kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

« Көңіл – күйдің, сан қырлы сырлары» атты ұжым арасында ұйымдастырылған психологиялық тренинг

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ақжайық ауданы Тайпақ ауылы  Қ. Байсықов ОЖББмектебі,Жаумбаева Жангул Қайырғалиқызы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«« Көңіл – күйдің, сан қырлы сырлары» атты ұжым арасында ұйымдастырылған психологиялық тренинг»

Ағаш тамырымен мықты

Адам дос-жарымен мықты



Тақырыбы: « Көңіл – күйдің, сан қырлы сырлары» атты ұжым арасында ұйымдастырылған психологиялық тренинг.

Ақжайық ауданы Тайпақ ауылы

Қ. Байсықов ОЖББмектебі ІІ санатты психолог Жаумбаева Жангул Қайырғалиқызы



Мақсаты: Мұғалімдердің көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу,өздеріне құрметпен қарау, сыйластық қарым-қатынас орнату.



Жүру барысы:

Мұғалімдерге арналған тренингтер олардың бойындағы мынадай маңызды сапаларды: кәсіби іс-әрекеттердің эффективті индивидуалды стилін қалыптастыру; оқушылармен, олардың ата-аналарымен, мектеп басшылығымен, әріптестерімен сонымен қатар өз отбасы мүшелерімен ойдағыдай қарым-қатынас жасай алуын қалыптастырып, дамыту үшін де қажет. Мектептегі оқушылардың басым көпшілігі, тренинг барысында қарым-қатынас орнатып өз ойларын еркін айтып тиімді жолдардың шешуін қарастырады. Тренингке қатысушы мұғалімдер жаттығу барысында басқалардың іс-әрекетін бақылай отырып, өз мүмкіндіктерін бағалайды, эмоционалдық тұрғыда көңіл-күйлерінің орнығып, жұмысқа қабілеттері артады. Тренингке мұғалімдер ерекше қызығушылықпен қатысады.

Қажетті құрал-жабдықтар: шарлар, жүрекшелер, жапсырғыштар, суреттер,майшам, маркерлер т.б

Түрі: семинар тренинг

Тренинг бағдарламасы:

  1. Танысу мақсатындағы жаттығу

  2. Тренинг тақырыбы мен мақсатын баяндау

  3. Топтық жұмыс, ойындар

  4. Релаксация

  5. Қорытынд



Тренинг барысы:

Психолог сөзі: Құрметті әріптестер, қош келдіңіздер! бүгін сіздердің көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы қабілеттеріңізді бағалай білуге, сыйластық қарым-қатынас орнатуға шақырамын. Әрбір адам өмірге келген қонақ деп өлең жолдарында жырланған өмірімізді өте мағыналы мазмұнды өтуі маңызды. Қамшының сабындай қысқа өмірде бір-бірімізбен сыйластықта болғанға не жетсін? Ендеше бүгінгі тренингіміз « Көңіл-күйдің сан қырлы сырлары» деп аталады. Көңіл-күйді көтер білу үлкен өнер екенін кеңінен ұғынуға мүмкіндік береді. Көңіл күй адамның ішкі жан дүниесінің құбылысы, көңіл-күй адамның айнасы. Ендеше көңіл күйлеріңіз қалай? сауалына өз көңіл-күйлеріңізді белгілер арқылы білдірейік ( белгілермен көрсету ұсынылады бұлт, күн, жаңбыр суреттері)

  1. Танысу « Жіп» тренингі

Мақсаты: қатысушы мүшелердің бірін-бірі жақын тануына ықпал ету.

Талдау сіз өзіңізді қалай сезіндіңіз?

Жағымсыз күштерден арылдыңыз ба?

Жаттығуға дейінгі көңіл-күйіңіз

  1. « Аялы алақан»

Мақсаты: жылылық, сенімділікті дамыту ( яғни әріптесіне жылы сөз сыйлау)

  1. « Сызғыш» жаттығуы

Мақсаты: ұжым мүшелерінің бірін-бірі жақын тануына ұйымшылдық қасиеттерін дамыту.

  1. Есімдері бойынша әріптер бойымен орналасу.

  2. Туған күндері бойынша орналасу.

  3. Бойларының ұзындықтары бойынша орналасу.

  4. Балаларының саны бойынша орналасу.

  5. Санат көрсеткіші бойынша орналасу.

  1. « жеміс жидектер» тренингі

Нұсқау: қатысушыларға түрлі жеміс-жидектерді таңдау ұсынылады.

Мақсаты: жеміс жидектер бойынша қатысушылардың мінездерінің ерекшеліктері айтылады.

Алма- еңбекқор адамдар

Алмұрт- әңгімешіл

Апельсин- жұртпен тіл табысқыш

Қарбыз- тіл алғыш қасиеттерін дарытады екен ендеше зерттеу нәтижелеріне қарағанда адамның тағамды жеуі өз мінезінен хабар береді екен. Ендеше назар аударамыз.

Тәттіні жақсы көретіндер- арманшыл

Тұщыны жақсы көретіндер- сараң, дүние қоңыз

Ащыны ұнататындар- өзімшіл менмен болады деген пікір бар

Мақсаты: Жүйкелік – психикалық мазасызданудың алдын-алу.



«Менің көңіл-күйім» жаттығуы

Мақсаты: көңіл-күйдің әсерлері жайлы түсінік беру.

Қатысушылар өз көңіл-күйлерін смайликтерді таңдап көрсетуі ұсынылады.

«Табиғатсыз адамдардың  күні жоқ ,оны айтуға табиғаттың тілі жоқ»

Адам табиғатпен тығыз байланысты, табиғаттағы ең маңызды нәрсе ағаш   енді сол ағаштың несі болар едіңіз тамыры ма, әлде діңі ме, әлде жапырағы ма? Әркім өз қалауы бойынша тамыр, жапырақ, діңі болып бөлінеді.

Ал енді  тамырлар бір бөлек, жапырақтар бір бөлек діңдер бір бөлек   отыруымыз керек. Сіздер не үшін тамыр тобын таңдадыңыздар, сіздер не үшін жапырақ таңдадыңыздар, сіздер не үшін діңін таңдадыңыздар соны тобыңызбен келісе отырып бір келісімге келіп, топтан бір адам шығып қорғайсыздар. (әр топтың сөзі тыңдалып, қошеметпен шапалақ ұрылып отырады).

Сіздердің бұл таңдауларыңыз кездейсоқтық емес, психологиялық сәйкестік.



Тамыр- таңдағандар істің

нәтижесіне мән беретін адамдар

Діңгекті- таңдағандар берік,

мықты біреуге тірек бола алатын адамдар.

Жапырақ- таңдағандар сұлулықты, әсемдікті, ұқыптылықты қалайтын жандар. Ендеше отбасымыздағы киелі ошағымыздың оты сөнбесін деп келесі тренингімізді жалғастырайық.

«Мінезіңізді ішкен- жегеніңізден қаныңыздан білгіңіз келе ме»?

сауалнама өткізіп анықтама беру( ендеше өзіңіздің мінезіңізді байқап көріңіз)

Сондай ақ адам қанының қай топқа жататыны арқылы да оның мінезін анықтауға болады. Бірінші топ. қаны бұл топқа жататындар жігерлі , табанды, әзілге бейім,өмірдегі құбылыстарға көзін ашып қарайтын, шындықты ұнататын жандар.

Екінші топ. Сезімтал, сәл нәрседен көңілі қалғыш, сырттай қарағанда,ұстамды әрі байсалды болып көрінгенімен, жүйкесі жұқалау.Өзіне өзі талап қойғыш, өз іс-әрекетін мұқият бақылап отыратын жан екен.

Үшінші топ. Секемшіл, айнала-төңірегіне сезікпен, сенімсіздікпен қарайды,сары уайымға жиі салынады.Бірақ сабасына шапшаң түсіп,реніш өкпені, болған жайды көңіліне алмай, тез есінен шығарады екен.

Төртінші топ. Көздеген мақсатына жетуге ерік - жігерін аямайды.Басқа адамдарды өз мақсатына пайдалануға шебер.Махаббат мәселесінде шыдамсыз әрі табансыз.

6.« Көңілді күн» жаттығуы.

Психолог сөзі: Біздің жаттығуымыз аяқталуға жақын қалды.Міне сіздердің барлығыңызға қатысқандарыңыз үшін ризамын. Ал қазір мен майшамды жағамын.Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп жұмыс жасағанымыз үшін бір-бір жылы сөз айтып,майшамды беріп отырамыз.Қоштасуға майшамды алғанымыз, жарық деген жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілекпен бүгінгі « Көңіл – күйдің, сан қырлы сырлары» атты тренингімізді аяқтаймыз. Сыйлық сыйлау.Енді міне кездесуіміздің соңында мен сіздерге өз жүрегімнен шыққан жылы сөздерді сыйлаймын ( жанданған жүректі жылы сөздерді таратып беру).

Релаксация « Ғажайып бақ»

Мақсаты: Өмірдегі өз мақсатын айқындауға арналған.

Көзімізді жұмып, бар зейінімізді тыныс алуға аударамыз.

Денеміз толық босаңсиды. Асықпай 3 рет тыныс аламыз. Дем аламыз, дем шығарамыз...

Сіз өзіңіздің ішкі мүшелеріңізді сезініп, жүрек соғысын тыңдаңыз. Барлық мүшелерге ішкі қуаныш, күлкі толқынын жіберіңіз.

Сізге ешкім кедергі келтірмейді. Айнала тыныштық...

Өзіңізді жеңіл сезініңіз. Жеп- жеңіл мамық сияқтыңыз. Жоғары көтеріліңіз. Көйлегіңіз қандай әдемі! Алдыңыздан соққан самал жел сізді биікке үйіріп көтеріп әкетті.

Қандай тамаша!!! Еркіндік. Жүрегіңізді қуаныш билейді. Күнге қарай ұшып келесіз. Жерге қараңызшы, ол сізге қол бұлғайтын сияқты.

Алдыңызда шеті көрінбейтін баспалдаққа қараңыз! Бұл- сіздің арманыңыздың баспалдағы.

Баспалдақпен жоғары көтеріліңіз, көтеріле беріңіз, сіз шаршамайсыз, сізге өте жеңіл көңілді. Баспалдақ сізді басқа әлемге алып келеді. Бір кезде таңғажайып бақтың ортасында тұрғаныңызды көрдіңіз.

Алдыңызда алтын тақ тұр. Айналасына сәуле шашады. Бұл – сіздің өмірдегі өз орныңыз. Жеңіл көтеріліп барып, орныңызға жайғасыңыз. Енді сіз өз өміріңіздің қожайынысыз.

Айналаға қараңыз, қандай тамаша!

Алуан түрлі хош иісті гүлдер, сіз көрмеген әдемі ағаштар тербеліп, сізге сәт сапар тілейтін сияқты...

Құстардың сайрағаны естіледі. Жүрегіңіздің қуанышын жасырмаңыз. Қасыңыздан құйрықтары сан құбылған тауыстар өтіп бара жатыр. Олардың біреуі сізге қарай бұрылды. Тұмсығындағы асыл тастармен безендірілген жалт – жұлт еткен тәжді байқадыңыз. Ол – сіздікі!

Сіздің ойыңызды сезгендей құс жеңіл көтеріліп келіп, тәжді басыңызға кигізді де ұшып кетті. Басыңыздағы салмақты сезініңіз, сізге күш – қуат құйылып жатқан сияқты.

Енді алдыңызға мақсат қойыңыз. Мақсатыңыз орындалады, өйткені оны орындау сіздің қолыңыздан келеді және орындайсыз! Өйткені, сіз – өз тағдырыңыздың патшасысыз! Сізде үлкен күш- қуат бар! Менімен бірге іштей қайталаңыз: МЕн ең ақылды, ең әдемі, ең ерекше, ең күшті, ең бақытты адаммын! Менің қабілетім, барлық жағдайым күннен күнге жақсарып келеді. Маған бәрі көмектеседі. Мен бәрін білемін. Қайтадан жеңіл көтеріліп, баспалдаққа келіңіз, төмен қарай түсе бастаңыз.

10...1 санағанда көзімізді ашамыз.



Талдау. Өз әсерлері жайлы бөлісу



Әр күндеріңіз сәтті! көңіл-күйлеріңіз жақсы болсын. Келесіде кездескенше күн арайлы болсын!.

Қорытынды. Тренингке қатысушылардың әсерлерімен бөлісу.

Талдау: Көңіл күйдің адам денсаулығына әсері жайлы өз алған әсерлерімен бөлісу.
















































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Автор: Жаумбаева Жангул Қайырғалиқызы

Дата: 02.04.2017

Номер свидетельства: 405785


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
2220 руб.
2770 руб.
2110 руб.
2640 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства