kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Өмір қымбатсын маған» семинар-тренинг

Нажмите, чтобы узнать подробности

Күйзелістік, жанжалдық, қатты эмоционалдық жағдайға тап болған білім алушыларға мәселелерін шешуде психологиялық көмек және қолдау көрсету мақсатында 1-курс студенттері араында өткізілетін семинар-тренинг.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Өмір қымбатсын маған» семинар-тренинг»

Тақырыбы: «Өмір қымбатсын маған» семинар-тренингі

Мақсаты:

  • Күйзелістік, жанжалдық, қатты эмоционалды жағдайда болып табылатын білім алушыларға мәселелерді шешуде психологиялық көмек және қолдау көрсету; Оқушыларға адам өмірінің қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру, оқушылардың өмір туралы ұғымдарын кеңейту және жаман қылықтардан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу;


Өткізу орны: 214 ауд

Көрнекілігі: Плакаттар, суреттер, шарлар, қанатты, нақыл сөздер, презентация, тарату материалдары.

Контингент: 1-курс студенттері


Барысы

Кіріспе

Өмірді әр адам әр түрлі түсінеді. Әр адамның өз өмірі,тағдыры болады. Өмір бірақ рет беріледі, оны бос өткізбеуіміз керек. Бұл жалған өмірде әр адам таңдауға құқұлы. Қазақта сөз бар өмір базар сияқты, қалағаныңды алып та, ала алмай да қаласың". Бұл шынға жатады, расында да біз өмірден қалағанымызды алғанменен, кейде ойлағанымыз жүзеге аспай қалады. Сондықтан алға қойған мақсатымызды да, арманымызды да жүзеге асыруға тырысайық. Бүгін бармыз, ертен жоқпыз дегендей өмірді бос өткізбейік!


Тренинг «Мен өмірді қалай түсінемін»


Мақсаты:

Оқушылардың өмірге деген ой пікірі, олардың адамгершілікке, шындыққа , достыққа,

махаббатқа, сыйластыққа т.б-ға үйрету.


Жоспары:

1. Менің тренингтік есімім, визитка.

2. Мен қандай адаммын?

3. Менің мақсатым

4. Менің өмірдегі қиыншылықтарым

5. Есте қалған қызықты оқиға

6. Мен саған сенемін!

7. Ашық айтсам...

8. Қорытынды


Керекті құралдар:

Визитка, магнитафон, арнайы әуен, А4 қағаз беттері, доп, тренингтік ереже, қалам, қарындаш.


Топтағы қатысушыларға төмендегі тренингтік ережені оқып, түсіндіру:

1. Топтың толық қатысуы;

2. Қатысушылардың жақсы, тату қарым – қатынастары;

3. Қарым – қатынастың ашық, әділ болуы;

4. Белсенді қатысу;

5. Осы жерде айтылғандар, топтың сыртына шығарылмайды;


I Менің тренингтік есімім


Шарты:

Топ дөңгелек болып отырады, қатысушылар кезектесіп сәлемдесіп, өздерінің тренингтік есімін визиткаға жазып қояды. Әрбір сәлемдесуге 3 минут уақыт қажет.

II Мен қандай адаммын?


Шарты:

Әр қатысушы өзінің жағымды, жағымсыз қасиеттерін айтады. Ойлануға 5 минут уақыт беріледі. Топ қатысушыларының айтылған қасиеттері бойынша, жаттығу соңында, қорытынды жүргізіледі.

III Менің мақсатым


Шарты:

Қатысушылар өзінің алға қойған мақсатын айтып, сол мақсатты қалай іске асырудың жолдарын түсіндіруі қажет. Уақыт 4 минут және «сол мақсатқа жете ала ма?» деген сұраққа жауап беруі қажет.


IV Менің қиыншылықтарым


Шарты:

Бұл жаттығуда қатысушылар бастарынан өткен қиыншылықтарды еске түсіріп, ортаға салады. Сол қиыншылықты айтқаннан кейін, әр қатысушы өз пікірлерін айтады.


V Есте қалған қызықты оқиға

Шарты:

Топ дөңгелек болып отырып, қатысушыларға доп беріледі. Допты бір – біріне кезектесіп беріп, есте қалған қызықты оқиғаларды айтады. Әрбір қатысушыға 4 минут уақыт беріледі.


VI Мен саған сенемін!

Шарты:

Қатысушылар жұп құрып, бір – біріні көздеріне қарап отырады. Алғашында ыңғайсыз сезінеді, содан кейін өз ойларын кезектесіп, мынадай сөзден бастап айтады, мысалы: “ Мен саған сенемін... ”, өйткені, сен жақсы адамсың... Осы кезде әуен ойнап тұру қажет.


VI Ашық айтсам...

Шарты:

Төмендегі сұрақтар бойынша, бланк беріледі. Осы жаттығу сұрақтарына жауап беру керек және өтілген тренингтік сабаққа қорытынды жасалады.

Сұрақтар:

Сабақтың жүргізілген күні

Менің тренингтік есімім

Сабақ үстінде мен не түсіндім

Мен еркін бола алдым

Сабақ үстінде маған мүмкіндік болмады

Бәрінен маған мына жаттығу ұнамады

Келесі сабақта мен былай істер едім

Жүргізушіге мынадай ескерту

Қолы


Қорытындылау

Қазіргі оқушыларға тренингтік сабақтар өте қажет. Бұл тренингте, жаттығу арқылы бір – бірін жақсы білуге, ортады өз ойларымен бөлісуге, ашық боуға, еш нәрседен қорықпауға үйренеді.
Бүгінгі сабағымызда, қатысушылардың өмірге деген ойлары, ұстамы, мақсаты, т.б. пікірлері өзгереді деп ойлаймын. Өтілген тренингтің қорытындысы бойынша, оқушылар өздерін еркін ұстап, ойларын ашық айтып, тренингтік ережені жақсы орындады.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
«Өмір қымбатсын маған» семинар-тренинг

Автор: Косжанова Салтанат Ерікқызы

Дата: 11.05.2017

Номер свидетельства: 414401


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства