kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Менің сыныбымның ғаламшары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ оқушылардың оқу мотивациясының жоғары, мазасыздықтың төменгі деңгейін қалыптастыру мақсатында жүргізілді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Менің сыныбымның ғаламшары»


«Менің сыныбымның ғаламшары» психологиялық сабақ

Мақсаты: 5 сынып оқушыларының орта буынға сәтті биімделуі үшін әлеуметтік-психологиялық дағдыларын дамыту.

Міндеттері:

1. Оқу мотивациясының және өзін-өзі бағалаудың тұрақты, оқу мазасыздығының төмен деңгейін қалыптастыру.

2. Оқушылардың әлеуметтік және қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

3. Қолдау табуға және қолдау көрсете білугеүйрету.

Көрнекіліктер:

-«Мектеп жолы» суреті салынған плакат

-доп

-«Сынып ғаламшары» суретін салуға арналған А3

-фломастерлер

-визиттік карточкаға арналған карточкалар

Тренинг барысы:

Амандасу

Са-ла-мат-сыз-дар-ма /балалар бір-бірінің қолынан ұстап, шеңбер құрып тұрып амандасады, соңынан қолдарын шапалақтайды/

Психолог сөзі:

Біздің алғашқы сабағымызда мен сіздерге психология ғылымы туралы және онымен айналысатын адамдар туралы қысқа айтып өтейін. Психология жалпақ тілмен айтқанда «жан» туралы ғылым. Әр адам ең бірінші өзінің жаны, яғни «мені» қызықтырады. Сондықтан әр адамды /оның ішінде сіздерде/ кішкене көлемде болса да психолог деуге болады. Ал нағыз психолог маманын жан тыныштығы мен қатар адам бойындағы есте сақтау, ерік-жігер, көңіл-күй, түйсік, елестету, ойлау, зейін сияқты қасиеттер де қызықтырады.

Психологтар адам бойындағы мінез, қарым-қатынас деңгейін, темпераментін арнайы құрылғылар арқылы зерттейді. Ол құрылғы «тест» деп аталады. Психологтар зерттеп, эксперимент жүргізіп қана қоймай, өзін және өзгелерді де қалыпты қарыс-қатынас қалыптастыруға, түсінуге, өзін ұстай білуге, т.б қажетті дағдыларды үйретеді.

Бүгінгі тренинг сабағымызда осындай дағдыларды қалыптастыру үшін жұмыстанамыз. Жақсы жұмыстану үшін бірінші танысып алайық.

«Қарлы кесек» ойыны

Әр келесі ойыншы өзінен бұрын айтылған есімдерді атап /көзбен байланыс орната отырып/, соңында өз есімін айтып, келесі адамға қолын тигізе отырып кезек береді. Соңында кезек сынып жетекшісіне келгенде бар оқушының атын айтып, өзін таныстырады.

Психолог оқушылармен еркін қарым-қатынас орнату үшін визиттік карточка көркемдеуге нұсқау береді.

Визиттік карточкалар

Балалар сіздердің алдарыңызда қағаз кесінділері жатыр. Соған өз есімдеріңді жазып, қазіргі көңіл күйлеріңізді түстермен дөңгелетіп бояңыздар.

«Жасыл» түс –көңілді

«Көк» түс -қалыпты

«Қызыл» түс - мазасыздық

Тренинг ережесі:

-ортада өз ойыңды еркін айту

-басқалардың ойын мұқият тыідау

-ойындарға белсенді болу

Топқа бөлу

Оқушыларды суреттер арқылы бөлу және сол арқылы қызығушылықтарын анықтау.


Оқу, табиғат, үй шаруашылығы

Сөздікпен жұмыс

Әр топқа сөз тіркестері жазылған карточкалар беріледі: «Мазасыз бала, мазасыз мұғалім», «Ашулы бала, ашулы мұғалім», «Көңілді бала, көңілді мұғалім». Сұрақтар қойылады: 1. Бұл адамдар қандай болады? 2. Не себепті осындай болады?

Рефлексия Топтар өз сөздерін қорғайды.

«Тау шыңы» аутотренинг жаттығуы

«Барлығымыз тұрамыз, көзімізді жұмамыз, терең дем аламыз -біз тау шыңына шығамыз, дем шығарамыз- шыңнан зырғып түсеміз» -3 рет қайталау

Оқушылар біз бүгін шын мәнінде шыңға шығамыз, ол- «Білім шыңы» деп аталады.

Білім шыңы

Тақтаға «мектеп жолы» плакаты ілінгеді.

Оқушыларға арқада ауыр жүкпенен тауға саяхат жасауға шақырады. Жолдың ең қиын бөлігінен өткендігі және іс жүзінде жол ортасына жеткендігі айтылып, демалыс жасалуы керек деген шешім қабылдады. Саяхатшылар өткен жолы еске алып, алдағы жолға ой жүгіртеді. Өткен жолда қандай қиындықтар болды, естеліктер қалды? (Аяқталмаған сөйлемді жалғастыруға ұсыныс беріледі: «бастауыш сыныпта менің есімде қалғаны...») барлық оқушылар бір-біріне доп лақтырып сұрақтарға жауап береді. Психолог оқушыларға үлкен мектеп тәжірибесі бар екендігін айта отырып, алдағы жолдың жеңіл болатындығына сендіреді. Шын мәнінде ол қандай болады? /Мен сыныпта ... болғанын қалар едім/. Психолог оқушылардан 5 сыныпқа келгенде қандай жаңа өзгерістер болғанын және өзгерістер қызықты ма, қиын ба екендігін сұрай отырып, қиындығы мен қызығы көп алдағы жолда саяхатшылар тәжірибелі деп шешім қабылдайды.

Психолог 5-9 сынып аралығы мектеп өміріндегі негізгі буын екендігін айтады. Оқушылардан қандай жүк арқалап бара жатқандығы сұралады.

«Комплимент» жаттығуы

Оқушылыр кімнің қолында доп болса, сол адамның жақсы қасиеттері туралы айтады.

«Сыныбымның ғаламшары»

Әр топқа сыныптастарымен бірге тұрғысы келетін ғаламшардың суретін салып, ат беру керектігіне тапсырма беріледі. Топтар өз жобаларын қорғайды. Психолог оқушылармен бірге әр планетадан жақсы жерлерін алып сыныптың үлкен бір планетасын шығарады және оған ат береді.

«Газетпен саяхат» ойыны

Әр топ бір газетке орналасу керек. Газет бүктеле береді, бірақ топ оқушылары орналасу керек.

Қорытынды бөлім

Сабақ соңындағы көңіл-күйлері түспен визиткаға белгіленеді.

Оқушылыр шеңбер жасап тұрып «сау-бо-лы-ңыз-дар» дейді, соңғы буынында қолдарын көтеріп ортаға бір адым жасайды.






























Бекітемін:

Ж.Кереев атындағы орта мектебінің

директоры С.А.Салиев








«Менің сыныбымның ғаламшары»

психологиялық сабақ

5 сынып











Педагог-психолог: КасымоваА.Ж.





















2016-2017 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Менің сыныбымның ғаламшары

Автор: Касымова Асыл Жолгуттыкызы

Дата: 17.01.2017

Номер свидетельства: 380612


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства