kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дыбыстарды айту,дикцияны жетілдіру жатты?уы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?зете - дамыта о?ыту сыныбында ойын элементтері ар?ылы о?ушыларды? танымды? белсенділіктерін арттыру жолдары.
«Ойын баланы? алдынан ?мір есігін ашып, оны? шы?армашылы? ?абілетін дамытады
ойынсыз а?ыл - ойды? ?алыптасуы м?мкін емес». (В. А. Сухомлинский)
Б?гiнгi та?да жалпы бiлiм беретiн орта мектеп жа?а ?о?ам мектебi, болаша? мектебi, я?ни саналы халы?ты? м?дениетке ба?ыттал?ан, баланы? жеке басыны? дамуына, жеке т?л?а болып ?алыптасуына жа?дай жасайтын, б?секеге ?абiлеттi, елдi? ерте?i болатын жас ?рпа?ты ?сiрiп, дамытатын мектеп болуы тиiс.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дыбыстарды айту,дикцияны жетілдіру жатты?уы »

Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданы

56 қазақ орта мектебінің

психологы Абдрахман.А.О.



Түзете - дамыта оқыту сыныбында ойын элементтері арқылы оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру жолдары.
«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады
ойынсыз ақыл - ойдың қалыптасуы мүмкін емес». (В. А. Сухомлинский)
Бүгiнгi таңда жалпы бiлiм беретiн орта мектеп жаңа қоғам мектебi, болашақ мектебi, яғни саналы халықтық мәдениетке бағытталған, баланың жеке басының дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына жағдай жасайтын, бәсекеге қабiлеттi, елдiң ертеңi болатын жас ұрпақты өсiрiп, дамытатын мектеп болуы тиiс.
Қазақстан Республикасының Бiлiм туралы заңында: «Бiлiм беру жүйесiнiң басты мiндеттерiне: бiлiм бағдарламаларын меңгеру үшiн жағдайлар жасау және жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершiлiк пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, жеке басының дамуы үшiн жағдай жасау арқылы парасатты байыту» деп атап көрсеткен.
Осыған байланысты қоғам алдына оқушының жеке басын үйлесiмдi дамытуға бағыттайтын мiндеттер қойылып отыр. Отанымыздың әрбiр болашақ азаматын жан жақты тәрбиелеп, бiлiм беру арқылы дамыту ең жауапты iс.
Сабақтың тақырыбы: Дыбыстарды айту,дикцияны жетілдіру жаттығуы

Сабақтың мақсаты: Дыбыстық гимнастикамен таныстыру,рух пен дененің тынығуы.

Жаттығулар жасату арқылы баланың көңіл-күйін көтеру.

Сабақтың барысы:

Сергіту жаттығуы.

Баланың ойын жинақтау мақсатында:

Мынау –менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау-басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау-оң қолым,

Мынау –сол қолым,

Барлық істі атқарған.

Шеңбер болып тұрайық,жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.

Шуақ толы жанымыз жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына менен.



Дыбыстарды айту,дикцияны жетілдіру жаттығуы

И-миға,көзге,мұрынға,құлаққа әсер етеді;

А- барлық ағзаға әсер береді;

О-жүрекке,өкпеге әсер етеді;

У-асқазан маңындағы ағзаларға әсер етеді;

Негізгі дауыстыларды айтыңыз-импульсивті,тік ,әрбір дыбысты үздік,жеке айтқызу.

Дыбыстық жаттығуды бастамас бұрын,жүргізуші жаттығу ережесін түсіндіреді:өзімізді бірқалыпты,жайлы сезінеміз,тік тұрамыз,арқамызды тік ұстаймыз.Алдымен мұрнымызбен терең дем аламыз,ал дем шығарғанда дыбысты қатты әрі қуатты етіп шығарамыз.

Келесі дыбыстарды «әндетіп» айтамыз:

А- барлық ағзаға әсер береді;

Е-қалқанша безге әсер береді;

И-миға,көзге,мұрынға,құлаққа әсер етеді;

О-жүрекке,өкпеге әсер етеді;

У-асқазан маңындағы ағзаларға әсер етеді;

Я-барлық ағзаның жұмыс істеуіне әсер етеді;

М-барлық ағзаның жұмыс істеуіне әсер етеді;

Х-ағзаның тазаруына көмектеседі;

ХА-көңіл-күйді көтеруге көмектеседі.

  1. Көңілді тіл туралы ертегі.

Көңілді тіл өзінің үйшігінде тұрып жатады. Ол қандай үй? Дұрыс, ол- ауыз. Ол үйдің есігі ашылып-жабылады. Тіл үйінде отыра алмайды. Далаға шығады (тілін шығару). Міне, ол күнге шығып, жылынып жатыр(жалпақ тіл астыңғы ерінде). Кенеттен жел соқты. Тіл тоңып кетіп (тіл бүріседі). Тіл үйіне кіріп есігін жауып алды (ауызын жабады). Тіл тәтті қайнатпамен шәй ішіп, төменгі ерінге қайнатпа жұғып қалды, оны жалады(төменгі ерінді жалау). Соңынан тісін тазалады(тілдің ұшымен төменгі тістерін тазалау). Тіл үйінде көп отыра алмады. Футбол ойнауға кірісті. Көңілді тіл шаршап, үйшігіне келіп ұйықтады.

  1. Ерінге арналған жаттығулар: «Жымию», «Ананы сүю»

  2. Тілге арналған жаттығулар: «Күрекше», «Тәтті қайнатпа», «Тіс тазалау», «Сағат тілі» , «Ат шауып келеді», «Ат тоқтат».

  3. Тыныс шығаруды дұрыстауға арналған жаттығулар дем алу мускулатураларын қатайтып, кеуде клеткаларының қозғалысын

дамытып, тыныс алудың тұрақты ритмін және өкпенің дұрыс жетілуін

тыныс алу жаттығулары арқылы дамытып отыру қажет. Дем алғанда демді азырық ұстап, біртіндеп шығару керек.«Клоун», «Гүлден көбелек ұшыру» , «Шай сутамыз» , «Шар үрлеу».

1. Дыбыстарды қою кезеңі:

Дыбыстарды дағдыландыруға арналған жаттығулар: «Орман шулайды», «Дөңгелек жарылды», «Шар жарылды», «Ысқырғыш шәйнек», «Милиционер».

Дыбыстардың артикуляциясын дұрыс дағдыландыру: Мысалы: а ) «Ш», «Ж» дыбыстарын айтқандағы сөйлеу тілінің әрекеті: Тілдің ұшы таңдайдың алдыңғы жағына көтеріледі, бірақ таңдайға тимейді: бүйірлері жоғарғы азуларға тиеді. Ерін аздап дөңгеленіп, алға созылады, ерін кесеге ұқсайды.

б ) «С», «З» дыбыстарын айтқандағы сөйлеу тілінің әрекеті:

Ерін жымиып тұрады, тістердің арасы шамамен 1 мм ашық, тілдің ұшы төменгі тістерге тіреліп тұрады, тілдің ортасында жырақша пайда болады, сонымен ауа жолы өтеді, тілдің бүйір жақтаулары азу тістерге тиіп тұрады.

в ) «Р» дыбыстарын айтқандағы сөйлеу тілінің әрекеті:

Ерін, ауыз ашық, тілдің екі бүйірі жоғарғы азу тістерге тіреледі, жалпақ тіл альвеолға тиіп тілдің ұшы дірілдейді.

г ) «Л» дыбыстарын айтқандағы сөйлеу тілінің әрекеті:

Ерін, ауыз ашық, тіл жалпақ, тілдің ұшы альвеолға немесе жоғарғы тістің артында, тілдің екі бүйірі түсіңкі, тілдің түбі көтеріңкі. Дыбыстарды айта бастағанда оларды буында, сөзде, сөйлемде, әңгіме, мақал мәтелдерде, тақпақ, жаңылтпаштарда машықтандыру керек.

«Аааа және Ииии» жаттығуы.

Мақсаты : «Мен» позитивті бейнені дамыту;көңіл-күйді көтеру оптимизмін ұялату

«Аааа» дыбысынан энергия алу

Нұсқау:

Балақай терең демалып,оны шығарып таста.Сосын ауаны толтырып,оны дыбыспен шығарып таста. «Аааа» деп ұзақ етіп таста. Ауа жинағанда көңілді және қуанышты ойлар бірге еніп жатқандай әсер алады.Әрбір тыныс алғанда «Аааа» дыбысын шаршау,жағымсыз сезімдер,кеткенше бірте-бірте қатты айтып қайталайсың.

«Ииии» дыбысынан энергия алу

Нұсқау:

Қолыңды басыңа қойып,ұзартып «Ииии» дыбысын дауыстап айт.Осы дыбыстар сенің басыңның дірілдеп жатқанын сезінуге тырыс.Ал енді дабыл сигналы сияқты бірде төмен,бірде жоғары дыбыста.Реклаксациялық жаттығу.

Сондай-ақ көңіл –күйіңіз түсіңкі немесе ашулы болсаңыз,күш қажет ететін жұмыс істе:бақшада жұмыс істе,арықтарды тазала,үй жиһаздарын ауыстыр немесе үйдегі ескі ыдыстарды сындыр.Табиғат аясына шығып демал.Табиғаттың түрлі құбылыстарын тамашала.



Қорытындылау.






















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Дыбыстарды айту,дикцияны жетілдіру жатты?уы

Автор: Абдрахман Айна Омар?ызы

Дата: 14.02.2015

Номер свидетельства: 172821


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства