Ма?саты: Ата - ананы? бала т?рбиесіндегі ?арым - ?атынасы туралы т?сініктер беру ар?ылы ата - аналарды? білімдерін к?теруге к?мектесу, бала т?рбиесіні? ал?аш?ы алтын ?азы?ы ту?ан ?ясы, ?з отбасында?ы ата-ана т?рбиесі, ?негесі ж?не ата-ана баланы? бас ?стазы екенін т?сіндіру.
К?рнекілігі: ?анатты с?здер («Отбасы –т?рбиені? басты ?ясы», «Адамны? адамшылы?ы а?ыл, ?ылым, жа?сы ата, жа?сы ана, жа?сы ??рбы, жа?сы ?стаздан болады», «Ата-анадан ?сіп ?рпа? тарал?ан, жа?сы, жаман болса бала –солардан»
Саба?ты? т?рі: тренинг-саба?
Саба?ты? жоспары:
І. Ынтыма?тасты? атмосферасын ??ру
ІІ. Топ?а б?лу
ІІІ. Т?стер психологиясы
І-Жатты?у «Есімдер»
ІІ. «Аквариум» А?ыз
І-топ «?з ма?саты?а берік бол»
ІІ-топ «Батыл бол, талпынып к?р»
ІІІ. Эссе (Ой-тол?ау)
«Балаларды отбасында адамгершілікке т?рбиелеу м?селелері»
ІV. Постермен ж?мыс ( Отбасыны? бала т?рбиесіндегі орны)
Просмотр содержимого документа
«Отбасы-т?рбиені? басты ?ясы (тренинг-жатты?у)»
Қожахметова Н.З
Педагог-психолог
Ақсу ауданы,
Қарашілік орта мектебі
Тақырыбы : Отбасы –тәрбиенің басты ұясы
Мақсаты: Ата - ананың бала тәрбиесіндегі қарым - қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата - аналардың білімдерін көтеруге көмектесу, бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата-ана тәрбиесі, өнегесі және ата-ана баланың бас ұстазы екенін түсіндіру.
Көрнекілігі: қанатты сөздер(«Отбасы –тәрбиенің басты ұясы», «Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады», «Ата-анадан өсіп ұрпақ таралған, жақсы, жаман болса бала –солардан»
Сабақтың түрі: тренинг-сабақ
Сабақтың жоспары:
І. Ынтымақтастық атмосферасын құру
ІІ. Топқа бөлу
ІІІ.Түстер психологиясы
І-Жаттығу «Есімдер»
ІІ. «Аквариум» Аңыз
І-топ «Өз мақсатыңа берік бол»
ІІ-топ «Батыл бол, талпынып көр»
ІІІ. Эссе (Ой-толғау)
«Балаларды отбасында адамгершілікке тәрбиелеу мәселелері»
ІV. Постермен жұмыс ( Отбасының бала тәрбиесіндегі орны)
V. Сергіту сәті
VІ. Cұрақ жауап Мен қандай ата-анамын?
VІІ. Психологиялық тренинг «Ашулы шар»
VІІІ. Рефлексия
Сабақтың барысы:
1. Сәлеметсіздерме құрметті ата-аналар! «Отбасы –тәрбиенің басты ұясы» айдарында өткізгелі отырған тренинг-сабағымызға қош келдіңіздер. Сабағымызды бастамас бұрын ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін ортаға шығуларыңызды сұраймын.
І. Ынтымақтастық атмосферасын құру
Кәне, кәне тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Тұрып үлкен шеңберге,
Алақанды ұрайық.
Құрметті ата-аналар барлығымыз бір-біріміздің алақандарымыздан ұстап, бір-бірімізге алақан арқылы жылуымызды жіберейік және бір-бірімізге жымия отырып бүгінгі күніміз сәтті өтсін деп сабағымызды бастайық.
педагог-психолог жақсы рахмет енді орнымызға жайғаспас бұрын өздеріңізге ұнаған гүл түстерін таңдап орындарыңызға отыруларыңызға болады.
ІІ. Топқа бөлу
ІІІ.Түстер психологиясы Құрметті ата-аналар сіздер таңдаған түс қандай сипатқа ие екенін білу үшін интербелсенді тақтаға назар салайық, міне бұл сіздердің мінездеріңізге сай келетін қасиеттермен сай келеді екен.
АҚ – ақкөңіл, ақжарқын, елгезек адамдар. Көп істері адал болады. Балалық мінездерінен әлі қоштаса алмаған адамдар.
КҮЛГІН – ешкімге ұқсамайтын шығармашыл тұлғалар.
ҚЫЗЫЛ – шапшаң мінезді, жұмсақ жүректі, жұмысты дәл кезінде орындайтын, тәуекелшіл, қарсыласуға дайын тұратын адамдар.
САРЫ – қиялға бай, сенімді, қайсар, болашақтан көп үміт күтетін адамдар.
КӨК – салқын қанды, өзіне сенімді, басқалардың ренжіткенін қаламайтын, тыныштық сүйетін адамдар.
ЖАСЫЛ – қайсар мінезді, жұмсақ жүректі, ақкөңіл, қайырымды адамдар. Олар сенімді, тұрақты адамдар.
І-Жаттығу «Есімдер»
Мақсаты: тренингке қатысып отырған ата-аналарды таныстыру.
Ата-аналарға қойылатын сұрақтар:
Есіміңіз кім?
2. Өз есіміңіздің алғашқы әрпінен басталатын бойыңыздағы жақсы қасиетті атап өтіңіз.
Кіріспе
Бала тәрбиесі –ата-ана үшін күрделі де, жауапты міндет. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Туындаған тәлім-тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата-ана әлеуметтік орта, бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады.
Халық «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілерсің» деп тегін айтпаған. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға бейім болатыны баршамызға аян. Олай болса сіздерге ресурстар тарата отырып «Аквариум» тәсілі арқылы тәрбиенің елеулі мәселелеріне көз жүгіртіп көрейік.
ІІ. «Аквариум»
Аңыз І-топ «Өз мақсатыңа берік бол»
ІІ-топ «Батыл бол, талпынып көр»
Сіздер алдарыңызда таратылған ресурсты оқи отырып, аңыз арқылы беріліп отырған ойдың түйінін табуларыңыз қажет. Өз араларыңыздан топ басшысын, баяндамашы, спикер тағайындап алуларыңызға болады.Сіздерге ойлануға 2минут уақыт беріледі.
Аңыз І-топ
Ерте-ерте ертеде, ешкі жүні келтеде көл жағасына кішкентай бақалар жиналыпты.Олар өзара жүгіруден жарыс ұйымдастырады. Басты мақсаты мұнараның шыңына шығу болатын.Бақалардың бұл әрекетін ешкім елемесе де, күлкі үшін көп көрермен жиналады.....
Көрермендердің ешқайсысы бақалардың мұнара шыңына жететініне сенбегені рас. Көпшілік арасынан мынадай сөздер естіліп жатты: «Бұл өте қиын! олардың шыңға шығуы мүмкін емес!» немесе «Бәрібір құлайсыңдар! Мұнара өте биік!»
Кішкентай бақалар бірінен соң бірі құлай бастады...Тек күш жинап алғандары ғана жоғары өрлей берді...Көрермендер сонда да «Бұл мүмкін емес. Олардың біреуі де шыңға шыға алмайды! деп айқайлай берді. Бақалардың көбісі шаршап құлай берді... Тек олардың біреуі ғана жоғары көтеріле берді. Сол жалғыз бақа ғана берілген жоқ! Ол ең соңында жалғыз өзі мұнараның ең шыңын бағындырды.Сонда барлық бақалар таң қалып, оның қалай жеткенін білгісі келді. Ол күш қуатты қайдан алды?
Түйін: Балаңызды өзгелердің кертартпа сөзіне құлақ аспауға және өз-өзіне сенімді болуға үйретіңіз
Аңыз ІІ-топ
Бір күні патша өз сарайындағы қызметкерлерінің қайсысы үлкен лауазымға лайық екенін анықтағысы келеді. Осы мақсатта ол барлық уәзірлерін жинап алып: «Менің сіздерге арналған қиын тапсырмам бар, оны кім шеше алады екен, көрейік»,-дейді.Ол барлық уәзірлерді бір есіктің алдына алып келеді. Ол есікте бұрын ешкім көрмеген өте үлкен құлып тұрады. «Бұл біздің патшалықта бұрын -соңды болып көрмеген құлып. Осыны кім ашып береді»-дейді патша.
Сарай қызметкерлерінің біразы тек басын шайқап қала береді. Ақылгөй деп саналатын біраз уәзірлер құлыпты жан-жағынан қарап зерттей бастайды, бірақ көп ұзамай –ақ оны аша алмайтындарын мойындайды. Ақылгөйлердің өзі сәтсіздікке ұшырағаннан кейін, басқалары әрекет жасап көрген де жоқ. Тек бір уәзір ғана құлпының жанына келіп, оны ұстап, зерттеп көріп, әртүрлі тәсілмен орнынан қозғалтуға тырысады. Ең соңында ол құлыпты бар күшімен тартып қалады. Ғажап, құлып ашыла кетті! Ол толық жабылмаған да екен. Сонда патша : «Сен сарайдың жоғары лауазымына ие болдың, өйткені сен........»
Жауабы: Көзіңмен көргенің мен естігеніңе сеніп қана қоймай, өз күшіңе де жүгінесің және талпынып көруден қорықпайсың»-деп ризашылығын білдіреді.
Түйін: Отбасында баланы батылдық пен тәуекелшілдікке тәрбиелеу.
ІІІ. Эссе «Балаларды отбасында адамгершілікке тәрбиелеу»
ХV ғасырда Англияның атақты ойшылы Локк: «Баланың ақылы да, жаны да туғанда ақ қағаздай болып туады. Ақ қағазға қандай жазу жазса да жазушының өз еркінде. Сол сияқты балаға қандай тәрбие беру тәрбиешіден. Бала қалай тәрбиелесе, соған көне береді»- деген болатын. Ендеше, ақ қағаздың бетіне қайтадан өшіре алмайтын шимай-шатпақ түспесін десек, нәресте шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап оның тәрбиесіне аса ыждағаттылықпен кіріскеніміз жөн – дей келе,әр топ ақылдасып, ой қорытып, түйінін қағаз бетіне түсірсеңіздер. Эссе жазуға 3мин, жариялауға 2 мин уақыт беріледі, соңында әр топ баяндамашысын «Ыстық орындыққа шақырамын» 2 топ мүшелері бір-біріңізге айтар тілектеріңіз бен қосар ойларыңыз болса 2 жұлдыз, 1 тілекке кезек берейік.
ІV. Постермен жұмыс. Енді сіздер «Отбасының бала тәрбиесіндегі орны» айдарында ойларыңызды постерге түсіресіздер. Берілетін уақыт 7 мин+3 жариялау.
V. Сергіту сәті
Педагог-психолог: Отбасы ошақ қасы-деп, бекер айтпаймыз. Өйткені тәрбиенің бәрі жан-ұядан басталады. Жанұя деген кішкентай бір мемлекет. Сол мемлекетте өмір сүріп жатқан балаларымызға дұрыс тәрбие беріп жүрміз бе? Көкірегі ояу, көзі ашық ата-ана баласының қамына да көңіл бөледі.
VІ Кейс-стади .Құрметті ата-аналар өзіміздің қандай ата-ана екенімізді білу үшін «Кейс-стади»әдісі арқылы «Мен қандай ата-анамын?» деген сауалға жауаптар іздестіріп көрейік. Кейс-стадидің басты қағидасы «Ақиқатты-іздену, ақиқаттың өзінен де маңызды» екенін естен шығармайық. Сіздер таратылған ресурстардағы сұрақтардың жауаптарын өз топтарыңызда талқылап, қабылданған шешімдеріңізді кезекпен жариялайсыздар.
Бала тәрбиесіне қатысты қазаққа тән қандай қасиеттерді дұрыс деп санайсыз?
Бала үшін ата-ананың қайсының беделі күшті деп ұғасыз?
Бала дүниеге жаман күйде келмейді, ал одан неше алуан адам шығуының салдарын қалай түсінесіз?
Дені сау, тәрбиелі, өнерлі бала өсіру үшін не қажет деп білесіз?
«Баланың өскенде жақсы, өнегелі адам болып шығуына отбасынан алған тәрбиенің ықпалы зор» дегенге өз пікіріңіз, көзқарасыңыз қалай?
VІІ. Психологиялық тренинг «Ашулы шар»
Әр топтан 2 ата-анадан шығуы керек. Сіздер шарларды үрлеп, оларды байлаңыздар. Шарлар сіздің балаңыздың денесін бейнелейді, ал оның ішіндегі ауа-сезімін. Қатысушылар аяқтарымен шарды жару керек.
-Шарды жарғанда қандай сезімде болдыңыздар? Ашудың осылай шыққаны дұрыс жол ма? Ондай ашудан кейін қандай сезімде боласыздар? Бұлай қатты жарылған шар ол агрессияны білдіреді, ол-қатерлі жол.
Енді қатысушыларға жаңа шар беріп үрлеуді ұсыныңыз. Оны байламай ұстап тұрыңыздар. Бұл шарлар ашу толы сезімді білдіреді, ал енді шарды жайлап аузынан жарты ауасын жіберіңіздер.
Шар кішірейді,бірақ жарылмады. Бұл нені білдіреді? Егер біз ашуды бақылап шығарсақ, ол ешкімге зақым келтірмейді.
- Енді қатысушыларға шардағы ауаны толығымен шығаруды ұсыныңыздар. Бұл нені білдіреді?
Түйін: Ашудың қауіпсіз жолын табу-әр адамның өз қолында.
VІІІ. Кері байланыс. Құрметті ата-аналар біз бүгінгі тренинг сабағымызда бала тәрбиесіндегі отбасының маңызы, отбасы тәрбиенің басты ұясы екенін ашуға тырыстық, енді кері байланыс жасай отырып бүгінгі сабақ сізге несімен ұнады, көкейлеріңізді толғандырып жүрген мәселелеріңізді жазып смайликтерге жапсыруларыңызды сұраймын.
Қорытынды:
Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Ұрпақ тәрбиесіне ата – аналардың тәлім-тәрбиесінің орны ерекше екенін өздеріңіз дәлелдедіңіздер. Міне, мектеп пен отбасы біріге отырып осындай ынтымақ бірлігінде жұмыс жасасақ ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.
Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет. Сіздің өсірген балаларыңыз сіздерді ылғида қуантып, қуанышқа бөлей берсін! – дей отырып, біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше қош, сау болыңыздар.
Қосымша ресурстар
Аңыз І-топ Ерте-ерте ертеде, ешкі жүні келтеде көл жағасына кішкентай бақалар жиналыпты.Олар өзара жүгіруден жарыс ұйымдастырады. Басты мақсаты мұнараның шыңына шығу болатын.Бақалардың бұл әрекетін ешкім елемесе де, күлкі үшін көп көрермен жиналады.....
Көрермендердің ешқайсысы бақалардың мұнара шыңына жететініне сенбегені рас. Көпшілік арасынан мынадай сөздер естіліп жатты: «Бұл өте қиын! олардың шыңға шығуы мүмкін емес!» немесе «Бәрібір құлайсыңдар! Мұнара өте биік!»
Кішкентай бақалар бірінен соң бірі құлай бастады...Тек күш жинап алғандары ғана жоғары өрлей берді...Көрермендер сонда да «Бұл мүмкін емес. Олардың біреуі де шыңға шыға алмайды! деп айқайлай берді. Бақалардың көбісі шаршап құлай берді... Тек олардың біреуі ғана жоғары көтеріле берді. Сол жалғыз бақа ғана берілген жоқ! Ол ең соңында жалғыз өзі мұнараның ең шыңын бағындырды.Сонда барлық бақалар таң қалып, оның қалай жеткенін білгісі келді. Ол күш қуатты қайдан алды?
Аңыз ІІ-топ Бір күні патша өз сарайындағы қызметкерлерінің қайсысы үлкен лауазымға лайық екенін анықтағысы келеді. Осы мақсатта ол барлық уәзірлерін жинап алып: «Менің сіздерге арналған қиын тапсырмам бар, оны кім шеше алады екен, көрейік»,-дейді.Ол барлық уәзірлерді бір есіктің алдына алып келеді. Ол есікте бұрын ешкім көрмеген өте үлкен құлып тұрады. «Бұл біздің патшалықта бұрын -соңды болып көрмеген құлып. Осыны кім ашып береді»-дейді патша.
Сарай қызметкерлерінің біразы тек басын шайқап қала береді. Ақылгөй деп саналатын біраз уәзірлер құлыпты жан-жағынан қарап зерттей бастайды, бірақ көп ұзамай –ақ оны аша алмайтындарын мойындайды. Ақылгөйлердің өзі сәтсіздікке ұшырағаннан кейін, басқалары әрекет жасап көрген де жоқ. Тек бір уәзір ғана құлпының жанына келіп, оны ұстап, зерттеп көріп, әртүрлі тәсілмен орнынан қозғалтуға тырысады. Ең соңында ол құлыпты бар күшімен тартып қалады. Ғажап, құлып ашыла кетті! Ол толық жабылмаған да екен. Сонда патша : «Сен сарайдың жоғары лауазымына ие болдың, өйткені сен........»
V. Cұрақ жауап Мен қандай ата-анамын?
1. Бала тәрбиесіне қатысты қазаққа тән қандай қасиеттерді дұрыс деп санайсыз?
2. Бала үшін ата-ананың қайсының беделі күшті деп ұғасыз?
3. Бала дүниеге жаман күйде келмейді, ал одан неше алуан адам шығуының салдарын қалай түсінесіз?
4. Дені сау, тәрбиелі, өнерлі бала өсіру үшін не қажет деп білесіз?
5. «Баланың өскенде жақсы, өнегелі адам болып шығуна отбасынан алған тәрбиенің ықпалы зор» дегенге өз пікіріңіз, көзқарасыңыз қалай?