kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Кеңес берудің процедурасы мен техникасы»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Конспект занятия по предмету "Школьная психология" разработана мною  и проведена среди студентов педагогического колледжа. Конспект полезен не только для студентов, но и для молодых специалистов.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Кеңес берудің процедурасы мен техникасы»»

Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің

оқу-әдістемелік кабинеті

МКҚК «Маңғыстау гуманитарлық колледжі»




«Келісемін»

МО ТжКББ ОӘК директоры м.а.

_______________ К.К.Джантекеева

«____»___________2017ж.

«Бекітемін»

Колледж директоры

_______________М.Н.Утебаев

«____»___________2017ж.







Облыстық семинар-практикум


Ашық сабақ тақырыбы: «Кеңес берудің процедурасы мен

техникасы»













Дайындаған: Мусрепова Х.К.


















Ақтау -2017г.


Пәні: «Мектеп психологиясы»

Мамандығы: 0105000 - «Бастауыш білім беру»

Курс, тобы: 3,ӨБ -31

Оқытушы: Мусрепова Х.К.

Сабақтың тақырыбы: «Кеңес берудің процедурасы мен техникасы»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: студенттерге кеңес берудің процедурасы мен техникасын меңгерту, алған теориялық білімін практикада қолдануға үйрету.

Дамытушылық: студенттердің пәнге және психолог мамандығына деген қызығушылығын, ойлау қабілеттерін және танымдық белсенділігін, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: студенттерге психологиялық жұмыстарды ұйымдастыру кезеңінде бірін-біріне көмектесуге, сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ.

Сабақтың типі: Білімді,білік және дағдыны бекіту сабағы.

Сабақтың технологиясы: Өзіндік дамыту технологиясы, сыни тұрғыдан ойлау технологиясы, проблемалық оқыту технологиясы.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: Жұптық және топтық жұмыс, «Комплимент», «Серпілген сауал», ой қозғау әдісі.

Пәнаралық байланыс: Педагогика,әлеуметтік психология, өзі - өзі тану.

Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, cлайд, үлестірме қағаздар, жемістер,маркер,доп, фишкалар.

Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру (3 мин) «Комплимент»

Мақсаты: Топ арасында жағымды психологиялық ахуал туғызу

Студенттер шаттық шеңберін жасап, бір-біріне жағымды комплимент айтады.

Комплимент айту арқылы бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.


А)«Жемістер әлемі» әдісі бойынша топқа бөлу.

Ортаға әр түрлі жемістер салынған ваза қойылады ( апельсин, банан, алмұрт, алма). Әр студент өіне ұнаған жемісті таңдау арқылы топтарға бөлінеді.(4 топқа бөлінеді)


II. «Серпілген сауал» (10 мин)

Мақсаты: өткен тақырып бойынша студенттердің білімдерін бақылау, толықтыру, пысықтау.

Шарты: оқытушы студенттерге допты лақтырып тұрып сұрақ қояды,  ал студенттер допты қағып алып, шапшаң жауап береді, дұрыс жауаптар фишкалармен бағаланады.

1.Психологиялық кеңес беру дегеніміз не? Кеңес беру кімдерге жүргізіледі?

2.Психологиялық кеңес берудің мақсаты не?

3.Психологиялық кеңес берудің кезеңдерін ата?

4. Кенес беруші мен клиент арасындағы қатынас қалай құрылады және кеңес берушіге ықпал ету құралдары?

5. Психологиялық кеңес берудің процедурасы мен техникасын ата?

6. Психологиялық кеңес берудегі клиенттің әңгімесін қорытындылау кезінде қолданылатын    техникалар? 


III. «Ең үздік педагогикалық идея» 15 минут

Мақсаты: өткен тақырып бойынша студенттердің білімдерін бақылау, толықтыру, пысықтау.



Шарты: педагогикалық жағдаяттарды студенттерге талдату мақсатында әр топқа үлестірмелі қағаздарда жазылған педагогикалық – ситуациялық сұрақтар таратады. Студенттер топ болып ақылдасып, ситуациядан шығу жолдарын қарастырады, рөлдік ойындар арқылы көрсетеді.

1.«Сіздің топтағы студентіңіз отбасылық жағдайына байланысты ата-анасымен қарым-қатынасы өте төмен. Бәлкім сол себептен сіздің студентіңіз үнемі үйіне бармай колледж де жүреді немесе көшеде қаңғыбастыққа салынады. Араласып жүретін ортасындағы достары да өзі сияқты. Сонымен қатар отбасы да баласына дұрыс көңіл бөлмейді». Осы мәселе бойынша топ жетекшісі сізден көмек сұрайды. Психолог ретінде сіз қандай кеңес берер едіңіз?

2. «1 курс оқитын студент, жасы 15 - те. Топ жетекшісінің айтуы бойынша, сыртқы дене бітімінің саулығы мен сұлулығына қарамастан, өзін ортадан алшақ ұстайды және өзін-өзі бағалауы өте төмен, тұйық, өзін мазалап жүрген мәселелері туралы ата – анасына ешқашан ештеңе айтпайды. Маман ретінде қандай көмек пен кеңес бересіз?»


3. «Сіздің алдыңызға бір жасөспірімдік шақтағы қыз бала келіп отыр. Жасы 16 - да.

Қыз: «Мен бір жігітпен сөйлесемін, жақсы көремін. Оның жасы 23 - те. Ол жігіт мені күтпейтіні туралы ескертті, ал мен онсыз өмір сүре алмаймын. Ол маған тұрмысқа шығуымды ұсынды, бірақ менің ата-анам ол жігітке тұрмысқа шығуыма қарсы». Маған қандай кеңес бере аласыз? Қандай жұмыс жүргізер едіңіз?


4. Мектептегі оқиға: «Сізге кеңес алуға 14 жастағы ер баланың ата - анасы келіп отыр. Ата-ананың айтуы бойынша, бұрын баласы сабақты жақсы оқығанын және мектептегі қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқандығын, мектепшілік және облыстық пәнаралық олимпиядалардан жоғары орындарды иеленгенін айтты. Ал қазіргі таңда баласы тұйықталып, уақытының көп бөлігін компьютермен және телефонмен өткізетінін жасырмады. Сабағына мүлдем көңіл бөлмейтінін және түнімен ұйықтамай отыратының себебін анықтағанда баласы қазіргі таңда ғаламтордағы «Синий кит» деген ойынға әуестігі анықталды. Ата – анасы бұл жағдайды ешкімге айта алмағандықтан, сізден мектеп психологы ретінде көмек сұрап отыр. Сіздің іс - әрекетіңіз?

IV. Бейнетаспа: «Өмір сынағы» фильмі. (10 минут).

Фильмді талдау: «Ой қозғау» әдісі. Студенттер бұл фильм жайлы өз ойларын жеткізеді.

  1. Достықты қалай бағалар едіңіз?

  2. Осы жағдаяттардың қайсысы дұрыс деп ойлайсыз?

  3. Психолог ретінде сіздің ұсынысыңыз?


V. Бағалау (3 мин)

Рефлексия.«Бағдаршам»

Әр бір топта бағдаршам түстеріне сәйкес карточкалар таратылған. Мұғалім олардың сабақты қаншалықты меңгергендеріне байланысты, топтардың арасында бір-бірін бағалау карточкаларын көтеруін сұрайды.

• Қызыл карточка– жоғары деңгей. Несімен қызықтырды?

• Жасыл карточка– орташа деңгей. Сіздерде қандай сұрақтар бар?

• Сары карточка – төмен деңгей. Сіздерге не түсініксіз?

VI. Үй тапсырмасы (3 мин)

Практикалық тұрғыдан отбасыңызға, достарыңызға, ұсыныс білдірген адамдарға психологиялық кеңесті өткізіп, жазып келіңіз.




Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Сұлтанова Ғ.Т. «Мектеп психологының жұмыс кітабы» әдістемелік көмекші құрал.

  2. Кипнис М. Тренинг коммуникации.-2-е изд.-М.,2006.

  3. «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ. «Рефлексия-мұғалімнің оқыту және оқу тәжірибесін жетілдіру құралы». Астана 2016.

  4. Т.Р.Нұрмұхамбетова «Тәжірибелік психология» II – бөлім.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
«Кеңес берудің процедурасы мен техникасы»

Автор: Мусрепова Хадича Культасовна

Дата: 21.02.2018

Номер свидетельства: 458846


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства