kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Медицина қызметкерлері мен емделуші арасындағы өзара қарым-қатынасы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

разработка урока по предмету  "Основы психологии и коммуникативных навыков" на казахском языке

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Медицина қызметкерлері мен емделуші арасындағы өзара қарым-қатынасы"»

«Даналық» колледжі



«Психология негіздері және коммуникативті дағдылар» пәні бойынша әдістемелік әзірлеме



Тақырып: «Медицина қызметкерлері мен емделуші арасындағы өзара қарым-қатынасы»

Мамандық: «Медбикелік іс»













Нур-султан, 2019

Практикалық сабақтың әдістемелік әзірлемесі


Мамандығы: 0302000 «Медбикелік іс», 2 курс

Оқу пәні: «Психология негіздері және коммуникативті дағдылар»

Сабақтың тақырыбы: «Медицина қызметкерлері мен емделуші арасындағы қарым-қатынасы»

Сабақтың түрі: практикалық сабақ, білімдері мен дағдыларын практикада қолдана алу сабағы.

Академиялық сабақтың уақыты: 90 минут

Сабақты өткізу әдістері: бағдарламалық тапсырмалар әдісі, диалог әдіс, рөлдік ойындар

Сабақтың көрнекілігі: үлестірме карточкалар

Мақсаты:

Білімділік:

Адамдармен қарым-қатынас жасау кезіндегі адами қасиеттер мен адамгершілік нормалардың рөлін түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Студенттерге жағымды, ізгілікті қарым-қатынас мәнін түсіндіру; 

Дамутышылық:

Жағымды қарым-қатынас жасай алу дағдыларын дамыту; 

Тәрбиелік:

Студенттерді өз мамандығына деген сүйіспеншілікке, мейірімділікке, жауапкершілікке және жұмыс жасаған кезде медициналық этиканы сақтауға тәрбиелеу. Сүйіспеншілік, мейірім, достыққа тәрбиелеу; 

Пәнішілік байланыс:

Пәнаралық байланыс : «Мейірбике іс негіздері»

Сабақ тақырыбын оқытуда жоспарланған нәтижелер:

Кәсіптік және мамандық біліктіліктері

Студент білуі тиіс

Студент орындауы тиіс

Адами қарым - қатынастағы игі әрекетердің бірі - тіл табысу және өзара түсінісу болып табылады. Қолдан келгенше кикілжіңді болдырмауға әрекеттенген дұрыс. Тіл табысудың басты кілті – кешірім болып табылады.

Өмірде адамдардың ашулану, ызалану сезімін тудыратын жағдаяттар болып жатады. Сол жағдаяттар өзара қарым - қатынастың бұзылуына әкеліп соғады. Оларды мәдениет тұрғысынан шешкен абзал!

Сөздің қарым - қатынас жасаудағы рөлі қандай?

«Қарым - қатынас мәдениеті» тақырыбында,өлең, эссе жазып келу.Студенттердің жазып келген эсселерін оқытамын.


Сабақтың жоспары:


  1. Ұйымдастыру кезеңі - ( 3 мин)

  2. Студенттердің негізгі білімдерін пысықтау - ( 20 мин)

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру – (40 мин )

  4. Өткен тақырыпты бекіту – ( 20 мин)

  5. Сабақты қорытындылау – ( 5 мин)

  6. Үй тапсырмасы – ( 2 мин)


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі (Студенттермен амандасу, олардың қатысуын, жұмыс кабинеттің дайындығын тексеру).

Студенттерді Венгерлік психотерапевт И. Харидің сараптамасындағы медбике типтері мен науқастармен қарым-қатынасының өзгешеліктері бойынша бес топқа бөлу:

  • №1 Рутинер-медбике

  • № 2 Артистік тип

  • № 3 Ер мінезді тип

  • № 4 Ана тәрізді тип

  • № 5 Ашушаң тип

Рутинер-өз міндетін «машина» тәрізді бұлжытпай орындайды. Ол ұйықтап жатқан науқасты оятып, дәрігер ұсынған ұйықтататын дәріні ішіңіз деп оятуы мүмкін.

Артистік тип-медбикелер белгілі бір мақсатқа жету жолында түрлі рөлдерді ойнауы мүмкін. Науқаспен араласу нәтижесінде «Оған текке уақытымды кетіріппін...» немесе «одан түк пайда жоқ...» деген сияқты сөздерді айтуы жиі кездеседі.

Ер мінезді тип-негізінен денесі ірілеу, шешімді тез қабылдайтын, энергиясы толы, оларды науқастар жиі жүрген жүрісінен-ақ алыстан таниды, бірақ ыңғайсыз жағдайларда олар ашулы және қатал болып келеді.

Ана тәрізді тип- медбикелер науқастарға үлкен қамқорлықпен қарайды, бүкіл жерде бәріне үлгеріп, жас медбикелерден еш кем қалмайды, көбіне толықша келген адамдар жатады.

Ашушаң тип-көңілсіз шаршаған, жұмыс істеуге ниеті жоқ болып келеді. Бұл әсер науқастармен қарым-қатынаста теріс әсерінен береді. Ондай медбикелер дәріге құмар болуы мүмкін.


ІІ. Студенттердің негізгі білімдерін пысықтау

слайдттар бойынша жұмыс

ІІІ . Жаңа тақырыпты түсіндіру

Дәрігер мен науқастың арасындағы қарым-қатынасы жақсы тіл табыса алуы болашақ ем-шараны жүргізуге оңынан ықпалын тигізеді. Қарым-қатынас орнату үшін, ең бастысы науқастың дәрігерге деген сенімін қалыптастыру. Оған дәрігердің өзін-өзі ұсталуы, киген таза киімі, яғни калпак, халаттың үтіктеулі болуы, жаққан далабы қатты көзге түспейтін, иіссуы өте өткір болмауы, жүрген жүріс-тұрысы бәрі де науқаспен арасындағы контактіге әсерін тигізеді.

Оқушылардың өз бетімен жұмысы

Дәрігермен науқастың арасындағы қарым-қатынас кезіндегі ұсталынатын ережелер құрастыру. Мысалы:

  • Дәрігер науқасты барлық артық-кемшіліктермен қабылдау керек.

  • Оның ойы мен қалауын сыйлау керек.

  • Науқастың адамгершілік қасиетін таптамау керек.

  • Уәдені орындай алмаса, науқасты босқа үміттендірмеу.

  • Шындық қаншалықты ащы болса да, тәтті болса да оны науқасқа жаймен жеткізу керек.

  • Науқастың дәрігерге деп сенілген ақпаратты таратпау. т.б.


ІV. Өткен тақырыпты бекіту


V. Сабақты қорытындылау

Әр топқа ватман үлестіріледі,топтар ватманды 3-4 ке бөледі:

1.Қарым-қатынас ортасы

2.Сөйлесу түрлерін жазу (вербальды,вербальды емес)

3.Сөйлесуде қолданылатын дене қимылдары (сурет түрінде көрсету)

4. 3 бөлікте салынған суретті ашу.

Студенттер ватманмен жұмыс жасайды,тапсырмаларды орындайды.1 тапсырманы орындап, 2 топтың ватманын алады, солай кезектесіп ауысып отырады, ең соңғысы өздеріне келген ватмандағы салынған суреттерді немесе сөздерді қорғайды «Спикер» әдісі бойынша. Әр жұмысқа 3 минуттай уақыт беріледі.


VІ. Үйге тапсырма

Практикада осы өтілген тақырыптарға байланысты интернеттен материалдарды жинап қарау.




Оқытушы: __________Н.Б. Толеуова


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Медицина қызметкерлері мен емделуші арасындағы өзара қарым-қатынасы"

Автор: Толеуова Назым Бейбитказыевна

Дата: 22.05.2019

Номер свидетельства: 511747


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства