Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету, коммуникативті өрісті дамыту.
Міндеті: 1. Адам қарым – қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру;
2. Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету.
Кіріспе әңгіме: -Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, оқушылар!
Сабағымызды бастамастан бұрын тренинг ережелерімен танысайық.
І. Тренинг ережелері.
Бір-бірін сыйлау.
Көңілді болу.
Ұзақ уақыт сөйлемеу.
Бір-біріне қамқоршы болу.
Осы ережелермен келісесіздер ме?
ІІ. Қызығушылықтарын ояту
Балалар, мына тағамды татып көріңдерші, дәмі туралы не айтар едіңдер?
( дәмсіз, тұзсыз)
Балалар, ендеше өмірде доссыз адамды да осы тағамға ұқсатуға болады. Доссыз адамның өмірінің мәні, сәні болмайды, тағамның тұзсыз дәмі болмаған секілді.
- «Доссыз адам – тұзсыз тағам!» деп бекерге айтылмаған. Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыздар? (дос, достық )
- Дұрыс балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы « Дос және достық»
ІІІ. Ассоцияция қабылдау сезімі.
Жаңа біз сіздермен «Доссыз адам – тұзсыз тағам» дедік.
Ендеше, « ДОС » сөзіне дәм кіргізейікші, дос қандай болу керек? Дос ол кім?
Балалар, алдымызда күннің көзі, күннің көзіне не жетіспейді?(сәулелер)
Ал, енді бұл күннің көзін достық шуақтарымен толтырайық.
( тақтада берілген күн «ДОС» сөзіне « шуақтарын » жазу )
.
IV. Шаттық шеңбері.
Ендеше, бір-бірімізбен қол алыса отырып, өз ұранымызды айтайықшы.
Дос болайық бәріміз,
Жарассын достық әніміз.
Иықтасып жүрейік,
Қиындықта бәріміз. ( қимылмен көрсету )
Ал, балалар, осы әңгімеде қандай достық туралы айтылады?
(Екі жауынгердің адал достығы туралы айтылады)
IV. Мәтінмен жұмыс. Екі дос. (Ел аузынан)
Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.
Бірде әскерлер бір өзеннің бойында қос тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Малды айдап, мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасшыға апаруын өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қолбасына:
- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбастап берер малым-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар, ол үшін менің өмірімді алыңдар, - дейді.
Қолбасшы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:
Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады, - дейді.
Ол не? – дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.
Маған сенің көздерің керек? – дейді қолбасы, - екі көзіңді ойып аламын.
Ол да болсын, көзімді ал да, досымды тезірек босат, - дейді.
Жігіт бұл сыннан сүрінбей өтеді.
Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады.
Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады.» деп түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық беріпті.
V. Дәйексөз.
Балалар, бүгінгі тақырыбымыздың дәйексөзі «Шындос – таусылмасқазына» осы дәйексөзді қалай түсінесіңдер?
«Шын дос – таусылмас қазына» осы жауынгерлердің достығын мысалға алуға болады.
VI. «Достық. Бірлік.» үйін салу.
Балалар, біздің адал достарымыз әлде де көп болу үшін, үлкен үй салуымыз керек. Сол үлкен үйді бәріміз бірге салып көрейік. Үйді салуға бізге мақал-мәтелдер көмектеседі.
Мақал-мәтелдер
Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас.
Досың мың болса да – аз,
Дұшпаның біреу болса да – көп.
Досыңменен дос болғанға шаттан
Дұшпаныңмен дос болғаннан сақтан.
Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық.
Дос басқа қарайды,
Дұшпан аяққа қарайды.
VII. Социометрия әдісі.
Мақсаты: Балалардың ұжымдағы өзара қарым-қатынасын анықтау, алынған
мәліметтерді оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану, топ ішінде
психологиялық қолайлы жағдай орнату.
Нұсқау: Балалар, берілген сұрақтарға жауап жазыңдар.
Кіммен дос болғың келеді?
Партада кіммен бірге отырғың келеді?
Мерекелерде кімге сыйлық бергің келеді?
VIII. Достық ролигі
Адамдар тек қана бір-бірімен дос болып қана қоймайды, қоршаған ортамен де дос болады екен. (Ролик)
X. «Қоршаған ортамен қарым-қатынас» тесті
Қоршаған ортамен достықтарын болды ма?
№
Қоршаған орта
Сұрақтар
Достар-мен
Табиғат-пен
Құстар-мен
Кітап-пен
Жануар-лармен
1
Сіз кіммен доссыз?
XI.Қорытынды: Балалар, қалай ойлайсыңдар шын достық ұмытыла ма?
Эссе
Достық дегенді қалай түсінесіңдер? Осы суреттерге өз ойларыңды жазып жеткізіңдер.
Жазып болдық па? Енді осы жазғандарыңды оқып беріңдер. Суреттеріңді тақтадағы достық әлеміне орналастырыңдар.
XII. Шығармашылық жұмыс. Достық гүлін жасау.
XIII. Жүректен жүрекке
Балалар, достық шеңберін құрайық,
Дос дегенің шыр айна,
Сындырып алма абайла,
Сындырып алсан егер де,
Құрастыру оңай ма?
Балалар сондықтан достықты ешқашан сатуға, сындыруға болмайды, достықтарыңа берік болыңдар. Бір-бірімізге жылы тілектермен, мейірімді сөздермен осы достық гүлімізді сыйлайық.
XIV. Қорытынды.
Ашық сабағымыздың қорытындысы ретінде мен сіздерге келесі видео роликті назараларынызға ұсынамын.
Достық жүрегі.
Әрине, доссыз өмір – өмір емес,
Әрине, доссыз көңіл – көңіл емес.
Доссыз сен ассан дағы биік белес,
Бұлардың барлығы да болар елес.
Дос болғанға жүрегімде орын бар,
Доссыз болсаң төбен бұлтты, астың жар.
Доссыз болсаң қызық болмас қуан жүз,
Алдың от боп, артың сенің болар мұз.
Достар болған асқар биік таулардай,
Достар болған, дұшпан алмас ормандай,
Достар болған қара қылды жарғандай,
Азулары алты қырыс арландай.
Достар болған бірін-бірі сыйлайтын,
Алыс кетсе бірін-бірі қимайтын.
Бірі жоқта екіншісі құлазып,
Сағыныштан бұл дүниеге сыймайтын.