“Білім беру ж?йесіні? басты міндеті – ?лтты? ж?не жалпы адамзатты? ?азыналар ?ылым мен т?жірибені? жетістіктері негізінде жеке адамды ?алыптастыру ?шін ?ажетті жа?дайлар жасау”. ?Р – ны? “Білім туралы! За?ы
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?мір а?ымына та?дау жаса»
Өмір ағымына қарай таңдау жаса.
9-сынып
Мақсаты:оқушыларға кәсіп таңдауда өзінің қалауы және бойында бар қасиеттерге сүйене алуға,қолынан келетін істі ары қарай дамытуға бағыт-бағдар беру.
Міндеттері:Оқшылардың тұлғалық және кәсіби өзін-өзі табуы; Мамандық дұрыс таңдау,өзінің бойындағы қасиетті тануы.Мамандық таңдау кезеңіндегі ойлау мәдениеті және кәсіптік сауаттылығын қалыптастыру.
Тренинг тақырыбы : “ Елсіз арал”
Мақсаты:оқушылардың ой-өрісін дамыту арқылы,қиындық кезеңнен өтуде,ынтымақты болуға үйрету.
Қандай мамандықтың көмегіне сүйену керектігін,әр мамандықтың өзіндік ерекшеліктерінің бар болуын сезінуге бағыттау.
Жүргізуші:Сіздер,барлықтарыңыз,әдемі желкенді кемеге отырып,саяхатқа шықтыңыздар.Демалып,күш жинап,көңілді көңіл-күймен қайтамын,деп ойладыңыздар?Алайда теңіз ортасына жете бергенде,қатты дауыл тұрып,бір сәтте қорқынышты жағдайға тап болдыңыздар.Ал сіздер құдіретті күштің арқасында аман-есен қалдыңыздар.Сіздердің тұрған жерлеріңіз елсіз айдаладағы арал болып шықты.Сіздерді бұл жерден табу мүмкін емес.Сіздердің мақсаттарыңыз қалай да аман қалу апаттың өте қиын болғанын еске түсіріңіз.Біраз уақыт өз еліңізге,қалыпты өмір сүруге қайта алмайсыз.Мұндай кезде адамдар айқайлап,есі шығып,не істерін білмей аласұрып,адамдық кейіптен айырылады.
Осындай жағдайға тап болған сіздер,жағдаяттан шығуға міндеттісіздер.
Нұсқау:1.Осы аралды жан-жақты зерттеу;
2.Қолда бар заттарды жинастырып,қажетке жарату.
1.Тапсырма:Елсіз арал туралы жинаған деректер бойынша баяндау;Елсіз аралдың картасын салу,оған ат қою.
2.Тапсырма:Мамандық таңдау ,осы елсіз аралда өмір сүруге қажет кәсіпті таңдау.Осы мамандықты таңдау арқылы,достарыңа өзіңе қандай көмегі бар,сол туралы қағазға түсіріп,оны қорғау.
3.”Презентация “(Оқушылар өз ойларын ортаға салып,қорғап шығады.)
Демалыс уақыты:
Жайлап отырыңыздар қолдарыңызды тізелеріңізге қойыңыздар.Көздеріңізді жұмыңыздар.Аздап тынығып алыңыздар.Өздеріңізді үлкен теңіздің жағалауында,құм үстінде дем алып отырмын,-деп ойлаңыздар.Әдемі де,ерке жайлы толқындар бірінен кейін бірі жағаға қарай сырғиды.Денеңіздің күннің жылы шуағы жылытуда,осы жағалауда біраз болып,дем алыңыздар.Дем алып болсаңыздар,қайтып оралыңыздар.Өте жақсы.Көздеріңізді ашып,қозғалысқа түсуге болады.
Рефлекция:
-Тренинг сіздерге ұнады ма?
-Қандай қиындық болды?
-Мамандық таңдауда қандай ортақ пікірге келдіңіздер?
Қорытынды: Сіздердің елсіз аралдағы саяхаттарыңыз сәтті аяқталды.Аралдың үстінен ұшып бара жатқан ұшақ,сіздерді тауып,өз елдеріңізге қайтарды.Бірақ аз уақыт емес.5-жыл өтті.Қазір әрқайсымыз қалаған мамандықтарыңызды иеленіп жас та болса да мамандық иесі атандыңыздар.Сіздерге тек сәттілік тілеймін.Барлықтарыңызға рахмет!
Сергіту жаттығуы:1-Оң аяқпен
2-оң қолмен
3-басымен
4-иықпен
5-бөксемен
Осы сандарды ауада салады.
Бүгінгі тренинг сабағына қатысқандарыңызға рахмет!