kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Досты? - татулы?тан басталады"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мен Мамбетова Любовь Сериковна 1988 жылы 21 шілде айында д?ниеге келдім. Ту?ан жерім ?йтеке би ауданы ?араб?та? селосы. 2010 жылы А?т?бе ?айнар Университетіне о?у?а т?стім. Маманды?ым педагог  ж?не психолог. 2012 жылы Хлебодаровка орта мектебінде ша?ын орталы? тобына психолог ?ызметін ат?арып жатырмын.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Досты? - татулы?тан басталады"»

Тақырыбы: «Достық-татулықтан басталады»

Мақсаты: достық қарым-қатынасты ажырата біліп, адал болуға үйрету; Балалардың бойындағы адамгершілік қасиеттерін, достық сезімін қарым-қатынасын дамыту. Баланың дос туралы түсінігін жетілдіру.



Шаттық шеңбері «Сәлмдесу»

Сәлеметсіздер ме! Балалар көңіл-күйлеріңіз қалай?

-Көңіл күйлерің жақсы болса шаттық шеңберінде амандасу рәсімін жасайық.

Біз балдырған тең басқан!

Дос құшағын кеңге ашқан!

Тілегіміз әділдік



Ашық болсын кең аспан



«Біз өмірдің гүліміз» әнін орындау

1.Зеңгір көктен

Нұрын төккен

Ортақ біздің күніміз

Жайнап өскен

Жайдарлы оскен

Біз өмірдің гүліміз

2.Бол достыққа

Жолдастыққа

Шақырады әніміз

Тыныштықта

Нұр құшақта

Бақыттымыз бәріміз







Әңгімелесу

-Балалар, бүгін біз «Достық» аялдамасына тоқтаймыз, бұл аялдамада «Достық татулықтан басталады» деген тақырыпта әңгімелесіп, қалай тату дос болу керектігін үйреніп, «татулық» ұғымы туралы түсінік аламыз. Олай болса Балалар , сендерге жалғыз ойнаған немесе серуендеген ұнайма? Ойлап көріндерші? (Балалардың жауаптары)Дұрыс, достар тату ойнайды, қиналғанда көмектеседі, қол ұшын береді, алыста жүрсексағынады, қолындағысымен бөліседі.



Суретпен жұмыс

-Балалр сендерге жалғыз ойнаған ұнайды ма?

-Ал сендер, татулық деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Балалардың жауаптары тындалады.

Татулық деген бірінді-бірін ренжітпеу, ойыншықтарымен, тәттілерімен бөліседі.Сондықтан да достық татулықтан басталады деген.



Ойын «Менің досым» Психолог: Балаларды шеңберге тұрғызып, кезек-кезек сұрақтар қояды.

-Сенің досың кім?

-Сен досыңды жақсы көресің бе?

-Досыңа қалай көмектесесің?

-Досыңды сағынасың ба?

-Досыңмен нені бөлісесің?

-Досың туралы қандай жылы сөз айтасың?

-Достар бір-біріне қалай көмектеседі?

Енді жинақталып отырып «Тату балалар » атты саусақтар туралы ертегіні тындайық.

Ерте заманда шағын бір үйде ағайынды бес саусақ өмір сүріпті. Үлкені-Бесбармақ, екінші ағасын-Балаң үйрек, сұқ саусақ , үшіншісін-Ортан терек, төртінші інілерін- шылдыр шүмек, ең кеже қарындастарын-Кішкене бөбек деп атапты. Олар бірігіп жұмыс жасап, бақша егіп, тамақ әзірлепті. Ортаншы ағалары Ортан терек үйде отырып, үй шаруасына, кішкентайларына қарады. Шылдыр шүмек өте сабырлы, ақылды болыпты. Ол кіші қарындасына ертегі оқып біреуді жақсы көрген екен. Ал, кішкентай бөбек болса үлкен ағаларына ұқсап ержеткісі келеді екен. Осылайша, бес ағайынды балалар тату- тәтті, өзара жарастықта, сыйластықта өмір сүріп жатты.

Бір күндері орманнан үлкен бір аю шығып, ағайындылардың тыныштығын бұзып, бақшаның бәрін таптап, үйлерін құлатып бұзуға айналғанда, бес ағайынды бірігіп бір жұдырыққа тастүйін болып жұмылып аюға қарсы тұрады. Сөйтіп олар қиын шақта біреулерінің арқасында үлкен күшке айналады. Аю болса мұндай көп күштен қорыққаннан орманға қарай , кері қаша жөнеліпті. Ал ағайынды балалар болса, татулығы мен бірлігінің арқасында жауды жеңіп шыққан екен. Өйткені олар қысылтаяң шақта бәрі бірігіп күш қосып, мықтылық, бірлік, достықтарын көрсете білді.

Психолог:-Сендерге ертегі ұнадыма?

-Ертегі қалай аталады

-Неліктен тату балалар деп аталады?

- Ағайынды балаларды аюдан не құтқарды деп ойлайсындар?

(Олардың достығы, татулығы бірлігі)

Міне, бұл айтылған сөздердің астарынан «Татулық-табылмас бақыт» деген бүгінгі тренингіміздің дәйек сөзі шықты.

Татулық бар жерде бірлік те , достық та, қуаныш та болады.

Сергіту сәті

Достар бірге жүреміз,

(қол ұстасып, айнала жүру)

Бірге ойнаймыз, күлеміз.

(бір-біріне қарап күлу)

Бірге балық аулаймыз

(қолдарын алға созады)

Міне біздер қандаймыз

(қолдарын жоғары созады)

Бөлінбейді іргеміз

Әрқашанда біргеміз

Ал балалар достық туралы мақал-мәтелдер айтайық

1.Досыңды бір алдасаң, өзіңді мың алдағаың

2.Жүз сомың болғанша, жүз досын болсын.

3.Жаман достан,қисық таяқ артық.

4.Дұшпан күлдіріп айтады. Дос жылатып айтады.

Таңғажайып сәт. Есік жақтан біреудің жылаған даусы естіледі

Психолог:- Балалар, тыңдаңдаршы біреу жылай ма , естіп отырсыңдар ма?

-Бұл жүрек екен жылап тұрған.

-Келе ғой кішкене жүрек, саған не болды?

Жүрек:-Мені қатігез досым тастап кетті. Мен жалғызбын, не істерімді білмеймін.

Психолог: -Балалар қандай аянышты, жұбатайықшы жүректі.

Балалар жақындап келіп, жұбаныш сөздерін айтады.

Балалар:-Жүрек сен жыламашы.

-Жүрек, сен жалғыз емессің

-Жүрек , біз сенімен дос боламыз.

-Жүрек біз сені жақсы көреміз.

Психолог: Міне көрдің бе, кішкене жүрек, сен мейірімді де тату достарға тап болдың, енді мұңайма. Сені тастап кеткен досың да жалғызсырап жатқан шығар, сен енді досыңа бар,қуант.(жүрек қуанады, жанады)

Жүрек: -Балалар, сендерге көп рахмет! Мен өте қуаныштымын. Сау болыңдар! (Жүрек қуанышпен шығып кетеді)

Психолог: -Балалар , сендер өте мейірімді іс жасадыңдар. Жылаған жүректі жұбата білдіңдер. Мен де қуанып, сендердің тату-тәтті достар бола алатындарыңа сеніп, риза болып отырмын.

-Енді, балалар біздер жалғыз емес екенімізді, жүректеріміздің бір екенін білдіре отырып, мына тұрған әдемі де үлкен жүректің қасына өзіміздің дайындаған кішкене жүрекшелерімізді тату-тәтті дос болайық достарымыз көбейе берсін деген ізгі ниетпен қосып қояйық.



Соңғы тыныштық сәті.

-Балалар, енді көзімізді жұмып, бүгінгі тренингімізді еске түсірейік. Бүгін қандай тақырыппен таныстық?

Бізге не көмек сқрап келді?

Бүгінгі тренингімізден алған қасиетттерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық. Енді жайлап, көзімізді ашуға болады.

-Балалар, бүгінгі тренингке жақсы қатыстыңдар. Сұрақтарға дұрыс жауап бердіңдер.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Досты? - татулы?тан басталады"

Автор: Мамбетова Лобовь Сериковна

Дата: 11.03.2016

Номер свидетельства: 304188


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства