kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Для свидетельсво

Нажмите, чтобы узнать подробности

МСабақтың тақырыбы: Астана қаласы 
Сабақтың мақсаты: а)Оқушыларға Астана қаласы туралы мәлімет бере отырып,жаңа сөздер арқылы өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету. 
б) Астана туралы деректермен білімін дамыту, оқушылардың ой- өрісін, шығармашылық қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту. 
в) ҚР орталығы Астана қаласын мақтан тұта білуге тәрбиелеу және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, елжанжы азамат болуға тәрбиелеу. 
Сабақтың көрнекілігі: Астананың көрікті жерлерінің суреттері, "Астанаға саяхат" видеоклип, мәтіндер, қима қағаздар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Для свидетельсво»


Ақмола облысы

Егіндікөл ауданы

КММ «Көркем негізгі мектебі»

9 сынып жетекшісі : Муканова Ризвангуль Жумабаевна


Сынып сағаты : Сабақтың тақырыбы: Астана қаласы 
Сабақтың мақсаты: а)Оқушыларға Астана қаласы туралы мәлімет бере отырып,жаңа сөздер арқылы өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету. 
б) Астана туралы деректермен білімін дамыту, оқушылардың ой- өрісін, шығармашылық қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту. 
в) ҚР орталығы Астана қаласын мақтан тұта білуге тәрбиелеу және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, елжанжы азамат болуға тәрбиелеу. 
Сабақтың көрнекілігі: Астананың көрікті жерлерінің суреттері, "Астанаға саяхат" видеоклип, мәтіндер, қима қағаздар. 
Сабақтың әдісі: сұрақ -жауап, ой қозғау, сезімнен туған өлеңдер, топтық жұмыстар, сын тұрғысынан ойлану. 
Сабақтың түрі: жаңа сабақ 
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі: 
- Оқушылармен амандасу; 
- Сыныптағы оқушыларды түгендеу;  
- Сыныпты топқа бөлу, топ басшысын тағайындау; 
Психологиялық ахуал: Екі топ бір -біріне сәттілік тілейді. 
ІІ. Қызығушылығын ояту: 
Көрсетілім: Оқушыларға Астана қаласы туралы «BILIM Land» ресурсынан «БӘЙТЕРЕК» МОНУМЕНТ» атты бейнебаянын көрсету. 
Айтылым: Сұрақтар: 
- Қандай қала туралы бейнебаян көрдіңдер? 
- Қандай кереметтер бар екен? 
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар? 
Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын болжайды, өз ойларын айтады, мұғалім сабақтың мақсатын толықтырады.Дәптерлерін ашып, күнді, сабақтың тақырыбын жазады. 
Мұғалім: Оқушыларға "Астана" деген сөз арқылы ассоциация жасауға жеке жұмыс береді. Оқушылар жазған ассоциацияларын оқиды. 
ІІІ.Мағынаны тану: Мәтінмен жұмыс. Оқылым 
Астана қаласының тарихы 
Әр елдің баласы өз Отанын, туған жерін қадірлей білу керек. Астана -еліміздің бас қаласы. Тәуелсіз Қазақстан - байтақ еліміздің астанасы. Астана- Есіл өзенінің бойында орналасқан. Қаланың Астана ретінде тұсауы кесілген күн- 1998 жылдың 10 маусымы. Қаланың негізі 1932 жылы қаланған. Ол Ақмола деп аталған. 1968 жылы Целиноград болып өзгертілді. Астана - Қазақстанның жаңа қаласы. Оның шекарасы 710 шаршы шақырым. Астана күн сайын, сағат сайын өркендеп өсіп келеді. 
Астана қаласы туралы 
Есіл өзенінің сол жағында жаңа Астананың символын алып, "Бәйтерек" монументі орналасқан. Оның биіктігі 97 метр. Бәйтерек -Астананы биіктен көрсетеді. ардың ішінде елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың оң қолының таңбасы бар. Ал "Думан" ойын сауық орталығының ішінде акула, сегіз аяқ, жайын, скат, қылышбалық, ибекіре сияқты неше түрлі балықтар жүзіп жүрген мұхиттық аквариум. Кешенде "Джунгли" аттракционы, интерактивті ойындар зонасы, аквапарк бар. Қалада Ұлттық академиялық оқу орындары, Елбасы отыратын Ақ Орда, Тәуелсіздік сарайы бар. Сүйікті Елордамыз Астана қаласы болашақтың қаласы. 

Сергіту сәті: "Қара жорға" биі 

Тілдесім: Интер белсенді тақтада көрсетілген сурет бойынша әңгіме құру. 
 
Жазылым: 
1. Берілген суретке септік жалғауларын дұрыс қойып жазыңдар. 
2. Интербелсенді тақтада сөздерге септік жалғауларын дұрыс қою. 

ІV. Сабақты қорытындылау: Алған ақпаратты тест арқылы қорытындылау.

Тест 
1. Қазақстанның бас қаласы қай қала? 
А) Алматы в) Атырау с) Астана 
2. Астана қаласының тұсауы нешінші жылы кесілді? 
а) 1999 жылдың 1 маусымы в) 1998 жылдың 10 маусымы 
с) 1997 жылдың 10 тамызы 
3. Астана қаласы қай өзеннің жағасында орналасқан? 
А) Есіл өзенінің жағасында в) Ертіс өзенінің жағасында 
с) Әмудария өзенінің жағасында 
4. Қаланың негізі қай жылы қаланған? 
А) 1933 ж в) 1932ж с) 1934ж 
5. Астананың символын ата. 
А) Думан в) Ханшатыр с) Бәйтерек 
7. Бәйтеректің биіктігі неше метр? 
А) 99метр в) 97 метр с) 100 метр 
8. Бәйтеректің ішінде кімнің қолтаңбасы бар? 
А) Мұғалімнің в) Елбасының с) Депутаттың


V. Бағалау кезеңі: Топ басшысы бағалау критерийлері бойынша оқушыларды бағалайды.Ең көп ұпай алған топты сыйлықтармен марапаттау.

VІ. Үй жұмысы: 
І деңгей Шағын шығарма «Келешекте мен аңсайтын Астана» (5-6 сөйлем) 
ІІ деңгей Астана қаласы туралы қосымша мәлімет жинастырып келу 

VІІ. Рефлексия: Бүгінгі сабақтан алған әсерлері туралы ойларын стикерге жазып, тақтаға ілу. 











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Для свидетельсво

Автор: Муканова Ризвангуль Жумабаевна

Дата: 06.12.2017

Номер свидетельства: 442491


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства