Ма?саты: Ата – ана?а баланы? психологиялы? жа?дайын т?сіндіру, жеке т?л?а болып ?алыптасуында?ы р?лін таныту. Ата – ана мен баланы? арасында?ы ?арым-?атынасты? ерекшеліктерін психологиялы? жатты?улар ар?ылы аны?тау.
?ту барысы:
І. ?йымдастыру б?лімі
ІІ. «Есімдер аллитерациясы» тренинг
ІІІ. Жатты?у «?з ж?лдызы?ызды табы?ыз»
ІV. Жа?даяттар
V. Ата-аналар?а ке?ес
VI. Топпен ж?мыс
VII. ?орытынды
І. ?йымдастыру б?лімі
?адірлі ата-аналар, ?ріптестер «Отбасыны? жемісі-т?рбиелі ?л мен ?ыз» атты д??гелек ?стелімізге ?ош келді?іздер.
Баланы жастан ба?паса?
Жаманды?атан ?а?паса?
?адірден ж?рдай ?ас?а боп
Кешкені? ?мір бос?а тек
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Отбасыны? жемісі-т?рбиелі ?л мен ?ыз»
№5 орта жалпы білім беретін мектебі
Отбасы күніне арналған психологиялық тренинг сабақ
Тақырыбы:
Өткізген: мектеп психологы
Умирзакова С.М
2014 - 2015 оқу жылы
Психологиялық тренинг сабақ
Тақырыбы: Отбасының жемісі- тәрбиелі ұл мен қыз
Мақсаты: Ата – анаға баланың психологиялық жағдайын түсіндіру, жеке тұлға болып қалыптасуындағы рөлін таныту. Ата – ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы анықтау.
Өту барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. «Есімдер аллитерациясы» тренинг
ІІІ. Жаттығу «Өз жұлдызыңызды табыңыз»
ІV. Жағдаяттар
V. Ата-аналарға кеңес
VI. Топпен жұмыс
VII. Қорытынды
І. Ұйымдастыру бөлімі
Қадірлі ата-аналар, әріптестер «Отбасының жемісі-тәрбиелі ұл мен қыз» атты дөңгелек үстелімізге қош келдіңіздер.
Баланы жастан бақпасаң
Жамандықатан қақпасаң
Қадірден жұрдай қасқа боп
Кешкенің өмір босқа тек – дегендей баланың ыстық суығына күйінбейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар сірә. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол анаға қарап өседі, бойын түзейді. Балабақшада балаға білім, тәрбие беретін тұлға тәрбиеші болса, оны жалғастырушы , демеуші ата – ана.
ІІ. «Есімдер аллитерациясы» тренинг
Мақсаты: Ата-аналарды бір-бірімен таныстыру.
Шарты: әр отбасынан бір адам осы жерде отырған отбасы мұшелерінің есімдерін айтып және де есімдерінінің бірінші әрпінен басталатын жағымды қасиеттерін айту керек. Әр отбасы мүшесінің сөзінен кейін қалғандары үш рет қол соғып құрметтеп қояды.
Талдау:
Сіздің есіміңізді, жақсы қасиеттеріңізді айтып жатырғанда қандай сезімде болдыңыз?
Өзіңіз қазіргі екзде қандай көңіл күйде отырсыз?
ІІІ. Жаттығу. Медитация «Өз жұлдызыңызды табыңыз»
Нұсқау: Жұлдызды түнді елестетіңіз. Жұлдыздар үлкен және кіші, жарық және күңгірт. Біреу үшін бұл біреу немесе бірнеше жұлдыздар, ал біреулер үшін сансыз көп, жарық шашып бірде алыстап, бірде қол созым жерде жақын орналасқан. Жұлдыздарға мұқият қарап, ең керемет жұлдызды таңдаңыз. Мүмкін, бұл балалық кездегі сіздің арманыңызға ұқсас шығар, мүмкін, ол біздің бақытты сәби кездеріңізді еске түсірген шығар. Тағы да ол жұлдызыңызға сүйсініп, соған жетуге тырысыңыз. Бар күшіңізді салыңыз. Сіз міндетті түрде сол жұлдызға жетесіз. Аспаннан алып оны алдыңызға қойыңыз.
а) ата-ана алдарында жатқан жұлдыздардан өзіне біреуін таңдап алады.
ә) жұлдыздарға болашақта балаңызды қандай адам ретінде елестететінін жазады.
б) тақтаға ілінеді.
ІV. Жағдаяттар
Балаңыз сыныптағы орындаған, салған суретін корсетіп. Қараңызшы, мен өте жақсы орындадым, апай солай деп айтты, - дейді. Баламен ата-ана арасындағы жағдай:
БАЛА - қуанады, мақтанады, көңіл-күйі көтеріледі.
АТА-АНА - өте жақсы дейсіңбе? Саған біреу көмектесті ме?
- Талаптанып, ниет қойсаң қолыңнан бәрі келеді.
- Осы жолы саған ризамын балам.
- жарайсың! Мен сен үшін өте қуаныштымын..
- Менің жапырағымды жайылтар тамырымсың
Бала ескерту алғанда ата-ана мен бала қабілетін салыстырсақ:
БАЛА - қорқады, жылайды, көңіл-күйі түседі.
АТА-АНА - неге тапсырманы дұрыс орындамай ескерту аласың? Мені ұятқа қалдырасың! Ештеңе сатып әпермеймін! Қолыңнан ештеңе келмейді!
БІРАҚ - Балаға көмектесу керек, мақтау керек, сену керек. Сенбеймі, мақтамаймыз.Уақытымыз жоқ деп ерінеміз. Тәрбиешімен байланыста болмаймыз.
- Ал, осы бірақты жойсақ, бала тәртіпсіздігін, ескерту алғандығын жойып талаптану деңгейі көтеріледі.
Әрбір баланың іс - әрекеті, мінезі, тәрбиесі, отбасындағы ата – анасының жағымды өнегелі істерінен қалыптасады. Яғни, баланың бас ұстазы – ата-ана!
V. Ата-анаға айтылар ұсыныс
«Баланы 5-ке дейін патшадай көтер,
15-ке дейін құлындай жұмса,
15-тен кейін досыңдай сыйла»
1. Бала тәрбиелеу - бесіктен басталады. Ендеше оған әрдайым көңіл бөліп,сергек қараңыз. Қателігін зекіп, ұрысып немесе ұру арқылы түзетуге тырыспаңыз.
2. Таңертен балабақшаға барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз-ақ ұйқысын ашуы тиіс.
3. Егер балаңыз асықпай, киініп болмаса, онда «Бол да бол» деп айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.
4. «Бұзық болма», «Қисалаңдамай тыныш жүр», «Егер тентек болсаң бала етпеймін» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, бүгінгі күнінің жақсы, көңілді өтуіне тілектестік жасаңыз.
5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін тентек болған жоқсың ба?» т.б деп бас салып балаңызды сұрақтың астына алмаңыз. Балабақшадан келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның аз да болса шаршап келгенін ескеріңіз.
6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі-ақ айтады.
7. Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.
8. «Егер сен осы тапсырманы орындамасаң» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.
9. Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін-еркін, жақын тартып, әңгімелесіп тұрыңыз.
10. Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз.
11. Егер балаңыз айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз.
12. Өз балаңызды дос санаңыз: білімін толықтыруға көмектесіп, жақсы ісін бағалай біліңіз. Шамадан тыс қатал, керісінше тым көңілшек болмаңыз. Нақты шешім ғана баланы қателесуден сақтандырады.
13. Отбасыңыздағы ұрыс-керіс балаңыздың жүйкесін жұқартады. Баламен бірге отырған жерде құпиялы әңгіме айтпаңыз.
15. Тәрбие ісінде өзіңіздің жауапты екеніңізді ұпытпаңыз, баланың өтінішін үнемі орындай бермеңіз.
16. Баланы өзгелерге де көмектесіп тұруға баулыңыз. Оған шыдамды болуды үйретіңіз.
ҮІІ. Топпен жұмыс.
Бала әрдайым ата-ананың аялы алақанын қажетсініп тұрады. Қиындықтар туған сәтте ата-анасының тарапынан қолдау тауып, үлкен сенім артылған бала ісі оңға басады.
Әрине, әр ата-ана баласына деген сезімін түрліше жеткізеді. Қандай жағдай болмасын, баланың өзіне деген сенім тудырып, қолдап отыру керек. Бала бір істен қателескен жағдайда оған шыдамдылық көрсету керек. Рас, кейде өзге біреудің балалары бойындағы қабілеті айрықша сияқты көрінеді. Бірақ ол басқа бала. Сондықтан әр баланың өзінің жеке басының ерекшелігін, ешкімге ұқсамайтын кейбір қасиеттерін сезіну керек. Кейде бала бір сәтсіздіктерге ұрынады. Ата-ана уайымдап, баланың еш нәрсеге икемі жоқ, қабілетсіз деген қорытындыға келеді. Осыдан баланың өзіне деген сенімі күрт жойылады., қолын қусырып, кездескен қиыншылықтарды жоюға дәрменсәз болады. Мұндай жағдайда ата-ана баласының жай ғана талпынысының өзін қолдап түсіне білуі керек. Ең бастысы, бала біздің оны қалай бағалайтынымызды және одан не күтетінімізді сезінуі және түсінуі тиіс.
Екі топқа ата-ананың баламен қарым-қатынасында баланың үмітіне балта шабатын, кінәлайтын сөздер беріледі. Осы сөздерді олардың өз күшіне сенім тудыратындай, жақсы қолдау көрсете алатындай сөздермен алмастыру керек.
1. Сенен ешқандай жақсылық шықпайды.
2. Неге сен басқа балалардай емессің?
3. Неменеге ұсқының азып-тозып кеткен?
4. Тағы осылай істесең, менен таяқ жейтін боласың.
5. Сенің кесіріңнен өмірі жолымыз болмады.
Ата-аналар осы сөздерді былай алмастыруына болады:
1. «Сенің де қолың өмірде бір нәрсеге жететініне сенгім келеді. Оқу озаты немесе оқу екпіндісі боласың»-деп үміт артуы керек.
2. «Сенің де басқалардан өзгеше болуына құқың бар, сенің де қолыңнан келеді.»- деп сенім артуы керек.
3. «Үстіңді ретке келтір, шашыңды тара, киіміңді ауыстыр» - деп баланың өзін жақсы сезінуіне көмектесу керек.
4. «Біз саған қиыншылықты жеңуге көмектесеміз, екіншілей жаман қылық жасама».
5. «Үлкендердің өмір жолында болып жатқан ыңғайсыз жағдайларға сен кінәлі емессің. Сенің болашағың алда, үлкен ғалым боласың, жақсы дәрігер, білімді ұстаз болуды арманда» және ата-анасын сыйлау керек екенін айтып отыру керек.
Міне, осындай біз көңіл аудара бермейтінін қарапайым нәрсенің өзі немесе ойланбай айтылған ұрыс сөзі де баланың жанын ауыртуы мүмкін, өмір сүру ағынын өзгертуі де ғажап емес.
Қорытынды: отбасын бақыт жағалауын бетке алып, өмір айдынында жүзіп келе жатқанқайыққа теңесек, оның қос ескегін әке мен ана дер едік. Сондықтан ата-ананың үлкен мақсаты-өз юбаласын үлкен әріппен жазылатын Азамат етіп тәрбиелеу. Сіздің балаңыз-еліміздің ертеңгі болашағы.
Қазақ халқы
Бір тал ағаш өсірсең,
Еңбегіңнің жанғаны.
Абзал адам өсірсең,
Басыңа бақ қонғаны-деп бағалаған.
- Олай болса, күнделікті ішіп-жеуге мәз болмай, өнегелі ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосайық қадірлі ата-аналар!
VII. Қорытынды «Тілек шамы»
Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу. - Міне, қоштасатын да сәт жетті, ата - аналар, оқушылар. Біз сіздермен жанұядағы ата - ана мен балалар арасындағы қарым - қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан - жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя - жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір - бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір - бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса осы жерде айтып кетулеріңізге болады.
Психологтың қорытынды сөзі Ұлағатты ұстаздар, ардақты ата - аналар және оқушылар! Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десек де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді. Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.
Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата - ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата - аналар іс - жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат. Ұлтымыздың қанындағы ізеттілік – дөрекілікке, қайырымдылық - қатыгездікке, жомарттық - тоғышарлыққа, адалдық - арамдыққа, парасаттылық - парықсыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр.
Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл - қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет. Бала тәрбиесінде шыдамды болып, өз балаларыңызға жылуыңызды бере біліңіздер! Сіздің өсірген балаларыңыз сіздерді ылғида қуантып, қуанышқа бөлей берсін! – дей отырып, біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше қош, сау болыңыздар!