Бала?а «Топтастыр» ?дістемесі ?сынылады. Б?л ?дістемеде бала бейнеленген суреттерге м??ият ?арай отырып, шыршаны бір б?лек, ж?лдызшаны бір б?лек, г?лді бір б?лек, ?йді бір б?лек, шелекті бір б?лек, са?ырау??ла?ты бір б?лек, жалауды бір б?лек топтастырып, санап шы?уы тиіс. Топтастыру, санау ар?ылы зейін концентрациясыны? дамуы арта т?седі. Бала?а алдымен ?зім топтастырып к?рсетемін, кейін ?зіне орындатамын.
Просмотр содержимого документа
««Лабиринт» тапсырмалары ар?ылы зейін концентрациясын, к?лемін дамыту.»
Сабақ жоспары
№6 КППК әдіскері______________ Маман: психолог – Толкымбаева А С
Баланың аты-жөні:
Күні:
Сабақтың тақырыбы: «Лабиринт» тапсырмалары арқылы зейін
концентрациясын, көлемін дамыту.
Сабақтың мақсаты: 1.«Лабиринт» тапсырмаларын орындату арқылы
баланың зейін концентрациясын, көлемін
дамыту, зейінділікке баулу, есте сақтау
қабілетін арттыру.
2. Балаға «Лабиринт», «Топтастыр»,
«Пілге бананға барар жолды көрсет», «Итке
күшіктеріне барар жолды көрсет»
тапсырмаларын бере отырып, танымдық
әрекеттерінің арта түсуіне, зейін
концентрациясының дамуына ой
өрісінің кеңейуіне ықпал ету.
3. Сабақ барысында ұқыптылыққа,
тиянақтылыққа, оқу құралдарын таза ұстауға,
айналасына мейіріммен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Қима суреттер, ойыншықтар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушымен амандасып, хал жағдайын сұрап,
психологиялық жағымды ахуал орнатып,
бала зейінін сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. Өткен тақырыптар бойынша сабақта өткен
тапсырмаларды еске түсіріп, қайталау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Тапсырма.
Балаға «Лабиринт» тапсырмасын ұсынып, тапсырманың қалай орындалатындығын түсіндіру, тапсырманы орындау барысында зейінділік, зеректік, икемділік сияқты талаптарды айтып отырамын. Баланың әр дұрыс орындаған тапсырмаларын мақтау, мадақтау арқылы жігерлендіріп отырамын. Бұл тапсырма баланың қабылдау әрекетінің дамуына, зейін көлемінің кеңейуіне игі әсерін тигізеді.
Тапсырма
Балаға «Топтастыр» әдістемесі ұсынылады.Бұл әдістемеде бала бейнеленген суреттерге мұқият қарай отырып, шыршаны бір бөлек, жұлдызшаны бір бөлек, гүлді бір бөлек, үйді бір бөлек, шелекті бір бөлек, саңырауқұлақты бір бөлек, жалауды бір бөлек топтастырып, санап шығуы тиіс. Топтастыру, санау арқылы зейін концентрациясының дамуы арта түседі. Балаға алдымен өзім топтастырып көрсетемін, кейін өзіне орындатамын.
Тапсырманы орындау барысында баладан зейінді болуды, тиянақты орындауды талап етемін.
Тапсырма
Сергіту жаттығуы
Қорбаңдаған аюдың, Тербеледі ағаштар,
Құлпынайы көп екен. Алдымнан жел еседі.
Теріп, теріп алайық, Кіп кішкентай бөбектер,
Қалтамызға салайық. Үлкен болып өседі.
Тапсырма
Балаға «Итке күшіктеріне барар жолды көрсет» әдістемесі ұсынылады.Бұнда бала суреттегі лабиринт жаттығуы арқылы итке күшіктеріне барар жолды шатасқан сызықтардың арасынан сызып көрсетуі керек. Бұл баланың көрнекі бейнелі ойлауы мен зейін әрекетінің дамуына көмектеседі.
Жаңа сабақты бекіту: Сабақта өткен тапсырмаларға шолу жасау, есте