kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?уаныш-жан шуа?ы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:О?ушылар?а «?уаныш», «?уаныш сыйлау» ??ымдары туралы т?сінік бере отырып, ?иянат жасамау ??ндылы?ыны? м?нін ашу

Саба?ты? міндеттері:

  • ?уаныш сезіміні? адам ?міріндегі м?ні туралы т?сініктерін ке?ейту;
  • ?зара жа?ымды ?арым-?атынас жасау, ?ам?орлы?, бірлік?асиеттеріндамыту;
  • ?згелерге ?ам?орлы? жасау?а,?уаныш сыйлау?а т?рбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?уаныш-жан шуа?ы»


«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары


Мерзім

Мұғалім:

Сынып: 4 Оқушылар саны: Тақырып: Қуаныш-жан шуағы

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: қамқорлық, бірлік


Сабақтың мақсаты:Оқушыларға «қуаныш», «қуаныш сыйлау» ұғымдары туралы түсінік бере отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу

Сабақтың міндеттері:

  • Қуаныш сезімінің адам өміріндегі мәні туралы түсініктерін кеңейту;

  • Өзара жағымды қарым-қатынас жасау, қамқорлық, бірлікқасиеттеріндамыту;

  • Өзгелерге қамқорлық жасауға,қуаныш сыйлауға тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасып, оқулық, дәптер, қаламдарын толық алғандарына көз жеткізу. Оқушыларды сабақ тақырыбымен таныстырып, сабақтың мақсатын айту.

Жағымды көңіл-күйге ену мақсатында

«Нұрға бөлену» сәті.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гул түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түседі. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады.

Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басының түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей ренжіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: Барлық адамдарға, жан - жануарларға өсімдіктерге барлық тірі жанға таралсын.... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымен... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын”.
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.

Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Ресурстар


СД диск, магнитофон, интерактивті тақта






Әдістемелік нұсақаулық

  • Үй тапсырмасын тексеру.

Ж. Дәуренбеков «Сурет» әңгімесі.

-1-2 оқушыдан мазмұнын сұрау

-Саматқа Азамат неліктен ренжіді?

-Азаматтың ашуының басылуына не себеп болды?

-Мұғалім Азаматтың салған суретін қалай мақтады?

«Өзін-өзі тану» оқулығы

4 сынып

54-55 беттер

  • Дәйексөз

Қуаныш –өмір шаттығы

  • Қуаныш дегеніміз не?

  • Ата-анамыз бен мұғалімдерімізге қалай қуаныш сыйлауға болады?

  • Дәйексөзді дәптерге жаздыру


Халық нақылы

Мұғалімге арналған әдістемелік құрал

4 сынып

53 бет


Мұғалім дәйексөзді оқиды, сұрақ қою арқылы оқушылармен талдайды.

  • Оқиға айту. (Мұғалімнің сыйлығы)

«Балалардың көз қуанышы»
Көктемнің жайма-шуақ жылы күнінде айнала түгел қуанышқа бөленген еді. Бақтар гүлдеп,құстар сайрады. Көгілдір көк күмбезінде тыраулап тырналар ұшып барады. Алыстан сылдырлап аққан бұлақтың үні естіледі.

Ал биік қайыңның түбінде кішкентай балақай жылап тұрды. Ол сол мезетте бақтардың қалай гүлдегенін көрмеді. Ол құстардың қалай сайрағанын естімеді. Көгілдір аспан оған қара болып, ал тырналардың сынадай тізілген қатары оның көзінен тамған жас секілді елестеді.

Қасынан өтіп бара жатқан жандар кішкентай баланың өзін де, оның жылап тұрғанын да байқамады. Тек бір қарт ана баланы байқап, оның қасына келіп, басынан сипады. Қарт балаға көптеген айтып, әлденелерді жеткізген болды.

Олар осылай бір сағатқа жуық әңгімелесті. Әңгіменің ақырында бала күлкм қақта. Ол енді айналасында бақтардың гүлдеп тұрғанын көрді. Ол құстардың қалай сайрағанын естіді. Көз алдына көгілдір аспандағы тырналардың қанатын әсем қақаны келді. «Міне, қазір көктем екен», -деп ойлады бала.

Біреудің көзіндегі жасты тыйып, жүзінде күлкі ойнату қандай қуаныш!

  • Кішкентай бала табиғаттың сұлулығын неліктен байқамады?

  • Сендердің ойларыңша қарт ана балаға не айтты?

  • Айналасындағы әсемдікке көңіл аударуына не әсер етті?


В. А. Сухомлинский

Атақты Советтік жаңашыл педагог, жазушы.






Мұғалімге арналған әдістемелік құрал

4 сынып

52 бет

  • Шығармашылық жұмыс

Топ бойынша «Қуаныш сыйлау» тақырыбында постер салу және қорғау


Қағаз

Түрлі-түсті қарындаштар

Маркерлер

Стикерлер

  • Топпен ән айту

«Балдәурен»
1.Балдәурен көктем, асығып жеткен шағала күндер
Базарлы маусым, шырқалған даусым, тамсанып әсем
Балауса балғын, көк майса шалғын, барады күндер
Тербеліп биге, жайқалып билеп, ән салып әсем.
Қайырмасы:
Балдаурен, бақытты ән дәурен,
Келеді қанатын самғаумен.
Көңілідің ұшырып аққуын,
Балауса, балбұлақ балдәурен.


2.Жаныңа жылы, жүрекке ыстық, көңілге сұлу.
Ұялы көзің, балдәурен кезің бақыт, ау бақыт
Даламдай дархан, тауымдай биік, өмірге сұлу.
Тоя ма көзің, айтшы сен өзің уақыт-ау уақыт.


Интерактивті тақта

  • Үй тапсырмасы

Е. Ашықбаевтың «Қуаныш» өлеңін жаттау, талдау

«Өзін-өзі тану» оқулығы

4 сынып

59-60 беттер

  • Сабақтың қорытынды сәті

Балалар, барлығымыз тынышталып, бүгінгі сабағымызды көз алдымызға бір сәт елестетіп өтейік.

Бүгінгі сабағымыздан қандай әсер алдыңдар?

Интерактивті тақта

Баяу музыка ойнап тұрады.














































«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары


Мектеп: «Социалистік Еңбек Ері Қ.Әбсәметов атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп» КММ


Мерзім: Мұғалім: Н.Ж. Ормабекова

Сынып: 4 «А» Оқушылар саны: 21 Тақырып: Кешірім мен келісім

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: қамқорлық, бірлік

Сабақтың мақсаты:Өзгелерді сыйлап,кешірім мен келісімнің мәнін ашу арқылы қиянат жасамау құндылығын қалыптастыру

Сабақтың міндеттері:

  • Келісім,кешірім, жарастық туралы түсінік беру;

  • Өзгелерге қамқорлық, бірлік қасиеттерін дамыту;

  • Қамқорлық, бірлік қасиеттері арқылы өзгелерді кешіре білуге және келісімге келуге тәрбиелеу;

Сабақтың барысы:


Ресурстар

Ескертулер

  • Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасып, оқулық, дәптер, қаламдарын толық алғандарына көз жеткізу. Оқушыларды сабақ тақырыбымен таныстырып, сабақтың мақсатын айту.

Жағымды көңіл-күйге ену мақсатында

«Нұрға бөлену» сәті.

  • Оқушылардың «Нұрға бөлену» сәтінен алған әсерлерін сұрау.


СД диск, магнитофон, интерактивті тақта



  • Үй тапсырмасын тексеру.

«Мақтаншақ жолбарыс» ертегісімен жұмыс.

  • 2 оқушыдан мазмұнын сұрау

  • Жолбарыс пен бұлбұлдың әрекеттері туралы не айтар едіңдер?

  • Жолбарыс бұлбұлдан не үшін кешірім сұрады?

  • Сендерде де осындай жағдайлар болды ма?


  • Дәйексөз

«Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық».

  • Мұғалім оқиды

  • Екі-үш оқушы оқиды

  • Сынып хормен оқиды

Талдауға арналған сұрақтар:

  • Мақалмен келісесіңдер ме?

  • «Сатпайық» сөзі қандай мағынада қолданылып тұр ?

  • Ашулы адамның ісі қандай болады?

  • Дәптерлеріне жаздыру


М. Әуезов қазақтың ұлы жазушысы. Атақты «Абай жолы» романының авторы. ШҚО тумасы.


  • Мұғалімнің сыйлығы

«Дау-дамай» (Конфликт) мультфильмін көрсету.

  • Мультфильмнен қандай ой түюге болады?

  • Екі жақ неге келіспей қалды?

  • Дауды қай жақ бірінші бастады?

  • Мультфильмнің соңы жақсы болды ма?Неліктен?

  • Келісімге келу үшін не істеуге болар еді?



  • Шығармашылық жұмыс

Жағдаяттарды шешу

  • Қали түнімен сақаларға қорғасын құйды. Ертесіне ол ойын үстінде Досанның асықтарын ұтып алды. Досан Қалиға ренжіп, кетіп қалды.

Сұрақ:

Сендер Қалидың орнында болсаңдар не істер едіңдер?

  • Жанар мектептен бүгін көңілсіз оралды. Ол құрбысы Мадинамен тұңғыш рет ренжісіп қалды. Үзіліс кезі болатын. Ең жақын досы Мадина Жанардан айнасын сұрады. Досының көңілін қимай Жанар айнасын берген еді. Мадина айнаға қарады да шыр айналып билей бастады. Жанар:

  • Абайла, айна сынып қалмасын. Оны анам сыйлап еді. Ол мен үшін ең қымбат сыйлық,- деді. Сөйткенше болған жоқ, айна жерге түсіп кетіп, сынды да қалды. Жанардың көзі жасаурап кетті.

  • Ой, не болды сонша, айна деген арзан емес пе? – деді Мадина. Жанар не дерін білмей тұрып қалды.

Сұрақтар:

  • Әңгіменің қалай аяқталғанын қалар едіңдер?

  • Мадина мен Жанардың достығы қалай аяқталуы мүмкін?

  • Сендер мұндай жағдайда не істер едіңдер?

  • Тапсырма:

  • Сыныптастарыңмен келісімге келіп, кешіре білген кездеріңді естеріңе түсіріп айтыңдар.


Сыныпты үш топқа бөліп, әр топқа бір жағдаят беру








  • Топпен ән айту

Сөзі: Е. Елубаев

Әні: И. Нүсіпбаев

«Достық»
Ортақ мекен – жер шары, Ортақ бізге бір Отан,

Төбемізде бір аспан. Ортақ жердің байлығы.

Барлық ұлттың баласы Еңбек ортақ, жер ортақ

Достығымыз жарасқан. Ортақ бізге барлығы.


Туыспыз біз бәріміз

Бір Отанды сүйеміз

Бақытты елде туған соң,

Бақытты өмір сүреміз.


  • Үй тапсырмасы

«Көп біріксе - береке» М. Төрежановтың мәтінін оқып, мазмұнын айту.


  • Сабақтың қорытынды сәті

Балалар, барлығымыз тынышталып, бүгінгі сабағымызды көз алдымызға бір сәт елестетіп өтейік.

Бүгінгі сабағымыз сендерге ұнады деп ойлаймын, келесі сабақта кездескенше, сау болыңдар!











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
?уаныш-жан шуа?ы

Автор: Орманбекова Нурзат Жекеновна

Дата: 11.01.2016

Номер свидетельства: 274997


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства