Шатты? ше?бер: Балалар, б?ріміз орта?а келіп, шатты? ше?беріне жиналайы?. Енді бір-бірімізге б?гінгі к?німізді? тамаша ?туіне арнап жа?сы тілектер айтайы?.
Топтар?а б?лу: Жарайсы?дар балалар! Енді ?здері? к?ріп т?р?андары?дай алдымызда?ы себептерге мына мені? жанымда т?р?ан жемістермен, г?лдерін жинаймыз. Тамаша! Мінекей енді «Сезім» «Мейірім» «Досты?» болып ?ш топ?а б?лініп алды?, ендеше ?р топ ?з ?стеліне жай?асса?. ( шарлармен сандары жазыл?ан, ?стелдерге ?р топ жай?асады).
1. С?лемдесу:
Ма?саты: амандасу, топты ?йымдастыру. Н?с?ау: ?ш топ?а б?ліндік, енді 1 топ «европалы?тар», 2 топ «африканды?тар», 3 топ «жапонды?тар» болып б?лінеміз!
Европалы?тар ?ол ?стап
Жапонды?тар ?олдарын бір-біріне т?йістіріп, басын иеді, ал африканды?тар орнында секіріп «ууу» деп ай?айлайды.
Тал?ылау: Балалар жатты?у барысында ?андай эмоцияларды сезінді?іздер?
2. Танысу жатты?уы: Балалар! Сендер топ?а б?лінді?іздер, ?з топтары?ны? аты да белгілі сонымен ?атар, топтары?да?ы балаларды? саныда белгілі. Олай болса, сіздер берілген уа?ыт ішінде с?здерді? а?ылдысын, топтары?ды таныстыры?ыздар. Бір о?ушы таныстыру?а да болады, ?ран ?ою?а, ?ле? шума?тарымен не бас?аша да таныстыру?а шек ?ойылмайды. Б?л ?з шеберліктері?ізге байланысты.
3. Шы?армашылы? ж?мыс. Досты? г?лін жасау.
Дос дегені? шыр айна,
Сындырып алма абайла,
Сындырып алсан егер де,
??растыру о?ай ма?
- Балалар сонды?тан досты?ты еш?ашан сату?а, сындыру?а болмайды, досты?тары?а берік болы?дар. Бір-бірімізге жылы тілектермен, мейірімді с?здермен осы досты? г?лімізді сыйлайы?.
О?ушылар?а екі ба?ан?а б?лінген а? пара? таратылып беріледі.
1 ба?ан?а «Сатамын», 2 ба?ан?а «Сатып аламын! Деген с?здер жазылады.
(Музыка ойналады) О?ушылар ?з бойларында?ы ?андай ?асиеттерді сат?ылары келеді ж?не ?андай ?асиеттерді сатып ал?ылары келетіндіктерін ?а?аз?а т?сіреді.
Жазып бол?аннан кейін пара?ты кеуделеріне ?стап т?рып ?зара сату?а ?сыныл?ан ?асиеттермен танысады.
Талдау:
-?андай ?асиеттерк?бірек сатылу?а ?сынылды?
- Не себепті сатып ал?ы?ыз келді?
-Не себепті сат?ы? келеді?
Жарайсыздар! Балалар, кемшіліксіз адам болмайды. ?зі?ні? кемшілігі?ді мойыдау ол да ерлік.
7. «Бірлік» жатты?уы:
Балалар, бізді? адал достарымыз ?лде де к?п болу ?шін улкен бір ша?ыра? астына жиналуымыз керек. ?ане б?ріміз ше?берге жиналайы?. Мен орталы? н?ктедемін, енді о??а ?араймыз, о? ?олымызды созамыз, досымызды ша?ырамыз, сол?а ?араймыз, сол ?олымызды б?л?ап досымызды ша?ырамыз. Енді ?олдарымызды жо?ары?а созып, тере? дем аламыз. Сол ?олымызда жалаушамыз бар. Енді б?ріміз бірге, ?олдарымызды орталы? н?ктеге туралап ?оямыз, я?ни мені? т?беме ?олдарымызды созамыз. Енді менімен бірге ?айталаймыз.
Бірлігіміз жарас?ан
Т?уелсіз ел ?аза?стан
Досты? туын бірігіп
К?терелік Жас ?лан.
?орытынды: Тренингке ?атыс?ан о?ушылар тренингтен ал?ан ?серлерін жазып, к?нге жабыстырады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Досты?ым - байлы?ым»
Күні: 11.02.16
Cыныбы: 6 «б» сыныбы
Тақырыбы: «Достығым - байлығым»
Түрі:тренинг сабақ
Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету.
Міндеті: Адам қарым-қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру; оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету; оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке , шынайлыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
(Музыка ойнап тұр) Достық әдеп сыйласым,
Дос өмірлік қимасым.
Дос арыңдай қымбатты
Достық сезім тым тәтті- дегендей «Достығым-байлығым!» атты тренингіне хош келдіңіздер!
Сабағымызды бастамастан бұрын тренинг ережелерімен танысайық.
І. Тренинг ережелері.
1. Бір-бірін сыйлау.
2. Көңілді болу.
3. Ұзақ уақыт сөйлемеу.
4. Бір-біріне қамқоршы болу.
Осы ережелермен келісесіздер ме?
Жоспары:
Шаттық шеңбер: Балалар, бәріміз ортаға келіп, шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір-бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық.
Топтарға бөлу: Жарайсыңдар балалар! Енді өздерің көріп тұрғандарыңдай алдымыздағы себептерге мына менің жанымда тұрған жемістермен, гүлдерін жинаймыз. Тамаша! Мінекей енді «Сезім» «Мейірім» «Достық» болып үш топқа бөлініп алдық, ендеше әр топ өз үстеліне жайғассақ. ( шарлармен сандары жазылған, үстелдерге әр топ жайғасады).
1. Сәлемдесу:
Мақсаты: амандасу, топты ұйымдастыру. Нұсқау: үш топқа бөліндік, енді 1 топ «европалықтар», 2 топ «африкандықтар», 3 топ «жапондықтар» болып бөлінеміз!
Европалықтар қол ұстап
Жапондықтар қолдарын бір-біріне түйістіріп, басын иеді, ал африкандықтар орнында секіріп «ууу» деп айғайлайды.
Талқылау: Балалар жаттығу барысында қандай эмоцияларды сезіндіңіздер?
2. Танысу жаттығуы: Балалар! Сендер топқа бөліндіңіздер, өз топтарыңның аты да белгілі сонымен қатар, топтарыңдағы балалардың саныда белгілі. Олай болса, сіздер берілген уақыт ішінде сөздердің ақылдысын, топтарыңды таныстырыңыздар. Бір оқушы таныстыруға да болады, ұран қоюға, өлең шумақтарымен не басқаша да таныстыруға шек қойылмайды. Бұл өз шеберліктеріңізге байланысты.
3. Шығармашылық жұмыс. Достық гүлін жасау.
Дос дегенің шыр айна,
Сындырып алма абайла,
Сындырып алсан егер де,
Құрастыру оңай ма?
- Балалар сондықтан достықты ешқашан сатуға, сындыруға болмайды, достықтарыңа берік болыңдар. Бір-бірімізге жылы тілектермен, мейірімді сөздермен осы достық гүлімізді сыйлайық.
4. «Жағдаяттар»
I топқа:
Сенің досың бұрынғы досыңды тастауыңды, өзімен ғана дос бролғаныңызды қалайды. Сенің ой пікірің?
II топқа:
Досың сенің үйіңе қонаққа келді. Оған саған ағаң сыйлаған әдемі сувенер ұнады. Қайта-қайта сувенерді қызықтаумен болды. Сенің іс-әрекетің? Қимас досың сұраса бересіңбе?
III топқа:
Саған досың өкпелі, неге екенін білмейсің. Екі күн болды, ол сені көрсе үндемей қашқақтайды. Сенің іс-әрекетің?
5. « Достық. Бірлік » үйін салу.
- Балалар, біздің адал достарымыз әлде де көп болу үшін, үлкен үй салуымыз керек. Сол үлкен үйді бәріміз бірге салып көрейік.
(Мақал – мәтелді айтқан сайын үйдің бөлшектерін салып,құрайды.)
1. Досы көпті жау алмайды,
2. Досың көзіңде болғанша,
көңіліңде болсын»
3. Жүз теңгең болғанша,
Жүз досың болсын.
4. Шын дос үшін қалайда,
Тік қатерге басыңды.
Айыра біл алайда,
Досыңменен қасыңды.
5. Досы көппен сырлас.
Досы жоқпен сыйлас.
6. Досың мың болса да – аз,
Дұшпаның біреу болса да – көп.
7. Досыңмен дос болғанға шаттан
Дұшпаныңмен дос болғаннан сақтан.
8. Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық.
9. Дос басқа қарайды,
Дұшпан аяққа қарайды.
6. Өрге жүзген өнегелі ісіңмен,
Адал дос тап, тең құрбыңның ішінен.
Оның қазір көркі болмай, шуақсыз көңілсіз күндей, оған қасиеттер кіргізіп нұрын шашардай күндей етейікші. ( тақтада берілген күн « ДОС » сөзіне шуақтарын жазу )
«Қасиеттержәрмеңкесі» ойыны
Оқушыларға екі бағанға бөлінген ақ парақ таратылып беріледі.
1 бағанға «Сатамын», 2 бағанға «Сатып аламын! Деген сөздер жазылады.
(Музыка ойналады) Оқушылар өз бойларындағы қандай қасиеттерді сатқылары келеді және қандай қасиеттерді сатып алғылары келетіндіктерін қағазға түсіреді.
Жазып болғаннан кейін парақты кеуделеріне ұстап тұрып өзара сатуға ұсынылған қасиеттермен танысады.
Талдау:
-Қандай қасиеттеркөбірек сатылуға ұсынылды?
- Не себепті сатып алғыңыз келді?
-Не себепті сатқың келеді?
Жарайсыздар! Балалар , кемшіліксіз адам болмайды. Өзіңнің кемшілігіңді мойыдау ол да ерлік.
7. «Бірлік» жаттығуы:
Балалар, біздің адал достарымыз әлде де көп болу үшін улкен бір шаңырақ астына жиналуымыз керек. Қане бәріміз шеңберге жиналайық. Мен орталық нүктедемін, енді оңға қараймыз, оң қолымызды созамыз, досымызды шақырамыз, солға қараймыз, сол қолымызды бұлғап досымызды шақырамыз. Енді қолдарымызды жоғарыға созып, терең дем аламыз. Сол қолымызда жалаушамыз бар. Енді бәріміз бірге, қолдарымызды орталық нүктеге туралап қоямыз, яғни менің төбеме қолдарымызды созамыз. Енді менімен бірге қайталаймыз.
Бірлігіміз жарасқан
Тәуелсіз ел Қазақстан
Достың туын бірігіп
Көтерелік Жас Ұлан.
Қорытынды: Тренингке қатысқан оқушылар тренингтен алған әсерлерін жазып, күнге жабыстырады.