінде»

Сөзі:Мұғалімдершығармашылығы

Әні: «Ертегілер әні» сазымен



Үй тапсырмасы №27 сабақ 98-бет

Қ.Толыбаевтың «Ақиқат»мәтінін оқу


Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.








Тақырып: «Шындық шыңы – ақиқат»

Құндылық: ақиқат

Қасиеттер: шыншылдық, өз-өзіне адал болу,жақсыдан жаманды ажырата білу



Мақсаты: оқушыларға ұрпақтан ұрпаққа, атадан балаға мирас ретінде  жететін мәдени мұра, атамұра ұғымдарының рухани құндылық ретіндегі маңызын ұғындыру.

Міндеттері:

-  оқушылардың ұлттық құндылықтарға, мәдени мұраларға деген сүйіспеншіліктерін дамытуға ықпал ету.

Мұғалім М. Мақатаевтың «Бабаларым, рақмет сендерге!» өлеңін өзі мәнерлеп оқып береді. Балалармен бірге өлеңді талқылып, төменде берілген сұрақтарға жауап іздейді.

 

М. Мақатаев

Рақмет сендерге!

Қобызыңмен қосып ән мен тiл бердiң,

Бабаларым,

Жыраулардың жазбай кеткен жырларын,

Қорқытыңның қорқынышты мұң-зарын

Құлазыған сенiң құла түздерiң

Жазылмаған тарихымның жолдарын

Мен бiлмеймiн,

Шаһар салып, жасадың ба жәннат-бақ.

Табынамын, тарихымдай ардақтап.

Сыр ашпайды сенiң құла түздерiң,

Сенiң бүкiл болмысыңның тағдырын

 

Тастап кеткен аңызыңа жүгiнгем.

Тарихымды жазудамын бүгiн мен,

·      Ақын қандай атамұра жайында ой толғайды?

·      Қазақтың қара домбырасын неге қасиеттi деп бағалаймыз?

 

Шығармашылық жұмыс

Оқушылар жұмбақ құрастырады. Қазақ халқының   қолөнерін танытатын ұлттық кимімдер, әшекейлі заттар, құрал – жабдықтар жөнінде оқушылар өз білгендерін ортаға салады. Жұмбақтардың шешуін тауып, өздеріде жұмбақ жасырады.

2)    Іші – егіс,                         4) Дорбаға тығып бас жағын,

Сырты тегіс.      (тон)               Байлап салдым қос жағын.     (тымақ)

 

Топпен ән айту

Оқушылар мұғаліммен бірге үнтаспаға қосылып төменде берілген әнді орындайды.

Домбыра туралы баллада

 Әнi: К. Дүйсекеевтiкi

Күй ойнайды қазағымның жанында.

 Күмбiрлеген домбырасы барында.

Қайырмасы:

Анамыздың сырысың сен, домбыра.

Даламыздың үнiсiң сен, домбыра!

  Домбыра бұл, үнсiз қалып көрмеген,

  Үзiледi,үзiледi,үзiледi әуендер

Қайырмасы.

Даламыздың тағдырларын толғаған.

  Аманат қып ұрпағына жолдаған.

 

Үй тапсырмасы


Мұғалім оқушыларға келесі 33-34-сабақтағы «Ғажайып бақ» ертегiсiн оқып, сұрақтарға жауап даярлап келуді тапсырады.


Соңғы тыныштық сәті


Оқушылар барлығы бірігіп «Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде, тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкiл әлемде» деп хормен айтад





















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
?зін-?зі тану саба? жоспарлары

Автор: Айкенова Тол?ынай ?ожмуханбетовна

Дата: 12.04.2016

Номер свидетельства: 317687


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства