kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

: ?ыз?а- н?зіктік, ?л?а- батылды?

Нажмите, чтобы узнать подробности

  1. Саба? № 18

    Та?ырыбы:  ?ыз?а- н?зіктік,  ?л?а- батылды?

    Ма?саты:  адамны? сырт?ы т?л?асы мен ішкі жан-д?ниесіні? ?ндестігі, с?лулы?ты? м?ні туралы т?сінік беру;

    Білімділігі: о?ушыларды ?ызды? н?зіктігін, ?лды? батылды?ын ажырата алу?а ?йрету;

    Дамытушылы?ы: о?ушыларды сырт?ы с?лулы?ты д?рыс т?сіне білуге ?йрету;

    Т?рбиелілігі:н?зіктілік, батыл болу?а  т?рбиелеу ;

    Т?рі: аралас саба?

    ?дісі: ??гімелесу, т?сіндіру, с?ра?-жауап

    К?рнекілігі: о?улы?, д?птер, д?йекс?здер.

    Саба?ты? барысы:

    ?йымдастыру.

  2. О?ушылармен амандасу;
  3. О?ушыларды т?гендеу;
  4. Шатты? ше?бері :

    О?ушыларды? бір-біріне тілек айтуымен шат­ты? ше?берін ?ткіземін. ?л баланы? ?ыз бала?а немесе ?ыз баланы? ?л балага тілек айтуы балаларды? досты? ?арым- ?атынастарыны? ?алыптасуына к?мектеседі.

    М?тінмен ж?мыс

    Егер ?ткен саба?та ер бала мен ?ыз баланы? мінез-??лы? ерекшеліктеріне баса к??іл б?лінсе, б?л саба?та оларды? арасында?ы досты? ?арым-?атынас негіз болады. Олар шынайы да адал досты? туралы т?сініктерін ?алыптастыру ма?сатында  Сансызбай Сар?ас?аевты? «Жайма- шуа?» атты ??гімесімен таныстырамын.

    ЖАЙМА-ШУА?

    С. Сар?ас?аев

    ?уелі б?л ?шеуін таныстырайын сендерге. Сиди?ан ап- ары?, а?сары баланы? аты - Жанн?р. Т?пелтек келген кара торы бала - Марат. Ал жирен шашты, шикіл сары ж?зін тар?а?ты? ж?мырт?асындай секпіл бас?ан, ойна?шы?ан кара к?зді ?ыз - Г?лн?р.

    Ша?ын Тікендіой ауылыны? етек жа?ында?ы А??айнар?а ж?ні к?містей жылтыра?ан ?ас?а тайды жетекке алып, к??ілдене ??гіме со?ып бара жат?ан б?л ?шеуін ?азір бір ?ядан шы??ан ?йректі? балапаны дерсі?.

    Ал к?ні кеше ?ана.

    Ол ?шін ??гімемізді ?ткен сары к?зден басталы?. О?ан басты себеп бол?ан Г?лн?р еді.

    Жанн?р мен Марат осы Тікендіой деген ауылда туып, бірінші сыныптан бері о?ып келеді. Б??ан дейін екеуіні? арасында п?лендей досты? болма?анымен, бір-біріне «сен» дескен емес.

    Міне, осы А??айнар басында ерте?гі мезгілде атты суара бар?анда ол кекіл шашын ма?дайына ?елтіре тегістей ?ыры?тыр?ан Г?лн?рды к?рген болатын. Ол ?ас?а тайды А??айнарды? м?лдір суына суарып т?р.

    ?ыз тайды суарып болып, Жанн?рды? атты суарып болуын к?тті. Сонан со?:

  5. Эй, бала, кел танысалы?! Мені? атым - Г?лн?р, - деп жайдарылана ?олын ?сынды.
  6. Г?лн?р Ша?а ?артты? немересі екен.

  7. Екеуміз бір сыныпта о?иды екенбіз ?ой. Жа?сы болды. Ана тілінен т?сінбегенімді сен ?йретесі?. Білді? бе? Екеуміз бір партада отырамыз. Оны да ?мытпа, - деп Г?лн?р сол к?ні-ак мы?тап ескертті де.
  8. С?йтіп, екеуіні? ж?бы жазылмайтын болды.

    О?у бастал?анша жаба?ы мен ?ас?а тайды екеуі бірге к?тіп ж?рді. Екеуі бір партада отырды. Мектепке бірге келіп, бірге ?айтатын болды. Саба??а да бірге отырып ?зірленеді.

    Жанн?р мен Г?лн?рды? досты?ы т?ртінші сыныпта бірге о?итын кейбір балалар?а к?зге шы??ан с?йелдей боп к?ріне баста?ан еді. Соны? бірі - Марат. Марат сот?ар тілімен ша?у?а да, ?ол ж?мсау?а да епті бала болатын. Сыныпта «?ыз Жібек пен Т?леген» дегенді де шы?ар?ан сол болатын.

    Бір жолы Маратты? ашы?тан-ашы? келемеждегеніне шыдай алмай, Жанн?р ай?аса кетіп, тая? жеп ?алды. Марат а?талып шы?а келді де, Жанн?р тумысында ал?аш рет ескерту ал?ан еді.

    М?ны естіген Г?лн?р:

  9. Т?белесуі? бекер бол?ан, - деді. - Біздін ашы? досты?ымызда не т?р. Саспа. Сол Маратты? ?зімен ?алай достас?анымды к?ресі? ?лі.
  10. Оны? орайы келді де.

    О?ушылар жиынында балалар т?ртібімен де, саба? ?лгерімімен де арт?а тартып ж?рген Маратты орта?а салды.

  11. К?мектен ?ашасы?. ?ашан?ы артта ?ала береміз?!
  12. К?мек беретін сен бе? - дейді Марат айт?ан бала?а мырс-мырс к?ліп.
  13. ?уелі ?зі?ді ж?ндеп ал.
  14. К?мекті мен беремін, - деді осы кезде Г?лн?р батыл ?нмен.
  15. Сен бе?
  16. Мен!
  17. Ха-ха-ха. Сенен мен ?йренеді деп кім айтты?
  18. Мен айттым!
  19. Арада апта ?тті. Ай ?тті. К?нгейге ал?аш?ы ?ыз?алда?тар ?ылтиып шы?а баста?ан к?ндерді? бірінде Г?лн?р Маратты Ша?а ?артты? ?йіне ілестіріп келді.

  20. Енді саба??а ?шеуміз к?нде бірге дайындаламыз. ?ас?а тайды да ?шеуміз бірге к?теміз. ?ыс?асы, б?дан былай ?ш доспыз, - деді ?ас?а тай?а жем беріп жат?ан Жанн?р?а.
  21. Енді міне:

  22. Бір-бірі?е ?олдары?ды бері?дер. Б?дан былай доссы?дар, - деп Г?лн?р еркін айтып т?р. ?и?ар Марат оны? дегеніне к?ніп, Жанн?р?а ?ол созып т?р.
  23. Сол к?ннен бастап енді ?шеуі ж?п жазбайтын болды.

  24. Б?л на?ыз тамаша ?ыз, - дейтін болды Марат. - К?нде ?йге келіп отырып алады. Бірер рет кетіп те ?алдым. Ойнап- ойнап келсем, ?лі отыр. Не дерсі? б??ан? Енді, міне, же?ці. Же?ген емес-ау, досты?ты? не екенін ??тырды.
  25. ?ас?а тайды жетектеген ?ш дос А??айнар?а бара жатыр. Ж?здерінен жайма-шуа? к??ілдерін к?ресі?, ?ызы?тайсы?.

  26. М?рат пен Жанн?рды? татуласуына не себепкер болды?
  27. Досты? сезімі адам?а ?андай жауапкершілік ж?ктейді?
  28. О?ушыларды? м?тін бойынша сура?тар?а берілген жауабына талдау жасалынады. О?ан ?осымша: «Балаларды? шынайы досты?ына не кедергі болды?» немесе «Оларды? бірін-бірі тусініп, достасуына не к?мектесті?» деген сура?тар ?ою ар?ылы шынайы досты? ?арым-?а- тынас?а кедергі келтіретін немесе себетиі болатын мінез- ?улыц, ?рекеттер мен ?ылы?тарды сарап?а салады.

    ?нгімелесу

    О?ушыларды? ?ыз бала мен ер бала арасында?ы ?арым- ?атынастар туралы тусініктерін аны?тап, ?орытынды жасау ма?сатында о?улы?та берілген сура?тар бойынша ??гіме жургізіледі.

  29. ?ыз бала мен ер баланы? арасында на?ыз досты? болуы м?мкін бе?
  30. ?ыздарды ?андай ?асиеттері ?шін сыйлайды? ?лдарды ше?
  31. ?ыздар мен ?лдарды? арасында т?сінбеушілік болуы м?мкін бе? Неліктен?
  32. ?ыздар мен ?лдарды? арасында?ы сыйласты??а ?алай ?ол жеткізуге болады?
  33. ??гімеге ?орытынды жасау кезінде: «?лдар мен ?ыздар бір-бірімен достас?ысы келе ме? О?ан не кедергі болады? ?лдар мен ?ыздарды? дос болуы д?рыс па?» деген сия?ты ?осал?ы с?ра?тар ар?ылы о?ушыларды ?атты тол?андыратын м?селе - ?л мен ?ыз арасында?ы досты? туралы, оны? еш?андай ерсі еместігі, керісінше, ?л-?ыз деп б?луді? кері жа?тарын айтып, тусіндіру ж?мыстары журеді.

    Жа?а а?парат

    О?улы?та ?сыныл?ан пайымдаулар екі саба? бойы талдан?ан ер бала мен ?ыз баланы? ?зіндік ерекшеліктерін жіті т?сініп, ?зара досты?, жолдасты? ?арым-?атынас орнату?а ы?пал етеді:

    ?ыз балалар?а - таби?атынан н?зіктік пен ?я?ды?, ер балалар?а батылды? пен ?стамдылы? т?н. Осыны т?сіне білсе, олар к?нделікті ?мірде бір-біріне к?мектесуге дайын т?рады.

    Ер балалар мен ?ыз балалар арасында?ы досты? ?зара т?сіністік, келісім ж?не сыйласты?тан басталады.

    Шы?армашылы? ж?мыс

    Саба?ты ?орытындылап, о?ушыларды? т?сініктерін бекіту ма?сатында шы?армашылы? ж?мысты ?йде орындап келуді тапсыру?а болады. Тапсырманы тексеру барысында о?ушыларды? ішкі жан д?ниесіне кері ?сер етпеу жа?ын абайлау керек.

    Ж?ректен ж?рекке

    Саба? со?ында о?ушылар?а ерлігімен, ата?ымен да??ы шы??ан хал?ымызды? ?л-?ыздарын мысал?а келтіріп, айта отырып, саба?ты «?аза? ?ызы» ?німен ая?тауды ?сынылады.

    ?АЗА? ?ЫЗЫ

    С?зі И. Сапарбаевтікі, ?ні Р. Таймановтікі

    Мен ?аза? ?ыздарына ?айран ?алам,

    Жанары, жаны жаздай жайра?да?ан.

    «?ыз ?ссе - елді? к?ркі» деген с?зді,

    ?апысыз ?алай айт?ан ?айран бабам.

    Намысын бермеу ?шін жат?а ?олдан,

    Арулар аз болды ма ат?а ?он?ан.

    К??ілде ?ал?ан сыз бар ?ткен к?ннен.

    ?мірде ?ал?ан із бар «А?табаннан».

    Жасырмай айтар болсам жан сырымды,

    Та?дырым ?арауыл?а ?анша ілінді.

    Ерлікті? ?ос ?анаты деп білем мен,

    Аяулы ?лиям мен М?нш?гімді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«: ?ыз?а- н?зіктік, ?л?а- батылды?»

Күні:

Сыныбы:

Сабақ № 18

Тақырыбы: Қызға- нәзіктік, ұлға- батылдық

Мақсаты: адамның сыртқы тұлғасы мен ішкі жан-дүниесінің үндестігі, сұлулықтың мәні туралы түсінік беру;

Білімділігі: оқушыларды қыздың нәзіктігін, ұлдың батылдығын ажырата алуға үйрету;

Дамытушылығы: оқушыларды сыртқы сұлулықты дұрыс түсіне білуге үйрету;

Тәрбиелілігі:нәзіктілік, батыл болуға тәрбиелеу ;

Түрі: аралас сабақ

Әдісі: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: оқулық, дәптер, дәйексөздер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру.

  • Оқушылармен амандасу;

  • Оқушыларды түгендеу;

Шаттық шеңбері :

Оқушылардың бір-біріне тілек айтуымен шат­тық шеңберін өткіземін. Ұл баланың қыз балаға немесе қыз баланың ұл балага тілек айтуы балалардың достық қарым- қатынастарының қалыптасуына көмектеседі.

Мәтінмен жұмыс

Егер өткен сабақта ер бала мен қыз баланың мінез-құлық ерекшеліктеріне баса көңіл бөлінсе, бұл сабақта олардың арасындағы достық қарым-қатынас негіз болады. Олар шынайы да адал достық туралы түсініктерін қалыптастыру мақсатында Сансызбай Сарғасқаевтың «Жайма- шуақ» атты әңгімесімен таныстырамын.

ЖАЙМА-ШУАҚ

С. Сарғасқаев

Әуелі бұл үшеуін таныстырайын сендерге. Сидиған ап- арық, ақсары баланың аты - Жаннұр. Тәпелтек келген кара торы бала - Марат. Ал жирен шашты, шикіл сары жүзін тарғақтың жұмыртқасындай секпіл басқан, ойнақшыған кара көзді қыз - Гүлнұр.

Шағын Тікендіой ауылының етек жағындағы Аққайнарға жүні күмістей жылтыраған қасқа тайды жетекке алып, көңілдене әңгіме соғып бара жатқан бұл үшеуін қазір бір ұядан шыққан үйректің балапаны дерсің.

Ал күні кеше ғана ...

Ол үшін әңгімемізді өткен сары күзден басталық. Оған басты себеп болған Гүлнұр еді.

Жаннұр мен Марат осы Тікендіой деген ауылда туып, бірінші сыныптан бері оқып келеді. Бұған дейін екеуінің арасында пәлендей достық болмағанымен, бір-біріне «сен» дескен емес.

Міне, осы Аққайнар басында ертеңгі мезгілде атты суара барғанда ол кекіл шашын маңдайына қелтіре тегістей қырықтырған Гүлнұрды көрген болатын. Ол қасқа тайды Аққайнардың мөлдір суына суарып тұр.

Қыз тайды суарып болып, Жаннұрдың атты суарып болуын күтті. Сонан соң:

  • Эй, бала, кел танысалық! Менің атым - Гүлнұр, - деп жайдарылана қолын ұсынды.

Гүлнұр Шақа қарттың немересі екен.

  • Екеуміз бір сыныпта оқиды екенбіз ғой. Жақсы болды. Ана тілінен түсінбегенімді сен үйретесің. Білдің бе? Екеуміз бір партада отырамыз. Оны да ұмытпа, - деп Гүлнұр сол күні-ак мықтап ескертті де.

Сөйтіп, екеуінің жұбы жазылмайтын болды.

Оқу басталғанша жабағы мен қасқа тайды екеуі бірге күтіп жүрді. Екеуі бір партада отырды. Мектепке бірге келіп, бірге қайтатын болды. Сабаққа да бірге отырып әзірленеді...

Жаннұр мен Гүлнұрдың достығы төртінші сыныпта бірге оқитын кейбір балаларға көзге шыққан сүйелдей боп көріне бастаған еді. Соның бірі - Марат. Марат сотқар тілімен шағуға да, қол жұмсауға да епті бала болатын. Сыныпта «Қыз Жібек пен Төлеген» дегенді де шығарған сол болатын.

Бір жолы Мараттың ашықтан-ашық келемеждегеніне шыдай алмай, Жаннұр айқаса кетіп, таяқ жеп қалды. Марат ақталып шыға келді де, Жаннұр тумысында алғаш рет ескерту алған еді.

Мұны естіген Гүлнұр:

  • Төбелесуің бекер болған, - деді. - Біздін ашық достығымызда не тұр. Саспа. Сол Мараттың өзімен қалай достасқанымды көресің әлі.

Оның орайы келді де.

Оқушылар жиынында балалар тәртібімен де, сабақ үлгерімімен де артқа тартып жүрген Маратты ортаға салды.

  • Көмектен қашасың. Қашанғы артта қала береміз?!

  • Көмек беретін сен бе? - дейді Марат айтқан балаға мырс-мырс күліп.

  • Әуелі өзіңді жөндеп ал.

  • Көмекті мен беремін, - деді осы кезде Гүлнұр батыл үнмен.

  • Сен бе?

  • Мен!

  • Ха-ха-ха... Сенен мен үйренеді деп кім айтты?

  • Мен айттым!

Арада апта өтті. Ай өтті. Күнгейге алғашқы қызғалдақтар қылтиып шыға бастаған күндердің бірінде Гүлнұр Маратты Шақа қарттың үйіне ілестіріп келді.

  • Енді сабаққа үшеуміз күнде бірге дайындаламыз. Қасқа тайды да үшеуміз бірге күтеміз. Қысқасы, бұдан былай үш доспыз, - деді қасқа тайға жем беріп жатқан Жаннұрға.

