kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Отбасы тәрбиесінің бала өміріне әсері» ата-аналарға арналған психологиялық тренинг

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: «Отбасы  тәрбиесінің бала өміріне әсері» ата-аналарға арналған психологиялық тренинг

 

Жоспар:

  1. «Танысу» тренингі
  2. «Қар қиыршықтары» жаттығуы
  3. «Жанұя бақыты» тренингі
  4. «Өмір мәні» демонстрация
  5. «Ана махаббаты» жаттығуы
  6. «Өз балаңызды жақсы білесіз бе?»
  7. «Тілек шамы» қорытынды жаттығуы

Тренингтің мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына жеке тұлға болып қалыптасуына ата- ана тәрбиесінің үлесі зор екендігін түсіндіре отырып, қарым - қатынас орнату. Ата-аналарды өздерінің балаларының жан-дүниесін түсінуге білуге және қиындықта қол ұшын соза білуге ықпал ету.

Қатысушылар: ата-аналар

Тренинг ережесі

1.Тренингке берілген регламентті сақтау;

2. Тренинг барысында бір-бірінің сөзін бөлмеу;

3.Қатысушылармен бірігіп жұмыс жасау;

4.Қатысушылар бір – біріне кедергі келтірмеу

5.Бір-бірімізді сыйлау

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Отбасы тәрбиесінің бала өміріне әсері» ата-аналарға арналған психологиялық тренинг»

Тақырыбы: «Отбасы тәрбиесінің бала өміріне әсері» ата-аналарға арналған психологиялық тренинг


Жоспар:

  1. «Танысу» тренингі

  2. «Қар қиыршықтары» жаттығуы

  3. «Жанұя бақыты» тренингі

  4. «Өмір мәні» демонстрация

  5. «Ана махаббаты» жаттығуы

  6. «Өз балаңызды жақсы білесіз бе?»

  7. «Тілек шамы» қорытынды жаттығуы


Тренингтің мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына жеке тұлға болып қалыптасуына ата- ана тәрбиесінің үлесі зор екендігін түсіндіре отырып, қарым - қатынас орнату. Ата-аналарды өздерінің балаларының жан-дүниесін түсінуге білуге және қиындықта қол ұшын соза білуге ықпал ету.

Қатысушылар: ата-аналар

Тренинг ережесі

1.Тренингке берілген регламентті сақтау;

2. Тренинг барысында бір-бірінің сөзін бөлмеу;

3.Қатысушылармен бірігіп жұмыс жасау;

4.Қатысушылар бір – біріне кедергі келтірмеу

5.Бір-бірімізді сыйлау



























1. «Өрмекшінің торы» атты танысу тренингі

Сіздермен танысу мақсатында «Өрмекшінің торы» атты тренингін өткіземін. Мен жіптің басын ұстап қалып, өзімнің аты – жөнімді және жақсы қасиеттерімді айтамын да, келесі адамға жіпті лақтырамын. Осылайша кезектесіп жіпті бір – біріңізге бересіздер. Бір-бірімізге жіпті беру арқылы өрмекшінің торы шығады. Енді сіз жақсы қасиетіңізді айтып, өзіңізді таныстырасыз. Өзіңізді таныстырып болып, келесі өзіңіз қалаған адамға жіпті бересіздер.

2. «Қар қиыршықтары» жаттығуы

Нұсқау: Ақ қағазды алып ортасынан бүктеймізде, оң бұрышын жыртып аламыз.Тағы да бүктеймізде оң жақ бұрышын жыртып аламыз.Осылайша мүмкіндігінше жалғастырамыз. Енді барлығымыз өзіміздің қар қиыршықтарымызды ашып қараймыз.

Талдау:

Кімде бірдей қар қиындысы шықты?

Жоқ, Себебі неде деп ойлайсыңдар?

Неге бәрімізде бірдей ақ қағаз және бірдей әрекет жасасақта қар қиыршықтары басқаша шықты деп ойлайсыңдар?

Психолог сөзі: Себебі, бәріміз бірдей әрекет жасағанмен біздер әр түрлі адамдармыз, әр түрлі қимылдаймыз. Ал балаларымызға келсек, әр қайсысы бөлек тұлға, әрқайсысының ойлауы, дүниетануы көзқарасы бәрі де әр түрлі.

3. «Жанұя бақыты» Ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу. Тренинг шарты бойынша «Жанұя бақыты» үлгісін құру. Яғни, ата-ана өзінің отбасын салу және отбасы бақытын сурет арқылы көрсетіп, суреттің жан-жағына отбасы сөздері арқылы жеткізу керек.

4. «Өмір мәні» демонстрация

Сіздер үшін өмір мәні не? (ата-аналардың жауабы). Мына ыдысты адам өмірінің мәні деп ойлайық. Бала дүниеге келгенде ол бос болады. Бала есейген сайын онда алғаш армандар, тілектер, қиялдар мен болашақ картинасы пайда бола бастайды. Бұл «өмір мәні» атты ыдыстың алғашқы дәндері (ыдысқа кішкентай тастар салынады). Бала үлкен болғанда ұшқыш болғысы келеді, үлкен машинаны жүргізгісі келеді, әртіс болып, танымал болуды, жақсы жайлы үйде тұрып, әдемі өмір кешуді армандайды. Жылдар өтіп баланың бұл арман-тілектері өзгеріп жатады немесе басқа да қызығушылықтарымен қосталып, үлкен мақсаттарға айналады (ыдысқа ірі тастар орналастырылады). Бұл бала өмірінің өзегін, мән-мағынасын құрайды, ол мақсаттар алға қарай жетелеп, болашаққа ұмтылдырады, іс-әрекетке белсенді етеді. Мақсаттарын жүзеге асыру арқылы үлкен мақсаттарға қол жеткізеді (ыдысқа кішкентай тастар салынады). Мысалы: белгілі маман иесі бол үшін сабақты жақсы оқу, қоғамдық істерге белсене араласу, ата-ананы құрметтеу т.б осы үлкен ірі, кіші мақсаттармен бірге өмірде күнделікті өмірлік жағдайлар, мәселелер болып жатады (ыдыстағы үлкен, шағын тастардың үстіне құм себіледі). Бұл құрбымен келіспей қалушылық, жауапсыз махаббат, істің оңға баспауы, т.б. Мәселелер (құмдар) уақытылы шешіліп отырса, оның зияндылығы мәнсіз болады, ал көлемі көбейіп, ыдысты толтырып, басып кетсе үлкен-кіші мақсаттар жабылып, көміліп, жойылып та кетуі мүмкін. Адам «өмір мәні» атты ыдысқа үлкен мақсаттар (тастар) салудан бастаса, ол жақсы игілік, ал оның орнына бірінші құм себелеп, күнделікті өмір айналымымен шектеліп қалса, күнделікті мәселелерімен ғана өмір сүріп, бос сенделіп жүрсе, кейін үлкен мақсаттарға орын болмай қалады. Өмірде басты мақсаттарды анықтап алу керек, олар болмаса, өмірдің мәні де жоғалады. Сондықтан да, адамда айқын нақты мақсаттар болуы қажет, мәселелер өмірде болады, онсыз өмір қызықсыз, мақсаттар соншалықты маңызды болып көрінбейді.

5. «Ана махаббаты» жаттығуы. Ақ қағазға ата-ана баласына деген ішкі сырларын, махаббатын, сезімін, ойын, жүрек-жарды тілегін, айта алмай жүрген сөздерін, болашақта баласынан не күтетінін хат түрінде жазуы тиіс.

6. «Өз балаңызды жақсы білесіз бе?» Ата-анамен баланың ортасындағы қарым-қатынасты анықтау. Әр қатысушыға доп лақтырып, төмендегідей сұрақ қойылады.

1. Балаңыздың жақсы көретін түсі қандай?

2. Қандай тағамды сүйсініп жейді?

3.Балаңызды кім деп еркелетесіз?

4.Балаңыздың ең жақын досының аты кім?

5. Сүйіп оқитын пәні?

6. Балаңыздың сынып жетекшісінің толық аты-жөні?

7. Балаңыз қай жылдан бастап осы мектепте оқиды?

8.Балаңыз сыныпта кімнің қасында отырады?

9.Балаңыз немен айналысқанды ұнатады?

«Тілек шамы».Құрметті ата-аналар, балалар. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен  балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені.  «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Отбасы тәрбиесінің бала өміріне әсері» ата-аналарға арналған психологиялық тренинг

Автор: Байнекова Меруерт Узаковна

Дата: 06.03.2018

Номер свидетельства: 460863


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства