Просмотр содержимого документа
«?зін-?зі тану ар?ылы т?рбиелеу м?мкіндіктері»
ТҰЛҒАНЫҢ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Абдрахманова Оразганым Коштайқызы Орал қаласы №19 ОЖББМ өзін-өзі тану мұғалімі
Қазіргі уақытта техника мен технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында, жаһанданудың жаулап алуы барысында мемлекетте әлеуметтік-экономикалық жаңғырту саясатын жүзеге асыру арқылы ізгі қоғамға қол жеткізу басты мәселе болып отыр. Қоғамды өзгертуші күштің бірі адам болғандықтан, қоғамның ізгілігі адамдардың игілігінен, адами іс-әрекеттерінен, этномәдени әлеуметтенуінен, олардың өркениеттік озық үлгілерді бойына сіңіруінен және өзіндік болмысын сақтап қалуынан негіз алады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев әлеуметтік-экономикалық жаңғырту саясатындағы он бағыттың бірі ретінде «Қазақстандағы адам капиталының сапалы өсуіне» баса назар аударып келеді. Осыған байланысты ел Президенті адам капиталын байытудағы басты құндылықтар қатарында патриотизмді, мораль мен адамгершілік нормаларын, ұлтаралық ынтымақтастық пен толеранттылықты, физикалық және рухани дамуды, заңға бағынушылықты, ана тілін, көптілділікті атап көрсетіп, осы құндылықтарды барлық оқу орындарында балалар мен жастардың бойына сіңіру қажеттілігіне аса мән берген болатын.
Осы айтылып өткен құндылықтардың мәнділігі адамның өзін, айналасын, ауылын, елін, Отанын терең танып-түсінгенде және оларға риясыз сүйіспеншілігі қалыптасқанда, адами дамудың интеллектуалдық тұрғыдағы жоғары шыңына жеткенде ғана арта түсетіндігі шындық емес пе? Сол себепті оқу-тәрбие мекемелеріне балалар мен жастардың қоғамдағы, қоршаған ортадағы өзінің орны мен рөлін ұғынуына, өмірдің қарапайым ақиқатын түсінуіне, адами қарым-қатынасын жоғарылатуына, рухани тұрғыдан дамуына, интеллектуалдық әлеуетін адамгершілік тұрғыдан жұмсауына, рухани-тарихи мәдени мұралар мен халықтың салт-дәстүрін, әлем өркениетін жете бағалай білу қажеттілігі артып келеді.
Рухани - адамгершілік құндылықтармен білім жүйесін дамытып қалыптастыру жаңа қоғамның дамуындағы мәні зор, әрі маңызды бағыт. Әсіресе оқушыларды рухани - адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі қажетті мәселе. Рухани - адамгершілікке тәрбиелеу тек білім берумен ғана шектелмейді. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде рухани - адамгершілік қасиеттері қалыптасады.
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, кішіпейілділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады.
Рухани-адамгершілік тәрбие-екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым-қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек. Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады. Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру үдерісінде ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады. Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткші болып табылады. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-зі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі тұлғаны мейірімділікке, ізгілікке шақырады.
Рухани-адамгершілік тәрбие - бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұжымда тұлғааралық қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды. Сондықтан жалпыадамзаттық құндылықтар болып саналатын адамгершілік мұраларды, рухани-адамгершілік қасиеттерді бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру, жақсылыққа үйрете білу аса маңызды болып саналады.
ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ АРҚЫЛЫ ТҰЛҒАНЫ ТӘРБИЕЛЕУ МҮМКІНДІКТЕРІ
Абдрахманова Оразганым Коштайқызы Орал қаласы №19 ОЖББМ өзін-өзі тану мұғалімі
Еліміздің егемендігі нығайып, ертеңіне сеніммен қадам басқан шағында заманына сай адамын тәрбиелеу басты міндет. Осы өрелі жолда ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап, рухани-адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын «Бөбек» қорының Президенті С.Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» авторлық бағдарламасының алға қойған мақсатының өзі ерекше маңыздылық танытады. Себебі өзін-өзі тану баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің талқы-талдауына тәуелді болмауға, өзін-өзі жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт-бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді.
ҚР білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында атап көрсетілген басты міндеттердің бірі – жалпы білім беретін мектептерде білімді, дене бітімі және рухани әлемі дамыған азамат қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады.
Тәрбие – қоғамдық тәжірибені білім, практикалық іскерлік пен дағды, шығармашылық іс-әрекет тәсілдері, әлеуметтік және рухани қарым-қатынас меңгерудегі тұлғаның түрлі іс-әрекетін ұйымдастыру және ынталандырудың мақсатты, саналы түрде жүргізілетін үздіксіз педагогикалық үрдіс. Сондықтан, тәрбие заңдылықтары, оның сипаты мен әдістемелік негіздері тәрбиелік қызметінің өзінде ғана көрінбей, әлеуметтік тұлға сипатына ие адамның даму және қалыптасу заңдылықтарына негізделеді.
«Әр бала – керемет рухани күш иесі. Ол шетсіз шексіздікті танып-білуге ұмтылады. Мұндай ұмтылыс адам баласының бойында дүниеге келген сәтінде-ақ пайда болады. Сондықтан да мұғалім әр балаға рухани күш иесі ретінде қарауы керек. Мұғалімнің мұндай көзқарасы баланың белсенділігін арттырады. Білімге деген құштарлығын көбейтеді. Балаға сеніммен қарау баланы тек қуаттандыра түседі», – деп белгілі педагог Ш.Амонашвили айтқандай, мұғалім шеберлігі мен білімділігі «Өзін-өзі тану» пәні арқылы өскелең ұрпақтың тұлғалық әлеуетінің дамуына, өзіндік қасиетінің ашылуына, шығармашылық және танымдық белсенділігін ынталандыруға, балаларға сүйіспеншілік, мейірімділік, ақиқат, адалдық, шыншылдық, сұлулық, мінез-кұлық дұрыстығы арқылы үйлесімді жан-жақты дамуына жол ашады.
Көрнекті педагог В.Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді. Демек, шәкіртке жан - жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.