В работе дана разработка урока по позитивному восприятию жизни. Ученики на уроке расскрывают суть жизни. Понимают что они сами кузнецы своей жизни.Получают понятие о словах судьба и жизнь. Учатся правильно строить жизнь.Урок может быть проведен как внеклассное мероприятие по самопознанию. Также его можно проводить в целях позитивного настроя психологам.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?мір, ?ымбатсы? ма?ан! ашы? саба? »
Исраилова Тахмина
Тақырыбы: Өмір, қымбатсың маған! Мақсаты: оқушылардың өмір құндылығы туралы түсініктерін одан әрі тереңдету. Міндеттері: - оқушыларға өмір құндылығы туралы тереңірек білім беру; - өмірге құштарлықтарын дамыту; - өмірдің мәнін түсінуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер: суреттер, слайдтар, аудио кассета. Шаттық шеңбері
Шенбер құрап тұрайық. « Бір-бірлеріңе жақындандар» дегенде өздеріңе жұп табасыздар. Содан кейін мен, сіздерге тапсырма беремін. Бастайық! Енді, бір-бірлеріңе қол алмасыңдар, жақындасындар-аяқ-аяғымызды, қол қолдарымызбен, иық-иықтарыңызбен,бет-беттеріңізбен,мұрын-мұрындарыңызбен амандастырамыз. «Достарым» әнін орындайық(жақсы,өте тамаша!) Ендеше,осы жақсы көңіл-күйімізбен мына бір суреттерді қалағанымызды таңдап алайық та , орнымызға жайғасайық.
Олай болса,мен бүгінгі сабағымды Тұманбай Молдағалиев ағамыздың өлеңімен ашқым келіп отыр. Ал, сіздердің міндеттеріңіз осы өлеңде ақын ағамыз не жайлы жырлаған мұқият тыңдау.
Адам күліп қарсы алады таң нұрын, Адам жырлап жөнелтеді әр күнін. Сәл қайғырса,ол ұғына түседі, Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.
Адам күліп қарсы алады таң нұрын, Адам жырлап ұзартады әр күнін. Сәл қуанса,шығарады ол естен, Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.
Осы өлеңде не жайлы жырлаған? Әрине,өмір жайында. Ендеше бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Өмір қымбатсың сен маған!»-деп аталады. Сіздер енді өздеріңіздің таңдаған суреттеріңізге сәйкес топтасып отырсаңыздар болады., ендеше 2 топқа бөлінейік:
1) Өмір 2) тағдыр
Тақтаға Өмір сөзі ілінеді
ІІ. Ойланайық , пікірлесейік
Сұрақ: Ал,балалар «өмір» деген сөзді қалай түсінесіндер? Өмірдің мәні неде? Өмір адамға несімен қымбат? Ал,тағдыр қалай түсінеміз? Тағдырды өзгертуге бола ма? ІІІ. Бейне ролик көру
Сәт тобының клипі
ІV. Мәтінмен жұмыс.Ш.Сариевтің өлеңімен таныстыру.Өмір тек бақыт,қуаныш,шаттықтан ғана емес,оның көлеңкелі жақтары да болатындығын ұғындыру. Өмір деген тұрмайды қап - қарадан Ш. Сариев Өмір деген тұрады:таң мен кештен, Ғұмырлы екі араны жанмен кешкен. Құпия,жұмбақ,сырлы дүниеге, Адамдар Армен келіп,Армен көшкен. Өмір деген екі өзен: Мұң - қуаныш, Толқыны: Шындық - Жалған, Күлкі - Намыс. Бір таяздап өмірде,бір тереңдеп, Бір лайланып,өмірде бір тұнамыз. Күн десең де,тірлікті түн десең де, Өмірде өсімдіктей бүрлесеңдер, Жолында жолығатын қос тағдыр бар: Жусан - Жантақ, гүл - Тікен,гүл мен Шеңгел. Өмір дәмі,екі дәм: Ащы - Тәтті, Таңдайыңа тиеді: Жұмсақ - Қатты. Жолында жолығатын екі тағдыр, Күтеді Адам үшін сын сағатты. Өмір дәмі - екі дәм: улы – усыз, Тірлік татып жатады шулы - шусыз. Кез келіп тағдырына келеді Адам, Жұмыр Жер құрлығында сулы - сусыз. Қолға түспес дүние жұрт таласқан, Кітап - Өмір парағын құнттап ашқан. Сезінер жүрегімен,жаныменен, Өмір әр кез ашық Күн,Бұлт та басқан. Өмір деген тұрмайды: қап - қарадан. Өмір деген тұрады:ақ - қарадан, Ақ - Қара,екі арасын ашып өтіп, Арымен өз бақытын тапқан Адам! Ақын «АҚ»және «ҚАРА»деп нені меңзеп отыр? Қай уақытта адам өмірі «аққа»толы болады? Адам өз бақытын табу үшін не істеу керек? Адам баласы не үшін өмір сүреді? Өмір деген несімен қымбат? Сенің өмірдегі мақсатың қандай? Өмірдің мәнін түсінуге ұмтылу қаншалықты қажет?
V.Оқу ақпаратын оқыту,әр ойды тиянақтау,мысал келтіру Адам өмір бойы өзін-өзі тану,құндылықтарды пайымдау,жақсы қасиеттерді өз бойына дарыту арқылы кемелденуге талпынады. Халқымыз: «Жақсының жақсылығын айт - нұры тасысын, Жаманның жамандығын айт - құты қашсын» - дейді. Адам жаман - жақсыны ажырата біліп,жаманнан бойын аулақ ұстап, бойына жақсы қасиеттерді дарыта алғанда ғана дұрыс өмірлік айқындамасын таба алады. Тапсырма.І. Есенберлин мен Б.Бұлқышевтың өмір туралы толғанысын оқу. Оқушыларды екі топқа бөліп,тапсырманы топпен бірлесіп,өз ойларын пайымдау. 1.Өмір жолы көшкен керуен соқпағы тәрізді.Оның бұлтарысы да,жазығы да көп.Асуы қиын асқарымен қатар,төмен қарай құлдырап өтер ылдиы да болады. Керуен жолы кейде ұзақ,кейде қысқа келеді.Бірақ қауіп-қатерсіз,қиындықсыз болмайды.Ойламаған жерден жел тұрып,сұрапыл дауыл соғады,қалың жауын нөсерлей құйып,бұрын суы толарсақтан келер тайыз жыра,кенет сарылдай аққан,өткел бермес,долы өзенге айналады,көшті бөгейді.Бұндай бөгеттен тек шаршамайтын,талмайтын керуен ғана өте алады.Тоқтамай көшіп,өзінің деген жеріне жетеді. І.Есенберлин. 2.Міне,мен кішкене өмірімді тағы бір тексеріп,әр күнімнің ізіне түсіп отырмын,алыстан бастап дәл бүгінгі күнге жеттім. Көз алдымнан өзіме сонша таныс жиырма жылдық өмірім өтті. Біріне-бірі жалғасып келіп,біріне-бірі айқасып жатқан әдемі шақ,қымбат күндер жүрегіңді жүз бұрап,сол күйінде қайтадан есіңе түседі.Бір тізбегі - сегіз жылдық бақытты шағың,бала кезің;одан соң оқумен өткен он жылың,одан кейін - армия, майдан. Шынын айтқанда менің өмірім,- қазақтың жас жігітінің өмірі жаңа ғана басталды. Міне,тап бүгінгі түнде,таңертеңгі ұрыс алдында,туған елім мен барлық халқыма,тіпті барлық адам баласына: «Мен өмірден алатын еншімді алғаным жоқ әлі,мен өмірімді қатты сүйемін,менің өмір сүргім келеді!» - деп бар дауысыммен айқайлағым келеді.
Б. Бұлқышев
VІ .Дәйексөз. Адам боп оңай туғанмен, Адам боп қалу көп қиын.
VІІІ. Өмірдің әр сәтін өзіне түртіп алып, «өмір» және «тағдыр» сөздеріне коллаж жасау
Қорытындылау. Ең бастысы - жүрегің таза болсын; Өмір - сенің мүмкіндігің,пайдалана біл; Өмір - сұлулық,сүйсіне біл; Өмір - арман,жүзеге асыр; Өмір - парыз,орындай біл; Өмір - ойын,ойнай біл; Өмір - байлық,бағалай біл; Өмір - махаббат,ләззат ала біл; Өмір - құпия,сырын аш; Өмір - қайғы,көтере біл; Өмір - күрес,жеңе біл; Өмір - бақыт,баянды ете біл. Жүректен жүрекке. «ризамын» әнін бірге орындау.