Мені?маманды?ым – психолог. Мен маманды?ымменма?танамын. Маманды?ымны?игіма?саты – адам?міріндегінегізгі; с?спеншілік пен жанашырлы?, кішпейілділік пен мейірімділік, жауапкершілік пен е?бек?орлы?, ізеттілік пен м?дениеттілікболыпсаналатынадамгершілікм?раларды, рухани-а?артушылы??асиеттерді – б?гінгі?рпа?ты?бойынасі?ірту, ата-бабаларымызды?д?ст?рлерін – ?ркениетм?дделерімен?ндестіру.
?ркениеткеба?ытал?анмемлекетімізді?ПрезидентіН?рсылтан Назарбаев ?аза?станхал?ынажолдауыны?бірінде «Жа?ажа?дай?асайбізді?б?ріміздіала?дататынм?селе – білімді, к?сібидаярлы?ы бар адам?анаемес, ?о?амды??мірді?барлы?саласында?ллты?ж?нед?ниеж?зілік??ндылы?тарды?абылдау?а?абілетті, руханиж?неадамгершілікм?мкіндігі мол т?л?аны?алыптастыруболыптабылады », -депатапк?рсетті.
Осы игіма?сат?ажетужолында, психолог мамандарк?пізденіп, к?птегенжалпыадамзаттарихыны?барлы?кезе?дерінде?мірс?рген??ламаойшылар, ?лыпедагогтарды???нды ой-пікірлерінес?йенеді. Ал мен ?зт?жирбиемдет?ркі?леміндегі?лы??ламаЖ?сіпБаласа??нны? «??ттыбілік» дастанында «А?ыл, білім, ?нер, сезім-адамны?мінезі, оны адам?зі, ?зортасында?ыорнынай?ындайотырып?алыптастырады» дегенс?здеріннегізге ала отырып, жас?спірімні??збетіменбілім-біліктілігін, ?зіндік ой –?рісін, к?з-?арасындамыту, ?зін-?зід?рысба?алайбілу, ортада?ыорнынай?ындайотырып, ?арым-?атынасты??абілеттіліктерімен, жа?ымдыт?л?алы??асиеттеріні??алыптасуынаы?палетугетырысамын.
Просмотр содержимого документа
«"МЕН Ж?НЕ МЕНІ? МАМАНДЫ?ЫМ"»
МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ
«Мамандығым - ұстаз деп мақтанамын,
Мақтанышпен сырымды ақтарамын.
Ұстаздарым салып кеткен сара жолмен,
Сенімменен аттап келем әр қадамым…
Мектеп жасынан ақ, «келешекте кім боламын?» деп ойланбаған адам жоқ шығар, сірә, бұл өмірде. Ал маған ұстаз мамандығын таңдауға себепкер болған менің мектептегі ұстаздарым, деп сенніммен айта аламын. Ұстаздарымның өнегелі өмірі, адами қасиеттері мен этикалық ұстанымдары менің педагогикалық тәжірибемде – ең негізгі ұстанымдар. Жиырма бес жылдан астам уықыт ұстаздық жолында жүргеніме бір күнде «әттеген ай» деп өкінген емеспін. Және сонымен қатар, бағыма орай, өзім студент кезімде ерекше қызығушылықпен оқыған психология пәні, психологиялық қызмет ретінде, мектеп бағдарламасына енуі - менің психолог мамандығын қайта игеруіме себеп болды.
Менің мамандығым – психолог. Мен мамандығыммен мақтанамын. Мамандығымның игі мақсаты – адам өміріндегі негізгі; сүспеншілік пен жанашырлық, кішпейілділік пен мейірімділік, жауапкершілік пен еңбекқорлық, ізеттілік пен мәдениеттілік болып саналатын адамгершілік мұраларды, рухани-ағартушылық қасиеттерді – бүгінгі ұрпақтың бойына сіңірту, ата-бабаларымыздың дәстүрлерін – өркениет мүдделерімен үндестіру.
Өркениетке бағыт алған мемлекетіміздің Президенті Нұрсылтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдауының бірінде «Жаңа жағдайға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе – білімді, кәсіби даярлығы бар адам ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұллтық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани және адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру болып табылады », -деп атап көрсетті.
Осы игі мақсатқа жету жолында, психолог мамандар көп ізденіп, көптеген жалпыадамзат тарихының барлық кезеңдерінде өмір сүрген ғұлама ойшылар, ұлы педагогтардың құнды ой-пікірлеріне сүйенеді. Ал мен өз тәжирбиемде түркі әлеміндегі ұлы ғұлама Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанында «Ақыл, білім, өнер, сезім-адамның мінезі, оны адам өзі, өз ортасындағы орнын айқындай отырып қалыптастырады» деген сөздерін негізге ала отырып, жасөспірімнің өз бетімен білім-біліктілігін, өзіндік ой –өрісін, көз-қарасын дамыту, өзін-өзі дұрыс бағалай білу, ортадағы орнын айқындай отырып, қарым-қатынастық қабілеттіліктерімен, жағымды тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына ықпал етуге тырысамын.
Сондай-ақ, менің мамандығымның «өрісі кең», шығар «шыңы биік» .
Мектеп ұжымы, ата-ана, оқушы арасындағы қарым-қатынасты біріктіру, мұғалімдердің құзіреттілігін әлеуметтік тәрбиенің түрлі мәселелерін айқындай отырып көтеруге ықпал ету, баланың дамуындағы психологиялық, педагогикалық ерекшеліктерді ескере отырып, зерртеу жұмыстарына талдау жасау, туындаған мәселелерді заман сұранысына сай шеше білу болып табылады. Менің кәсіби құзіреттілігім, осы «әлеуметтік айнадағы бейнемде» өзінің көрнісін айқын көрсетіп тұрса, маған одан асқан бақыт жоқ.
Сара Алпысқызы назарбаева «Бақытты адам – ол табиғатпен және өзін қоршаған ортадағы адамдармен үндесіп өмір сүре білетін адам» - деп айтқан екен. Ондай болса, мен – бақыттымын! Отбасым – жүрегім, туған –туыс- тіреуім, жора - жолдас - тілеуішім. Ал Нұрмолда Алдабергенов атындағы орта мектеп ұжымы – адам бойындағы жағымды қасиеттердің оянуына, жеке тұлғаның өрістеуіне, рухани нұрлануына, шығармашылық шабыттануына мүмкіндік туғыза білетін ұжым.
Құрметті әріптестер! Шәкірттеріңіз бүкіл шексіз әлемге тек сүйіспеншілік пен мейрімділік, үйлесімділік пен адалдық пен сенімділік сыйласын!