Енді міне:

  • Бір-біріңе қолдарыңды беріңдер. Бұдан былай доссыңдар, - деп Гүлнұр еркін айтып тұр. Қиқар Марат оның дегеніне көніп, Жаннұрға қол созып тұр.

Сол күннен бастап енді үшеуі жұп жазбайтын болды.

  • Бұл нағыз тамаша қыз, - дейтін болды Марат. - Күнде үйге келіп отырып алады. Бірер рет кетіп те қалдым. Ойнап- ойнап келсем, әлі отыр. Не дерсің бұған? Енді, міне, жеңці. Жеңген емес-ау, достықтың не екенін ұқтырды.

Қасқа тайды жетектеген үш дос Аққайнарға бара жатыр. Жүздерінен жайма-шуақ көңілдерін көресің, қызықтайсың.

  • Мұрат пен Жаннұрдың татуласуына не себепкер болды?

  • Достық сезімі адамға қандай жауапкершілік жүктейді?

Оқушылардың мәтін бойынша сурақтарға берілген жауабына талдау жасалынады. Оған қосымша: «Балалардың шынайы достығына не кедергі болды?» немесе «Олардың бірін-бірі тусініп, достасуына не көмектесті?» деген сурақтар қою арқылы шынайы достық қарым-қа- тынасқа кедергі келтіретін немесе себетиі болатын мінез- қулыц, әрекеттер мен қылықтарды сарапқа салады.

Әнгімелесу

Оқушылардың қыз бала мен ер бала арасындағы қарым- қатынастар туралы тусініктерін анықтап, қорытынды жасау мақсатында оқулықта берілген сурақтар бойынша әңгіме жургізіледі.

  • Қыз бала мен ер баланың арасында нағыз достық болуы мүмкін бе?

  • Қыздарды қандай қасиеттері үшін сыйлайды? Ұлдарды ше?

  • Қыздар мен ұлдардың арасында түсінбеушілік болуы мүмкін бе? Неліктен?

  • Қыздар мен ұлдардың арасындағы сыйластыққа қалай қол жеткізуге болады?

Әңгімеге қорытынды жасау кезінде: «Ұлдар мен қыздар бір-бірімен достасқысы келе ме? Оған не кедергі болады? Ұлдар мен қыздардың дос болуы дұрыс па?» деген сияқты қосалқы сұрақтар арқылы оқушыларды қатты толғандыратын мәселе - ұл мен қыз арасындағы достық туралы, оның ешқандай ерсі еместігі, керісінше, ұл-қыз деп бөлудің кері жақтарын айтып, тусіндіру жұмыстары журеді.

Жаңа ақпарат

Оқулықта ұсынылған пайымдаулар екі сабақ бойы талданған ер бала мен қыз баланың өзіндік ерекшеліктерін жіті түсініп, өзара достық, жолдастық қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді:

Қыз балаларға - табиғатынан нәзіктік пен ұяңдық, ер балаларға батылдық пен ұстамдылық тән. Осыны түсіне білсе, олар күнделікті өмірде бір-біріне көмектесуге дайын тұрады.

Ер балалар мен қыз балалар арасындағы достық өзара түсіністік, келісім және сыйластықтан басталады.

Шығармашылық жұмыс

Сабақты қорытындылап, оқушылардың түсініктерін бекіту мақсатында шығармашылық жұмысты үйде орындап келуді тапсыруға болады. Тапсырманы тексеру барысында оқушылардың ішкі жан дүниесіне кері әсер етпеу жағын абайлау керек.

Жүректен жүрекке

Сабақ соңында оқушыларға ерлігімен, атағымен даңқы шыққан халқымыздың ұл-қыздарын мысалға келтіріп, айта отырып, сабақты «Қазақ қызы» әнімен аяқтауды ұсынылады.

ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ

Сөзі И. Сапарбаевтікі, әні Р. Таймановтікі

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары, жаны жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе - елдің көркі» деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

Намысын бермеу үшін жатқа қолдан,

Арулар аз болды ма атқа қонған.

Көңілде қалған сыз бар өткен күннен...

Өмірде қалған із бар «Ақтабаннан».

Жасырмай айтар болсам жан сырымды,

Тағдырым қарауылға қанша ілінді.

Ерліктің қос қанаты деп білем мен,

Аяулы Әлиям мен Мәншүгімді.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
: ?ыз?а- н?зіктік, ?л?а- батылды?

Автор: Хамитова Назигуль Алмабек?ызы

Дата: 27.01.2016

Номер свидетельства: 283780


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства