Сабақ мақсаты: 1. Білімділік: оқушылардың адам өмір жолының маңызды құрамдасы ретінде түсініктері кеңейеді. Өзін-өзі тану пәнінің маңыздылығын түсінеді. 2. Дамытушылық: Өздерін жеке тұлға ретінде сезінеді. 3. Тәрбиелік: оқушылар өзін-өзі тәрбиелеуде рухани құндылықтардың қайнар көзі-халықтық тағылымдардың тәжірибесінен тәлім ала білуге үйренеді. Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)
Проектор, музыка, әл-Фараби суреті, плакаттар мен маркерлер
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңi. Амандасу. Топқа бөлу (түстері түрлі шарлар арқылы) - 3 мин
Тыныштық сәтi: «Нұрға бөлену» - 3 мин Сабақ барысын талқылау: Жуан, жіңішке сұрақтар арқылы балалардың ойлау қабілеттерін ояту Дәйек сөз. Дүниедегі ең оңай нәрсе – біреуге ақыл айту, Ең қиын нәрсе – өзіңді-өзің түсіну. Әл-Фараби
2. Әңгiмелеу (сұхбат).
1 сұрақ: Неге ақыл айту оңай іс? 2 сұрақ: Өзіңді түсінуді неге ауыр іс деп біледі? 3 сұрақ: Неліктен адам өзін түсіне білуі қажет? Талдауда біреудің бойындағы кемшілікті көріп, ақыл айту оңай, адамның ең жақсы қасиеті – өз бойындағы кемшіліктерді өзі байқап, соны болдырмауға тырысу, адамның өзін-өзі түсінуі, түсіне отырып өзін-өзі тәрбиелеуі өмірлік үдеріс. Өзін-өзі тәрбиелеудің нәтижесі жемісті болады.
3. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Өзін-өзі тану Адамның бүкіл өзін-өзі тәрбиелеуге, өзгелерді түсініп, өмірден өз ғұмыры жетілдіруге бағалауға негіз орнын бойына жалғасып мүмкіндік береді болады табуға отырады көмектеседі
Абайдың қара сөзін оқытуды сұрау. Түсінгендерін сұрақ қою арқылы анықтау: 1 «Өзіңнен өзің әр күн сайын есеп ал» деген сөзді қалай түсіндіңдер? 2 Есті болу үшін адамға қандай қасиет керек?
4. Үй тапсырмасы. Дәптермен жұмыс 2 тапсырма: өлең жаттау 3тапсырма: криптограмма шешу Криптограмманы шешу нәтижесінде «Өзін-өзі тану» туралы Сократтың нақыл сөзі оқылады.
5. Топпен ән айту. «Мен де өсіп келемін» - Ә. Орманшина
Желдей жүйткіп жылдармен Үйренемін, ұғамын, Мен де өсіп келемін. Өмірдің жинап керегін. Отанымды сүйемін, Керек болса көмегім, Қадірін оның білемін Қол ұшымды беремін. Мектепке де барамын, Адал туған Отанға Білімнің бойлап тереңін Ұлы болсам, деп едім. Топтар бірлесе отырып әнді әуенге қосылып орындайды.
6. Соңғы тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»
7. Рефлексия Кері байланыс парақтарын толтыру Сабаққа белсенді қатысқандары үшін ризашылық білдіру