Просмотр содержимого документа
«Инклюзивті білім беру жағдайында,интелектінде бұзылыстары бар балаларды оқыту ерекшеліктері»
««Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ
Инклюзивті білім беру жағдайында интелектінде бұзылыстары бар балаларды оқыту ерекшеліктері
Орындағандар: Ережеп Л.
Ақтау 2017ж
Инклюзивті білім беру жағдайында интелектінде бұзылыстары бар балаларды оқыту ерекшеліктері
Жоспар
І. Кіріспе бөлім:Инклюзив дегеніміз не?ІІ. Негізгі бөлім:Инклюзивті білім берудің мақсатыМіндетіИнклюзивті білім беруді ұйымдастыруІІІ. Қорытынды бөлім:Инклюзивтік білім беруді шешу жолдары
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер
ІІ. Негізгі бөлім:Инклюзивті білім берудің мақсатыМіндетіИнклюзивті білім беруді ұйымдастыру
І. Кіріспе бөлім:Инклюзив дегеніміз не?
ІІІ. Қорытынды бөлім:Инклюзивтік білім берудің шешу жолдары
Сухомлинский:
Мен сенімдімін, балаларды тәрбиелеу және оқыту тұрақты мектеп болуы тиіс: олардың құтқару үшін ең маңызды шарттардың бірі қарапайым орта.
Инклюзив- (лат.includio кірістіремін, қосамын) - мысалы, сенімен біз, біз сенімен.
Инклюзивті білім берудің мақсаты:
Мүмкіндігі шектеулі балаларды психологтық-дәрігерлік-педагогикалық қолдауды іске асыру және инклюзивті білім беруді орындау арқылы тең құқылы тұлға болуға мүмкіндік жасау.
Міндеті:
әлеуметтік бейімделу, тәрбиелеу, білім беру үрдісіне барлық қатысушылармен ерекше сұранысқа ие балалардың жағымды, өзара қарым- қатынасын қалыптастыру;
олардың сұраныстары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, жан-жақты дамуына жағдай туғызу керек және әлеуметтік тұрғыда дұрыс мінез- құлық қалыптастыру;
мүмкіндігі шектеулі балаларға бөбекжайда қажетті құралдармен қамтамасыз ету;
балалардың денсаулықтарына, жүйке жүйесінің дамуына жүйелік бақылау ұйымдастыру;
баланың даму деңгейіне таңдап алынған бағдарламаның жеткен жетістіктеріне үнемі бақылау жүргізіп отыру;
көңіл – күйі және тұлғалық дамуының кемшіліктеріне, жоғары деңгейдегі түзетулер жасау.
Күтілетін нәтиже
даму мүмкіндігі шектеулі балаларға көмектеседі;балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады;балаларды жеке жұмыс істеуге үйретеді;балалардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады;
Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру 4 кезеңде жүргізіледі:
Жоба өзектілігі
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте тексеру және түзету- педагогикалық қолдау көрсету мекемелерінің көптеп ашылуы;
Балаға міндетті психологтық- педагогикалық жетелеу жүргізіп, жалпы білім беру үрдісімен кіріктіру;
Әр бала үшін кіріктірудің мүмкін және қажетті түрін анықтау.
Даму мүмкіндігі шектеулі жандарды ерте анықтап, кешенді көмек көрсету, балаларды мектепке даярлау.
Ерекше сұранысқа ие балаларды қанағаттандыру мақсатында жалпы типте білім беру мекемелерін техникалық құрал- жабдықтармен толықтыру.
Инклюзивті білім беруді дамыту үрдісінде қоғамдық мекемелерде ата- аналарды қатыстыру.
Педагог қызметкерлер дамуындағы кемшілігі бар баланы өзімен қатарлас дені сау балалармен бірдей спорттық сайыстарға, түрлі байқауларға қатыстыру арқылы өмірге құштарлығын, танымдық қабілеттерін дамытады. Осы мақсатты орындауда әлеуметтік тәрбие мәселелерін көре білу, сезіну және шешу жолдарын қарастыру, мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтендіруге қолайлы шарт жасау, кедергілерді мүмкіндігінше жоя білу, орнын толтыру.
Даму мүмкіндігі шектеулі балалар бөбекжайдың өміріне белсене қатысады: іс-шаралар мен ойын-сауықтарға өзге балалармен бірігіп қатысуы,ертегілер мен концерттерді ұжыммен көруі олар үшін шынайы мереке. Осындай шараларға қатыстыру арқылы балалар ұжымда өмір сүріп, құрбыларымен қарым-қатынасқа түсуге үйренеді. Егер бала осы сатыдан өтсе, мектепте оған едәуір оңайырақ болады. Ең бастысы, бұл балалар болашақта жалғызсырамай, өздерімен жасты балалармен бірге тәлім-тәрбие алуды жалғастырады.
Қорытынды бөлім
1
Мүмкіндігі шектеулі балалар инклюзивтік білім алуда логопед, дефектолог, дене шынықтыру нұсқаушысы, психологтан жылдық жоспарларына сәйкес күннің ІІ жартысында өзімен жасты балалармен қатынасады (сурет салу, жапсыру т.б.). және мамандардан оқу-тәрбие және танымдық-педагогикалық көмек алады.
2
3
Даму мүмкіндігі шектеулі балалар жалпы топта тәрбиешілердің ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатынасып «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары бойынша білім алады.
Пайдаланылған әдебиеттер
Искакова А.Т., Мовкебаева З.А., Айтбаева А.Б., Байтурсынова А.А. Основы инклюзивного образования: учебное пособие. - Алматы: L-Pride, 2013. – 280 с.
Мовкебаева З.А., Денисова И.А., Оралканова И.А., Жакупова Д.С. Методические рекомендации по подготовке педагогов к внедрению инклюзивного образования: методическое пособие, Алматы, 2013. – 165 с.
Искакова А.Т., Мовкебаева З.А., Айтбаева А.Б., Байтурсынова А.А. Основы инклюзивного образования: учебное пособие. - Алматы: L-Pride, 2013. – 280 с.
Сүлейменова Р.А. «Проблемы и основные тенденции развития специального оброзования в Республике Казахстан»
А.Қ. Жұмабаева «Инклюзивті білім беру бойынша мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтер үшін әдістемелік нұсқаулық» Маңғыстау облысы 2017ж.