kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«К?мелетке толма?андар арасында?ы ???ы?б?зушылы?ты? алдын алу

Нажмите, чтобы узнать подробности

«К?мелетке толма?андар арасында?ы ???ы?б?зушылы?ты? алдын алу: ж?мыс формалары мен ?дістері» ?дістемелік жоба та?ырыбы «К?мелетке толма?ан жас?спірімдер агрессиясы».

Ма?саты:

  •  О?ушыларды? агрессивті к?йін ?ауіпсіздендіру;
  • Баланы? бойында?ы агрессивті мінезді? ?ылыми т?жырымдамасымен танысу;
  • Ой б?лісу, проблемалы? с?ра?тарды орта?а салып тал?ылау;
  • Баланы? жа?ымды “Мен” бейнесін ?алыптастыру;
  • Психо - а?арту ж?мыстар ар?ылы баланы? сенімділігін арттыру;

Т?рі: тренинг саба?ы (2 са?ат). Топты? ж?мыс.

Класы: 7-8 ?аза? кластары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««К?мелетке толма?андар арасында?ы ???ы?б?зушылы?ты? алдын алу»

Хромтау ауданы, Дөң орта мектебі

Митонова Гульден Анарбековна

«Кәмелетке толмаған жасөспірімдер агрессиясы»

8(71336) 41-2-25, 8-701-6761939

[email protected]



«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу: жұмыс формалары мен әдістері» әдістемелік жоба тақырыбы «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер агрессиясы».

Мақсаты:

  • Оқушылардың агрессивті күйін қауіпсіздендіру;

  • Баланың бойындағы агрессивті мінездің ғылыми тұжырымдамасымен танысу;

  • Ой бөлісу, проблемалық сұрақтарды ортаға салып талқылау;

  • Баланың жағымды “Мен” бейнесін қалыптастыру;

  • Психо - ағарту жұмыстар арқылы баланың сенімділігін арттыру;

Түрі: тренинг сабағы (2 сағат). Топтық жұмыс.

Класы: 7-8 қазақ кластары

Барысы:

Психолог. Сәлеметсіздер ме оқушылар, бүгінгі біздің тренинг сабағымызда «агрессия» дегеніміз не, оның түрлері және жасөпірімдік шақта агрессивтік күйден қауіпсіздену жолдарымен танысатын боламыз. Қоғамдағы әлеуметтік-психологиялық өзгерістер, белсенді тұлғаны қалыптастыруға деген талаптардың жоғарлауы, іс-әрекет пен мінез-құлықтың нақты субъектісіне қатысты агрессия мәселесні маңызда әлеуметтік қажеттілік ретінде зерттеуді қажет етеді. Агрессивті мінез-құлық адам өмірінде көп орын алады, жас ерекшеліктеріне қарамастан барлық адам баласында көп кездесетін құбылыстардың бірі. Агрессия ұғымын көптеген зерттеушілер тұлғаның қасиеті және мінез-құлықтың ерекше формасы деп анықтайды және жас ұрпақ психологиясына айрықша әсер етіп қана қоймай күн сайын күшейе түскен мұндай қолайсыз факторлар жеткіншектердің қылмыстық жолға түсуіне де үлкен септігін тигізуде. Сол себепті біз бүгін сіздермен бірге өздеріңізге және қоршаған ортаға зиянкестік жасамай ғана агрессивті мінез - құлықты қалай игеруге болатыны туралы сөз қозғап, талдау жасап өтеміз.

Теориялық бөлімі:

  1. Танысу, сәлемдесу

  2. Дәріс

  3. Тест сұрақтары

Практикалық бөлімі:

  1. «Ал, сен...» психологиялық ойын

  2. Дыбыстық гимнастика

  3. Қиындылармен жұмыс (арт-терапия)

  4. Психологиялық ереже

Теориялық бөлімі:

Ең алдымен топпен сәлемдесіп алып, «мозайка» құрастыру арқылы оқушылар 3 топқа бөлінеді. «Жасөспірім және агрессия» тақырыбында шағын дәріс оқылады.

Агрессия әрине, кенеттен пайда болмайды. Ол жеке адамдар арасындағы әртүрлі қарым - қатынастар, қорқытып - үркітуден пайда болады. Адамның түскен ортасының ерекшелігі агрессиялық әрекеттің жоғары немесе төмен болуына әсерін тигізеді. Қоғамдағы әлеуметтік-психологиялық өзгерістер, белсенді тұлғаны қалыптастыруға деген талаптардың жоғарлауы, іс-әрекет пен мінез-құлықтың нақты субъектісіне қатысты агрессия мәселесін маңызды әлеуметтік қажеттілік ретінде зерттеуді қажет етеді. Агрессивті мінез-құлық адам өмірінде көп орын алады, жас ерекшеліктеріне қарамастан барлық адам баласында көп кездесетін құбылыстардың бірі. Агрессия ұғымын көптеген зерттеушілер тұлғаның қасиеті және мінез-құлықтың ерекше формасы деп анықтайды. Мінез-құлықтың агрессивті әртүрлі формалары жарамды болсын, мейлі әлеуметтік жарамсыз болсын индивидтермен өзара әрекетте қалыптасады. Көптеген балалардың проблемді жағдайға тап келуінің басты себебі коммуникация мен қарым-қатынастағы базалық әлеуметтік ептіліктердің жеткіліксіздігімен байланысты. Өзінің әлеуметтік үйрену теориясында А.Бандура агрессивті мінез-құлықты талдаудың үш кезеңін бөліп көрсетті:

1)      әрекеттерді меңгеру  тәсілдері;

2)      олардың көрінуіне себеп болатын факторлар;

3)      солар бекітілетін жағдайлар.

Сонымен қатар мұндағы тағы бір маңызды жағдай кері байланысты алу мүмкіндігі, қоршағандардың ойын интерпретациялау. Ситуациялық факторлар үлкен рөл атқарған сайын әлеуметтік сипаттағы агрессивті мінез-құлыққа үйрену процесі де соғұрлұм үлкен мәнге ие болады. Сол тұрғыда біз бүгін агрессиядан арылу жолдарын практикада жүзеге асырамыз.


Тест «Бала агрессиясының деңгейі». Авторы: Г.П Лаврентьева., Т.М Титаренко

  1. Кейде ол тым қатаң және ашушаң

  2.  Ол бір нәрсеге ренжіген кезде, қатты қарсыласады

  3. Кімде-кім оған қастық жасаған болса, ол міндетті түрде кек алуға тырысады

  4. Кейде еш себепсіз тез ашу шақырады

  5. Себепсіз ойыншықтарды, заттарды сындырып қанағаттанады

  6. Табандылық танытқан кезде өзгелердің шыдамдылығын тауысады

  7. Жануарларды мазақтауды ұнатады

  8. Сөзбен дауласқанды ұнатады

  9. Өзіне айтылған әзілге тым ренжігіш

  10. Кенеттен өзгелерді таңырқатып жағымсыз іс-әрекет жасауы мүмкін

  11. Қарапайым тапсырмаларды керісінше жасауға ұмтылады

  12. Сөз мәнері жас ерекшелігіне сәйкес емес

  13. Өзін мәселені өздігінен шеше білетін ретінде біледі

  14. Топта лидер, басқарушы болғанды ұнатады

  15. Кейбір сәтсіздіктер оны қынжылтады, сол тұрғыда өзге кінәліні іздейді

  16. Оңай сөзге келіп, төбелеседі

  17. Өзінен кіші адамдармен араласқанды ұнатады

  18. Жиі ашуланып, өзін жағымсыз сезінеді

  19. Құрдастарымен санаспайды, бөліспейді

  20. Өзіне берілген тапсырманы өзгелерден кұштірек орныдағанына сенімді

 

1 – 5 балл – агрессия деңгейі төмен. Агрессия деңгейі тым төмен болуы дұрыс емес, мұндай жағдайда бала өз ойын айта алмауы мүмкін, сенімділігі де төмен.



6 – 10 балл – орташа деңгей. Баланың агрессия деңгейі орташа болуы керек, ол біркелкі көосеткіш.



11 – 15 балл – жоғары деңгей. Бұл балалармен өзгемен жағымды қарым-қатынас орнату мақсатында жұмыстану қажет. Бойындағы эмоционалдық қобалжу білінеді.



Практикалық бөлімі:

1.«Ал, сен...» психологиялық ойын. Мақсаты: вербалды агрессиядан арылу. Құрал: доп. Балаларға допты ұсына отырып, бір – бірімізге реніш тудырмайтын сөздер айтып өтейік. Мысалы, көкөніс, жеміс-жидек атауымен. Мазақтау сөздерін алдын ала келісіп алыну қажет. Әр сөзімізді міндетті түрде «ал, сен.... қызанақсың» сияқты бастап отыруымыз керек. Бұл ойын тек қана агрессивті балаларға емес, көңілшек балаларға да пайдасын тигізеді.



2.Дыбыстық гимнастика.

Нұсқау: Психологтың нұсқауы бойынша берілген

әріптерді хормен қайталау. Психолог айтылған әріптердің адам ағзасы

үшін маңыздылығын түсіндіреді.


А – дыбысы, барлық ағзаның жұмысын жақсартады

Е – дыбысы, қалқанша безінің жұмысын күшейтеді

И –ми, көз, құлақ, мұрынның жұмысын жақсартады

О –жүрек және өкпенің жұмысын біреді

Х- барлық ағзамыздың тазаруына көмектеседі

Ха – ха – көңіл күйді көтереді.



3. Арт-терапия элементтерімен жүргізіледі. Балаларға алдын ала журналдардың қиындылары даындалған болатын. Сол қиындыларды пайдалана отырып, әр топ өздерінің көңіл-күйінің, мінезінің бейнесін коллаж ретінде құрастырып, ортада қорғап шығулары қажет.

4. Психолог. Құрметті балалар, мен сіздерге бүгінгі тренинг сабағымызды қорытындылау үшін «Психологқа хат» кері байланысымен аяқтауды ұсынамын. Сіздерге парақшалар таратылады, өзіңіздің бүгінгі тренинг бойынша ойыңызды, тілегіңізді жазыңызды сұраймын. Және де сөз соңындабойымызға сенімділікті, жігерлікті дамыту мақсатында психологиялық ережені барлығымыз бірге айтайық.


Жігер деген - МЕН
Күш деген - МЕН
Махаббат деген - МЕН
Кешірім деген - МЕН
Жастық деген - МЕН
Денсаулық деген - МЕН
Жарқындық деген - МЕН
Бар ғажайып деген - МЕН
Бәрі маған байланысты
Бәрі менің қолымда...








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
«К?мелетке толма?андар арасында?ы ???ы?б?зушылы?ты? алдын алу

Автор: Митонова Гульден Анарбековна

Дата: 25.11.2015

Номер свидетельства: 257969


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства